Май қЫШҚылдарының ТҮзілу әдістемесі/Әдістемелік қҰрал 2024


Майлардың химиялық қасиеттері



бет5/14
Дата06.06.2024
өлшемі173 Kb.
#502384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ажмұратов А ХИМИЯ

Майлардың химиялық қасиеттері
Триглицеридтер химиялық тұрғыда бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:
1. Гидролиз рекациясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.

СН2- О- С- R СН2 – ОН


СН- О- С-R + 3Н2О → СН – ОН +3R- СООН


Май қышқылдары
СН2 – О-С- R СН2-ОН
Триглицерид Глицерин

Егер майдың гидролиздеуі сілтінің әсерімен жүретін болса, ондай реакцияны сабындану деп атайды. Бұл кезде май қышқылдарының тұзы түзіледі, ондай тұздар сабын деп аталады. Сабын дегеніміз – май қышқылдары натрий тұздарының қоспасы. Мысалы, С17Н35СООNа тұздарға жатады. Май қышқылдарының калий тұздары сұйық боладығ олар медициналық сабын деп аталды.


2. Гидрогендену реакциясы. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Мавргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.
3. Гидроасқын тотықтардың түзілу реакциясы. Бұл реакция ферменттредің қатысынсыз өтеді. Липидтердің қос байланысы бар. Май қышқылдарын қүшті тотықтырғыштар тотықтырады. Мысалы, сутегінің асқын тотығы Н2О2, супер тотық – анион радикал О2- немесе гидроксил- радикал ОН. Мұндай тотықтырғыштар клеткада болады. Қанықпаған май қышқылдары тотығу процесі кезінде гидропертотыққа айналады:
>С= О<+ Н2О2 → НО- О- С- С<
Қанықпаған Тотықтырғыш Гидроасқын тотық қышқылдың фрагменті
Линол қышқылы мысалында гидроасқын тотықтардың түзілуін былай көрсетуге болады:
СН3 – (СН2)4- СН =СН- СН2-СН = СН- (СН2)7- СООН +2 * ОН → СН3-
Линол қышқылы Тотықтырғыш
( СН2)4- СН- СН = СН-СН = СН- (СН2)7 – СООН
О- О –Н
Линол қышқылының гидроасқын тотығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет