Жапек батыр ауылы, №4 орта мектептің 2022-2023 оқу жылында
атқарылған психологиялық жұмыстардың
ЕСЕБІ
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
І. 2022 – 2023 оқу жылында сенім поштасының жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Мектептегі «Сенім поштасының» мақсаты оқушыларға психологиялық қызмет көрсету, жеке келіп айта алмайтын мәселелерін шешу үшін психологиялық бағыт-бағдар, кеңестер беру.
«Сенім поштасына» мектепте білім алып жүрген жасөспірімдерден келіп түскен хаттарын тіркеп, психологиялық көмек беру, хаттарына жауап беру. Жалпы мектеп бойынша І жартыжылдықта – 3 хат келіп түсті. Хаттарға жауап берілді. Негізгі хаттардың мазмұны оқушылардың достарымен қарым-қатынасы жайында. Хаттардан аса күрделі психологиялық мәселе кездеспеді. Күн сайын «Сенім поштасы» ашылып тұрады. Келген түскен хаттарға жауап берілді.
ІІ. Мектепте білім алып жүрген жасөспірімдер арасынан суицидтік көңіл-күйді тікелей немесе жанама түрде насихаттайтын ақпараттардың, суицидтік әрекетіне ықпал ететін, балалар мен жасөспірімдерді қатігездікке, зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке итермелейтін, террористік істерді насихаттайтын, жасөспірімдерге тыйым салынған ересектер сайттарға кіретін және субмәдениетті топтағы оқушылар туралы мәліметтін ұсынады.
2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптар оқушыларымен оқу жылында жасөспірімдер арасындағы суицидтік оқиғалардың алдын алу бағыты бойынша қыркүйек, қазан, қараша айларында «НВС», «Тұлғааралық ерекшелігін зерттеу» Айзенк әдістемесі, сауалнамалар алынды.Жоспар бойында әр ай сайын тест,тренинг-жаттығулар жүргіліп отырды.Желтоқсан, қаңтар ,ақпан айларында «Өмір мәні»,мазасыздық деңгейі, депрессия деңгейін анықтау мақсатында тесттер, тренингтер жүргізілді.Наурыз, сәуір, мамыр айларында «Бақыт сыры», «Менің мінезім қандай?», «Менің ең жақсы қасиеттерім» атты жаттығу-тренингтер жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша жұмыстар жалғасуда.
2022 – 2023 оқу жылында субмәдениет, қауіпті сайттарға кірудің алдын алу жұмыстарының жоспары жасалынып, бекітілді. Субмәдениеттік топтарға кірудің алдын алу бойынша 5 – 11 сынып оқушыларына түсіндірме, ағарту жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек, қазан айларында алдын алу бойынша оқушыларға бейнероликтер жіберілді. Қараша айында «Субмәдениет қоғамның әлсіз тұсы ретінде», «Интернеттің адам ағзасына зияны» тақырыбында баяндама оқылды. Желтоқсан айында оқушыларға «Әлеуметтік желілер» тақырыбында бейнеролик жіберілді. Сонымен қатар оқушылардың әлеуметтік желідегі профильдері, әлеуметтік желлідегі суицидтік көңіл-күйді тікелей немесе жанама түрде насихаттайтын ақпараттардың, суицидтік әрекетіне ықпал ететін, балалар мен жасөспірімдерді қатігездікке, зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке итермелейтін, террористік істерді насихаттайтын, жасөспірімдерге тыйым салынған ересектер сайттарға кіретін және субмәдениетті топтарға шақырушы топтар мен сайттар тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша оқушылар анықталмады.
III. Оқу жылының қыркүйек айында 5 –11 сынып оқушылар арасында «Агрессия деңгейін анықтау» мақсатында тестілеу жүргізілді.Тестілеуге 814 оқушы қатысты. Тестілеу нәтижесінде оқушылардың агрессия деңгейін төмен деңгейді көрсетті. Жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар жоқ.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде оқушылармен жеке кеңес беру жүргізілді.
5 –11 сынып оқушылар арасында «Мазасыздану депрессиясын анықтау» мақсатында тестілеу жүргізілді.Тестілеуге 834 оқушы қатысты.
Тестілеу нәтижесінде мазасыздану, депрессия деңгейі: 394 оқушы- төмен, 440 оқушы- орта деңгейді көрсетті. Жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар жоқ.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде оқушылармен жеке кеңес беру жүргізілді.
«Орындарыңмен ауысыңдар» атты 7-11 сынып оқушылар арасында тренинг-жаттығуы жүргізілді.Тренинг-жаттығу барысында оқушылардың ашуланшақтық туралы ойлары айтылып,іс-әрекетпен көрестілді
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде оқушылармен жеке кеңес беру жүргізілді.
«Сәттілік баспалдағы » атты 10-11 сынып оқушылар арасында тренинг-жаттығуы жүргізілді. 5 –11 сынып оқушылар арасында «Агрессия деңгейін анықтау» мақсатында тестілеу жүргізілді.Тестілеуге 814 оқушы қатысты.
Тестілеу нәтижесінде оқушылардың агрессия деңгейі: төмен деңгейді көрсетті. Жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар жоқ.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде оқушылармен жеке кеңес беру жүргізілді.
«Ресурс» бағдарламасы бойынша 3 оқушы қызыл категориядан ,22 оқушы сары категориядан көрсетілді. Жүргізілген психологиялық зерттеу қорытындысы бойынша ол оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, кеңестер берілді. Мектепшілік есепке алынған 4 оқушымен және тәуекел тобындағы 2 оқушымен жеке жұмыс жоспары құрылып жұмыстар жүргізілді.Әр оқушының эмоционалдық қысымы бейтараптандырылды. «Мен- бұл мен!», «Жақын адамға сыйлық жасайық», «Жағымысыз қасиеттер» тренинг-жаттығулары жүргізілді.
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілді. «Отбасы тәрбиесі стратегиясы» әдістемесі арқылы осы оқушылардың ата-аналарының бала тәрбиесіндегі өз стратегиясы анықталды. Әр оқушыға, олардың ата-аналарына жеке психологиялық кеңестер берілді.
IV. Мектебімізде жетім оқушы саны 13 оқушы. Осы оқушылармен қыркүйек, айында Дж Морено социометриясы, «Темперамент» әдістемесі, «Өмірде жоқ жануар», «Филлипс әдістемесі », «Өзін-өзі бағалау»,агрессия деңгейін анықтау тестері алынды. Әр оқушыдан алынған тест бойынша қорытынды шығарылып, оқушылармен жеке-жеке жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы деңгейін, оқушының өзіне деген сенімін,ортасына деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қаңтар айында «Менің алмам» тренинг жаттығуы жүргізілді. Ақпан айында «Менің отбасым» суреттік тест алынды. Наурыз айында стресс тесті алынды. Сәуір-мамыр айында Мандала терапия, теңізге саяхат атты тренинг-жаттығулар жүргілді.Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
9-10 сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беру бойынша қыркүйек, қазан,қараша айларында темперамент, социометрия,қызығкшылық картасы, бойынша тесттер жүргізілді.Желтоқсан, қаңтар,ақпан айларында өзін-өзі бағалау,тұлғааралық типін анықтау Голанд , мазасыздану, агрессия деңгейін анықтау, наурыз, сәуір, мамыр айларында «Мамандық таңдау -маңызды іс» «Мен таңдаған мамандық»,
«Менің-әлемін» атты тесттер жаттығулар жүргізілді. Мамандық таңдауда оқушыларға дұрыс таңдау жасауға кеңес берілді.
11 –сынып оқушыларымен қыркүйек, қазан, қараша айларында С.Спилбергер әдістемесі, мазасыздану деңгейі ,Э.Ховард әдістемесі, социометрия анықтау тестілері жүргізілді.Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында Қызығушылық картасы, «Менің неге қол жеткізгім келеді?», кинезологиялық жаттығулар жүргізілді.
Жүргізілген психологиялық зерттеу қорытындысы бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, кеңестер берілді.
V. Педагогикалық ұжымдағы жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында «Мен жаңа ұжымдамын!» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығулар өткізілді. Ұстаздардың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Сіз кімсіз?», "Темпераментті анықтау", «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» тақырыптарында педагогикалық ұжыммен сауалнама, тренинг-жаттығулар жүргізілді.
Ұстаздардың сұраныстары бойынша жеке кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.
VI. Ұстазға қойылатын талап – сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын ояту, жоспарлар құрып, сол бойынша тақырыпты меңгерту. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, қалыптаспағаны. Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |