Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады. Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
Достарыңызбен бөлісу: |