Мухамбеталиева Анар Серикқызы Д-21
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет
конфигурациясын зерттеудегі рөлі.
Тапсырма:
1 Мәдениет тілі түсінігі.
2 Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде.
3. Әлемнің тілдік бейнесі.
4. Қазақ тілі және оның тұлғаның мәдени этникалық бірегейленуіндегі рөлі
1. Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен
мәдениеттануда түрлі қырынан зерттеліп жүр. Тіл білімінде бұл сауалға
тарих пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселелерін
сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер, ізденістер жауап
береді.
Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас бірлікте өмір
сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның дамуындағы алғы
шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады, осылайша қайсы
бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін этнос мәдениетінің маңызды
бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына қарағанда тілдің өз ортасы
бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос өздерін өзге топтардан
сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен ерекшелеп тұратын адамзат
қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді,
яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар беретін тәжіри-білігімізбен
идеяларымызға тәуелді.
Тіл мәдениетпен бір бүтін тұтастық құрып, ажырамас
бірлікте өмір сүреді. Ол мәдениеттің өн бойында қалыптасып, оның
дамуындағы алғы шарттардың міндетті түрдегі басқышы қызметін атқарады,
осылайша қайсы бір уақытта қандай да бір жерде өмір сүретін этнос
мәдениетінің маңызды бөлігін құрайды. Мәдениеттің басқа салаларына
қарағанда тілдің өз ортасы бар. Белгілі бір тілде сөйлейтін кез келген этнос
өздерін өзге топтардан сыртқы физиологиялық айырмашылықтарымен
ерекшелеп тұратын адамзат қауымының белгілі бір нәсіліне жатады. Тіл
мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, яғни біздің өмір сүру образымыздан хабар
беретін тәжіри-білігімізбен идеяларымызға тәуелді. Мәдениетке берілген
анықтамалардың әртүрлі болып келуін ғалымдардың, зерттеушілердің
тағылым алған ылыми мектептерінің, айналысқан ғылым салаларының,
көздеген мақсат-міндеттерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.
Мысалы, мәдениет – әлеуметтік тұрғыдан «табиғаттан және индивидтің
биологиялық, физиологиялық қасиеттерінен тыс, бірақ қарым-қатынас
біріктірген адамдар тобына тән құбылыс» (В.Освальт), когнитивтік тұрғыдан
«танымдық әрекеттер мен білім қордалау үрдістеріне қатысты құбылыс"
(В.Гудинаф), семиотикалық тұрғыдан "алдымен әлемнің репрезентациясын
жасайтын, содан кейін қарымқатынас құралы ретінде пайдаланылатын
таңбалар жүйесі» (К.Леви-Стросс) ретінде анықталады. Ғылыми
мектептерінің ағымына, ғылыми тұжырымдарындағы айырмашылықтарға
қарамастан, мәдениеттанушы ғалымдардың қай-қайсысы болмасын бұл
күрделі құбылыстың құрылымындағы тілдің орнын, маңызды рөлін
мойындайды. Э.Сепир тіл мәдениеттің біртұтастығын ашып көрсететін
маңызды әдіснамалық көзқарастарын ұсына отырып: «Мәдениет белгілі бір
қоғамның әрекеті мен ойлауының көрінісі, ал тіл қалай ойлаудың көрінісі.
Ендеше, тіл мазмұны мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі», - деген қорытынды
жасайды. Тіл ойды жеткізу мен қарым-қатынас жасаудың құралы ғана емес,
мәдени білім аккумляциясының да басты құралы болып саналады. Күрделі
таңбалық жүйені құрай отырып, тіл қандай да бір мәліметті жеткізу, сақтау,
қолдану, қайта жаңғырту қызметін атқарады. Мәдениет те тіл секілді белгілі
бір хабарды жеткізу қабілеті бар таңбалық жүйе (семиотикалық) болып
табылады, алайда ол тілге қарағанда өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетсіз,
себебі мәдениет ең алдымен – жады, оның басты қасиеті – жинақтау, сақтау
және абсолюттік жалпы қауымдастыққа талпыну. Өзінің абсолюттік
ерекшеліктерін танытуға талпынатын тұлға қарым-қатынасқа түспей, мәдени
диалог жасамайтұра алмайды. Сондықтан «тіл – ұлт (ұлттық тұлға) –
мәдениет» - бүгінгі лингвомәдениеттанудың орталық үштігі, ғылымның осы
саласындағы маңызды мәселелерді шешуге мұрындық болатын фокус.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық-мәдени сипаттардың тілдік құралдар
арқылы белгіленуі ғылымда ретроспективалық ыңғайда этнолинвистика
аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы
жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның
қоғамдағы мінез-құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта,
өсімдік, жан-жануар ерекшеліктері, сондай-ақ адамның антропологиялық
келбеті, ішкі жан-дүниесі белгіленгендіктен, осыларды концептуалды немесе
образды түрде атайтын тілдік құралдардың қайқайсысында да лингвомәдени
сипат, мәдениет пен тілдің қарым-қатынасы көрінетінін айқындауға ұмтылыс
күн санап артып келеді.
2.
XX ғасыр мәдениеті (соның ішінде әсіресе батыс еуропалық мәдениет)
даму барысында өзіндік тұрақты бағдарларынан айырылып қалып отыр. Бұл
күрдеді мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді.
Мысалы, канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэннің айтуы
бойынша, мәселенің түп-төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан
кәрінеді.
М. Маклюэн әлеуметтік-мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу
құралдарының өзгерістерімен байланыстырады да, дискреттік идеяға мәдени
дамудың континуалды идеясын қарсы қояды. Ол 60-жылдардың басында-ақ
адамзат тарихындағы мәдени кезендердің тікелей негізгі ақпарат
құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген
болатын. Мұндағы негізгі ақпарат құралдары деп отырғанымыз - тіл,
баспасөз, ғылым, компьютерлер, телелидар және т.б. «Мәселенің бәрі —
ақпарат құралдарында!» — бұл М. Маклюэннің осы аттас еңбегінде айтылған
негізгі тезисі. (М. Маклюэн, Квентин Фьоре. Вся суть в срелстве. Лондон,
1967).
М. Маклюэн адамзаттың тарихи даму барысында негізгі қарым-қатынас
құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді көрсетті. Әрбір тарихи-
мәдени сатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, бірінші
кезең — тас дәуіріндегі жабайылық (варварлық) кезеңі. Адамдардың өз ара
қарым-қатынас құралының бірден-бір көзі — ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша
сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық,
естілетін) кеңістікте өмір сүреді. Шетсіз-шексіз, бағыт-бағдарсыз дыбыстық
(акустикалық) кеңістік адам баласының алғашқы қауымдық құрылыс
кезеңіне сәйкес келеді. Сананың синкретикалығының (бөлінбегендігінің,
жіктедінбегендігінің) нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдағы адам
табиғат пен қауымнан кіндігі ажырамаған, өзінің дербес жан, тіршілік иесі
екендігін әлі де түйсіне алмайтын дәрежеле болған. Сол себепті қауым
мүшелерінің санасы топтық, ұжымдық сипатта қалыптасты.
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі
сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама
айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де
сол болып табылды. Тіл — коммуникация құралы ретінде адамның тікелей
қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы
өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық
кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі.
Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық ой, көпжылдық тәжірибе
нәтижесі ендігі жерде тікелей ауызекі айтылмай, жазылған және көзбен көріп
оқылатын мәтіндерге (текстерге) айналды. «Үйрек қанатынан жасалған
қаламсап тіл үстемдігіне шек қойды; ол өмірдегі қасиетті құпияны жоққа
шығарды; ол сәулет өнері мен қалаларды, жолдар мен әскерді, бюрократияны
дүниеге әкелді. Ол сананы тылсым көлеңкелен жарыққа шығарып,
өркениетке бастама болған түбегейлі метафора болды». (А. Кукаркин.
Буржуазное общество и культура. Москва, 1970, с. 363).
Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі
сезім мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара-пар болды. Фонетикалық
әліпби құлақтың сиқырлы әлемін жайбарақат бейтарап көз әлеміне
алмастырды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ
емес, көру мүшесі — көз келді.
Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды қоршаған ортаны ғана
өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне,
дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді. Бытыраңқы
әріптер сияқты, адамдар бірте-бірте о бастағы қауымдастықтан, бірлестіктен
алыстай берді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену
процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан
ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада XV ғасырдың 2-жартысында Иоганн
Гуттенберг өзінің ойлап тапқан баспа станогын іске қосты. М. Маклюэн
айтпақшы «Гуттенберг галактикасы» (М. Маклюэн. Галактика Гуттенберга.
1962) — баспа ісі - нағыз ақпараттық төңкеріске кедіп соқты. «Гуттенберг
галактикасының» арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар - басылып
шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол
ашты. Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру
кәсемдерінің зердесі сақтап, адам өмірлік мәні бар қағидаларды тек солардан
еститін болса, енді әрбір адам жеке-дара отырып-ақ, кітапты оқу арқылы
өткен-кеткен аталар даналығынан, мұрасынан үлгі алатын жағдайға жетті.
Жеке адам, дара адам өзінің жеке тұлға екендігін түсіне бастады. Өзінің
басқалардан ерекшеленетінін, өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі,
бет пішіні, түр-сипаты, қасиеті бар екендігін ұғынған адамзатта
индивидуализм (жеке-даралық тұлға) идеясы пайда болды. Оның ұжымдық
сипаты — ұлтшылдық та бой көтере бастады.
М. Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне
байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында
көптеген үйреншікті мәдени элементтердің жоғалуы және өзінің басты
маңызынан айырылуы мүмкін, бірақ оны ешқашан күйреу, дағдарыс
нәтижесі деп қарастырмау керек. Ондай құбылыстар орын алғанымен де,
жалпы, прогрессивтік идеяны жоққа шығаруға болмайды деп есептейді.
Соңғы үшінші кезең немесе аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-
қатынас құралдарын - телеграфты, радионы, телефонды, телелидарды,
компьютерді және тағы басқа ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала
келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да
мәдениет институттары (әдебиет, театр, кітапхана, тағы сол сияқтылар)
дағдарысқа ұшырап отыр. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің,
әдебиеттен ақын-жазушылардың, өмірден эпистолярлық жанрдың - күндедік,
хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Көп ойланып, көп толғануды,
өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт
қалуға айналды. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Электрондық
коммуникацияның шапшаңдылығының арқасында тек көз арқылы дүниені
танып-білу мүмкін емес болып отыр. Бүгінгі күнге ештеңені қалт жібермей
еститін «саққұлақ» пен ештеңені мұлт кетірмей аңғаратын «көреген» қажет.
Осы екеуінің симбиозы арқылы ғана біз қар көшкінінің қарқынындай
ақпараттық экспансияға төтеп бере аламыз. Біртұтас электрондық байланыс
біздің планетаны «үлкен ауылға» айналдырып отыр. Индивидуалистік
жекешілдіктің орнын альтруистік «елжандылық», ұлтшылдықтың орнын
космополитизм, монологтың орнын диалог алған кезең.
Баспа станогы өзіндік дүниетанымға сүйенген өзіндік көзқарасы бар
көрерменді, оқырманды дүниеге әкелсе, электрондық техника бет-бейнесіз
жалпы көпшілікті (бұқараны) тудырды. Бұл мәдениеттен таңдаулы
зиялылықтың (элиталықтың) кетіп, бұқаралыққа жол ашылғандығы.
Жаңа дәуірден бастап XIX ғасырдың соңына дейін мәдениеттегі тілге көп
көңіл бөлінген жоқ. Тіл сананың, ойдың, рухтың құралы ретінде ғана,
қосалқы бөлшек есебінде қарастырылып келді. Тек XIX ғасырдың басында
ғана философияда, мәдениеттануда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның
нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды.
Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге дамиды. Тіл
дыбыс түрінде де, жазбаша белгі түрінде де тіршілік ететіндігі бәрімізге
мәлім. XIX ғасырдың басында пайда болған батыс лингвистикасы (тіл
туралы ілімі) дыбыстық тілге көп көңіл бөлді, өйткені жазбаша тілді олар
дыбыстық тілдің бейнеленуі деп есептеді. Сөйтіп, о баста лингвистика
фонология (дыбыс туралы ілім) жүйесінде дамыды.
XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап тілдің мәніне деген көзқарас күрт
өзгерді. Тілдің негізгі және алғашқы түрі - жазу, жазбаша тіл деген түсінік
фонологияны ығыстыра бастады. «Адам тілге ие болу үшін, тілде болмыс
құру үшін оған бірінші жазу идеясымен таныс болу керек». (Н. Оспанулы.
Кочевники и культура! К реконструкции Танири жолы. Алматы, 1994, с. 25).
Фоноорталықтық көзқарастарды сынға алған тіл философиясы арқылы
мәдениеттанудағы структуралистік бағыт өзінің жаңа биіктеріне көтерілді.
Осыған өз үлесін қосқан философтарды атап өтетін болсақ, олар: Мишель
Фуко, Роллан Барт, Жак Деррида.
Бұлардың концепциясы бойынша тілдің негізін жазудан немесе таза белгіден
іздеу керек. «Жак Дерриданың айтуынша, түсінікті сөз ретінде ауыздан
шықпай тұрып-ақ, тіл жазбаша түрде немесе таза белгі, таңба ретінде
тіршілік еткен, болмыс құрған». (Б. Нуржанов. Культурология. Алматы, 1994,
с. 59). Сонымен фоноцентристер үшін тілдің мәні ауызекі сөйлеуде, айтылуда
болатын болса, семиологтар үшін тіл белгілі бір таңба, белгілер жиынтығы
болып есептеледі. Семиология дегеніңіз, Барттың айтуы бойынша, таңбалар,
белгілер жүйесі туралы ілім болғандықтан, ол лингвистикадан да кең орын
алады.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының,
оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, белгіден тысқары, яғни
тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық әлем
қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір
мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Міне, қысқаша тоқтала
кететін болсақ, қазіргі замандағы тіл, таңба мәселесіне және оның
мәдениеттегі орнына деген көзқарастар осындай. Тіл - тек денотативті
(белгілі, сигналдық) коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге
Коннотативті (белгілі әлеуметтік-мәдени, идеологиялық мәні бар) құрал.
Тілде әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен
мәдениеті жатыр.
Структуралистер үшін мәдениеттің негізгі мәні оның тілдік-таңбалық
құрылымында жататын болса, соларға жақынырақ тұрған герменевтика
бағыты үшін мәдениеттің мәтіндерін түсіну, ұғыну жолы ашылды.
3. «Әлеуметтік тіл бейнесі» ұғымы тіл мен болмыстың өз ара байланысының
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. «Әлемнің тілдік бейнесі» мен «Әлем
бейнесі» ұғымдарын бір-бірімен теңестіруге болмайды. Бұл екеуінің
арасындағы шекара ойлау мен тілдің арасындағы шекарамен бірдей. Бірақ
арасындағы айырмашылықтарға қарамастан бұл екі әлем бейнелері өзара
байланысты. Әлемнің тілдік бейнесінің әр этноста әр түрлі болуы, сол
этностың тәжірибесімен, білімімен байланысты, себебі тілдік таңбаның
таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен тікелей байланысында емес, адамның
өмірінен көрген білгені, көңілге түйгені білімнің негізі болып табылады. Әр
ұлттың, әр халықтың өмірлік тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, әлемнің
тілдік бейнесі де сол қоғамда өмір сүрген адамдардың тәжірибесі де әр түрлі
болмақ, сондықтан тілдік тұлға ретінде олардың когнитивтік санасындағы
әлемнің тілдік көрінісінде айырма болады. Сөздің артында ақиқаттың,
шындықтың үзігі тұрады, оның тілдік бейнесі әр халықта әр түрлі болмақ.
Дүниенің жалпыға бірдей болуы, ұқсас заттардың болуы олардың санада
бейнеленуінің ұқсас болуын қамтамасық етеді, алайда адамзатқа ортақ
нәрсенің негізінде ұлттық ерекшелер жасалады. Тіл «әлем бейнесімен»
байланысты болмағанында қарым-қатынас қызметін атқара алмайтын.
Әлемнің тілдік бейнесі адам миындағы әлем бейнесінің маңызды бір бөлігі
ретінде қарастырылады. Бұл мәселені зерттегенде әлем бейнесінің бейнелеуі
әдеттегі үштіктен шығады: қоршаған болмыс, сол болмыстың адам миында
бейнелеуі және осы бейнеленудің нәтижелерін тіл арқылы білдіру. Әлемнің
тілдік бейнесі – қарым-қатынас әрекетінде әлем туралы ойларын білдіру
тәсілі ретінде ойлау, болмыс және тілдің әрекеттестігінің нәтижесінде пайда
болатын сананың жемісі. Зерттелген мәліметтерге сүйене отырып, әлемнің
тілдік бейнесінің бірнеше ерекшеліктерін анықтап алынды: 1) әлемнің тілдік
бейнесінің антропоцентрикалық сипаттамасы. Табиғатты танып білу және
оны түсіндіру тек адам мен оның әлемі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Әлемнің тілдік бейнесінің қалыптасуы, өзінің жеке әлемінің тілдік бейнесін
жасайтын және сол арқылы өзі қалыптасатын адамға бағытталады, сол
арқылы жүзеге асырылады. Ал тіл мәселесіне келетін болсақ, адам тілге де
әсер етеді және өзі де оның әсеріне ұшырайды. 2) тіл мен ойлаудың байнысы.
Лингвистердің назарын аударатын ең басты мәселелердің бірі – адамның
танымдық іс-әрекеті. Әр тілде өзгеше түсіндірілетін әлем бейнесінің
негізінде когнитивті қызмет жатады. Әлемді игеру ойлау арқылы және тілдің
көмегімен іске асқандықтан, ақиқат болмыспен бірлікте қызмет ететін ойлау
мен тілдің әрекеттестігі туралы айту орынды. 3)әлемнің тілдік бейнесі –
дискретизация үдерісі, яғни қоршаған әлем және оның бейнелерін атау
бірліктері мен грамматикалық категорияларға мүшелеу болып табылады. Тіл
әлемді түсіну үшін оны бірнеше бөліктерге бөледі. Мұндай бөлу әлемге деген
белгілі бір көзқарасты қалыптастырады. Әрбір ұлттың тілінде мәдени дәстүр
аясында ұғынылатын халықтың дүниетанымы белігілі затпен аталған. Тіл
жеке адам және тілдік ұжым арқылы әлемді концептуализациялау нәтижесі
ретінде қарастырылады және әрбір тіл өзінің жекек әлем бейнесін ұсынады.
4) әрбір нақты тарихи дәуірге тән қалыптасу материалы ретінде өзекті тілдік
дәлелдер қызмет ететін өз әлемінің тілдік бейнесі болады. Сонымен, әлемнің
тілдік бейнесінің қалыптасу барысы адамға бағытталады, сол арқылы жүзеге
асады. Әлемнің тілдік бейнесі әлем бейнесінің маңызды бөлігі болып
есептеледі және оның мақсаттарын білдіру қызметін атқарады.
4. Тіл мәдениеті және стилистика саласындағы іргелі зерттеулер 1960
жылдан басталады. 1969 жылы Тіл білімі институтының жанынан Тіл
мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор
тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдан бастап зерттелді. 1991 жылдан кейінгі
қазақ тіл білімінің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде,
әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің
өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың
сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектологиялық
атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел
сөздерінің сөздігін жасау, әртүрлі ғылым салаларына байланысты толық
атаулық сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу,
көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін
дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан
құрылымдық, математика, лингвистиканы әдістер арқылы жан-жақты зерттеу
болса, бүгінгі таңда іске асып жатыр.
Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен қазақ тілі –
ежелгі таза қалпын сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Қалыптасудың барлық
сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.
Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралары
бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Өткен ғасырда
қазақтың бас бостандығы үшін күресіп, құрбандығы болған қайраткеріміз
Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен
дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, сақтап отыратын қазына» – деген екен. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі
айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі
жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бүгінде
елімізде ұлтты ұйыстыру мен халықты біріктірудің басты факторына
айналып отырған – мемлекеттік тіл екендігі баршамызға белгілі. Ең бастысы,
бүгінгі жаңа қоғам, жаңа дәуірде қазақ тілінің қажеттілігі орныға бастады.
Мемлекеттік тілді білу, оны меңгеру уақыт талабына айналды. Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруда облыстық, аудандық іс-шаралар
жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламада мемлекеттік
қызметте, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-кәсіпкерлік саласының барлық
бағыттарында мемлекеттік тілді батыл қолданысқа енгізу көзделген.
Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында тіл жөнінде: «Біз
алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды
жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге
тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте
сақтаған жөн. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны
барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға
бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді
үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін
қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан
мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді.
Қазақ тілін кеңінен қолдану жөнінде кешенді шараларды жүзеге асыруды
жалғастыру керек» деген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |