М. Н. Сарыбеков 2012 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы: «Математика»



Дата17.06.2016
өлшемі89.08 Kb.
#143079
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Математика» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Арифметикалық есептеулер.Алгебралық өрнектерді түрлендіру

1

Арифметикалық есептеулер.Алгебралық өрнектерді түрлендіру

1

А

2

Процент. Пропорция

1

Процент. Процентке берілген негізгі есептерПропорция (тура және кері пропорционалдық.) Аралас есептер.

2

B

3

Мәселе есептер

1

Жылдамдыққа, жұмысқа, сандарға, химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер.Аралас есептер.

3

B

4

Арифметикалық және геометриялық прогрессия

1

Арифметикалық және геометриялық прогрессия Шектеусіз геометриялық прогрессия.Аралас есептер.

4

А

5

Алгебралық теңдеулер және теңдеулер жүйесі

1

Квадраттық теңдеулер мен квадраттық теңдеулерге келтіретін теңдеулер. Жоғарғы дәрежелі теңдеулер. Бөлшек -рационал теңдеулер және теңдеулер жүйесі .Жоғарғы дәрежелі теңдеуМодульге байланысты теңдеулер және теңдеулер жүйесі. Аралас есептер.

5

B

6

Алгебралық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі

1

Сызықтық теңсіздіктер және жүйесі.Квадраттық теңсіздіктер және олардың жүйесі.Бөлшек-рационал теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі.Аралас есептер.

6

C

7

Көрсеткіштік және логарифмдік өрнектер

1

Көрсеткіштік өрнектерді тепе-тең түрлендіруЛогарифмдік өрнектерді тепе-тең түрлендіру Аралас есептер.

7

B

8

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

1

Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру

8

C

9

Көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер және теңдеулер жүйесі.

1

Көрсеткіштік теңдеулерді шешу. Көрсеткіштік теңдеулер жүйесі. Логарифмдік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер жүйесін шешуИррационалдық теңдеулер және оның жүйесін шешу

9

B

10

Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі

1

Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер.Көрсеткіштік теңсіздіктер жүйесі.Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі. Аралас есептер.

10

C

11

Тригонометриялық теңдеулер және теңдеулер жүйесі

1

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер.Тригонометриялық теңдеулер.Тригонометриялық теңдеулер жүйесі.Аралас есептер.

11

B

12

Тригонометриялық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі

1

Тригонометриялық теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі Түрлендірулермен шығарылатын тригонометриялық теңсіздіктерАралас есептер.

12

C

13

Функциялар,олардың қасиеттері және графигі

1

Функцияның анықталу және өзгеру облысы.Күрделі функциялар.Функцияның қасиеттері.Аралас есептер.

13

B

14

Туынды және оны қолдану

1

Туындыны есептеу ережелері.Күрделі функцияның туындысы.Функцияның экстремумдары.Функцияның ең үлкен және ең кіші мәні. Жанама теңдеуі.

14

B

15

Алғашқы функция және интеграл .

1

Алғашқы функция. Алғашқы функцияны есептеу (анықталмаған интеграл)Анықталған функцияны есептеу, Ньютон-Лейбниц формуласы. Қисық сызықты трапецияның ауданын табу.Айналу денелерінің көлемдерін есептеу.Аралас есептер.

15

B

16

Планиметрия. Үшбұрыштар. Үшбұрыштың ауданы

1

Үшбұрыштар (Түрлері,бұрыштары мен қабырғаларының арасындағы қатнастар, сыртқы бұрышы,ұқсастығы, теңдігі,тамаша нүктелері.)Теоремаларды қолдану (Пифагор, косинустар, синустар,үш перпендикуляр туралы теоремалар.)Үшбұрыш ауданыАралас есептер.

16

А

17

Планиметрия.Төртбұрыш. Шеңбер

1

Төртбұрыштар (Параллелограмм.Тік төртбұрыш.Ромб. Квадрат. Трапеция.)Шеңбер (Центрі,хордасы,диаметрі және радиусы. Центрлік бұрыш. Іштей сызылған бұрыш. Шеңбердің ұзындығы, шеңбердің доғасының ұзындығы)Аудандарды есептеу (параллелограмм,тік төртбұрыш,ромб, квадрат, трапеция, дөңгелек және сектор аудандары.)Аралас есептер.

17

А

18

Стереометрия. Көпжақтар. Олардың аудандары мен көлемдері

1

Перпендикуляр және көлбеу.Призма. Бүйiр және толық беттер. Көлем. Параллелепипед. Куб. Бүйiр және толық беттер. Көлем. Пирамида.Қиық пирамида. Бүйiр және толық беттер. Көлем. Аудандары мен көлемдері.Аралас есептер.

18

C

19

Стереометрия. Айналу денелері

1

Цилиндр. Олардың аудандары мен көлемдері.Конус. Қиық конус. Олардың аудандары мен көлемдері.Шар. Сфера. Олардың аудандары мен көлемдері.Аралас есептер.

19

C

20

Координат әдісі және векторлар

1

Векторларға амалдар қолдану.Векторлардың скаляр көбейтіндісі.Координат әдісі және векторларды планиметриялық есептерде қолдану.

20

B

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

Арифметикалық есептеулер: Жай және рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. %-ке және пропорцияға байланысты есептерді шығара білу.

Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Сызықтық, дәрежелі, бөлшек-рационал,модульдік, көрсеткіштік, логарифмдік, иррационалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білуі.

Мәтін есептер: Теңдеулер және теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтін есептерді шеше білуі.

Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі: Интервалдар методын қолдана отырып, квадратты, бөлшек-рационал, дәрежеге байланысты және көрсеткіштік, логарифмдік, иррационалдық теңсіздіктерді және теңсіздіктер жүйесін шеше білуі.

Тригонометрия: Қысқаша көбейту формулаларын, негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана отырып алгебралық өрнектерді ықшамдай білуі. Тригонометриялық теңдеулер және теңдеулер жүйесін, теңсіздіктер және теңсіздіктер жүйесі шеше білуі.

Прогрессия: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын қолдана отырып, олардың n-ші мүшесін, алғашқы n-мүшесінің қосындысын таба білуі.

Функциялар, туынды, интеграл: Функцияның туындысын және алғашқы функциясын, анықталу облысын, экстремумдерін таба білуі.

Планиметрия: Жай фигуралардың негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, олардың әртүрлі элементтерін, ауданын таба білу,Пифагор теоремасын қолдана білуі.

Стереометрия: Көпжақтар мен айналу денелерінің беттерінің аудандары мен көлемдерін таба білуі.

Векторлар және координаттар әдісі: Векторлар және координаттар әдісін, түзудің, шеңбердің теңдеуін қолдана білуі.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Алгебра. 7 сынып. Авторлары: А.Әбілқасымова., И.Бекбоев. Алматы "Мектеп", 2007 ж

  2. Алгебра. 7 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: А.Әбілқасымова, А.Абдиев. Алматы "Мектеп", 2007 ж

  3. Алгебра. 8 сынып. Авторлары: А.Әбілқасымова., И.Бекбоев. Алматы "Мектеп", 2008 ж

  4. Алгебра. 9 сынып. Авторлары: А.Әбілқасымова., И.Бекбоев. Алматы "Мектеп", 2009 ж

  5. Алгебра. 9 сынып. Авторлары: Ә.Н.Шыныбеков. Алматы "Атамұра", 2011 ж

  6. Алгебра. 9 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: А.Әбілқасымова., З.А.Жұмағұлова. Алматы "Мектеп", 2009 ж

  7. Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып. Қоғамдық –гуманитарлы бағыт. Авторлары: А.Әбілқасымова., З.А.Жұмағұлова. Алматы "Мектеп", 2010 ж

  8. Алгебра және анализ бастамалары. 10 сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Авторлары: А.Әбілқасымова., З.А.Жұмағұлова. Алматы "Мектеп", 2010 ж

  9. Алгебра және анализ бастамалары. 1 сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Авторлары: А.Әбілқасымова., З.А.Жұмағұлова. Алматы "Мектеп", 2011 ж

  10. Геометрия. 7 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: А.Абдиев, С.Тулеубаева. Алматы "Мектеп", 2007 ж

  11. Геометрия. 8 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: С.Қ. Төлеубаева, Г.К. Жүнісова. Алматы "Мектеп", 2008 ж

  12. Геометрия. 9 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: Ж.Қайдасов, Г.Хабарова. Алматы "Мектеп", 2009 ж

  13. Геометрия. 10 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: Ж.Қайдасов, В.Гусев. Алматы "Мектеп", 2010 ж

  14. Геометрия. 11 сынып. Есептер жинағы. Авторлары: Ж.Қайдасов, В.Гусев. Алматы "Мектеп", 2011 ж



ҰТО директоры Қ. Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет