Қазақ театрында - «Юлий Цезарь» / Г. Махан // Жастар әлемі. - 2005. - 22 сәуір. Шабыт! Ол адамның дарынына, еңбегіне қанат беретін ұлы күш! Мыңдаған халық алдында Гамлет ролін ойнайтын әртіс бар да, төрт қабырғалы лабораторияда жападан-жалғыз отырып гылымның тұңғиығына бойлайтын оқымыстының шабыты бар. Әртіске шабыт берген сүйсіне қол соққан көрермендердің қуанышы мен қайғысы десек, ғалымға шабыт берген не? Қия шетіне жеткізбес мызғымай тоқтап қалған уақыт па? Әлде сыртқа шығамын деп асау толқындап оп теңізінде ойнаған іштегі дарын арманы ма? Қандай күш сол шабытты оятқан?
I. Есенберлин. С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры У Шекспирдің «Юлий Цезарь» трагедиясын сахналандырды. Пьесаның қоюшы режиссері- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. С. Оганесян, қоюшы суретші- Қ. Мақсұтов. Ал қазақ тіліне тәржімалаған:«...ана тіліміз ғылыми ойшылдық пен ғұламалылықтың шыңына жеткен халықтың тіліне айналуда»,- деп туған тілін әркез ардақ тұтқан академик Е. А. Бөкетов. Спектакльді көпшілік көрермен жылы қабылдады. Дегенмен «Түсінуге қиын, адамды зеріктіріп жібереді. Жалпы бізге жат елдің зобалаңын емес, өзіміз бастан кешкен мұң-зарды көрсеткен жөн сиякты. Драматургтеріміз қазақ халқының тарихы жайлы пьесалар жазса, ал әртістеріміз асқан шеберлікпен ойнаса!.. ХХІ ғасыр көрерменің бұл қойылым қызықтырмайды»,- деген таяз ойлаудан туындаған пікірлер де айтылды. К.С. Станиславский: «...жұртқа бірдей түсінікті пьесаның құны болмайды»,- деген екен.
«Юлий Цезарь» трагедиясы- тарихи пьеса. Сахнада 56 жастағы, қажыр-қайраты кемісе де ақыл-парасаты толысқан Рим империясының басшысы Юлий Цезарь. Халқы үшін жанын пида еткен адамзат мақтанышы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Р. Баймағамбетов сомдаған тұлға тарихи аңызға айналған ер Цезарь емес, алдаудан опа болған Цезарь бейнесі. Және өзі сенген- Марк Брут, Кассий, Каска, Деций сынды кейіпкерлер. Айласымен ел ішіне бүлікшілік отын маздатқан Антомий рөлін ойнаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі К. Жұмабеков: «Қулық-сұмдық, арандату қай уақытта да болып тұрған ғой. Өнеге, сабақ болатын, үлкен ойларға жетелейтін шығарма. Евней аға мүмкін, өзі де осындай келеңсіз жайттармен бетпе-бет келіп, Шекспирдің «Юлий Цезарын» аударған болар»,- дегенді. Қоюшы режиссер Генрих Оганесян:« Бұл өміршеңдігін жоймайтын туынды. Алайда, оқырман, көрерменнің түсінуі қиын. Шығарманың құндылығы адамға ой салатын философиялық иірімдерінде жатса керек. Және аударма өте сәтті аударылған. С. Сейфуллин театры труппасымен бірлесе бір жарым ай бойы спектакльге дайындалған, шығармашылық бақытқа бөлеген бұл күндерді ұмытпаспын»,-деп еді спектакль басталуға санаулы минөттер қалғанда. Е. А. Бөкетов аударуындағы «Юлий Цезарь» трагедиясы алдағы маусымдарда көрерменімен қайта қауышады.