I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/5
Дата16.09.2024
өлшемі1.57 Mb.
#503679
  1   2   3   4   5
ГЕОГРАФИЯ


Тақырыбы: География ғылымының жүйесі

МАЗМҰНЫ


I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Географияның даму тарихы
2.2. Географияны зерттеуші ғалымдар
2.3. География ғылымының ерекшеліктері
2.4. Географияның пәні және зерттеу обьектілері
2.5. География бөлімдері
2.6. География ғылымының құрылымы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланлған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жер шарының табиғаты алуан түрлі. Сондықтан Жер планетасының алуан түрлі табиғатын әртүрлі ғылымдар системасы зерттейді: планеталардың қозғалысы мен фигурасын – геодезия мен астрономия, жердің құрамы мен құрылысын – геофизика мен геология, атмосфера мен климатты – метеорология мен климатология, гидросфераны – гидрология. Жалпы алғанда бұлардың барлығы Жер туралы ғылымдар деп аталады. Ал физикалық географияның зерттеу обьектісін анықтау үшін алдымен: география зерттейтін табиғи ортаның кеңістіктегі шегін және оның басқа жер ғылымдары системасымен байланысын түсіне білген жөн. Бұлар физикалық география зерттейтін табиғи системиаларға талдау жасауға негізделеді.

Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


География — өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған.
Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті.

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


Жалпы жертанудың пайда болуы мен даму тарихын география ғылымының дамуынан жеке дара қарастыруға болмайды, өйткені оның дамуы география ғылымдарының дамуымен біртұтас. Ғылымның дамуы сонау ерте кезеңде – ақ басталған.
Географиялық ілімнің ғылыми бастамасы алғашқы қауымдық құрылыста пайда болып, бірақ жазу өнері жоғары болған этностарда, яғни құл иеленушілік қоғамда даму деңгейіодан ары жоғарылаған. (Қытай, Ассирия, Египет, Вавилон.)
Көне Қытай жазба ескерткіштері (Шанхайцзин, Юйгун, Дилихчи) біздің эрамызға дейінгі VII – III ғасырда пайда болған. Бұл жазба ескерткіштерде жергілікті жердің табиғатын, халықтардың әдет – ғұрпын сипаттаған мәліметтер кездеседі.Мысалы, Чжан Жун өзен суының ағыны мен оныңжылдамдығының арасындағы байланысты анықты отырып, оның нәтижесін Хуанхэ өзенінің ағынын реттеуге пайдаланған.Ғалым Гуан Цзы өсімдік жамылғысының топыраққа, жер асты суларына және басқа да географиялық факторларға тәуелділігін анықтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет