М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


 Киім-кешек атауларындағы аймақтық сипат белгілері



Pdf көрінісі
бет84/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Бисенбаева

3.4.4 Киім-кешек атауларындағы аймақтық сипат белгілері 
Киім – адам денесін ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен 
қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс, 
бұйымы болып табылады. Киім адамның өмір сүруіне қажетті құралдарының 
бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік 
жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі 
саналады. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктері қоғамдық өндіріс пен 
мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және 
рухани өмірінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан киім 
адамдардың еңбегімен жасалған материалдық құндылық болса, екіншіден – ол 
адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Адам 
баласын қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттарымен қатар, киім де 
өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайды, 
халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдік талғамын көрсетеді [168,65-б.]. 
Басқа да материалдық мәдениет көріністері тәрізді киім – кешектің де 
архаикалық мәдениетте қолданылуының ерекшелігі олардың жасалу, тігілу 


154 
үдерісінде-ақ айқындалады, сондықтан материалдық мәдениет деректерін 
дайындау, жасау технологиясы сакральді білім саласына жатқызылып, 
шеберлер, ұста т.б. қабілеті бар адамдар кәсіп көлемінен тыс әлемнің сырын, 
тілін түсінетін құдірет иесі ретінде, адам әлемі мен табиғатты байланыстырушы 
дәнекер ретінде айрықша мәртебеге ие болған [169,64-б.]. 
Киім адамның өмір сүруіне қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, 
белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен 
этникалық ортасы туралы мәлімет беретін этномәдени белгі. Қазақ халқының 
да киімі пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байланысты: күнделікті, сәндік 
киімге; жыл мезгілдеріне қатысты: қыстық, маусым аралық және жаздық 
кимімге; жас және жыныс ерекшелігіне, әлеуметтік кәсіби салаға қатысына 
қарай да бөлінген [168,11-12-бб.]. Осыған орай, Б.Кәмәлашұлы: «Киім арқылы 
адамзат жан-жануар, хайуаннан айырылады. Сондай-ақ ұлт-ұлыстар да 
киімімен дараланады. Тек ұлыстар ғана емес, қазақ халқының ішіндегі 
тайпалардың да ру, ауыл, тайпалық белгілі киімдері болған» [21, 47-48-бб.],-деп 
көрсетеді. Осы белгілер аймақтық сипат көрінісінің дәлелі бола алады, атап 
айтқанда, адай және әлім руларының атымен байланысты адай көйлек, адай 
тымақ, адай шалбар, әлім көйлек, әлім тымақ. Бұлар – осы адай және әлім 
рулары аралас мекен ететін Түрікменстан қазақтары тілінен алынған деректер.
Бас киім ұлттық киімнің мәнерлі де ерекше бөлігі саналумен қатар, 
этностың географиялық этникалық белгісін де танытатын ерекшелікке ие. 
Этнографиялық еңбектерде бас киімдердің айырым белгілері олардың 
атауларынан көрінетіні айтылады. Тек атау ғана емес, ру-тайпалық белгілері 
олардың пішімінен де байқалады. М.Әуезовтің шығармаларындағы: сегіз сай 
уақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, адай бөрік, арғын тымақ, сырмалған алты 
сай найман тымақ т.б. Бұған қоса аймақ ерекшеліктеріне қарай Жетісу, Арқа, 
Қоңырат үлгісіндегі тымақ түрлері бары айтылады [168,11-12-бб.].
Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. 
Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра ретінде қалып отырған [168,56-б.]. 
Киімдердің ру белгісін танытатын ерекшелігі – олардың пішімінде. Адай тымақ 
– төбесі томпақ, екі құлағы мен артқы жағы тұтас тігілген, желкені жауып 
тұратын бас киім болса, әлім тымақ – қойдың терісінен тігілген екі иық пен екі 
жауырынды түгел жауып тұратын бас киім. Айырмашылық желке, иық пен 
жауырынды жауып тұратын бөлікте болды. Бұл адайды әлімнен, әлімді адайдан 
сырттай ажырататын таңбалық белгі (Адайлар әлімдерді екі иығы мен 
жауырынын жауып тұратын тымағынан-ақ ажырата қоюшы еді (Түрікм., Таш.). 
Түрікменстан қазақтарында жігіт тымақ – үйленбеген жігіт киетін тымақ. Түлкі 
терісінен жасалған кішкене құлақшынды бас киім. Баяғының үйленбеген 
жастары жігіт тымақ киюші еді (Түрікм., Таш). Үйленбеген жігіттің белгісі 
тымақ болуының символдық мәні «адам – киім» жүйесіндегі сакральді орнымен 
астасады. Бас киім – ұлттық дүниетанымда құт – береке символы , ал 
үйленбеген жігіттің белгісі – тымақ оның басына қонатын құт, өмірді бастау 
мәні, өмір жалғастығы, өмірлік күш – қуат, жалын идеясын бейнелейтін жоғары 
семантикаға ие. Зере – сәукеле астынан киетін бас киім (Сем.,Абай). Зер – 


155 
парсыша алтын, зергер де осы түбірден шығады (Рустемов,40). Арабша – зір 
түйме, халықта алтын түсті жіп зер жіп аталады. Сәукелемен бірге киілетін 
заттың зере аталуы әшекейлеу ұғымын байланысты болу керек. Киім-кешектегі 
таңбалық сипат, этномәдени белгі материалдық мәдениетпен қатар рухани 
мәдениеттен де мәлімет жеткізеді. Бас киім ұғымын білдіргенімен, жігіт 
тымақты да, зерені де басқа жастағы ер, әйел кимейді, өйткені бұлардағы 
этномәдени белгі айрықша. Зере – сәукелемен бірге халық дүниетанымның 
айрықша көрінісі үйлену салты ритуалдарының қатарындағы аса маңызды 
белгісі, ұзатылар қыздың әлпештеген ата-ана үйінен оң жақтан, өзінің негізгі 
мекеніне аттану – босаға аттау ритуалымен ұштас ұғым. Босаға, есік – сыртқы 
әлемнен қорғаныш, ішкі берекені, тыныштықты сақтау символы. «Босағасы 
берік болсын» деген тілектің мазмұны өте терең. Отбасы бүзылмасын, шаңырақ 
шайқалмасын дегенді ұқтырады. Жігіт тымақта – адалдық, тұрақтылық белгісі 
бар деп есептеледі [89,253-б.]. Түрікменстан қазақтарында тұрмысқа шықпаған 
қыздың белгісі ретінде қызыл шарқат сөзі қолданылады. Осыған байланысты 
фольклор материалы: Айқайлап ән саламын қыздар-ау деп, Артыңа қарамайсың 
кім бар-ау деп. Басыңнан қызыл шарқат ауған күні, Саныңды бір соғарсың 
күндер - ау деп (Түрікм. Небид). Қызыл шарқат иесіне әдеп, өскен ортасына 
лайық абыройды сақтау семантикасын танытады. Қызыл түс түркі мәдениетіне 
тән. Күрделі сөздің шарқат сыңары Батыс сөйленісін түгелге жуық қамтиды: 
«жүннен түбіттен тоқылған шәлі, үлкен орамал» (Жас келіншектер шарқат 
бүркеніп жүруші еді (Орал, Қазт.). Н.Оңдасынов «шарқат» сөзінің төркіні 
парсы тілі деп есептейді. Парсыда чарқәд – бас орамал, жаулық (Оңдасынов, 
ПҚТС, 102). Шарқат екі түбірден құралған сөз, оның қат сыңары – жақ, бүйір 
мағынасында ертеде ауысқан саналады (Малов, ПДП, 412), Осы мағынаны 
А.Боровков та көрсеткен (Боровков, ЛСТ, 203). Н. Ильминский шарқат – үлкен 
қызыл шәлі екенін айтады (Ильминский, 144). Түрікменше чаргат – үлкен 
орамал, азербайжан тілінде чарқад – әйелдер басына салатын қызыл жаулық 
(Будагов,1, 456). Осы деректер бойынша Ә. Нұрмағамбетов шарқат сөзін 
парсының чар – төрт, қәд – жақ бүйір түбірлерінен құралған деп 
тұжырымдайды: чар+қәд> чарқәд> чарқад> чарқат> шарқат (Нұрмағамбетов, 
1985, 133). Аймақтық этномәдени белгісі қызыл және шарқат сөздерінің
семантикасынан құралады.
Жегде /жейде – ерлердің көйлегі. Атадан қалған сауыт шығыршығы 
шірісе, жегдедей болмас панасы (Маң). Бұрын ақсақалдар жегде деп атайтын 
(Орын.Ад), жейде формасының қолданылу аясы кең. Ш.Сарыбаев, жейдені 
монғолдың цэгдок сөзімен сәйкестендіреді [33,156-б.]. Ал жауырынша жаңа 
түскен келіннің қайнысына тігіп беретін кестелі көйлегі, жейдесі (Түрікм). 
Келтірілген киім-кешек атаулары материалдық дерек қана емес, бұлардың 
қолданылуында ұлттық рухани мәдениет көріністеріне жеткізетін ақпарат 
сыйғызылған. Ақпараттар мәдениеттің сигнификаттық, коммуникативтік 
функциясының дәлелі, екіншіден ұлттық мәдениеттің аймақтық бөліктерінің 
өзіндік ерекшелігі, өзіндік бейнесі болатындығын пайымдатады. Олар жалпы 
ұлттық мәдениеттен оқшау құбылыс емес, қайта оны жергілікті мәнер, бояумен 


156 
толықтырушы қызмет атқарады [89,254-255-бб.] Бұл ежелгі мәдениеттің белгілі 
аймақ өкілдері санасында сақталған құндылық ізі болуы мүмкін. В.И.Абаевтың 
тұжырымына қарағанда «... Тайпалар мен халықтар із-түзсіз жоғалмайды 
белгілі аймақта бірін-бірі ауыстырады. Әр жаңа тайпа өзінің алдындағылардан 
азды-көпті «бірдеңе» алады, сақтайды. Осы «бірдеңе» өте аз да, қарапайым 
болар, ... бірақ аса маңызды, мәнді болуы мүмкін» [170,41-б.], - дейді.
Адай көйлек – жағасы үш бұрышты әрі иыққа дейін түсіп тұратын көйлек, 
ал әлім көйлек – жағасы үлкен, дөңгелектеніп тігілген, киген адамның иығын 
жауып, жауырынына дейін жететін көйлек «Әлімдер ақ бөзден тіккен әлім 
көйлекті киіп ап атқа қонғанда, оларға үстіндегі көйлегі керемет жарасатын» 
(Түрікм., Таш.). Мұндағы денотат – көйлек, тымақ; жалпыға ортақ ұғым, ал 
олардың пішім үлгісі ру өкілдерінің мінез-құлық табиғатын танытатындай әрі 
оны экспедиция материалы да байқатып тұр. Адай көйлек пен адай тымақтың 
сигнификаттық мағынасы – ықшамдылық, ал әлім көйлек пен әлім тымақта 
сәнділік семалары байқалады Адай шалбар да сол сияқты қойдың иленген 
қырықпа терісінен тігілген, сыртын, ақ пен сары бояумен бояған шалбар. Басты 
ерекшелігі – жылылығымен қатар, түсі боялғандығы [171,104-108-бб.]. 
Адамның тіршілік әлемін қоршайтын, оның өз қолымен жасалатын 
заттарының материалы (тас, ағаш, саз, тері,мақта т.б) қазақ этносы үшін де 
бірдей, киім-кешектің ежелгі, архаикалық түрлерінде тері, жүн басты орын 
алатыны шындық. Мұндай киімдер қатарына жақы, тайжақы жағылантыс, дақа 
/ дақы/ доқа – сырт киім; жек/жекей/жекей құндыз – бас киім; аяқ киімнен: 
жекей табан, байпақ, байтаба, жорап, ату, бестақа, шепшер тәрізділерді 
жатқызуға болады.
Мәдениеттанушылардың айтуынша, мәдениеттің әмбебап (нормативті, 
релаксациялық, креативті, қорғаушы, коммуникативтік) қатарына жататын 
таңбалық 
қызметі 
сигнификаттық 
функция 
аталады 
[147,13-16-бб.]. 
Мәдениеттің қатысымдық қызметпен тығыз байланысты сигнификаттық 
қызметі оның мән-мазмұны мен құндылық сипатын айқындаушы болып 
табылады. Этнос мәдениетінің ішкі сигнификаттық бірліктері кұрылымына 
жинақталған ақпарат белгілі жағдайда, белгілі тәсілмен түсініледі немесе 
«оқылады». 
Тіл мәдениеттің басқа да таңбалық құралдары тәрізді 
сигнификаттық қызметпен қатар коммуникативтік қызмет атқарады. 
Ю.В.Бромлейдің айтуынша, мәдениеттің бұл қызметінің этностар үшін маңызы 
өзгеше, олардың әрқайсысын өзіне тән ақпараттық байланыспен қамтамасыз 
етіп, ерекше этномәдени деректерді жеткізіп отырады. Мәдениет компоненттері 
қатарындағы тіл қызметін маңызын: «из всех компонентов культуры в широком 
смысле обычно наиболее отчетливо выраженными этническими функциями 
обладает язык…» [169,12-б.],-деп тұжырымдайды. Мәдениеттің сигнификаттық 
қызметі этнос өкілдерінің нақты әрекетінің қалыптасқан жүйесі болып 
табылады да, сол себепті ол халықтарды бір-бірінен ерекшелейтін 
этнодифференциалды қызмет атқарады. Оған мысалы, аталған жігіт тымақты 
алуға болады, ол басқа емес түркі халықтары үшін де қатардағы бас киім 
көрінуі мүмкін.


157 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет