Махмуд Қашғари еңбектеріндегі халықтық
педагогика мәселелері
Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген келесі бір талантты перзенті МАХМҰД КАШҒАРИ. Кашғари көтерген қай мәселе болмасын деректі материалға негізделіп, білімдік-тербиелік мәнділігімең ерекшелетіндігі "Сөздіктегі" табиғатпен біте қайнаскан халық болмысын кеңінен баяндап, оның сан-салалы тіршілігінің көптеген жәйттерін ашып беруге көмектесетін автор мәлімдеулері мен біртуар ғалымның туған өлкенің географиялық жағдайларына халыктық астрономиялық білімдеріне қатысты талдауларынаң да айқын байқалады.
Ел тұрмысын үңіле зерттеген ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу мөселелеріне арналған. "Түркілер он екі жыдды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте түтар шақтарды жылдардың айналуымен есептейді", - деп көрсетеді. Кашғари халық өмірінде елеулі роль атқарған кезендік жылнама жайында. Әрі қарай әрбір жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталатынын тізбелей келе, автор былай деп жазады: "Айлардың атына келетін болсақ, шапарларда айлардың аттары арабша қодцанылады. Көшпенді өмір сүретін, мұсылман болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың етуін сол тәсілмен белгілейді. Мысалы, наурыздан кейінгі көктемнің алғашқы айы Лақ айы, келесі айды Үлкен лақ айы деп атайды. Бүл айларда лақ марқаяды, семіреді. Бұдан кейінгі айды Ұлы ай дейді. Бұл ай жыддың ортасында келеді. Бүл уақытта жердің жүзі жеміске толып, мал әбден семіреді. Ақ көбейеді"/.../.
Қашғари көрсетуінде - ай отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтуі - айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де Ай деп аталады "Түркі халықтарының жыл қайыруы" деп аталатын бұл тараудағы халыктық наным-сенімдерге қатысты деректер де аса қызғылықты. Кашғари айтуынша түркілер осы жылдардың әрқайсысында бір қасиет бар деп есептейді: олардың пайымдауында, Сиыр жылы кірсе, ұрыс-жанжал көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен кеп сүзісетін мал. Тауық жылы кірсе, азық-түлік кебейеді. Өйткені тауықтың жемі – дән. Ұлу жылы кірісімен жауын-шашын кебейіп, астық бітік еседі. Себебі Ұлу суда өмір сүреді. Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауып, суық қатты болады. Өсек-аяң көбейеді. Осы сияқты әрбір жылда түркілер бір нышан бар деп есептейді, - деп атап көрсетеді халыктың түрмыс-тіршілігі мен салт-сана дөстүріне байланысты үғым-түсініктерінің астарына терең үңіліп, айрықша зер салған білімпаз.
Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықгың тіршілік әрекеті мен тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық. қызметін жоғары бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін нақты мөліметтер осы жазбада жүр. "Үркер", "Жетіқарақшы", "Темірқазық" атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де бірқатар материалдар Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу құралы болғандығын байкатады.
"Іңір - жарық пен қараңғының түйісетін сәті. Оғыздар «імір» дейді", - автор бабаларымыздың тәулік ішіндегі аралықты белгілеу үшін қолданған үғымдары жайында. Әрі кәрай - таң, Таң сөрі, ақшам, түс атаулары келтіріліп, олардың мән-мағынасы ашып көрсетілген талдаулармен жалғаскан. Қоршаған ортамен тіл табыса білген өлеумет бейнесі, оның жаратылысты үғыну ерекшеліктері көрініс берген аса құнды деректердің біразы "Сөздіктегі" ауыз өдебйеті үлгілері. Тәңірім аспанды кең жаратыпты, Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті. Асылды ауаменен оратыпты, Адамды болмысымен таңырқатып - деп жырға қосады табиғатты нақты да ғажайып шындық деп түсінген кене көз бабаларымыз. Заманындағы түркі ұлыстарының түрмыс-салттық үғымдары, эстетикалык талғамы, айналамен қарым-қатынасы, одан алған сезім-әсерлері аса ұтымды бейнеленген. Мұндай нұсқаларды көптеп келтіре беруге болады.
Әсіресе, табиғатты, жаратылысты әсемдіктің тұтқасы ретінде карастырған әдет үлгілердің білімдік, тәрбиелік қызметі айрықша. Қоршаған ортадағы сұлулықты сезіну тамаша көрініс берген. кейбіреулерінен мысалдар келтіре кетелік:
Жаз шығып, түйін тастап бүр ашылды,
Аспаннан түрлі гүлге нұр шашылды.
Құс сайрап, сай-саладан су тасыды
Сұлулық көзді тартты таңғажайып.
... Жарық жүлдыз шықканда
Құс бар кейбір сайрайтын
Оның үні ұққаңда
Жүрегінді қайрайтын.
Келесі бір өлең жолдары жыл мезгілдеріндегі табиғат тіршілігін былайша баяндайды:
Сарқырап сай-саладан ағады су,
Белеген ақ моншаққа жағаны бу.
Жамылған жасыл жапырақ бағалы ну,
Қанатын көк жүзінде қағады қу.
... Жазғы жайлау жасылды
Тұман түсіп, ашылды.
Жылқы үйездеп қасынды,
Құлын-тайы кісінеп.
"Табиғат суреті кешегі Абай, Ыбырай дәуіріне дейін өзгеріссіз келді деуге болады. Табиғатты, тіршілікті, дүние болмысын қабылдау, сезіну және тануы тым ұқсас",-деп жазады белгілі ғалым Қ.Өміралиев шығармадағы табиғат мәселелерінің сөз болуы, оның келесі дәуірмен байланысы, сабақтастығы жайында. Бұл пікірдің дәйектілігі мен тұжырымдылығына анықгық енгізе түсетін мысалдар "Сөздікте" жеткілікті. Бұлардың бірқатары табиғатқа сүйіспеншілік сезімін оятудағы ықпалдылығы ғана емес дүниетанымдық, білімдік түрғыдан да үлкен мән-маңызға ие үлгілер:
Тау-даланы жайналтқан Еділ суы,
Көлшік-көлдер маңайда оның суы.
Ақ шортандар жүзеді айдынында
Жағалары көз тартқан қалың нуы.
... Құлан қырда жосылды, Арқар-құлжа қосылды.
Жайлап жасыл төсіңді, Ойнақтайды ор киік.
Туған өлкенің табиғат жағдайлары көркем суреттелген шумақтар өрмән қарай былайша жалғасады:
Қанатын қақса қалың құс, үйрек көлде жылжиды,
Аздығын ақтың білгендей, қасқалдақ суға сүңгиді.
Біртуар ғалым өз еңбегінде халық емірінен, шаруашылық кәсібінен, оның өзін қоршаған дүниеге көзқарасынан, әдет-салтынан мол мағлұматтар беретін терең мағыналы, шешен тілді нұсқаларды көп қолданған. Мәселен,
Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез құрық сүйретіп
Киікке тазы қосайық
Түлкіге қыран салғанда
Тазыны қосып арланға,
Жеткенде мәз боп арманға
Ерлік жоқ сірә, жігіттер
Осыдан асқан жалғанда!
- деп келетін шумақтардың әлеуметтік көңіл-күйді дөп басып, асқан шеберліклен суреттейтіні соншалық, сол заманның әдет-ғүрып, өмір-салтын кез алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. "Сөздіктен" елеулі орын алған мазмұны жағынан сан алуан мұндай үлгілердің қай-қайсысы болмасын табиғаттың адам тіршілігіндегі ролін жете бағалап, онымен үңдестікте ғүмыр кешкен бабалар дәстүрімен таныстыруда өзіндік орны бар материалдар екендігі даусыз.
Көне замаңдарда туып, Қашғари мұрасы арқылы бүгінге жеткен дүниетанымды. кеңейтуде, айналамен үқыпты қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсінуге көмектесетін деректердің бірқатары - мақал-мәтелдер. Табиғатты қастерлеудің тәрбиелік ережелері ретінде қалыптасқан бұл сөз үлгілерінен талай-талай педагогикалық ойлар мен оригинальды идеяларды кездестіреміз.
"Күздің келуі жазда білінер" - дейді, мәселен, халық тағылымы, табиғат игіліктерін пайдалану үшін, алдымен оның ерекшеліктері мен заңдылықтары жөніңде нақгы біліммен қарулану қажеттігін ескертіп. Көптігіне орай қамтыған тақырыбы да мол мақал-мөтеддермен таныса отырып, табиғатга өзінің тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктеріне біліктілікпен пайдалана білген бабалар іс-әрекеті, олар кәсіп еткен түрлерінен жан-жақты хабардар боламыз. Мәселен, төрт түліктің адам үшін тұрмыстық мәнін жоғары бағалаған түркілер былай дейді:
Қой, түйе, жылқы болса қолыңызда,
Дәулеті жарар өмір жолыңызға.
Келесі бір тұста бақташылықтың өте жауапты, күрделі іс екендігін ескерген халық малды күтіп-баптаудан асқан шеберлік, ерік, жігер кажеттігін айтып бағыт-бағдар сілтейді:
Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр әскер басқара алмас
Ізгілік болса - ер өлмес /арымас/,
Іштік болса ат жауыр болмас.
Түркілер өмірінің сан-саналы тіршілігін кеңінен баяндап, халық арасында еңбекті сүюге тәрбиелеу мақсатында қолданылған бүгінгі күні де өз мәнін жоймаған нақыл-сездердің бірқатары қолөнер, диқаншылық, аң аулау секілді көсіптерге байланысты болып келеді:
Тікпейінше өнбес, талпынбайынша болмас /жетпес/.
Жер жыртарда ұқыпты болса,
Қырман уақытында жанжал болмас.
Адаспайтын аңшы болмас,
Жаңылмайтын данышпан болмас.
Қашғари жазбасы көне көз бабаларымыздың осы мазмүндас қоғамда, тұрмыс-тіршілікте, керген-түйгені, айналамен карым-қатынастан жинақтаған білім, тәжірибе, дағды, енегесі тамаша керініс берген материалдарды топтастыруымен ғана емес, оларға берген автор түсініктемелері, ғылыми тұжырымдарымен де аса құнды. Табиғат пен қоғамның өзара әрекет ету сипаты айқын көрінген мазмұны жағынан әрі қызықты, әрі келісті этногеографиялық-тарихи деректер, сыртқы дүниемен үйлесімді қатынаста болған халық болмысы, өмір салтын өте шебер суреттейтін алуан түрлі фольклор материалдары, ата-мекеннің жер-су атауларының сырын ашып, ғылыми талдау жасалған топономиялық, тілдік деректер автор ізденісінің аса ауқымдылығын байқататын белгілер.
Атыл /Еділ/, Ила /Іле/, Артыш /Ертіш/, Манғышлақ секілді туған елкеміздегі жер бедеріне меншіктелген атаулар жайында аса қүнды топономиялық деректерді осы шығармадан кездестіреміз. Ертістің Иәмек (Қимақ) даласындағы кеп салалы езен екеңдігіне түсіндірме берген автор езен шын мәнінде "Артыш суы – Ертіш суы" деп аталады. «Әртішмәк» етістігінің түбірі "Әртіш - Ерту" болады. "Судан кім тез ерітер" мағынасында қолданылған – деп хабарлайды.
Қашғари көрсетуіңде түркілер үлкен өзендердің барлығын Жейхун деп атаған. Ал Іле өзені түркі елдерінің жейхуны. Екі жағалауыңда түркі тайпаларының яғма, тахси рулары мен жігілдің бір тобы өмір сүреді. Ғалымдар Қашғари "Сөздігінде" келтірілген географиялық объектілердің Тянь-Шань мен Жетісу аймағына катысты көпшілігінің /Бедел, Шамси, Торуг, Арт асулары, Ақсай мал жайылымы, Қазақ жер аты, Куча, Үзгенд қалалары, Ісігкөл, Сізіңкөл секілді көл аттары т.б./ атаулары күні бүгінге дейін өзгеріссіз қодданып келе жатқанын хабарлайды /.../.
Бүгінгі күннің талап-тірліктеріне орайлас келіп, ұштасып жатқан білім мен тәрбие беру жагдайында ескерілуі аса кажет деректердің біркатары өлкеміздің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты деректер. Қашғари көрсетуінде:
Бұлан - қыпшақ елінде көп кездесетін ірі аң. Оны адамдар аулайды. Бұланның іші кекеуек, аспанға карай тарамдалып тұтатын жуан мүйізі бар.../.../. Кәкрә - түйе жейтін ащы кекіре /.../. Қызқуш-қызғыш, адамның төбесінен жанап ұшатын құс /.../. Арқар - арқар. Мүйізінен пышаққа сап жасалады /.../. Суғр - суыр, терісінен ішік тігіледі /.../. Күзен - торғай мен дала тышқанын аулайтын жәндік, тышқан тектес жөндік - сасық күзен /.../. Лачын - лашын. Осы түста автор батыр жігіттерді де Лашын дейді, - деп батырлықты лашынға, қыранға балап қастерлеген халық дәстүрін еске алады /.../. Құлан - жабайы есек /.../. Қарақан - тауда өсетін қараған /.../. Иандақ: йандақ тікен - жантақ тікен /.../. Қашғалақ - үйректен кіші су құсы, қасқалдақ /.../. Табиғат жағдайларындағы /әсіресе, территорияның сыртқы өзгешелігін байқататын/ бұл белгілерге айрықша назар аударып, олардың мазмұнын ғылыми тұрғыда байытып, тереңдетіп түсіңдіруге әрекет жасаған Қашғари бағыт-бағдары қайран қаддырады.
"Иірі болса ер өлмес". Иір - іш ауруына пайдалынатын емдік тамыр - деп хабарлайды келесі бір түста автор оның ерте кезден-ақ адам баласы қажетіне жаратып келген шипалық қасиетіне тоқталып. Шығарма беттерінен ата мекенімізде кездесетін қарсақ, дуадақ, бүркіт, өлең шөп, қамыс, бұлғын, құндыз. секілді өзге де аң, құс, ағаш, шөп атаулары, олардың табиғат пен адам тіршілігіндегі орны жайлы сан түрлі материалдарды кездестіруге болады.
Құстың жаманы сауысқан,
Ағаштың жаманы азған /итмүрын/.
Жердің жаманы қазылған,
Адамның жаманы барсыған /дықтар/.
Құстың жаманы сауысқан болса, ағаш тектес өсімдіктің жаманы итмұрын – деп көрсетеді автор итмұрынның отын ретіндегі жарамсыздығы жайында. Итмұрынның ақ, сары гүл ашатын маржандай тізілген қызыл миуасы бар өсімдік. Біздің жақта мүны бақшаның айналасына егеді. Ол отынға жарамайды. Жақсаң ұшқындары шашырап киім-кешек пен үй мүліктерін күйдіріп жібереді. Жердің жаманы ойлы-шүңқыр қазылған, батпақты жер саналады. Өйткені оңдай жерлерге шатыр тігуге, егін егуге болмайды. Адамның ең жаманы барсығандықтар. Себебі, олардың мінезі жаман, өздері опасыз келеді /.../. Өлкетану жайында түсініктер қалыптастыруда өзіндік орны бар біртуар ғалым мәлімдемелері осылайша жалғасып кете береді. Қорыта келгенде, ортағасырлық дерек көзі табиғаттың адам тіршілігіндегі ролін жете бағалап, онымен үйлесімді өмір сүре білтен бабалар іс-әрекетін айкын бейнелеп, олардын күнделікті еңбек және тұрмыстық қызметінде басшылыққа алған табиғатты аялаудағы мінез-қүлық ережелерімен таныстыруда тендесі жоқ оқу-тәрбие қүралы.
"Сөздік" материалдарын оқып үйрену жастардың халықтың табиғатты қастерлеу салт-дәстүрлерінің тарихи мәнін терең түсініп, оны жалғастырушы лайықты мұрагері болуын өзінің басты парызы ретінде сезінуіне ықпал ететіндігі даусыз.
Еңбектің ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын пайдалану бүгінгі күннің талап-тілектеріне орай қалыптастырылуға тиіс, "табиғат-адам-қоғам" бірлігі жөніндегі ұғымды терендетіп түсіндіруде белсенді роль аткарады; табиғаттағы адам әрекетін нақты мысаддар арқылы ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Қашғари қелтірген географиялық мәліметтер XI ғасыр ескерткішін туған өлке жайлы ғылыми білімдерді кеңейту көзі ретінде қарастыруға жағдай туғызады, олардың мазмұнын оқып үйрену Отанға сүйіспеншілік, табиғатқа, оның түрлі байлықтауына жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеуте жөрдемін тигізеді.
"Табиғат-адам-қоғам" қарым-қатынасы процесіндегі эстетикалық, өнегелілік құндылықгарды идеялық тірек еткен Қашғари шығармашылығының бүгінгі заман адамдарының экологиялық білімін, сана-сезімі мен мінез-күлық бірлігін қалыптастырудағы практикалық мәңділігі де аса көңіл қоярлык, Демек, осыңдай педагогикалық ғылым мәнге ие тамаша туындыны білім мен тәрбие берудің қазіргі кездегі міндеттерін шешуде пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Бұл өз кезегінде "Сөздіктің" бүгінгі оқылатын түрлі пәңдер күрылымы мен мазмүны, оқу бағдарламаларымен үндесетін білімдік-тәрбиелік қызметке ие материалдарын іріктеп, жүйелеу, яғни оның оқу-тәрбие процесінде қолданылу тәртібін белгілеу міндетін жүктейді.
Профессор А.Н.Кононов озінің еңбектерінде Махмұд Қашғаридың ең алдымен туған халқына жақын болғандығын әділ атап корсетеді. Шындығында да халыктың өмірін жан-жақгы және терең танып білуге ықпал еткен факторлардың бірі Қашғарлық ғалымның түркілер омір салтына зерттеушілік тұрғыдан келуі болатын. Ұлы педагог халықтар өмірін оқып үйренудің, халықтардың этникалық ерекшеліктерін оның этникалық тәрбиесімен байланыста қарастырудың тамаша үлгісін қалдырды. Бала және оның тәрбиесі, тәрбиемен байланысты салтгар мен әдет-ғұрыптар, халықтық мейрамдар, адамға туған табиғаттың көркемдік ықпалы - мұның бәрі Қашғари ерекше назар аударған тақырыптар. Ұстаз халықтың ауызша шығармашылығын және мұнда көрініс тапкан педагогикалық тәжірибені жоғары бағалады. Ол ғылыми көзқарастың өкілдері халықка білім таратып, идеялық жоғары дәрежеге жеткізем десе, алдымен оның "ішкі өмірін" білуге міндетті екенін тура көрсетті. Бұл тұрғыда ғалым өзі өнеге болған еді, оның халыққа деген ыстық сезімі мен ықыласы, ең алдымен, "Түркі тілдерінің ерекшеліктері" жөніндегі шығармасында белгі берді. Қашғарлық ғалым жинақтаған әңгімелер, өлеңдер, аңыздар, жырлар мәңділігі женінен түркілер көркем әдебиеті бастауы болып шықты. Әрбір келтірілген осы мысалдарды автор түркі фольклоры – макалдары мен мөтелдерден алынған мінез-кұлық қағидалары үлгілермен толықтырып отырды. Мұның өзі шығарманың логикалық аяқталуын күшейтті.
Этнопедагогикалық тұрғыда автордың этностық мінез сипаттарын қозғалмалықта дамуда; тәрбиемен, халық өмірінің тарихи жағдайларымен тығыз байланыста қарастыруы қызығушылық тудырады. Түркілерге сүйсінушілік қарым-қатынастың қисындылығы жайлы Баласағүниның ойын толық қуаттаушы ол былай деп арнайы атап көрсетеді: "Түркілер көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне берік түратын мәрт жөне сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашык-жарқын жандар". Аса бай рухани мәдениетті автор қоғамдық өмірдің жоғары дамуымен байланыстырады, өмір қүқықтарын жаңғыртуға ұмтылыс пен әрекетшілдікте деп бағалайды. Халықтық қағидасын жүзеге асырып дамытуда Кашғаридың сіңірген еңбегі үлкен, ол педагогикалық қазынаға тек түркі халықтары үшін ғана емес, әлемнің өзге халықтары үшін де мәні зор үлес қосты. Әсіресе, Кашғарлық ғалымның түркілердің өз ішіндегі озық педагогикалық күштерді рухани біріктірудегі, идеялық топтастырудағы қызметі айтарлықтай. Қалай болғанда да отаңдық педагогтар Кашғаридың жолын ұстағандар болды: Ахмет Жүйкени тілді - этностың туы десе, Қожа Ахмет Яссауи тіл оның - жаны деп атайды. Тіл мен сенім халықты жалғайды, біріктіреді. Өз тілінді өзгерт, нанымыңнан бас тарт. Соңда сен қай халыққа жататыныңды айта аласың ба? - деп жазады Бақырғани (Хакім ата).
З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»
Достарыңызбен бөлісу: |