Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №1 «Балдырған» балабақшасы



Дата17.06.2016
өлшемі71 Kb.
#142166
Маңғыстау облысы,

Мұнайлы ауданы,

1 «Балдырған» балабақшасы
«Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса!»

Дайындаған: Джолдыбаева Маргарита Досбергеновна

« Тамаша тамаша, шыршамыз тұр жараса!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй туғызу. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. Жаңа жылда жаңа арман, жаңа үміт шоғы пайда болатынын түсіндіру. Болашаққа мақсат қоя білуге дағдыландыру.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Кішкене Аяз аталар (гномдар), Қасқыр, Ешкі мен жеті лақ, Мыстан, Маша мен Аю, балалар, ата- аналар..
Музыка ырғағы мен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл бұл жаңа нұр,

Нұрдан ләззат ала біл.

Ақын жазар жаңа жыр,

Жырдан тыңда терең сыр.
Тақпақтар: (5 бала) Ақбота:



Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға-жыр.



Өлеңде әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Аян:
Бұрынғыдан өзгерген бала бүгін,

Көңілдерде ай жүзіп, жанады күн.

Әр жүрекке жаңалық нұрын сеуіп,

Қош келдің ортаға жаңа жылым!
Назерке:
Возле елки в новый год,

Водим, хоровод

Елочка красавица

Детям очень нравится

Вот оно какая

Строиная болшая!
Ән: «Шырша жыры»
Тақпақтар:
Дархан:
Даламызға, қаламызға,

Жаңа жыл келіп, кіреді.

Қартыңызға, жалпыңызға,

Жалынды сәлем береді.
Аружан:
Жаңа жылға ырзамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Қандық талай сырға біз,

Шарықтады ойымыз.
Дана:
Ән саламыз би билеп,

Жырдан шашу төгілді.

Бүгін біздің жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді.
Ертегіден үзінді: «Жеті лақ»

(Ешкі келе жатады лақтарын ертіп шырша жанына)

Ешкі лақтарына қарап,

Лақтарым, шұнақтарым,

Қуанышым қарақтарым.

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап, алайын.

Сақ болыңдар әр кез тек,

Қасқыр келіп, қалмасын,

Тойдың шырқын бұзбасын.

  1. Лақ

Апатай-ау, апатай, мә, мә

  1. Лақ

Орманға сен барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы мә-мә

  1. Лақ

Біз баламыз әр кез сақ,

Әкел бізге көп моншақ. Мә-мә

  1. Лақ

Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран, салайын, мә-мә

  1. Лақ

Апатай-ау, апатай-ау,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз!

6-Лақ

Апатай-ау, апатай-ау,

Келіп қалды Аяз ата!

Би билеп, ән салайық, мә-мә

7-Лақ

Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға сен барсайшы,

Аяз атаны алып келсейші.
Лақтар: -Біз ешкімге есік ашпаймыз (Ешкі кетіп қалады)
Мыстан: (Қолында ұялы телефоны қасқырға қоңыр шалады)

-Алло қасқыр екумізге ермек таптым орман ішінде бір үйшік көрдім, байқасам ол ешкінің үйі екен. Лақтарды ұрлап бөлісіп жейік.
Қасқыр: Жарайды мен онда лақтарға мамасының дауысын салып есікті аштырып алайын.


Мыстан: Қасеке сен жайлап бара бер, мен ешкіні қарауылдап тұрайын.

(Қасқыр есікті соғып ән айтып жатқан кезде, ешкі келіп қалады.Ешкіге қасқыр мен Мыстан айбаттап, ешкіні қорқытып жатқанда қошқар келіп ешкіні құтқарады.)
Қошқар: Ей, сұм қасқыр, мыстан сіздерге не болған?

Мен жаңа жылды сіздермен күтіп алайын десем,

Мыналарың қалай, түсінбедім..

Мыстан мен қасқыр Қошқардан кешірім сұрайды.
Қошқар: Жақын жерде балалардың дауысы естіліп жатыр, жүріңдер сонда барып, балалардың көңілін көтерейік..Лақтарды да бірге ала жүріңдер.
Ешкі: Жарайды…
(Лақтар мен орман жануарларды балалар жақсы көңіл-күймен қарсы алады.Жыл басы Қошқар төрден орын алды.)
Музыка ырғағымен Ақшақар кіред:

Сәлеметсіздер ме балалар

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармен арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын

Балалар сіздерге Аяз ата келмеген бе? Қане Аяз атамызды барлығымыз бірге шақырайықшы:
Аяз ата келеді:

Құтты болсын балалар,

Келеген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл қыздарым

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем.

Ойлары мен бойларында

Бірдей өсіп қалдыңдарма

Ал мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

Ән: «Аяз ата»
Би: «Кішкентай Аяз аталар» (Гномдар)


Аяз атаға арнап балалар тақпақтар айтады.
Би: «Көңілді орман аңдары»
Ән: «Жаңа жыл келді»
Тақпақтар:

Мирас:

Ах, кокой хороший,

Добрый Дед мороз,

Елку нам на праздник,

Из лесу принес.
Эльвира:

Ән саламыз енді біз,

Көңілді ішке ендіңіз.

Аяз ата, Ақшақар,

Дейміз тек «Қош келдіңіз»
Маша мен Аю келеді:

-Балалар біз өзге балабақшадан келе жатсақ, осында шығып жатқан әуенді естідік. Содан осында келдік.

Сендер бізбен ойнауға қалайсыңдар.

-Балалар: Ойнаймыз

-Жарайды, ендеше
Ойын: «Мен супер баламын»

(Балалардың барлығы бірге қолдарын төменнен жоғары қарай шапалақтап,)

Мен ең жақсы баламын,

Болашақта үлгілі бала боламын.

Мен супермін!

Мен супермін!

Мен супермін!

Мен супермін!
Ойын: «Кім жылдам»

(Орындықпен)
Жақсы өнер көрсеткен балаларға сыйлық үлестіреді.


Жүргізуші:
Жаңа қой жылы құтты болсын, Халайық!

Отанымыз тыныш, балалардың жүзінен күлкі кетпесін,

Бақытты өмір сүрейік,

Жаңа жылдан, Жаңа жылға аман-есен жетейік!

Қош, сау болыңыздар!

(Сцненарийге қосымша жалғанды)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет