Қазақстан республикасы ғылым жәНЕ



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата20.05.2023
өлшемі258.72 Kb.
#474030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 ТК Боранбаев Ж.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Профессор Ж.С.Ақылбаев атындағы Инженерлік жылу физикасы 
кафедрасы 
Физика-техникалық факультеті 
СОӨЖ 
Тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі. 
Орындаған: Боранбаев Ж.А 
Тексерген: Дагарова Ж.У 
Қарағанды 2022 
 
 


 
Абай философиясындағы адам мәселесі 
 
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне 
заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін 
таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның 
дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына 
тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-
адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао 
Цзы: «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – 
данышпан»,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына 
адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы 
данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты 
қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, 
философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай 
қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы 
қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия 
мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан 
алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани 
әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, 
халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. 
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын 
құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі 
адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер 
мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар 
ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары 
денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. 
Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: 
«ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды 
жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және 
бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың 
адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала 
беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, 
болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға 
адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі 
уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті 
қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай 
жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, 
білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен 
философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен 


парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, 
дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы 
данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы 
сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, 
адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен «менікінің» 
айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес[1]. Өйткені, 
қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып 
табылады. Бұл жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты 
Абайдың өзінен табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп 
негіз. “Менікі” деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының 
жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында 
атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор 
қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші 
еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық 
қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» .
Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік 
ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды 
үйреткенде, бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін 
үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық 
адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік 
нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған 
адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: «адам болам 
десеңіз, оған қайғы жесеңіз…Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, 
Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, 
Терең ой, Қанағат, Рақым)». 
Бұл өлеңде Абай «адам болу» қағидасын үсынады. Бекер даурығып, 
өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер – білімнің арқасында өзіңнің 
орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы 
адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл 
дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай 
болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар 
алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажет 
етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: «Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан 
қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген 
адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, 
сөгіс қылған қысымның аты»,- дейді . 
Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі 
ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ 
жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – 
иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. 


Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында 
ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да 
ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді 
нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді [4].
Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта 
философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып 
өте алмайтыны ежелден мәлім. Абайдың да дүниетанымындағы негізгі 
тұжырым, басты құндылық – адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, 
таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес 
бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс 
тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-
құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан 
мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-
мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, 
жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық 
құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. 
Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, 
сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге 
ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл 
бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тәнінің дамуы мен өркендеуі, өсу 
негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. 
Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, 
адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Сонымен біз өскелең 
ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет 
бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді 
жұмылдыруды талап етеді. Абай жолы, Абай мұрасы – ізденіс пен ойланудың, 
кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Өйткені, хакім ғұламаның басты 
мақсаты – адам болу үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, 
жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан Абайдың «Адам бол!» 
деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет