Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы



Дата03.07.2016
өлшемі118.65 Kb.
#175222


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___» ____________

№____ қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

Ұйымдық – кұкықтық нысаны: мемлекеттік мекеме (ММ)
Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

130400, Шетпе селосы

2012 жыл


  1. Жалпы ережелер

1.1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2. Мемлекеттік мекеме Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы «22» 06 № 136 қаулысымен құрылды.

1.3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

1.4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады.

1.5. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области.

1.6. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, 130400, Шетпе селосы.


  1. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі




    1. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

    2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

    3. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

    4. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі субсидиарлық жауапты болады.

    5. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.



  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары




    1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалану болып табылады.

    2. мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

3.2.1. мемлекеттік мекеменің аумағында бiрегей табиғи кешендер мен объектiлердiң биологиялық саналуандығын сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, табиғат ресурстарды тұрақты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, зерттеу және қалпына келтіру;

3.2.2. мемлекеттік табиғи-қорық қорларын, тарихи-мәдени кешендер мен объектілерді қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері жөніндегі бағдарламаларды жасақтауға және орындауға қатысу;

3.2.3. мемлекеттiк өңірлік табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету;

3.2.4. мемлекеттік мекеменің аумағында ғылыми зерттеулер жүргізу;

3.2.5. экологиялық ағартушылық;

3.2.6. мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру бойынша жұмыстарды орындау;

3.2.7. мемлекеттiк өңірлік табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу;

3.2.8. табиғат қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл;

3.2.9. экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

3.2.10. мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру қызметтерін ұсыну;

3.2.11. рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы келісім-шарттар бойынша өнім өндіру және қызмет көрсету.


    1. мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

3.4. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

3.5. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.



4. Мемлекеттік мекемені басқару
4.1. Құрылтайшының ерекше құзыретіне:

4.1.1. мемлекеттік мекеменің жарғысын бекіту, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

4.1.2. мемлекеттік мекемені ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату;

4.1.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге де мәселелер жатады.

4.2. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

4.3. Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

4.3.1. мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

4.3.2. мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

4.2.3. мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4.3.4. мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4.3.5. мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

4.3.6. мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4.3.7. мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

4.3.8. жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

4.3.9. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

4.3.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4.4. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

4.5. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

4.6. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

4.7. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

4.7.1. мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

4.7.2. мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

4.7.3. шарттар жасасады;

4.7.4. сенімхаттар береді;

4.7.5. мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

4.7.6. банк шоттарын ашады;

4.7.7. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

4.7.8. тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

4.7.9. мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

4.7.10. өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

4.7.11. оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

4.8. Мемлекеттік мекеменiң басшысы мен оның орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор және бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттiк инспекторлар болып табылады, бөлiмшелердiң мамандары, ғылыми қызметкерлердi қоса алғанда, лауазымы бойынша мемлекеттік мекеменiң мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.

4.9. Мемлекеттік мекеме мемлекеттiк инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:

4.9.1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берiлген рұқсатты тексеруге;

4.9.2. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылау мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;

4.9.3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұруға;

4.9.4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;

4.9.5. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу салдарынан келтiрiлген шығынның мөлшерiн анықтауға және осының негiзiнде кiнәлi тұлғаларға осы шығынды ерiктi түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;

4.9.6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттiк инспекторлардың актiлер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшiн тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберуге;

4.9.7. ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзуге;

4.9.8. ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге;

4.9.9. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға;

4.9.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;

4.9.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар.





  1. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі




    1. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

      1. оған меншік иесі берген мүлік;

      2. өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3. Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

    2. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5.3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық бюджеттің есебіне жатқызылады.

5.4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:

5.4.1. бюджет қаражаты;

5.4.2. мемлекеттік мекемелерiнiң қаражаты;

5.4.3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары және қайырмалдықтары есебiнен жүргiзiледi.

5.5. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

5.6. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

5.7. Iс-шараларды қаржыландыру мемлекеттік мекемені дамыту мен күтiп-ұстауға бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:

5.7.1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын, табиғат қорғау мекемелерін басқару жоспарларын, осы аумақтарды құру мен кеңейтудiң жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеуге;

5.7.2. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшiн жерлердi резервте қалдыру кезiнде жер учаскесiн алып қоюға байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

5.7.3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн шектеу жөнiндегi залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

5.7.4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн жүргiзуге;

5.7.5. ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерiнде бөлу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;

5.7.6. әкiмшiлiк-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристiк және рекреациялық мақсаттағы объектiлер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;

5.7.7. штат санын ұстауға;

5.7.8. мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзетуге, қорғауға және қалпына келтiруге;

5.7.9. экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристiк және рекреациялық қызмет жүргiзуге жұмсалады.
6.Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6.1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7.Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7.1. Мемлекеттік мекеменің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

7.2. Мемлекеттік мекеменің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.



8.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаcына сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет