Лингвомәдениеттану – мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейтін ғылым.
Лингвомәдениеттанудың нысаны – тіл мен мәдениет, лингвистика мен
мәдениеттану мәселелерінің ұштасуы негізінде қалыптасқан, мәдениеттің тілде
таңбаланған көріністерін, яғни мәдени құндылықтарды, олардың қолдану
жүйесін зерттейтін өзіндік әдіс-тәсілдерімен ерекшеленетін тіл білімінің
саласы.
Лингвомәдени бірліктер – ұлтты тануға негіз болатын ұлттық бояуы қалың да
айшықты, ұлттық дүниетаным мазмұнды тілдік бірліктер – лингвомәдени
(этномәдени) бірліктер.
Лингвокультурема –халық мәдениетінің тілде сақталған көрінісі, яғни
лингвомәдени бірліктер ғылыми тілделингвокультурема деп аталады.
Лингвокультурема лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың
диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді деңгейаралық бірлік.
Синтаксистік тұлға – сөйлеудің
немесе
оның
компоненттерінің
грамматикалық дербестігі бар көрінісі.
Сөзжасам – өзіндік заңдылықтары, амал-тәсілдері тілде ежелден қалыптасқан
тарихи құбылыс. Қай кезеңде де тіл иесінің дүниетаным көрінісін атау арқылы
таңбалап, қатысым қажетін өтеп келе жатқан – сөз жасау үдерісі.
Фразеологизмдер – тіл иесі халықтың жалпы әлем жайлы ұғым-түсініктерінің,
өзін қоршаған орта, шындық болмысты қабылдауының, оны мүшелей
тануының өзіндік ерекшеліктерін танытатын әр тілде өзгеше өрілетін ғаламның
тілдік бейнесін жасауға қатысатын әдемі де әсерлі сөз маржандары, тілдік
метафоралық құрылымдар.
Этнолингвистика– халықтың ақыл-ой, сана-сезімінің жемісі – рухани және
материалдық мәдениетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сияқты этносқа тән
4
белгілерін тіл деректері арқылы сөйлететін тіл ғылымының саласы, тіл
ғылымындағы ерекше бағыт.