Маған «Борат» фильмі ұнамайды және Саша Коэнді күлдіргі актер деп ойламаймын Қазақстандағы АҚш елшісі



Дата13.07.2016
өлшемі17.7 Kb.
#196707
http://www.inform.kz/kaz/article/2460861

03 Мамыр 2012, 19:34



Маған «Борат» фильмі ұнамайды және Саша Коэнді күлдіргі актер деп ойламаймын - Қазақстандағы АҚШ Елшісі
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстандағы АҚШ Елшісі Кеннет Фэйрфакс Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды.

Елші сапарының мақсаты - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары арасында ықпалдастықты орнату, университеттің студенттеріне және профессорлық-оқытушылар құрамына дәріс оқу.

Дәріс барысында Елші АҚШ туралы және АҚШ президентін сайлау тарихы туралы айтып берді. Өз кезегінде ректор Ақылбек Күрішбаев Америка президентінің алдағы сайлауында ең мықты кандидаттың жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

К.Фэйрфаск «Болашақ» халықаралық бағдарламасын ерекше атап өтті және студенттерге осы бағдарлама бойынша АҚШ-тың жоғары оқу орындарына түсуге кеңес берді.

Елші студенттерді қызықтырған сауалдарға да жауап берді. Мәселен, жастардың бірі «Борат» фильміне қатысты дипломаттың жеке пікірін сұрады.

Оған К.Фэйрфакс: «Маған «Борат» фильмі ұнамайды және мен Саша Коэнді күлдіргі актер деп ойламаймын. Маған бұл фильм Қазақстанға келмей тұрып-ақ ұнамады. Себебі ол маған жағымсыз болып көрінді. Маған фильм ұнамаса да, Қазақстанның жоғары ресми тұлғалары - Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов пен Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың оған қатысты білдірген пікірлері қатты әсер етті. Адамдар өз атына айтылған қалжыңды дұрыс қабылдай білуі керек және әрбір қалжыңға көңілдері түспеуі тиіс. Біздің сайлауалды іс-шараларға, кандидаттарымызға қарайтын болсаңыздар, егер олардың атына біреу қалжың айтатын болса, олар міндетті түрде оған күлетін болады. Егер американдықтар сіздердің орындарыңызда болса, олар: «О, міне кино, күлкілі. Бірақ бұл Қазақстан емес! Сіз Қазақстанды көргіңіз келеді ме, онда бізге келіңіздер, көрсетеміз», деуші еді. Және мұндай көзқарас пен ұстаным бұл елге туристерді көптеп тартуға мүмкіндік берер еді», - деді Елші.



«Мен Қазақстанға алғаш келдім, бірақ осы 20 жыл бойы оны сырттай танып жүрдім. КСРО ыдырағаннан кейін мен Мәскеуде жұмыс істедім. Менде таңдау болғанда, Қазақстанға 90-ыншы жылдардың басында келуші едім. Бірақ ол кезде президент Клинтон менің Ресейде жұмыс істеуімді қалады. Президент сұрап тұрғанда сен бас тарта алмайсың. Бірақ қазір мен Қазақстандамын және бұл ел туралы оң пікірім барған сайын арта түсуде. Осында тұрып жатқанымда елдің даму процесін, оның адамдары мен өңірлері туралы,  олардың өзара әрекет етулері туралы көптеп біліп келемін. Бүгін де сіздермен кездескеннен кейін, сіздердің сұрақтарыңыздан кейін көп дүниені білдім», - деп түйіндеді ол.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет