Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет1/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
stud.kz-72859


15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған.
1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні.
Жоспары:
1. Мақсаты мен міндеттері.
2. Пән мұғалімін дайындаудағы рөлі.
3. Курстың мазмұны.
4. Басқа пәндермен өзара байланысы.
5. Студенттердің болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар
Лекция мақсаты: Курстың пәні, оның мақсаты мен міндеттерін, дайындық жүйесіндегі пәннің алатын орынын студенттерге ұғындыру
Лекция мәтіні: «Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» курсының ЖОО-ның педагогикалық мамандықтарының қолданыстағы типтік оқу жоспарына сәйкес 5В012000 - Кәсіпке оқыту (бакалавр) шифры бойынша ҚР МЖМБС –да көрсетілген мамандар дайындау үшін түзілген типтік оқу бағдарламасына сәйкес түзілген. Пән бағдарламасы оқытушыларды дайындау ерекшеліктері педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру; оны жетілдіру жолдарын іздестіру; оның вариативтілігін арттыру; мектептер мен білім беру мекемелерін жоғары білікті педагог кадр мамандарымен қамтамасыз етумен ерекшеленеді.
Курсты оқыту мақсаты - студенттерді болашақ педагогикалық қызметке дайындаудың негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен кәсіптік оқыту мен еңбек технологиясының бағдарламаларының әртүрлі параметрлерімен жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп оқушыларын Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
- Кәсіпке оқыту мазмұнының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға дайындау;
- Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;
- Педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;
- Мектептерде педагогикалық практиканы өтуге, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға даярлау.
Пән мазмұны болашақ мұғалімге екі талап қояды: нені білуі тиіс және нені орындауы тиіс. Осыған байланысты білімдер мен іскерліктер тізбесі жалпы түрде төмендегідей белгіленеді.
«Жалпытехникалық мен еңбек технологиясын оқыту әдістемесі» курсын оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:
- жоғары сынып оқушыларын кәсіпке алғашқы баулу (салалар бойынша) бағдарламасының мазмұны (Х-Х) сыныптар;
- кәсіпке алғашқы баулу сабақтарының құрылымы мен қағидаларын оқытудың мақсаты, міндеттері және кезеңдерін есепке ала отырып түзу;
- оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің мазмұны, идеясы, құрылым қағидалары;
- оқу шеберханаларын ұйымдастыру мен жабдықтауға қойылатын
талаптар.
Курсты меңгеру нәтижесінде студенттердің игеретін іскерліктері:
- қоғамның қазіргі даму кезеңіне сай кәсіпке оқыту міндеттерін бағдарлай білу;
- бағдарлама мазмұнындағы материалдарға байланысты оқытудың аса
тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын іріктеу;
- арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттермен пайдалану;
- күнтізбелік-тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу
және оларды әдістемелік жабдықтау;
- жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша сыныптан тыс
және мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу;
- оқу барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылармен еңбекке тәрбиелеу мен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу.
«Жалпытехникалық пәндер мен еңбек технологиясын оқыту әдістемесі» курсын оқу лекция тыңдайды, лабораториялық және практикалық жұмыстарды орындауын, студенттердің курстық жұмыстар жасап, педагогикалық практикадан өтуін қамтиды.
Пәннің негізгі мақсаты болашақ еңбекке және кәсіпке оқыту мұғалімдерін әдістеме бойынша ептіліктермен қаруландыру болғандықтан, пән бойынша теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер техника негіздерін оқытатын пәндермен оның ішінде: материалдарды өңдеу практикумы, конструкциялық материалдар технологиясы, сызба геометриясы, сызу, машиналар мен механизмдер теориясы, материалдар кедергісі пәндері бойынша алған білімдерге тіректенеді.
Оқу пәні төменгі 1, 2 курстарға өтілген «Психология», «Педагогика» пәндерімен оқу материалдары тұрғысынан өзара байланысты.
Пәннің негізгі мазмұны халық шаруашылығының көптеген салаларын оқыту «Технология» пәнінің мазмұнын оқытуға бағдарланады, атап айтсақ, олар:
- ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы;
- машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы;
- электротехникалық жұмыстар технологиясы;
- сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем қолөнер технологиясы. Тігін бұйымдарының сән үлгілері;
- тамақ әзірлеу технологиясы;
- үй мәдениеті. Тұрмыстық техника;
- ақпараттық технология негіздері;
- жоба.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет