1.Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Жаңа сабақ.
Кіріспе
Бүгін күн ашық. Күн сәулесі жарқырап тұр. Адамдар да қуанышты, бір- біріне күлімсіреп сөйлеп жүр. Ауа райының жақсы болғанына бәрі қуанышты.
-Қалай ойлайсыңдар, осындай ауа- райы қандай мамандық иелері үшін қолайлы?
Бүгін бұлтты күн. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Адамдар жылы киінген. Қолдарына қолшатыр ұстап жүр.
-Жаз мезгіліндегі жаңбырдың пайдасын айтыңдар.
3. Дәптермен жұмыс.
1.Мәтіннің 1-ші абзацы бойынша сызба құрасыру
бұлтты
жауын- шашын
Ауа райы жел
ауа температурасы
4. Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтінді жұп болып оқу. Оқушылар мәтінді бөікпен оқиды, сонан соң бір- бірімен пікір алмасады, сұрақ қояды, жауап береді.
2. Әңгіме жүргізу.
1. Ауа райын білу кім үшін маңызды?
2. Ауа райын болжаумен қандай қызмет айналысады?
3. Ауа райы адам өмірі мен қоршаған орта үшін қандай маңызға ие?
5. Сергіту сәті.
6. Топтық жұмыс.
1- інші топ. Жауын алдындағы ауа райын бейнелейтін сурет салу.
2- нші топ. Найзағай ойнағандағы ауа райын бейнелейтін сурет.
7.Сабақты қорытындылау.
Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көңіл- күй сөздерін пайдаланып бес жолды өлең құрастыру.
8. Үйге тапсырма беру.
«Ауа райы болжамы және оның мәні» мәтінін оқып келу. Ауа райын бақылап келу.
9. Бағалау.
|