Белоктар. Белоктардың физикалық жəне химиялық қасиеттері. Белоктардың химиялық құрылысы



бет1/5
Дата22.09.2023
өлшемі1.24 Mb.
#478301
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
белоктоар

Белоктар. Белоктардың физикалық жəне химиялық қасиеттері. Белоктардың химиялық құрылысы

Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок.

Жер жүзіндегі тірі ағзалардың негізгі құрамды бөлігі – белок.

Ф. Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде: «Өмір дегеніміз – белокты денелердің тіршілік ету тəсілі» деген. Демек белок барлық тірінің негізі, ал олардың тіршілік ету тəсілі - өмір болып табылады. Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер (protos – бірінші, алғашқы, маңызды деген грек сөзі) органикалық қосылыстардың 50-85% құрайды. 1871 ж. орыс химигі Н. Н. Любавин белоктар амин қыш қылдарынан тұратынын анықтады. Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі. Белоктардың элементтік құрамы : Көміртегі – 50-55% Оттегі – 21-24% Азот – 15-18% Сутегі – 6-7% Күкірт – 0,3-2,5% Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, аз мөлшерде кейде темір, мыс, йод, хлор, бром, кальций, мырыш жəне т.б. элементтер де кездесуі мүмкін.

Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы амин қыш қылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин белогінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733, ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қал- 16 дығы бар, молекулалық салмағы 64500. Əртүрлі белоктардың құра мындағы амин қышқылдары қалдықтарының саны əртүрліжүзден бірнеше мыңға дейін. Белоктың молекулалық массасын əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен анықтауға болады, солардың ішінде кең тарағаны: электрофорез, молекулалық тор əдісі, ультрацентрифугалау т.б. Нақтылы нəтиже алу үшін бір ғана əдісті емес, əртүрлі əдістерді пайдаланады. Осы əдістерді қолдана отырып, белоктың молекулалық массасы өте кең аралықта ауытқитыны анықталған: 6 мыңнан бірнеше миллион Дальтон аралығында.

  • Белоктың молекулалық массасы оның құрамындағы амин қыш қылдарының санына байланысты. Мысалы, инсулин белогінің құрамында 51 амин қышқылдарының қалдығы бар, екі полипептидтік тізбектен тұрады, молекулалық массасы 5733, ал гемоглобиннің құрамында 574 амин қышқылдарының қал- 16 дығы бар, молекулалық салмағы 64500. Əртүрлі белоктардың құра мындағы амин қышқылдары қалдықтарының саны əртүрліжүзден бірнеше мыңға дейін. Белоктың молекулалық массасын əртүрлі физикалық жəне химиялық əдістермен анықтауға болады, солардың ішінде кең тарағаны: электрофорез, молекулалық тор əдісі, ультрацентрифугалау т.б. Нақтылы нəтиже алу үшін бір ғана əдісті емес, əртүрлі əдістерді пайдаланады. Осы əдістерді қолдана отырып, белоктың молекулалық массасы өте кең аралықта ауытқитыны анықталған: 6 мыңнан бірнеше миллион Дальтон аралығында.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет