Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы. Резеңкеден жасалған бұйымдар өндірісі 1 тарау. Жалпы ережелер



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі365 Kb.
#178209
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «7» қазандағы

№ 341 бұйрығымен бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы.

Резеңкеден жасалған бұйымдар өндірісі

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Талаптар дөңгелектер, резеңкелі техникалық бұйымдар, резеңкелік аяқ киім, дөңгелек қаптар, латекстік бұйымдарды жөндеу өндірісін жобалау, салу, қайта құру, пайдалануға қолданылады.

2. Желімдерді әзірлеу, арқауларды желіммен сылау, желімнен бұйымдар алу, резеңкелік қоспаларды және булы, газды, шаңды кеңістікте жарылу өртенуге қауіпті заттар айналымы бар басқа да объектілерді әзірлеу кезінде жарылу өртке қауіпті химиялық, мұнай химиялық және мұнайды қайта өндеу өндірістеріне арналған жарылыс қауіпсіздігі талаптары қолданылады.

3. Ұйымның әрбір өндірістік бөлімшесінде өндірістік үрдісті қауіпсіз жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар бар. Әрбір жұмыс орнына арналған аталған техникалық құжаттың тізімі ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

4. Резеңкелік өндіріс ұйымдарының қызметкерлері әрекеттегі нормалармен қарастырылған арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Арнайы киімді беру, жуу және тазалау, арнайы киім мен арнайы аяқ киімді жөндеу персоналдың табылу орталығынан жүзеге асырылады.



2 - тарау. Жалпы қауіпсіздік талаптары
5. Ұйымның аумағы, өндірістік бөлмелер таза ұсталуы қажет. Жүзеге асырылмаған өндіріс қалдықтары жоба құжатында қарастырылады.

6. Өртке қарсы жабдыққа, өрт сөндіру құралдарына, дабыл беру және байланыс құралдарына, жеке қорғаныс құралдарын сақтау орындарына баратын жолдарды, өтетін жерлерді, кіре берістерді, іргелерін үйіп тастауға жол берілмейді.

7. Ұйымның аумағында, авто көліктің кіру жолдарында автокөліктің ұйым аумағы бойынша жылжу бағытының сызбасы ілінеді.

Ұйым аумағындағы жол белгілері мен қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жол қауіпсіздігі ережелеріне және белгіленген тәртіпте бекітілген, автокөліктің жылжу бағытының сызбасына сәйкес орнатылады.

8. Кәсіпорын мен ұйымның аумағындағы жолаушылар үшін түзу және тазалықта ұсталатын, қысқы мезгілде қар мен мұздан тазартылып отыратын сүрлеулер мен жалғыз аяқ жолдар қарастырылады.

9. Ұйымның аумағы және өндірістік бөлімшелердің ішінде автокөлік құралдарының және жолаушылардың қозғалысы ұйыммен бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

10. Жердегі конвейерлер арқылы өту үшін кішкене көпірлер қарастырылған.

11. Рельсті жолдардың жолдармен және өтетін жерлермен қиылысатын жерлерінде рельстердің қалпақшалары жердің бетімен немесе төсеуімен бір деңгейде орналасады.

12. Өткелдерде және жолаушылар өтетін жерлерде темір жол вагондарын тоқтатуға жол берілмейді. Өткелдер мен аралықтарда тұрған, тіркеуден ағытылған вагондар өткелден (аралықтан) 1 м-ден жақын емес тұрады.

13. Құбыр желілері мен өткізгіш сымдар өтетін құдықтар, арналар жабылады. Уақытша ашық тұрған құдықтар, орлар мен шұңқырлар биіктігі 1 м-ден кем емес, түнгі уақытта жарықтандырылатын қоршаумен жабдықталады.

14. Жеке өндірістік бөлмелерде: металл бұйымдарын гуммирлеу; қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты улы қосындылар, эбонит ұнтағының негізінде қоспаларды әзірлеудің, үгіту құралдарында, фактисте, аса белсенді заттарда, сілтілік және қышқылды ерітінділерде резеңкелік қоспаларды әзірлеудің; бұйымдарды желімдік құрамдармен майлаудың; авто кең үңгірлерінің желдетулерін тазалау және майдан тазартудың; тығыздау құрылыстарын сілтілік ерітінділермен тазартудың; пероксимон дикумил тотығын қолдана отырып фторлы және силиконды каучук негізінде бұйымдарды жаңартудың; фторлы және силиконды каучуктер негізінде бұйымдарды термостаттаудың; нитритті нитратты тұздарды, арматураны дайындаудың (жездеу, фосфаттау және с. с.); қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты заттар негізінде арматураны желімдермен сылаудың; бытыра ағынымен өңдеудің; жеңдерді қорғасынмен сығымдай отырып дайындаудың (қорғасынды балқыту, жеңдерді қорғасымен сылау, қорғасын қабыршағын вулканизациялау және алу), жеңдерді рентгенмен бақылаудың, желімдерді, бояуларды, қымталарды, пасталарды жарылыс өртке қауіпті еріткіштерді қолдана отырып дайындаудың; шикізатты дайындаудың және резеңкелік қоспаларды әзірлеудің технологиялық үрдістері; шикізат және өзге де дайын өнімнің қоймалары, қауіптілігі жоғары басқа да учаскелер орналастырылады.

15. Шикізатты дайындау және резеңкелік қоспаларды әзірлеу бойынша бөлмелер, шикізат және дайын өнім қоймалары ұзындығы 6 м-ден кем емес жанбайтын өткелдер арқылы негізгі өндірістік тұрықтармен байланысады.

16. Шикізатты, материалдарды, дайын өнімді сақтау қоймаларында, оларды тасымалдауға дайындаумен байланысты жұмыстарды қоспағанда, технологиялық әрекеттерді жасауға жол берілмейді.

17. Қоймада сақталуға болатын заттар мен материалдардың қауіптілігі, төселу орны мен әдісі қысқаша көрсетіле отырып, оларды орналастыру сызбасы ілінеді.

18. Кранцтар ауаның ішкі қысымы 0,03 МПа-н (0,3 кгс/см2) көп болмағанда сақталады, олар фланецтің құлақтарына бекітіледі және арналарға орнатылады.

19. Электрлі таратқыш қалқаларын тікелей қоймаларда орналастыруға жол берілмейді.

Қоймаларды жарықтандырудан ажыратқыштар кіре беріс есіктің (қақпаның) сыртында орнатылады.

20. Жұмсартқыш, еріткіш, басқа жанатын және тез тұтанғыш сұйықтарды сақтау қоймаларын орналастыру кезінде технологиялық регламент нұсқаулықтарын басшылыққа алу қажет.

21. Ыдыстарды жердің астына орналастыруға және тез тұтанатын және жанатын сұйықтары бар технологиялық құбыр желілерін, осы сұйықтарды айдауға арналған тереңдегі сорғыларды жерде арнасыз салуға жол берілмейді.

22. Өндірістік бөлмелердің есіктерінде жарылысқа қауіпті аймақтың санатын және өрт қауіптілігі бойынша өндіріс санатын көрсете отырып жазулар жазылады.

23. Тез тұтанатын ерітінділер мен резеңкелі желімдерді буып-түю және тұтыну мөлшерін сақтау үшін жабдықталған, оқшауланған орындар (қоймалар) қарастырылады. Оларда осы технологиялық үрдісте қолданылмайтын еріткіштер мен желімдерді, басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.

24. Бір өндірістік бөлмеде зияндылығы бойынша әр түрлі технологиялық үрдістер орналасқан жағдайда зиянды өнімдердің өндірістік бөлмеге таралуына жол бермейтін шаралар қарастырылады.

25. Резеңкелік бұйымдарды вулканизациялау бойынша технологиялық үрдістерін жарықты ауаландыру фонарларымен жабдықталған ғимараттарда орналастыру қарастырылған.

Мүмкін болатын құлаудың алдын алу мақсатында жарықпен ауалау фонарларының жұмыс істейтін әйнектеріне қорғайтын торлар орнатылады.

26. Өндірістік бөлмелердің едендері ұқыпты жағдайда ұсталады. Беті бүлінген, шұңқырлы, кедір-бұдыр едендерді пайдалануға жол берілмейді. Едендер дымқыл немесе шаңдануға жол бермейтін өзге де әдістермен тазаланады. Едендерді жуу үшін мұнай өнімдерін, қышқылды және сілтіні қолдануға жол берілмейді.

27. Қызмет көрсету аймағынан тыс орналасқан ауалау фонарларының фрамугтерін және терезелердің фрамугтерін ашу және жабу қашықтықтан немесе олардың жедел ашылуын қамтамасыз ететін құрылғыларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

28. Резеңкелік қоспаларды, резенкеленген арқандарды және өзге жартылай дайын өнімдерді сақтау үшін өндірістік бөлмелерде өрт бөлімімен келісілген орындар қарастырылады. Сақтауға жататын материалдардың саны тәулікті қажеттіліктен аспайды.

29. Ыстық құбыр желілерінде және радиаторларда киімді кептіруге жол берілмейді. Арнайы киім ілетін орындарда сақталады.

30. Барлық өндірістік бөлімшелерде жәбірленушілерге көмек көрсету үшін технологиялық үрдіске сәйкес келетін дәрі-дәрмек жиынтығы бар қораптар бар.

31. Әрбір қауіпті объект үшін апатты жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) жасалады, онда технологиялық үрдістің ерекше шарттары ескеріле отырып апаттық жағдайлар мен апаттардың алдын алу бойынша, ал апат пайда болған жағдайда – оқшаулау, улануды, өртенуді немесе жарылуды болдырмайтын, олардың салдарынан ауырлық деңгейін неғұрлым төмендету бойынша қажетті шаралар мен персоналдың әрекеті қарастырылады.

32. Апатты жою жоспарының құрамы мен мазмұны өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес.

33. Жарылу өртенуге қауіпті өндірістерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы шараларды қолданбастан, жаңа технологиялық үрдістерді немесе олардың жеке кезеңдерін жасау, жаңадан жасалатын жабдықтың негізгі үлгілерін сынау, автоматтандырудың тәжірибелік құралдары мен жүйелерін сынау бойынша сынақ жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

34. Жарылу өртенуге қауіпті объектілерде өрт сөндіру жүйелерін қолдану қажеттілігі және түрі жобамен анықталады.

35. Қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты зиянды заттармен байланысты, өндірістік бөлмелердегі барлық жұмыстар желдеткіш жұмыс істеп тұрған кезде жүргізіледі.

36. Ғимараттардың өндірістік, қоймалық және қосымша бөлмелерінде қалыпты, технологиялық регламентпен бекітілген температура сақталады.

37. Үйлесімді электр қозғалтқыштары, трансформаторлық аралықтар, таратқыш құрылғылар бар, технологиялық үрдісті басқару бөлмелеріне үйлесімді желдеткішпен біріктірілген ауамен жылыту қолданылады.

38. Желімдерді, желімнен жасалған майлау бұйымдарын, арқауды, эбониттік ұнтақты дайындау және т.б. бөлмелерінде үйлесімді желдеткішпен біріктірілген ауамен жылыту қарастырылған.

39. Басқа бөлмелерде, оларда шаңды шығаратын технологиялық үрдістер болған жағдайда, сумен және бумен жылытатын жылытқыш құралдары олардан шаңды тез алуға мүмкіндік беретін тегіс беткейге ие.

40. Зиянды заттар бөлінетін өндірістік бөлмелерде ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, ауа кеңістігінде зиянды заттардың бар-жоғына кезеңдік бақылау жасалады.

41. Зиянды заттарды жою тікелей олар орналасқан жерде жүзеге асырылады.

42. Пайдалану кезінде жұмыс аймағының ауасына зиянды заттар мен шаңның бөлінуі мүмкін жабдық жергілікті сорғымен жабылатын жабумен жабдықталады. Жергілікті сорулар жұмыс жүргізу үшін кезеңдік немесе тұрақты ашық ойығы бар, соратын шкаф түрінде, тұтас жабу ретінде орындалады. Тұтас жабу құрылғысын орналастыру мүмкін болмаған жағдайда шатырлар қарастырылады. Қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты зиянды заттарды, жарылысқа қауіпті заттарды жоятын жергілікті соруларды іске қосу технологиялық жабдықты іске қосумен блокталған.

43. Қосындыларды елеу және бөліп өлшеу учаскелерінде, резеңкелік қоспаларды, техникалық көміртектің шанап қоймаларын, өзге де шаң көп бөлінетін өндірістік учаскелерінде шаңды жинау үшін қондырғылар бар.

44. Желімді дайындау, фторлы және силиконды каучуктер негізінде резеңкеден жасалған бұйымдарды термостаттау бөлмелерінде, автоклавтарда аз толтырылған эбониттік бұйымдарды вулканизациялау, технологиялық жабдықтың қымталуы және технологиялық үрдістің бүлінуі нәтижесінде жұмыс аймағының ауасына зиянды немесе жарылуға қауіпті газдар мен булардың кенеттен бөлінуі мүмкін басқа жерлерде апаттық соратын желдеткіштік құралы қарастырылады.

45. Көп мөлшерде зиянды газдардың бөлінуі мүмкін, бұйымдарды термостаттау учаскесінде жалпы айналым және жергілікті соратын желдеткіштердің ауа жеткізгішін, жарылыс-өртқауіпті ортадағы бөлмеден ағатын және соратын желдеткіштерінің ауа жеткізгішін басқа санатты бөлмелер арқылы салуға жол берілмейді. Ауа жеткізгіштердің қабырғадан өтетін жерлер қымталады.

46. Бытыра ағыны қондырғысының камераларында камераға кіре беріс аймақта ауаның 0,8 м/с кем емес қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ететін, соратын желдеткіштер қарастырылады.

47. Резеңке – техникалық бұйымдар (РТБ) өндірістерінде вулканизацияланған бұйымдарды салқындату орындары тартып алатын желдеткіштің жергілікті соруларымен жабдықталады.

48. Жергілікті соратын желдеткіш қондырғылары технологиялық жабдықпен блокталған, олар технологиялық жабдықтың іске қосылуынан 3 - 5 минут бұрын қосылады және жұмыс аяқталғаннан соң 3 - 5 минуттан кейін өшіріледі.

49. Тартпа және жалпы ауыспалы соратын желдеткіш қондырғылары технологиялық үрдістің басталуынан 10 - 15 минут бұрын іске қосылады, және де алдымен соратын, кейіннен тартпа желдеткіш қондырғылары іске қосылады.

50. Тартпа және жалпы ауыспалы соратын қондырғылар технологиялық үрдіс аяқталғаннан соң 10 - 12 минуттан кейін өшіріледі. Алдымен тартпа, ал кейіннен соратын қондырғылар өшіріледі.

51. Жанатын булардың және ауасы бар газдардың жарылуға қауіпті қоспаларының қалыптасуы мүмкін учаскелер мен бөлмелерде жанатын булар мен газдардың жарылуға дейінгі шоғырлану құрамын белгілейтін, дабыл белгісі бар газды талдау құралдары орнатылады. Дабыл белгісі іске қосылған жағдайда басқарушыға, тұрақты түрде жұмысшылар болған жағдайда газдалған бөлмеге және жұмысшылар тұрақты түрде болған жағдайда бөлмеге кіретін жерлерге жарық және дыбыс белгілерін беру қамтамасыз етіледі.

Жарылуға дейінгі шоғырлану құрамын белгілейтін дабыл беру жүйесі іске қосылған жағдайда апаттық желдеткіш автоматты түрде іске қосылады және ғимараттың сыртында негізгі кіре беріс есіктердің жанында орналасқан, қолмен іске қосу құралы арқылы қайталанады.

52. Желдеткіш камераларының іші таза ұсталады. Осы бөлмелерді әр түрлі материалдар сақтау үшін пайдалануға және оларды бөтен заттармен үйіп тастауға жол берілмейді.

53. Желдеткіш камераларына қоймалардан, шаң мен зиянды затардың маңызды бөлінуімен сипатталатын немесе жарылуға қауіпті өндірістері бар өндірістік бөлмелерден кіре беріс есіктерін орнатуға жол берілмейді.

54. Өндірістік бөлмелердің жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың құрамы шекті рұқсат етілген мөлшерден аспайды.

55. Құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін желдеткіш жүйелері реттеледі және жобалық қуатқа дейін жеткізіледі. Желдеткіш жүйелерінің тиімділігін құралмен тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

56. Желдеткіш жүйелерін жөндеу, тазалау және алдын алуды қарау жұмыстары ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, жүргізілген жұмыстарды жөндеу журналына тіркеле отырып жүргізіледі.

57. Машиналар мен агрегаттардан өртке қауіпті газдарды, булар мен шаңды алуға арналған жергілікті соратын желдеткіштер орнатылған жерлер мен жабуларда шырағдандарды орнату.

58. Өндірістік бөлмелердің соратын желдеткіштерімен қабысатын ауамен жылытқышты орнату кезінде ауаны айналдыруға жол берілмейді.

59. Өрт шыққан жағдайда жұмыс істеп тұрған желдеткіш жүйелері тоқтатылады.

60. Барлық желдеткіш қондырғыларына куәліктер, жөндеу журналдары басталады.

61. Технологиялық жабдықтар және желілер өндірістің ағымын, олардың жөндеу және қызмет көрсету үшін еркін келуін қамтамасыз етуді ескере отырып орнатылады.

62. Өндірісте улы, өртке және жарылуға қауіпті қасиеттері зерттелмеген шикізат пен материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

63. Өндірістік бөлмелерде қысыммен жұмыс істейтін келесі жабдықтарды орналастыруға жол беріледі:

жеңге сынама жүргізетін қабырғалардың манипуляторын, гидравликалық тығыздайтын құралдардың гидроаккумуляторларын;

металл шкафтарда орнатылған, әрбіреуі 100 л дейінгі сыйымдылығымен инертті қысылған газы бар баллондарды;

гидро соққыны болдырмайтын толтыратын үлкен ыдыстар мен теңгермелер;

қауіпсіз ортадағы бөлмелерде, өнімділігі минутына 30 м3 дейін және 0,5 МПа дейін қатты сорбентті қысымымен ылғалды сіңіру әдісімен жұмыс істейтін, ауаны құрғату қондырғыларын;

технолгиялық жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады сауыттар;

қысыммен құюға арналған жабдықтар, вулканизациялау автоклавтары және тығыздағыштар, автоклав-тығыздағыштар;

резеңке бұйымдарын өңдеуге арналған криогенді қондырғылар.

Өндірістік бөлмелерде қысыммен жұмыс істейтін басқа жабдықты орналастыруға жоба негіздемесіне сәйкестендіру болған жағдайда рұқсат етіледі.

64. Вулканизациялау автоклавында, автоклав-тығыздағыштар, гидроаккумуляторлар орналасқан бөлмелердің үстіне жұмысшылар болатын бөлмелер орналастыруға жол берілмейді.

65. Жабдықта орнатылған сақтандырғыш қақпақтарынан бейтарап газдар мен буларды ауаға лақтыру өндірістік бөлмелерден тыс қауіпсіз жерге апарылады. Шығарынды қақпақшаның (шырақтың) биіктігі ең биік нүктеден (шығарынды қақпақшадан 15 м аумағында сыртқы аппаратураның қызмет көрсету алаңынан немесе ғимараттан) кем дегенде 5 м биік. Шырақтың ең төмен биіктігі алаңның жобалы белгісінің деңгейінен кем дегенде 6 м құрайды.

66. Гидроаккумуляторларды кіре беріс және өтетін жерлердің жанында орналастыруға жол берілмейді. Гидроаккумуляторларың олардан 2 м кем емес қашықтықта орнатылған қоршаулары бар.

67. Еденнен немесе қызмет көрсету алаңынан 3 м кем биіктікте орналасқан машиналардың, механизмдердің және технологиялық жабдықтардың барлық қозғалмалы бөліктері (маховиктер, біліктер, муфталар, берілістер және басқалар), барабандарға бауды және конвейерлердің жұлдызшаларына шынжырларды ойнақтау орындары, конвейерлердің созылмалы станцияларының жүктері қоршалады.

68. Жерден 1,8 м және одан да биік орналасқан жабдықтарға, құралдарға, арматураға және механизмдерге қызмет көрсету үшін алаңдар орнатылады.

69. Жабдықтардың қорғаныс құралдарының дұрыстығы, міндетті түрде олардың жағдайы туралы ауысым журналына жазыла отырып, әрбір ауысымда жұмыс басталар алдында қызмет көрсетуші персоналмен тексеріледі.

Қалтылдақ машиналар мен тегістеп илеу құрылғыларының апаттық тоқтатылуы үшін құрылғылардың дұрыстығы технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі. Тексеру нәтижелері тексерушілермен ауысым журналына тіркеледі.

Қорғаныс құралдары істен шыққан жабдықта жұмыс істеуге жол берілмейді.

70. Жаншу құралдарында, каландрларда, формалаушы вулканизаторлар мен жеке вулканизаторларда жұмыс істеу кем деген екі жұмысшымен жүргізіледі.

71. Жабдықты басқару органдары жұмыс орынының аясында орналастырылады, қалыпты жағдайда ұсталады және өздігінен қосылу немесе кенеттен қайта қосылудан қорғайтын құралмен қамтамасыз етіледі.

Жабдықты іске қосу және тоқтату нүктелерінде олардың белгіленуін анықтайтын нақты жазулар бар. «Тоқта» нүктесі қызыл түске боялады.

72. Еденде орналасқан басқару баспасында кенеттен қосудан қорғайтын қорғаныс қоршаулары бар.

73. Жабдықты пайдалану дайындаушының басшылық құралына, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

74. Технологиялық жабдықтауды, құралдарды, құрылғыларды, тығыздағыш нысандарын, жабдықтың жеке бөліктерін орнату және шешу олардың сенімді ұсталуын және тасымалдануын қамтамасыз ететін механизмдер арқылы жүргізіледі.

75. Қос электрлік жанатын және тез тұтанатын сұйықтарды ыдыста тасымалдау жерге қосылған құрылғылармен жабдықталған, темір арбаларда жүзеге асырылады.

76. Конвейерлік таспаның айлағын салу бір қабатпен жүргізіледі. Конвейерлік таспаның айлағын екі қабатпен төсеген жағдайда төменгі қабат айлағы кесікке орнатылады.

77. Ұнтақ тәрізді материалдарды шанаптарда немесе жабық ыдыста сақтайды. Ұнтақ тәрізді материалдарды тасымалдау олардың шаңдануын болдырмайтын әдіспен жүзеге асырылады.

78. Жұмыс істеп тұрған конвейер мен үгіткіште сұрыптаушы конвейердің таспасы мен барабанын резеңке қалдығынан тазартуға жол берілмейді.

79. Ыдыстарға бөлу, бөліп өлшеумен, өлшеп ораумен, опалаумен айналысатын немесе шаң бөлінуі мүмкін басқа да операцияларды атқаратын қызметкерлер шаңға қарсы тұмылдырықтармен қамтамасыз етіледі.

80. Резеңке қоспаларының парақтарын және жартылай дайын өнімдерге құрғақ опалауды пайдалануға жол берілмейді.

81. Қоймалардағы желімдер, бояулар және еріткіштер тоқ өткізетін жерге қосылған негіздерге орналастырылған, жабық темір ыдыстарда сақталады. Ыдыстарды желімнің қалдықтарынан тазалау осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде жүргізіледі.

82. Желімді, бояуды, еріткіштерді бөлшектеу, дайын өнімді және бұйымды желіммен сылау, желімді қолдана отырып резеңке бұйымдарын құрастыру орындары жергілікті соратын желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Желім жағатын және желімді қолдана отырып резеңке бұйымдарын құрастыратын столдарда жермен жанасқан пішінге қосылған тоқ өткізетін жамылғылар бар.

83. Бояуларды, желімдерді, еріткіштерді тасымалдау құбыр желілері арқылы жүзеге асырылады. Осы өнімдерді аз мөлшерде пайдаланған жағдайда және жабысқақтығы жоғары желімді қолданған кезде оларды осы мақсаттарға арналған жабық ыдыстарда тасымалдауға жол беріледі.

84. Еріткіштерді сақтауға арналған ыдыстар ғимараттың сыртында орналастырылады.

85. Резеңке бұйымдарын сылауға және жаңартуға пайдаланатын бояулар, желімдер және еріткіштер жұмыс орындарында, қақпақпен немесе қалтқылармен жабдықталған, көлемі бес литрден көп емес, ұшқын шығармайтын материалдан жасалған сауыттарда сақталады. Жұмыс кезінде пайдаланылмаған желімдер, бояулар, еріткіштер осы өнімдерді сақтау қоймала6. Дихлорэтан және жанармай негізіндегі желімді пайдалану әрбір жеке жағдайда жобамен негізделген. Желімді әзірлеуге немесе резеңке бұйымдарын жаңартуға пайдаланылатын жанармай 3 % көп емес хош иістендірген көмірсутегіні құрайды.

87. Арнайы киімге бояуды, желімді немесе еріткішті төккен жағдайда киімді ауыстыру қажет. Осындай киіммен шылым шегу орындарына немесе ашық отын көздеріне жақын баруға болмайды.

88. Сұйықты қайта қысу жолымен тасымалдау кезінде газ немесе ауаның қысымы сұйықты қысатын ыдыстың немесе сауыттың есептік қысымынан аспайды.

Тез тұтанатын сұйықтарды, 20 С жоғары қыздырылған жанатын сұйықтарды, сондай-ақ 70 С жоғары қыздырылған табиғи майларды қысылған ауамен қайта қысу жолымен тасымалдауға жол берілмейді.

89. Жұмыс істеген кезде еріткіштердің, желімдердің және бояулардың әсерінен қолды қорғау үшін мұнайға төзімді созылмалы қолғаптар, биологиялық майлар және пасталар қолданылады.

90. Қарқынды коррозия жағдайында жұмыс істейтін жабдықтар мен желілер (эбониттік бұйымдарды вулканизациялауға арналған автоклавтар, қышқылдардың, сілтілердің ерітінділері бар ванналар және т.б.), олардың қабырғаларының тозу көлемін бақылауға ұшырайды. Тексеру жүргізу кезеңдігі ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестемен анықталады.

91. Жұмыс істеп тұрған кезде жабдықты сылау технологиялық регламентке сәйкес, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асырылады.

92. Майлау материалдарын өндірістік бөлмелерде қақпағы тығыз жабылатын, жанбайтын материалдардан жасалған жәшіктер мен қораптарда 20 л-ден көп емес мөлшерде сақтауға жол беріледі.

93. Машиналар мен станоктардан өңделген, қысылған ауаны лақтыру кезінде пайда болатын шудың деңгейін төмендету үшін шуды тұншықтыру қарастырылады.

94. Резеңке материалдарын ашу үшін пайдаланатын ленталық пышақтардың пышақ төсемін магнитті ұстағыштары және тор қабырын қоршағыш бар.

Ленталық пышақтарды қолдана отырып бөліктерді жасау үшін қалыптар жұмыс істегенде қолдың саусақтарының пышақ астына түсуінің алдын алатын, биіктігі 5 мм кем емес кернеулерге, кесетін материалдың беткейі бойынша қалыптың сырғанауын болдырмайтын астарға ие.

95. Резеңке бұйымдарын пішуге арналған штанцты пышақтардың жиыны беткейлі қоршаулармен жабдықталған сөрелерде сақталады.

96. Материал пышақ жүзінен 200 мм кем емес ара қашықтықта оны пішу алдында ленталық пышақ столында орналастырылады және түзету жүргізіледі.

97. Резеңке бұйымдарын дайындауға пайдаланатын кесілген тығыздағыштарда іске қосу құрылғысында екі қол да бос болмаған жағдайда тығыздағышты қосатын құрылғылар бар.

98. Дайындау бұйымдарын кесу және резеңке бұйымдарын пішу үшін табақшалы пышақтар қоршалады және қолдың пышақ астына түсуін болдырмайтын аспаптарға ие.

Табақшалы пышақ астына жартылай дайын өнімдерді және бұйымдарды беру қолдың пышақтың әрекет ету аймағында болуын жоққа шығаратын, итергіш немесе өзге де құралмен жүзеге асырылады.

99. Резеңке бұйымдарын өңдеу үшін машиналардың тегістейтін шеңберлері қоршауларға ие.

100. Конвейерлердің жүк созылмалы құрылғыларында арбаның кіруін шектеуге арналған соңғы тіректері және арба шекті мөлшерге келген жағдайда конвейердің келуін тоқтататын соңғы сөндіргіштері бар.

101. Шынжырлы конвейерлер шынжыр үзілген жағдайда оны ұстап қалатын ұстағыштармен жабдықталады.

102. Ілінген конвейерлердің астында адамдарды және көліктердің жүретін орындары 2,2 м кем емес биіктікте орналасқан қоршаулармен қорғалады.

103. Конвейерлерді тиеу және түсіру орындарында орналастырылған қарау люктері, шанаптар және т.б. торлы қоршаумен жабылады.

104. Барлық конвейерлерде, олардың құрылғылары мен ілетін құралдарының орналасқан жерінде «Тоқта» нүктелері бар.

Жердегі конвейер барлық ұзындығы бойынша екі жағынан конвейердің апатты тоқтатылуы үшін арқанды сөндіргішке ие немесе конвейердің қауіпті жұмыс аймағында адамдар пайда болған кезде апаттық сөндірілуінің фото құралдарымен жабдықталған.

Жұмыс аймағында орналасқан, ілінген конвейерлерде әрбір 15 - 20 м сайын «Тоқта» нүктелері бар.

105. Конвейерді басқару сызбасында конвейердің іске қосылуын білдіретін, дыбыстық немесе жарық белгісі қарастырылған.

106. Ұйымдарда дабыл беру және апатқа қарсы қорғаныс құралдарын пайдаланудың техникалық регламенті жасалады.

107. Бақылау және автоматтандыру құралдарын жөндеу және тексеру ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

108. Бақылау және автоматтандыру жүйесінде қолданылатын өлшеу құралдары белгіленген мерзімде тексеруден өтеді.

109. Басқару қалқаларында орналасқан бақылау және автоматтандыру құралдары олардың белгіленуін анықтайтын жазбаларға ие.

110. БӨАжА берілетін қысылған ауаны басқа мақсаттар үшін пайдалану мақсатында құбыр желілерін ойып кесуге жол берілмейді.

111. Радиобелсенді изотоптары бар құралдарды монтаждау, пайдалану және жөндеу радиобелсенді заттармен және иондық сәулелену көздерімен жұмыс істеудің тазалық ережелерін, технологиялық регламентті сақтай отырып жүзеге асырылады.

112. Электр жабдығы электр қондырғыларының құрылымына қойылатын талаптарға сай және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалануға, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын және осы талаптарды сақтай отырып пайдаланылады.

113. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазан № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды пайдалану қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

114. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 21 қазан № 245 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш крандарын және жүкті ұстайтын құралдарды пайдалана отырып, жөндеу, монтаждау, тиеу-түсіру және өзге жұмыстарды жүргізу жүк көтергіш крандарының құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

115. Сақтандыратын құрылғыларды таңдау, орнату және техникалық қызмет көрсету жобаның талаптарына сай.

116. Машиналарды, агрегаттарды, механизмдерді тоқтатпастан келесі технологиялық операцияларды орындауға жол берілмейді:

тегістейтін, қайталайтын және басқа құрылымдар алдында бүрмелерді түзету және матаны (арқанды) тегістеу, матаны (арқанды) түйістіру;

конвейерлік лентаның қайталамасының орталық және құятын құрылғыларына матаны толтыру;

сұрыптаушы біліктерге конвейерлік таспаның орталығының жиегін толтыру;

комбинат машинада дайын бұйымды орнату кезінде бүрмелерді жайып салу;

бұрамдық машинасының басын тазалау;

сым таспасын шығыршық жасау агрегатының ұшына толтыру және сымның үзілген ұштарын біріктіру;

шығыршық жасау агрегатының қысатын құрылғысына сым таспасын өткізу (ол кезде кесетін құралдардың пышағы жоғары жағдайда тұрады);

қақпақ іліктерін жинау қабырғаларының құлайтын шығыршықтарына ілік таспаларын (флипперді) толтыру;

шығыршық жасау агрегатының шпулярнигінде шпульді орнату;

сына белбеуін жасауға және жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың зақымдануы мүмкін басқа да операцияларға орауыш таспаларын құю.

117. Жұмыс істегенде қолды:

таңып байлау кезінде тығырыққа, сына белбеулерін жасау немесе резеңке жиектерін жинау кезінде пышаққа, сұрыптаушы қалтылдаққа оған конвейер таспасының өзегінің жиектерін толтыру кезінде 300 мм;

конвейерлік таспаның өзегін шығару кезінде созылатын шығыршықтың саңылауына;

шеңберлі таспада саңылау жасау кезінде пуансонға 100 мм кем мөлшерге жақындатуға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет