Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 37.013(574) : 894.342 Қолжазба құқығында
МАДИЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., профессор Б.К.Момынбаев
Қызылорда, 2012жыл
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Б.К.Момынбаев
Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,
Г.Ә.Бахрамова
Қорғау өткізіледі:
Диссертация 20______жылы «______»_______________сағат_________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан игі шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен тарихын сақтай отырып, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50-елдің қатарына кіруге қадам басуы жолында дамып келе жатқанын атап көрсетті» [1] Осыған байланысты өз халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйену егемендікке қол жеткізген тәуелсіз елдің өміріндегі заңды құбылыс деп білеміз.
Қазіргі кезде қоғамдық өмірдің демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан отты тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудуң егемендігін нығайтудың азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі.
Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау-бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Сондықтанда мектептердегі оқу, тәлім-тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрынна жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын сұрыптай пайдалану - оқу орындарының басты міндеттерінің бірі.
Қазақ педагогикасындағы ірі тұлғалардың бірі Абай Құнанбаев, оның ізін жалғастырушы Мұхтар Әуезовте өзінің қара сөздері мен өлеңдері, эпостық шығармалары арқылы, жас ұрпаққа мол тәлім-тәрбие қалдырған. ХІХғасырдың аяғы мен ХХғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершіліктік, демократиялық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Екеуі де әдебиет тарихы, қазақ тарихы мен мәдениетіне көп көңіл бөлген.
Жалпы Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларын философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттанудағы маңызына байланысты Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ғ.Есім, Х.Досмұхаммедұлы, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұханов, Қ.Мұхамедханов, К.Оразалин, Т.Тәжібаев зерттеулерін т.б. еңбектерді айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» туралы ғылыми тұрғыда кеңінен қарастырып тоқталған М.Әуезов болды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Айтбаева, Н.Алдабек, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясовова, Ә.Қоңыратбаев, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен мақалаларынан көруге болады.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы сабақтастығы, педагогикалық көзқарастар, педагогикадағы этномәдени тәлім-тәрбие тұрғысынан қарастырып, олардың барлық мұраларын тұтас қамтуға тырыстық. Қазақ халқының мақтанышына айналған екі алып тұлғамыздың армандары олардың педагогикалық идеяларының біріктіретін ортақ күш: ағартушылық, өз елін, халқын сауаттандыру, қазақ балаларының көзі ашық, көкірегі ояу етіп, басқа елдермен тең ету еді. Абайдың қарасөздері қазақ философиясында негізгі түрткі болса, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы қазақ елін бүкіл әлемге әйгілі етті. «Абай жолы» роман эпопеясы Абайдың қазақ әдебиетін, педагогикалық идеяларын, ұлттық тәлім-тәрбиесі, шығармаларының үндестігі болашақ ұрпаққа берер, өнегесі мол екендігін дисертациямыздың басты мәселесі екендігін айқындаймыз.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларының сабақтастығын педагогикалық білім беру аймағында қолданылмауы, ұлы ғұламалардың мұраларының өзара байланысын, үндестігін жоғары мектептерде сабақтастық негізінде пайдалану барысында Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларын сабақтастыра оқу, тәлім-тәрбие үрдісінде қолдануға жаңаша жол ашылды.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармалары туралы, тұлғаны тәрбиелеудегі педагогикалық ойларының басты идеясы толық адам тәрбиелеу, адамгершілік-этикалық көзқарастары ақынның дидактикалық идеялары оқу, ғылым іздеу, өнерге ұмтылу секілді тұжырымдарын мүмкіндігімізше терең зерттеп, педагогикалық пәндерді оқытуда тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырамыз.
Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы ғылыми-педагогикалық, ұлттық тәлім-тәрбиелік пікірлерді жүйелеп, сабақтастыра отырып, оқу, тәлім-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орындарындағы оқу, тәлім-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы «қара сөздері мен өлеңдері», «Абай жолы», «Әдебиет тарихы» педагогикалық идеялардың сабақтастығын оқу, тәлім-тәрбие үрдісінде пайдалану.
Зерттеу міндеттері:
-
А.Құнанбаев, М.Әуезовтің шығармаларындағы оның ішінде «қара сөздері мен өлеңдері», «Абай жолы» роман эпопеясындағы рухани-адамгершілік құндылықтары мен қоғамдық әлеуметтік көзқарастарын айқындау;
-
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы философиялық, педагогикалық, педагогикалық, психологиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлерін талдап, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу;
-
А.Құнанбаев, М.Әуезов педагогикалық шығармаларындағы «қарасөздері мен өлеңдері», «Абай жолы», «әдебиет тарихы» т.б. идеяларындағы сабақтастығын жүйелі әрі мазмұнды етіп құру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ғұламаларымыз А. Құнанбаев, М.Әуезовтің шығармаларындағы ұлттық тәлім-тәрбиелік идеяларының сабақтастығы ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе, жоғары оқу орындарының оқу, тәлім-тәрбие үрдісіне енгізілсе, онда бұл үдеріс қазіргі тәлім-тәрбиелік жұмыстардың тиімділігіне септігін тигізеді, себебі дүниетанымы қалыптасқан, педагогикалық білімі терең және ой-өрісі кең жеке тұлғаны қалыптастыруға, болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында оқытуды тиімді ұйымдастыруға болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жүйелі енгізілгенде, мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің педагогиканың теориясындағы алатын орнын көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, отандық және шетел педагогтары мен әдіскер ғалымдарының зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, білім беру тұжырымдары мен бағдарламалары.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер, әдістемелік әдебиеттер тақырып бойынша теориялық талдап, А.Құнанбаев, М.Әуезов «қарасөздері мен өлеңдері», «Абай жолы» роман эпопеясы педагогикалық шығармаларындағы рухани-идеялар оқу тәлім-тәрбие процесіне енгізудің әдістемесі, тексеру жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, жіктеу, топтастыру, қорыту.
Зерттеу көздері:
Мемлекеттік ресми материалдары (заңдар, қаулылар, және т.б.) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар т.б.);
А.Құнанбаев, М.Әуезовтің педагогикалық шығармшылық мұралары мен ғылыми еңбектері;
Зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдени-тарихи, әдеби деректер, мерзімдік басылым ақпараттары.
Зерттеу кезеңдері :
Бірінші кезеңде (2010-2011жж) зертеу мәселесі бойынша ғылыми зерттеулер мен педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдебиеттерге талдау жасалып, тақырыптың зерттелу деңгейі қарастырылды. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикасы туралы ғылыми материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (2011-2012жж) Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық ой-пікірлерін жоғары оқу орнының оқу, тәлім-тәрбие процесінде жүзеге асырудың теориялық бағдарламасы жасалды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесін қорытындылау, дисертацияның әдеби даярлығы аяқталды.
Зерттеудің жаңалығы және теориялық мәнділігі:
Педагогика ғылымының әдіснамасына Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы сабақтастық проблемаларын шешудің теориялық негіздері айқындалды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларындағы және оның студенттерді тәрбиелеу мүмкіншіліктері анықталды.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің педагогикалық мұралары негізінде оқу сабақтарында жоғары мектептердің педагогикалық пәндерді оқыту процесіне енгізудің мазмұны мен әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Зерттеу жұмысының нәтижелерін Абай мен Мұхтардың ғылыми-әдеби мұрасын, студенттерді оқытуда пайдалану жолдары көрсетуге болады.
Ғұламалардың мұрасын жоғары оқу орындарында оқытушылар үшін арнайы курс бағдарламалары жасалып, оқу-тәрбие үрдісінде енгізілді.
Жоғары оқу орындарында педагогика және психология пәндерінде оқытуда педагог кадрларды даярлау, білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Дисертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректерден тұрады.
Негізгі бөлім
Тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан игі шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздікке ие болған 20-жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Қоғамның тарихи даму кезеңінде өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мұралардың өсіп өніп келе жатқан болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге ықпалын тигізетін мүмкіндіктерін зерттеп, тәлім-тәрбие ісінде пайдалану бүгінгі заман талабы. Осыған орай, қазақ халқының ғұламаларының тәлім-тәрбиелік мұраларын жан-жақты зерттеп зерделеп, игеруге үлкен жол ашылып, жаңа міндеттер қойылып отыр. Сондықтан да Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов мұраларындағы педагогикалық ойларды оқу-тәрбие процесіне әлі де болса ендірілмей келе жатқаны, сонымен бірге педагогика, психология оқулықтарынан тиісті орын ала алмай келе жатқанын зерттеу жұмыстарының барысында байқадық.
Ұлы ғұламалар да қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден еңбектерінен сусындай жүріп, шығармаларымен танысып, көзқарастарының идеяларын көп оқыған. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов ХХІ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби, өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократиялық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларын педагогика, философия, психология, әдебиеттану, тарих тұрғысынан зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Ғ.Есімов, З.Ахметов, С.Қалиев, т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін көрсетсе, Ш.Әлжанұлы және одан кейінгі кезеңдерде Қ.Жарықбаев, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төлетаева ақын мұраларындағы дидактикалық ой-пікірлердің бар екенін өз еңбектерінде атап көрсеткен. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы оқыту, ғылым мәселелерін бүгінгі дидактикамен байланыстырып, болашақ ұрпақтың рухани жан дүниесін байытып, көрсетті.
М.Әуезов еңбектерінде бір байқағанымыз оқыту, оқу мәселелеріне байланысты «өз бетімен», «өзінше бастап», «өзінше таныған» деген ұғымдарды жиі-жиі қолданғаны автордың сол кездің өзінде оқыту мен тәрбие беруде өз бетімен оқу, білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жету, білу қабілетін арттыру, жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру сияқты бүгінгі күннің дидактикадағы өзекті мәселелерінің бірі-жаңа технологияларды ендіру проблемаларымен сабақтасып жатыр десек артық болмас еді. Себебі қазірде педагогикалық технология мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Сол Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің да өз бетімен білім алуыда өзін ерекше тани алу қасиеті.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің қазақ балаларын сауаттандыруда қосқан еңбектері, қазақ жастарының білімді жан-жакты дамыған, көкірегі ояу көзі ашық етіп жасаған, қажырлық еңбегімен ұстаздық қызметінің маңызы өте зор болды.
Абай Құнанбаев шығармаларынан оның «іздеу» немесе «іздену» тұжырымы да дидактиканың аса қажетті машықтарының бірі десек артық айтқандық болмас. Ол «іздеу» ұғымына жалпы шынайы дүниені танып білуден, жан дүниесін, рухани әлемін толықтыру, дамыту және одан күнделікті өмірге қажетті іс-әрекетке дейінгі үрдістерді қарастырады. Бұған ақынның «біреуден біреу артылса» өлеңіндегі «Тіленіп, телміріп, ізденер... жүрер әрқайдан ізденер, білімді талапты адам әрқайдан өзі ізденіп табады» деген оқу үрдісіндегі аса маңызды іс-әрекеттің мәнін ашып көрсетеді. Абайдың бұл тұжырымы қазіргі оқушының білім игерудегі шығармашылық ізденісіне басты назар аудару әдісімен сабақтасып жатқанын байқадық. Бұл әдісті қолданудағы басты мақсат-оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мән-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік және дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру. Іздеу туралы «ғылымды іздеп... дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім... білсем деп жөнін, көп іздедім қаңғырып» дегенін білу үрдісінің ғылым, білімді меңгерудегі күрделі, бірақ тиімді желісі деуге болады.
М.О.Әуезов «Абайды тану жөніндегі зерттеулік мәселелер» деген еңбегінде ақынның мынадай іргелі ойларына мән беру керек екенін айқындаған болатын:
1. Абайдың ақын, ақындық міндеттер жөніндегі өзіндік ойлары.
2. Абайдың табиғат көрінісін суреттеуі мен ән-күйге арнаған ойлары.
3. Оқудағы жастарға, жалпы қауымға Абайдың тәрбиелік үлгісі.
4. Абайдың көңіл-күй сыршылдығының терең мазмұндылығы.
5. Абай әйел жайындағы шығармаларының өсу, үдеу жолдары.
М.Әуезов көрсеткен бұл бағыттарды жоғары мектептегі оқу процесінде пайдалану болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындауда үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.
Абай шығармаларын жоғары оқу орындары оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану педагогикасының туындап дамуына жол ашады. Ал, профессор І.Р.Халитова «Абай Құнанбаев мұрасын оқу процесіне ендіру мәселелері» атты әдістемелік құралында мынадай басты мәселелерді негізге алған:
1.Абай мұрасын оқу процесіне пайдалануда, ол арқылы біртұтас тұлға «толық адам» қалыптастырып естен шығармай, көзде тұту;
2. Ақын шығармаларының практикалық мүмкіншіліктерін іс жүзінде пайдалануға шарт түзудің жағдайларын ойластыру;
3. Оқушылардың өзін-өзі және басқаларды, қоршаған ортаны танып білудің жолдарын, ақын шығармаларына сүйене отырып үйрету.
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне ендірілмеуі, тек жекелей пәндерде ұлы ғұламалардың шығармалары арқылы яғни, қара сөз, әңгіме, өлең, роман, дастан аудармаларында жеткізген. Олардың оқыту мен тәрбие мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген. Сонымен қоса жастарға Отанын, елін, халқын құрметтеу, тарихын сыйлау, мәдениетін дәріптеу, адамгершілік, ар-намыс, ой-сезімі таза, шынайы қалыпта тәрбиелеуде ұлылар туралы жазылған жақсы шығармалар да күшті жәрдемшілердің бірі екенін әбден ұғынған.
Кесте 1 - А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды оқу – тәлім-тәрбие үрдісіне ендіру атты арнайы курстың жоспары
№
|
Тақырыптар
|
Мазмұны
|
лек
|
пр
|
1
|
Абай Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың маңызы
|
Абай Құнанбаев, М.Әуезовтың өмірі, сол кездегі саяси – әлеуметтік ахуалдың шығармасына ықпалы; ақынның педагогикалық ойларын оқу-тәрбие тұрғысынан зерттелуі
|
2
|
2
|
2
|
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы өлеңдері мен қарасөздері, эпостық жырларындағы адамгершілік, еңбек, діни тәлім-тәрбие мәселелері
|
Оқу – тәлім-тәрбие туралы ұғым. Ақын шығармаларындағы тәрбиелік ойлар: «Ақыл азбайды, білім тозбайды», «Тіршіліктің тұтқасы ақыл-білімде», «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей», «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», «Әкенің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың», «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
|
2
|
2
|
3
|
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ойлар
|
«Ақыл, қайрат, жүрек» идеясының мәні оқыған халықтың қамын жейтін болуы керек, ең барып тұрған арсыздық жұмыссыздық «Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық аздырар адам баласын», «Ғылым тілі», «Оқу ісі» атты шығармалары жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, білім ғылымға итермелеу, ақыл-ой тәрбиесі
|
2
|
2
|
4
|
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы оқу-тәрбиелік ойлардың педагогикалық сабақтастығы
|
А.Құнанбаев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойлардың сабақтасуы, Абай Құнанбаевтың «кітаптан ерінбей оқу арқылы, ғылым іздеу» деген пікірмен сай келеді
|
2
|
2
|
5
|
Абай, Мұхтар идеяларындағы стетикалық тәлім-тәрбие
|
Абай, Мұхтар шығармаларындағы «Көзімнің қарасы», «Абай опералары», «Айман-Шолпан» тәлім-тәрбиелік мәселелерді қарастыру
|
2
|
2
|
6
|
Абай, Мұхтар идеяларындағы отбасы мәселелері
|
Педагогикалық идеяларындағы «Адамның кейбір кездері», «Ата-анаға көз қуаныш», «Жетім», «Бәйбіше тоқал» т.б. шығармалардың байланысы
|
2
|
2
|
7
|
Абай, Мұхтар идеяларындағы экологиялық тәлім-тәрбие
|
«Желсіз түнде жарық ай», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бүркітші», «Көксерек» шығармаларындағы экологиялық ой-пірлердің қалыптасуы
|
2
|
2
|
8
|
Абай, Мұхтар педагогикалық идеяларындағы этнопедагогикаға байланысты ой-пікірлер
|
Халық педагогикасындағы идеялармен ұштасуы және ой-пірлердің қалыптасуы
|
2
|
2
|
|
Барлығы
|
|
16
|
16
|
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану барысында, жоғары оқу орындарында өткізілетін лекция сабағын ұсынамыз:
Пәні: Жалпы педагогика
Тақырыбы: А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің шығармаларындағы адамгершілік, еңбек, отбасы тәрбиесі мәселелері
Жоспары:
1. А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің адамгершілік тәрбиесі
2. Еңбек тәрбиесі
3. отбасы тәрбиесі
Пайдаланылған әдебиет:
1. К.Бержанов, С.Мусин «Педагогика тарихы» Алматы, Мектеп, 2003 ж
2. Ж.І.Асанов «Қазақстан педагогика ғылымы» Алматы, 2010 ж
3. «Педагогика» көрнекі дәрістер жинағы Алматы, 2009 ж
Арнайы курстың мақсаты - Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды отандық педагогиканың мазмұнына ендіру мүмкіндіктерін қарастыру; оқу үрдісіне ендіріп, тәжірибеде өткізу арқылы ондағы педагогиканың теориясына қатысты пікірлерін студенттердің меңгеруін тексеру. Осыған орай арнайы курстың міндеттері белгіленді:
Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлардың бар екендігін және оның педагогиканың теориясын оқытудағы маңызын көрсету;
Болашақ педагог мамандардың білімін оқу тәбиеге қатысты ұлттық ой-пікірлерімен толықтыру;
Абай Құнанбаев Мұхтар Әуезовтің шығармаларының тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеген ғалым-педагогтар К.Құнантаева, К.Шаймерденова, І.Халитова, А.Елемесовалар ақын мұраларын оқу-тәрбие процесіне енгізудің ғылыми теориялық негізі қаланбағанын көрсетеді. Сол себепті педагогикадан оқу құралдарында Абай шығармаларындағы тұнып тұрған тәлім-тәрбиелік идеялар өте жеткіліксіз орын алған тіпті, «Этнопедагогика», «Педагогика тарихы», «Қазақстан педагогика ғылымының дамуы» сияқты пәндерге өте жеткіліксіз қарастырылатынын зерттедік. Сондықтан біз «Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық ойларды, жүзеге асыру» бағдарламасын, «Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды оқу-тәрбие процесіне ендіру» атты арнаулы курс бағдарламасы, сынып сағаттарының сценарийлерін, студент практиканттардың оқушылармен өткізген әңгімелерінің тақырыптары, дөңгелек стол басындағы сұхбаттар, ата-аналар жиналысында оқылған лекция мәтіндері дайындалып өткізілді.
Болашақ мұғалімдердің Абайдың тәлім-тәрбиелік ойларын пайдалануға даярлықтарының деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мен әдепті, педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге төмендегідей сұрақтар қойдық:
1. Абай мен Мұхтардың қай шығармаларында ғылым, білім, оқу туралы ойлар бар және олардың ата?
2. Абай қара сөздеріндегі тәрбие туралы ойлары қандай?
3. Абай мен Мұхтардың адам мінезі туралы не деген?
4. Ұлы ақын, ғұламаларымыз махаббат, табиғат, білімнің пайдасы туралы ойларына байланысты тәрбиелік іс-шаралар өткізуге даярлығыңыз қандай?
5. Абай мен Мұхтар айтқан «Толық адам» қандай болу керек?
Сауалнама арнаулы курс оқылмай тұрғанда және оқытылғаннан кейін өткізілді.
Кесте 2 - Болашақ мұғалімнің арнайы курстар мен семинарлар, тәрбиелік іс-шаралар бойынша оқу-тәрбие жұмысына даярлықтарының көрсеткіштері
(Кестенің сұлбасы ғалым К.Бөлеевтің кітабынан алынды)
|
Педагогика және психология
|
Қазақ тілі және әдебиеті
|
Сұрақтар
|
Оқытылғанға дейін %
|
Оқытылған соң %
|
Оқытылғанға дейін %
|
Оқытылған соң %
|
1
|
12
|
83
|
18
|
92
|
2
|
5
|
79
|
12
|
95
|
3
|
7
|
68
|
16
|
81
|
4
|
3
|
80
|
12
|
88
|
5
|
6
|
71
|
11
|
86
|
Ескерту: сауалнамаға 42ден 47студент қатысты.
Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық ойларына байланысты рефераттардың тақырыптары:
1. Абай «иман» және «имандылық» туралы.
2. Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ойлар.
3. Еңбек тәрбиесі туралы.
4. Абай мен Мұхтар шығармаларындағы «Толық адам», «Толық мұсылман» ұғымдарына талдау.
5. Абай мен Мұхтар мұрасындағы имандылық идеялар құран және хадистердегі насихаттармен, ортағасырлық ғұламалардың ой-пікірлерімен үндестігі.
6. Абай және қыздар тәрбиесі.
7. Әділеттілік-Абай мен Мұхтардың құқықтық тәрбие идеялары негізі.
8. Абай мен Мұхтар-қазақтың ұлы ағартушысы.
9.Абай ақыл-ой тәрбиесі туралы ойларының бүгінгі ынталықтарымен сабақтастығы.
10. Абай тұлғасын қалыптасуына әсер еткен жағдайлар.
11.М.Әуезов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев,К.Шаймерденова, К.Құнантаева, І.Халитовалар еңбектеріндегі Абай педагогикалық ойларының зерттелуі.
12. Абай және Мұхтардың педагогикалық ойларының сабақтастығы.
Кесте 3 - Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер
№
|
Педагогикалық пәндердің аттары
|
Пән бойынша тақырыптар
|
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов еңбектерінің аттары
|
А.Құнанбаев пен М.Әуезовтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері
|
А.Құнанбаев пен М.Әуезов тағылымдарын оқу тәрбие үрдісінде пайдалану
|
1
|
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
|
- Педагогика
лық мамандық пайда болуы;
- Педагогика
лық іс-әрекетке кәсіби дайындық;
- Педагогика тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері
|
«Сегіз аяқ», «Жас өспірім», «Замандас», «Қапы қалма», «Әсемпаз болма әрнеге»;
«Әдебиет тарихы»,
«Абай жолы», «Жетім»
|
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға;
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез, Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тап та бар қалан.
Әрбір ғұламаның басқан ізінде бір-бір медрессе жатыр
|
Эссе жазу «Мамандығым мақтанышым», Абай өлеңдерін жатқа айтып, талдау жасау; тезистерді аяқтау:
Егер мен педагогика пәнінің оқытушысы болсам...
ХХІ ғасыр мұғалімі....;
«Қараш-қараш»оқиғасына талдау жасау,
|
2
|
Жалпы педагогика
|
«Тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар», «Тәрбие мақсаттары», «Эстетикалық, адамгершілік, имандылық, еңбек, отбасы, экологиялық тәрбиесі», «ғылым, білім, оқыту», «Ақыл-ой тәрбиесі, патриоттық тәрбие», «Тәрбие принциптері»; «Дидактиканың принциптері», «Отбасы тәрбиесі».
|
«Сегіз аяқ», «Ғылым таппай мақтанба», «1,17,18,10,27 қарасөздері», «Қалың елім, қазағым», «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы», «Жазғытұрым», «Қыс», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай»; «Ғылым», «Оқу ісі», «Абай жолы»
|
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей;
Ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз;
Талаптанда білімнен өнер үйрен;
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл;
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез;
Болмасаңда ұқсап бақ бір ғылымды көрсеңіз;
Дүниеде өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз;
Кімнің ұяты жоқ болса соның иманы жоқ.
|
17, 18, 1 – қарасөздеріне талдау жасау,
«ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз» пікірталас өткізу
|
3
|
Педагогика тарихы
|
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы педагогикалық ойлар; Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтың педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтасы
|
«10, 37, 25, 19- шы қарасөздері»; «Әдебиет тарихы», «Қилы заман»
|
Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың;
Құдайдан қорық, пендеден ұял; балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма;
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып адам болады.
|
«Адамның баласы - бауырың» (пікірталас),
«Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығы» (реферат)
|
4
|
Әлеуметтік педагогика
|
Адамдарды әлеуметтендіру;
Балаларды отбасында тәрбиелеудің негізгі шарттары;
Тұлғаны әлеуметтендірудегі мектептің ролі;
Баланы еңбекке баулу.
|
«Сегіз аяқ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»; «Қазақтың өзгеше мінездері», «Адамдық негізі - әйел»
|
«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «Адам баласын заман өсіреді», «Кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының кінәсі», «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «Пайдаң еліңе, халқыңа тисін».
|
«Елдің сиқын кімдер бұзады» (пікірталас) , «Дін адамгершілік құралы»; «Абай жолы»романына (шығарма)
|
Ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке бастайтын жол. Осы жұмыстардың бәрі мақсатты, жүйелі түрде бір-бірімен сабақтастыра отыра жүргізген тиімді болмақ. Мысалы, студенттерге төмендегідей тәрбие сағаттарының бағдарламасы жасалып, тәжірибе жасауға болады.
№
|
Тақырыптары
|
Жұмыстың түрі
|
1
2
3
4
5
|
«Атымды Адам қойған соң...»
«Бір ғылымнан басқаның...»
«Адамның баласы-бауырың...»
«Еңлік - Кебек»
«Айман - Шолпан»
«Абай жолы»
| -
Пікірлесу
-
Ұлт өкілдері мен кездесу, ашық әңгіме
-
Интерьвю
|
Тәрбие сағаттарының алдында студенттермен диагностика мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сауалнамадан олардың адам туралы түсінігінің жұтаңдығы танылды. Оның себебі де түсінікті. Балаға кішкентай күнінен ата-анасы оның Адам екенін, адам қандай болу керек екенін айтып отырса, жақсы адамдарды үлгі етсе, тәрбие көзін Адамды марапаттаудан бастаса, әңгіме, сөз басқаша болар еді. «Адам» деген ұғымды мектеп тәрбиесі ары қарай жалғастырса, Абай Құнанбаев тағлымын үлгі ете отырып, оларды нағыз адам болуға жетелесе, ұлы ақын армандаған толық адам дәрежесіне жетуді өмірлік мақсаты еткізсе, болашағы айқын, салауатты да сауатты ұрпақтарымыз қалыптасар еді. Білім мен тәлім-тәрбие берудегі негізгі ұстаным жеке тұлға қалыптастыру үрдісін жүзеге асырудың тиімді жолдары болар еді.
Сауалнама мына сұрақтар арқылы өткізілді.
Сұрақтары
|
Жауабы
| -
«Адам» деп кімді айтамыз?
-
Адамда қандай қасиеттер болуы керек?
-
Адам еместерге кімдерді жатқызар едің?
Халық кейбіреулерді «Адам емес» деп жатады?
| -
«Адам» деген тіршілік иесі, сөйлейді, ойлайды, еңбек етеді.
-
Жақсы мінез, еңбекқорлық, батырлық, білімділік, ақылдылық
-
Сатқындар, жалқаулар, тәртіптері нашарлар, маскүнемдер адам еместерге жатады.
|
Сауалнама талданып, студенттер бір-бірінің пікірлеріне назар аударды, ойларын ортаға салды. Олардың сауалнамаларын негізге ала отырып, енді «Адам» атты түрлі іс-шаралар жүргізуді ұсынамыз.
Кесте 4 - «Адам» тақырыбындағы тәлім-тәрбиелік іс-шаралар:
№
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Жұмыстың түрі, әдіс-тәсілдері
|
1.
|
«Адам» деген кім?
|
«Адам» деген ұлы сезімді түсіну, өзінің «адам» екенін сезіну, оған деген мақтан сезімдерін тудыру, «адам» болып өмір сүрудің не екенін үлгі ету.
|
Абай өлеңдерін оқу, сол бойынша жүйелі түрде әңгіме жүргізу, пікір алмасу.
Сауалнама жүргізу
«Адам» ұғымына байланысты өз түсініктерінің негізінде модель толтыру.
|
2.
|
Абай және толық Адам
|
Абайдың үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген тағлымы бойынша студенттердің толық адам туралы түсініктерін кеңейту. Толық Адам туралы өз пікірлерін қалыптастыруға еңбектену.
|
Абайдың толық Адам туралы тұжырымын, тағлымын жазып қою. Толық Адам:
1Жылы жүрек
2Нұрлы ақыл
3Ыстық қайрат
4Бірдей ұстау
Абайдың толық адам туралы айтқандары бойынша пікірлесу. Сұрақтар:
А) Ақыл дегенді қалай түсінесің, нұрлы ақыл деген не?
Б)Қайрат деген не, ыстық қайрат деген не?
С)Жүрек туралы не айтар едің?
Д) неліктен Абай Құнанбаев осы үшеуін бірдей ұста деді?
|
3.
|
«Адам баласына адам баласының бәрі дос» (Достық, жолдастық туралы)
|
Абай тағлымы негізінде достық, жолдастық туралы ұғымдарын тереңдету. Сатқындық, опасыздықтан жиіркенуге тәрбиелеу.
|
Абай өлеңдері негізінде достық туралы дискуссия жүргізу.
Абай «адамның қарызды ісінің алды дос көбейткен» дейді. Қалай ойлайсыңдар, ұлы ақын достыққа неге ерекше мән берген?
Өз досыңның қандай қасиеттерін мақтан етер едің?
Өзің өз досыңмен ғана емес, адам баласымен дос бола алар ма едің?
(ұлы адамдардың достығы туралы мәліметтер жинау, қызықты әңгімелер тыңдау)
|
4.
|
Адамдықтың басты қасиеті – өнер, білім, ғылымға ұмтылу.
|
«Бір ғылымнан басқаның кеселі көп асқанға» деген Абай тағлымы бойынша толық Адамның басты қасиеттерінің бірі-өнерге, білімге ғылымға ұмтылу екенін басты ұстаным етіп оқушылардың оған жағымды көзқарасына әсер ету, дарыны, қабілеті, ынтасының дамуына түрткі жасау.
|
Абайдың ағартушылық идеясы, өнер-білім туралы ілімдері бойынша пікірталас жүргізу.
Ғалымдар мен өнер қайраткерлерімен кездесу өткізу.
|
5.
|
«Адамшылықтың алды – махаббат, әділет, сезім» (Еңлік-Кебек)
|
Толық Адамның басты қасиеті адамгершілік, ал адамгершіліктің алды махаббат, сезім деген Абай тағлымы негізінде адамгершілікке баулу, махаббат, әділет туралы түсініктерін кеңейту мақсатында еңбектену.
|
Адамгершілік, махаббат, әділет туралы Абай және басқа да даналар пікірі бойынша шығармашылық байқау өткізу;
Дискуссия жүргізу;
Сахналық қойылым қою.
|
6.
|
«Адамзаттың бәрін сүй – бауырым деп»(адамдарға деген сүйіспеншілік)
|
Адамды сүю арқылы адамзатты сүю туралы ұлы дана өсиеті негізінде студенттерді имандылыққа, ізгілікке адамгершілікке, гуманизмге тәрбиелеу.
|
Абайдың осы тақырыптағы өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқу байқауын өткізу;
Өз шығармашылық жұмыстарына байқау жүргізу;
«Адамзатты сүю Отанды сүюден басталады» тақырыбында шығарма жазу
|
7.
|
Қорытынды тәрбие жұмысы. «Абай толық Адам және Мен»
|
Жүйелі түрде жүргізілген Абай тағлымы негізіндегі тәлім-тәрбие жұмыстарын қорытындылау. Студенттердің «Мен» ұғымын Абай үлгісінде қалыптастыру нәтижелерін байқау.
|
«Абайдың толық Адам және Мен» тақырыбында сызба толтыру.
«Мен – Адаммын» тақырыбында шығарма жазу
|
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясын алсақ бала Абайдың бейкүнә өмірі Қодар мен Қамқаның өлтірілуі бала жүрегіне қалай әсер етті десеңші. Ал «Жетім» атты туындыда өгей шешенің өгейлік жасауы, баланың аш-жалаңаш қара жұмыс жасауы ақыр аяғында анасының қабірінің басында қайтыс болуы. Осындай қатыгез өмірдің ащы дәмін тәтті балдай өмірге айналдыру әрбір адамның өз қолында. Абай Құнанбаевтың
«Адамды сүй, алланың хихметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!» - деп ақын атамыз адамдардың Адамдық қадір қасиетін бір-біріне деген сүйіспеншілік рухани адамгершіліктен, адалдық, сенімнен туындайтынын көрсетеді.
Кесте-4.Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов ой-пікірлерінегі тілім-тәрбие.
Кітап білім бұлағы
|
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
|
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интелигент бола бастадым деп санауына болады.
|
Дүниеде өзі, мал да өзі
| -
Білгені, көргені көп адам білімді болады.
-
Білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек.
-
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
-
Бір ғылымнан басқаның, бәрі де кесел асқанға.
| -
Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім.
-
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
-
Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі ғылым.
-
Білім бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
|
Өнер, мәдениет пен әдебиет
| -
Мал жұтайды, өнер жұтамайды.
-
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге.
| -
Өнерпаз болсаң, өр бол.
-
Ешбір өнерді құрғақ тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды.
|
Ұстаздық еткен жалықпас
| -
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады.
-
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.
| -
Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?
-
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
|
Мақтаншақтық пен тәкаппарлық
|
Өзі өзгеше боламын демектің түбі – мақтан. әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілдікті бітіреді, күншілдік күншілдікті қозғайды.
|
Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.
|
Мақсаткерлік пен жігерлік
|
Әрбір ақиқатқа тырысып, ыждаһатың мен көрзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма. Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің.
|
Тартыс пен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
|
Әділдік, ар-ұят
| -
Кімнің қяты жоқ болса, оның иманы жоқ.
-
Кімде кімнің әділеті жоқ болса, оның ұятыда жоқ
-
Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы.
| -
Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
-
Әділет тілесе, атаңның басып айыбын айт.
-
Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет.
|
Еңбек – бәрін де жеңбек
| -
Еңбексіз мал дәметкен қайыршылық.
-
...еңбек қылмас еріншек адам болмас.
-
Еңбек қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.
| -
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
-
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
-
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт керек: ең әуелі ниет, одан соң күш, одан соң тәртіп керек.
|
Сөз өнері, тіл мәдениеті
| -
Шын сөз қайсы біле алмай әр нәрседен құр қалма.
| -
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллиген емес.
|
Махаббат, семья, бала
| -
Махаббат - әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
-
Баланың жақсы – қызық, жаманы күйік.
-
Адамшылықтың алды- махаббат, ғаделет сезім.
| -
Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді.
-
Сүйген шақта біздің ақылсызданып, ақымақ болып кететініміз де болады.
-
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
|
Қорытынды
Қазір заман өзгеріп, еліміз егеменді болып жатқан кезде Абай мен Мұхтар сынды ғұламалардың құнды педагогикалық идеялары келешек ұрпақты өткені мен алдағысын саралай білетін ұлттық ар-намысын сақтай, қадірлей алатындай етіп тәрбиелеу алға қойылған басты міндет болып табылады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер бізге төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар берді:
- Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов оқу, оқыту, білім, ғылым, тәлім-тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, болашақ жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беруде имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану керек;
- Зерттеу нәтижесінде Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін болашақ оқытушыларды оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысына дайындаудың жолдары көрсетілді;
- Мұхтар Әуезовтің ғұлама, ағартушы Абай Құнанбаевтың мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін зерттеп өзінің бүкіл өмірін қазақ елінің бірлігіне, әділдік орнатуға, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге жұмсады;
- Ақынның діни көзқарастарының тек өз заманы үшін ғана емес бүгінде үлкен тәрбиелік мәні зор. Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ Абай діні – ол адамгершілік діні;
- Абайша ақыл, білім, ғылым, ар, мінез кімде басым-сол адам артық және бағалы;
- Қазіргі қоғам жағдайында өзінің ата-тарихын, мәдениетін терең білетін жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда тарихи білім мен тәрбие беру қажеттілігі айқындалады;
- Абай Құнанбаевтың өлеңдерң мен қарасөздерінде және Мұхтар Әуезовтің шығармаларында («Абай жолы», «Әдебиет тарихы» т.б.) туындыларындағы дидактикалық ойлар мен тәрбиелік тұжырымдары талданып, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың жолдары көрсетілді;
- Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін «Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды оқу-тәрбие процесіне ендіру» атты арнайы курс бағдарламасы жасалды, ондағы тапсырмалар жүйесі студенттердің педагогикадан, психологиядан және педагогика тарихынан алған теориялық білімдерін тәжірибемен үйлесімді ұштастырады;
- «Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов шығаармаларындағы педагогикалық ойларды жүзеге асыру бағдарламасы» оқу процесінде (проблемалық оқыту, іскерлік, рөлдік ойындар т.б.) аудиториядан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларда педагогикалық тәжірибе жинақтауда, кездесулерде, дөңгелек стол, интерактивті жұмыс формасы мен әдістерін пайдалану, курстық жұмыстар, рефераттар студенттерге А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің педагогикалық еңбектерінен білім мен тәрбие берудегі кәсіби даярлығын қалыптастыруға және ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға ықпал етеді;
- Зерттеу жұмысымызда Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов еңбектерінде айқындалған тарихи-педагогикалық ой-пікірлерін бүгінгі педагогика тарихында саралап, жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби даярлығында пайдалану мүмкіндігі бар екендігі бар екендігіне көзіміз жетті;
- Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларының сабақтастығы бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие процесінің қажеттілігі деп санаймыз;
- Келешекте Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеяларындағы рухани адамгершілік, эстетикалық, отбасы тәрбиесінің проблемалары өз алдына зерттеуді талап етеді, бұлар жайында жұмыстар жазылып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі мәні мен маңызы зор болар деген үміттенемі
Резюме
МАДИЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ
Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
6М010300 - Педагогика және психология
Актуальность исследования: Изменение социально – экономической и духовно – культурной жизни общества требует совершенствования содержания образования и воспитания, поиска эффективных средств формирования личности подрастающего поколения, что не возможно без творческого освоения наследие прошлого. Абай Кунанбаев, Мухтар Ауезов внесли весомый в клад в развитие, в духовный культуры, народа и педагогической науки. Анализ и синтез идей, высказываний Абай Кунанбаева и Мухтарах Ауезова показали их истори по – педагогическую, воститательную значимость для будущего поколения-мноние аспекты их произведены посьящены вопросам воспитания подрастающего поколения. Многие мысли, взгляды и идеи А.Кунанбаева и М.Ауезова совпадают в понимании цели обучения воспитания.
В произведениях Абай Кунанбаева и Мухтар Ауезова мы находим идеи, сохранившие актуальность и по сей день, определение их роли для современной педагогической науки совершенно необходимы, этим обусловлены выбор темы и ее актуальность.
Цель исследования: выявление и систематизация педагогических идей А.Кунанбаева и М.Ауезова и их созвучность и на этой основе разроботать научно – методические рекомендации.
Предмет исследование: идеи в произведениях А.Кунанбаева, М.Ауезова.
Определена созвучность идей Абая Кунанбаева и Мухтара Ауезова
- выявлены возможности использования педагогических идей А.Кунанбаева и М.Ауезова в воспитании студентов
- составлена методика использования педагогических дисциплины в вузе
Практическая значимость исследования:
Разработаны рекоминдации по использованию педагогических идей А.Кунанбаева, М.Ауезова по предметам: «истории педагогики», «общей педагогикии», «Введение в спициальность» и др;
Результаты исследования можно использовать в процессе преподования курсов повышения квалификации учительских кадров.
Resume
Madieva Zhansaya Koishybaikyzy
Pedagogical ideas of unity in Abai Kunanbaeiv, Mukhtar Auezov’s composition.
6M010300 – Pedagogi and Phsyhology
The actual of research – when we get an Independence in order to behave and to educate upbringing of all young people,there were many fundamental concepts, upbringing branches to the notions in science and in culture. In Kazakh pedagogy, one of the famous and outstanding poet Abai Kunanbaev and his follouver Mukhtar Auezov includes and signs their process in behaving and upbringing to the young people by their poems and proses. From the beginning of 20th centure and of 19th century by living they participate and take part in Kazakh Social, public and spiritual literary culture and also they distinguished all points of pedagogical ideas. Both poets are paid affention fof Kazakh history and Kazakh culture.
The aim of research: To use and to inculcate all the systems of science – pedagogical ideas and national upbringing opinions including Abai Kunanbaev and Mukhtar Auezov’s pedagogical ideas.
The subject of research: to use and to inculcate all poems and proses, the novel “Abai zholy”, “the history of liteavary” pedagogical ideas in Abai Kunanbaev and Mukhtar Auezov’s composition.
The novelty and the meaning of research: to be found all the aspects Abai Kunanbaev and Mukhtar Auezov’s pedagogical ideas by deciding the problems in pedagogy science:
-
To be determined all upbringing up tolerance in stydents by Abai Kunanbaiev, Mukhtar Auezov pedagogical ideas in composition.
-
To be prepared the methods of pedagogy teaching in higler schools on the basis of A.Kunanbaev, M. Auezov’s pedagogical ideas and gollows.
The practical aspects of research: We’ll show all decifions of research, abai Kunanbaiev’s, Mukhtar Auezov’s science literary interifance and the ways of methods in teaching for the students.
-
To be made the course of programs of the famous and outstanding poets interent properfies and to be included the process of teaching.
-
We’ll use all the poets pedagogical ideas at the univerties, in studing pedagogy and phsyholody in order to prepare good science, professionalists and teachers.
Достарыңызбен бөлісу: |