М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет6/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Бисенбаева

 
КІРІСПЕ 
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл ғылымында қалыптасып 
келе жатқан антропоөзектік бағыттың тұжырымдары бойынша, белгілі этносқа 
байланысты этномәдени мәселелердің шешімін оның ғасырлар бойы 
жинақталған рухани мәдени дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар тіл бірліктері 
арқылы табу ерекше маңызға ие болып отыр. Ұлт тарихы, онымен бірге тіл 
тарихы – даму жолы ұзақ құбылыс, осы жолда әр этнос өзіндік дүниетаным 
әдіс-тәсілін тауып, мәдениетін қалыптастырады. Тіл ақиқат болмысты тану 
барысында жинақталған әлем туралы білімді жеткізудің негізгі жолы болып 
табылады, сондықтан қазіргі тіл ғылымы тілдің «қарым-қатынастың аса 
маңызды құралы» қызметімен қатар, «ойды қалыптастырып, жарыққа шығару» 
қызметіне, яғни танымдық қызметіне айрықша мән береді. Ақыл-парасат, сезім 
иесі ретіндегі саналы адамның ең басты қасиеті – өзін қоршаған ортаны танып-
білуге деген құштарлығы. Адам санасындағы заттар мен құбылыстардың 
бейнесі арқылы қабылданған ақыл-ой – сол заттардың әсерінен пайда болған 
білім, ақпарат болып табылады. Сол себепті мәдениет – адамның саналы іс-
әрекетінің, таным қызметінің жемісі саналады. 
Әр тарихи дәуір дәстүрлі мәдениетке өзіндік үлесін қосып отырады. 
Мәдениет субъектісі адамның ғаламды танып-біліп, оның жақсылық, сұлулық, 
әділеттілік тәрізді құрылымнан тұратынын сезінуі арқылы материалдық және 
рухани қажеттілігін өтеу үдерісінде жағымды бағалауға, қастерлеуге ие 
болатын сәттері құндылықты тану деп аталады. Құндылықтар шынайы өмірді 
жүйелеп реттейді, байыпты бағалауға негіз болады, адамзаттың өмір-
тіршілігіне мән-маңыз қосады. Ғылымда айтылып жүрген көзқарастарға 
қарағанда, құндылық – мәдениеттің маңызды компоненті болып табылады. 
Құндылықтың жалпы адамзатқа ортақ формаларымен қатар, әр мәдениеттің 
өзіндік құндылықтар әлемі болады. Дегенмен қай мәдениетте болса да, ең 
басты құндылық – Адам! Адам – білімімен адам. Адам баласы үшін пір тұтатын 
киелі, қастерлі ұғым-түсінік өмірдің қай кезеңінде де өте қажет. 
Құндылық – киелі де қастерлі ұғым. Бұл мәселенің, әсіресе 
құндылықтардың мәні азайып, дәстүрлі мәдениеттің қадірі кетіп бара жатқан 
дәуірде ауадай қажеттілігі сезіледі. Өз ұлтының құндылықтарына ықыласпен, 
құрметпен қарау сезімі адам бойына сәби кезінен сіңіріледі, Ананың сүтімен 
беріледі. Өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін – моральдық негізі 
ретінде Ана тілі арқылы игеріп, нәр алады. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. 
Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану 
контексіндегі рухани жаңғыруды: «Бәсекеге қабілетті тұлға, алдымен, өз 
халқының мәдениеті мен тілін білуі керек» деп есептейді. Туған тілдің мәдени 
бастаулары мен рухани дәстүрлерімен сусындап өскен ұрпақ қана жаһандану 
үдерісінде жұтылып кетпей, оған төтеп бере алатын иммунитет 
қалыптастырады. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық 
дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен 
озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра 


11 
білуі қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол 
адасуға бастайды». «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін 
әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің 
қатарында білімімен әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар 
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет