Астана қ-сы. 3 шілде Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясына қабылдаудың салтанаты өтті Республика бойынша 1200 адам партияға өтті



Дата23.02.2016
өлшемі156 Kb.
#7423
Астана қ-сы. 3 шілде
Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясына қабылдаудың салтанаты өтті
Республика бойынша 1200 адам партияға өтті
Бүгін Астанада ҚР Бірінші Президентінің мұражайында Қазақстан Республикасының елордасы күніне орай, «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдаудың дәстүрлі салтанатының рәсімі өтті.

«Нұр Отанның» 12 жаңа мүшесіне партиялық билеттерді партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек табыс етті. Рәсім барысында Б.Байбек бүгінгі уақытта «Нұр Отанның» 860 мыңнан астам мүшесінің бар екенін атап өтті. Және бүгін еліміздің барлық өңірлерінде 1258 адам жаңа үлгідегі партиялық билеттерге ие болады. Олардың бәрі де партияның идеялары мен қағидаттарын қолдайтын, өз еңбектерімен еліміздің дамуына зор үлес қосып жатқан лайықты азаматтар.



«Жыл сайын біздің қатарымызға қосылғысы келетіндердің санының арта түсуі бізді қатты қуантады. Мұндай ниеттердің «Нұр Отан» партиясының өзінің Лидері Нұрсұлтан Назарбаевпен шешіп жатқан үлкен тарихи мәселелерге қатысы болғысы келген мақсаттан туындап жатқанына сенімдімін. Мемлекет басшысының атап өткеніндей «реформалар әрбір азаматтың тікелей қатысуын талап етеді». Елбасы реформалары елімізді түбегейлі өзгертеді, азаматтардың әл-ауқатын арттырады, әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Партияға өткендердің қатарында – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова, «Жамбыл электр желісі» ЖШС бас директоры Әлихан Жарболов, «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС бас директоры Ернар Құрмашев, «Жасыл ел» жастар еңбекшілер отряды республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин, «Қазақстан» РТРК АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Құрманбек Қазанбасов, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Әбдуәлиев, Қостанай облысындағы «ТОРО» компаниясының директоры Майль Тороян, Ақтөбе облысындағы «Өсербай» шаруа қожалығының басшысы Лариса Ю, Ақмола облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Асылбек Кенжебаев, Батыс Қазақстан облысындағы «Зенит» Орал зауытының инженер-құрастырушысы Дәурен Охасов, режиссер және актер Максим Акбаров, эстрада орындаушылары Қайрат Нұртас пен Жанар Доғаловалар бар.

Партиялық билеттерді табыс ету салтанатында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген заңгері Зинаида Федотова былай деп атап өтті: «Қоғамдық саясат институты сарапшылар қауымдастығының мүшесі ретінде, 2015 жылдың маусымындағы Институт жүргізген сұрау нәтижесінің ҚР азаматтарының 88,3% «Нұр Отан» партиясына сенетінін көрсеткенін айта аламын. Мен де өз партияма сенемін, біздің партиямыздың Лидері ұсынған барлық бастамаларды қолдаймын. Әрі қарай да осы бағытта өз үлесімді қоса беретініме сенімдімін».

Өз кезегінде Елбасының қызметіне арналған «Менің балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы жолы» фильмдерінің компьютерлік графикасы мен визуалдық әсерін, сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» бейнеантологиясын дайындауға қатысқан Эрнар Құрмашев «бизнес саласында жұмыс істей жүріп, жеке бизнеске партия бастамасы мен бизнесмендер мен кәсіпкерлердің арасында оны ілгерілету керек екенін көрдім, өйткені тап осы бизенсмендер Қазақстанның гүлденуінің қозғаушы күші болып табылады. Бұл адамдар ел экономикасының негізін жасайды, және оларға зор жауапкершілік артылған. Бизнес адамдарының, әсіресе жастардың бойына патриотизм мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін сіңіре білу керек» дегенді айтты.

Эстрада әншісі, «Елбасымен бірге-жаңа жеңістерге!» жастар форумының қатысушысы Қайрат Нұртас Қазақстан Республикасына пайдасын тигізу үшін партияға өткенін айтты. «Нұр Отан» - біздің Елбасымыз, Ұлт Лидерінің партиясы, және партияның барлық бастамалары бірінші кезекте қазақстандықтардың жасампаздығы мен ынтымағын нығайтуға бағытталғаны баршаға мәлім. Сондықтан да мен өз елімнің келешегі үшін аянбай еңбек ету үшін нұротандықтардың қатарында болуды ұйғардым».

Сондай-ақ, партия қатарына қабылдау салтанаты барысында эстрада орындаушысы, «Жас Тұлпар» және «Turkvizyon» сыйлықтарының иегері Жанар Доғалова халық арасында Елбасы партиясының өкілі болудың зор құрмет қана емес, сондай-ақ зор жауапкершілік екенін де атап өтті.



«Жас Отанның» Сьезінде Лидердің алдында сөйлеп, сайлауда Республикалық Штаб құрамында адамдармен кездесіп, олардың Елбасыны қалай қолдайтындарын көріп, еліміздің гүлденуі үшін көп нәрсені жасай алатынымды түсіндім. «Turkvizyon-2014» - жеңістерімнің бастамасы ғана. Сондықтан да мен «Нұр Отан» партиясының қатарына өтуді ұйғардым. Мен «Нұр Отанның» қоғамға, қарапайым азаматтарға, әсіресе – жастарға деген көзқарасы мен ұстанымдарын толық қолдаймын»,- деді Ж.Доғалова.

Бүгін еліміздің өңірлерінде Астана күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылдау салтанаты өтуде. Еліміздің 1258 азаматы жаңа үлгідегі партиялық билеттерге ие болады.


Анықтамалық:

Қазіргі таңда партия қатарында 860 мыңнан астам адам бар. Мұндағы әйелдер қауымының үлесі 60%-ға, ерлер 60%-ға жуық. Олардың ішінде ғылым мен білім, мәдениет саласының өкілдері - 32%, денсаулық сақтау - 8%. «Нұр Отан» партиясының 5 700 бастаушы партия ұйымы тіркелген.



www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет