М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


б)көрпе-жастық, көрпе-төсек атаулары



Pdf көрінісі
бет82/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   89
Бисенбаева

б)көрпе-жастық, көрпе-төсек атаулары. Жорған/ жуырқан – көрпе 
мағынасында қазақ сөйленістерінің үлкен аймағын қамтиды (Сен өз 
жорғаныңды жамылып жат (Қост.. Об.). Біз далаға жатайық деп едік, екіден 
жорған тастапты (Түрікмен., Таш.). Далада жорған жамылмаса , жаурап 
қалуларың мүмкін (Қарақ.). Қонақ балаға жуырқанның қалыңын бер (Алм., 
Еңб.). Сөздің жамылғыш мағынасы В.В. Радлов (Радлов, ІІІ, 425), йорған – 
жамылғыш мағынасында А.Боровков (Боровков, 162) еңбегінде кездеседі, 
осыған қарағанда, архисема «жамылу, орану» болуы мүмкін. Мұндай мағына 
түркі тілдерінің көпшілігінде бар: ұйғырдың тұрфан диалектісінде йурге-орау 
(Малов, УНС, 119), якут тілінде сөре-орау (Пекарский, ІІ, 2307) йөрге – орау 
(Радлов,ІІІ,449,2044). Ә.Қайдар «йор» сөзіне –ге жұрнағы жалғанып туынды 
етістік, одан зат есім тудырушы –к жұрнағы «жөргек» туынды зат есімін 
жасайтынын айтады (ҚТҚЭС, 90). Осы деректер арқылы Ә.Нұрмағамбетов 
жорған/жуырқан сөздерінің этимологиясын «йөр+ге > йорға+н > йорған> 
жорған немесе жуырқан» деп түсіндіреді (Нұрмағамбетов, 1985, 48). Сонымен 
жорған / жорыған/ жуырқанның архисемасы – «орау, қымтау», көне түркі сөзі, 
сондықтан түркі тілдерінің әдеби тілінде, диалектілерінде қолданылады. Хакас-
чорган, тофалар-чорһан, теріден жасалған көрпе (Рясянен, 74, 197); ұйғырдың 


150 
хотан турфан диалектілерінде – йотқан (Малов, УНС, 116,117); тува – чоорган, 
якут – суорған (Пекарский, ІІ, 2348), қырғыздың әдеби тілі мен солтүстік 
сөйленісінде – жууркан [164,45-б.].
Көрпе-төсек, көрпе-жастық тобында енді бір көңіл аударатын сөз – көпшік, 
жастық мағынасында, негізінен, батыс диалектісінде қолданылады (Көпшіктің 
тысын ауыстыр (Ырғ.). Балаларға көпшік тасташы (Арал). М.Қашқари 
еңбегінен «көп, күп» түбірлі бірнеше сөзді келтіруге болады: көпсүн-көрпе, 
төсек (Қашқари,1,496), көпшүк – ердің үстіне жабатын көпшік (Қашқари.1,538). 
Бұл мысалда көрпе тәрізді жұмсақ жапқыш туралы айтылып тұрғаны 
аңғарылады, өйткені көрпені жабады немесе төсейді.Осы мағына Шу, Мерке 
аудандарында – аткөпчік, Шелекте – аткөрпе күрделі атауларымен беріледі. Сөз 
мағынасының пайда болуына әсер еткен көп/күп түбірлері «жұмсақ» мағынасы 
болу керек. М.Қашқари еңбегінде: «жұмсақ, мамық» кевшек аталады, кевшек 
нең – жұмсақ нәрсе, жұмсақ тон, соған ұқсас зат; күвшек ет – жұмсақ еті, 
күвшек етмек – жақсы қамырдан үлбіреп қабарған нан деген анықтама 
келтірілген (Қашқари,1, 539). Деректер тек көрпе, жастық туралы емес, жалпы 
жұмсақ ұғымы туралы екенін көрсетеді. Сонда көне түркілік жұмсақ көрпе, 
жапқыш; жұмсақ ет, нан мағынасын білдірген көп/күп түбірінің «жұмсақ» 
семасы құс мамығынан жасалған затқа атау болған. Аткөрпе мағынасында 
көпчүк қырғыз тілінде (Юдахин, 427), кепчек жастық мағынасында чуваш 
диалектісінде (Сергеев, ДСЧЯ,31) кездеседі. Жалпыхалықтық тілде көп 
түбірінен көпсі, көпсік, көпсіт, көптір, көпшікте т.б. сөздері тарап, тура және әр 
түрлі ауыспалы мағыналарда жұмсалады. Көпсі. 1)қопсыды, көтерілді; 
2)быржиды, ісінді; 3)көпіршу; 4)бұрқырады, қожыды, борпылдады мағыналары 
қамыр көпсіді, қар көпсіп, лай көпсіп, тары көпсіді, мақта көпсіді, шаң, топырақ 
көпсіді, денесі көпсу т.б. сияқты бейнелі тіркестер жасайды (ҚТТС, 5, 182-183). 
Халық арасында көрпе-жастық, киіз-текемет, жүннен жасалған бұйымдарды 
күнге жайып көпсіту ұғымы бар. Заттар күнге кеуіп, жұмсарып, көтеріліп, 
жаңарады. Ендеше қазақ сөйленістерінде айтылатын көпшік, аткөпшік, аткөрпе 
атауларының архисемасы – көп/күп түбірінен тарайтын «жұмсақ, мамық», ол 
жүн, түбіт, құс мамығы ұғымдарынан шығады. Халық табиғи материалдың 
ерекшелігін, қасиетін бұрыннан-ақ білген [89,243-б.] 
Қазақ тұрмысында шымылдықтың орны ерекше. Шымылдық құндылық 
әлеміне енеді. Жаршау, желпей, бақай етек – осы әлемнің аймақтық сипаттағы 
толықтырушы белгілері [89,246-247-бб.]. Оралдың Қазталовка ауданында 
жаршау – шымылдық (Жаршауды үйдің қабырғасына жақын ұстайды (Қаз.). 
Желпей – шымылдықтың желбірі, желбіреуігі (Жамб., Тал.), Орынборда – 
жалпылдақ, екі лексеманың да түбірі бейнелік еліктеу сөздер: желп, жалп. 
Жіңішке дауысты (желп) сөзге біршама нәзіктік семантикасын береді. Қосаға 
шымылдықтың жоғарғы әшекейлі бөлігі (Мына шымылдықтың қосағасы жақсы 
екен (Аб.). Желпей, жалпылдақ, қосаға шымылдықтың сәндік үшін жасалған 
бөлігі ғана емес, ол – киіз үй символикасымен ұштас ұғым. Шымылдық киіз 
үйдің оң жағына құрылады, оң-жақ киіз үйдің сакральді бөлігі, шымылдық – 
жастық, тазалық, адалдық, ұрпақ жалғастығы, өсіп-өну символы, қазақ ұлтына 


151 
тән мәдени коннотация көрінісі [89,246-247-бб]. Бақалақ-шымылдықтың бау 
өткізетін балдағы, сырғасы (Шымылдықтың бақалағы жалпақ болса, қосымша 
көрік береді (Қост., Фед.). Желпей, жалпылдақ негізінен, шымылдықтың 
жоғарғы, бас жағына салынады, ал бақай етек – шымылдықтың етегі 
(Шымылдықтың бақай етегі кірлепті, күн жылынысымен жуып ал (Қост., Фед., 
Семоз.). Шымылдық құру үшін баған орнатылады. Баған шымылдықты 
құлатпай ұстап тұру үшін керек. Бақан/ баған – көшпелілер тұрмысында 
символдық мәні жоғары ұғым. Монғол халқының дәстүрлі мәдениеті жайлы 
еңбегінде Н.Л.Жуковская өмір мен өлім идеясымен байланыстырады, «… если 
юрта осмысляется в мифологии как модель вселенной, то багана – это мировая 
ось, соединяющая тооно (верх) и землю (низ), проходящая через прошлое-
настоящее-будущее пространственно-временного континиума» [167,22-б.],-
дейді. Осы бақанға сүйеніп құрылатын шымылдық, оның жоғарғы жағы ұғымы 
(желпей, жалпылдауық, қосаға) мен төменгі етек жағының бақай етек халық 
санасында өзіндік таңбаға ие болуы – жер мен көк (аспан), өмір (тіршілік) мен 
өлім арасындағы байланыстық, жалғастықтың символы [89,246-247-бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет