- Тақырыбы:Отбасындағы гендерлік рөлдер
- Орындаған:Болатбеков Темірлан
- Тобы:ТПГС-21-3*
Жоспар
Гендер
Неке және отбасы ұғымы
Отбасының типтері
Отбасы шеңбері
Отбасы функциясы
Отбасылық жанжалдар
Отбасы ішілік мәселелер
Ажырасу мәселесі
Неке бұзылу себептері
Қорытынды
Гендер - Гендер- ерлер мен әйелдер арасындағы ерекшелік сияқты әлеуметтік мазмұнға ие. Бұл ерлер мен әйелдердің бір-біріне деген әлеуметтік қарым-қатынасын білдіреді. Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі
Гендер Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Гендер - Соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеудің жетілген тұсында жарық көрген педагогикалық және психологиялық сөздікте «гендер» ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын білдіреді
«Отбасы» дегеніміз не? - Педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Неке және отбасы ұғымы - Отбасы - кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Отбасы түрлері - Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы
Отбасы шеңбері - Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін.
Отбасы функциясы - Отбасының атқаратын қызметі қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.
Отбасылық жанжалдар - Отбасылық жанжалдар мен жанжалдар әр отбасында орын алады, бұл отбасылық өмір үшін қалыпты және табиғи, бірақ олардың болмауы табиғатқа қарсы нәрсе деп санауға болады. Бір-бірін сүйетін ерлі-зайыптылар немесе бір-біріне құрметпен қарайтын кез келген жағдайда бір-бірінің өмірі мен мінез-құлқын елемеуге болмайды. Демек, отбасында орташа мөлшерде жанжалдың болуы қалыпты отбасылық өмір деп санауға болады, бірақ егер олар тым жиі және өте қиын салдарымен болса, онда әрине, алаңдаушылық туғызу керек.
Отбасы ішілік мәселелері
Ажырасу санының көбейюі
Ажырасу мәселесі - Владимир Стеблянконың сөзінше, ажырасуға негізгі себеп - отбасы беделінің және құрылым ретінде отбасы құндылығының құлдырауы. "Сот залында жиі боламын. Сарапшы психолог ретінде ажырасу процестеріне қатысамын. Отбасы қоғамның бастапқы құрылымы еді, өзгенің барлығы осыдан өрбиді, осыдан қалыптасады.
Ажырасу мәселесі - Ал қазір отбасы екінші орынға түсіп қалды. Басты себеп осы және бұл үлкен дерт", - дейді ол. Сонымен қатар, ол қазіргі кезде ажырасу саны күн өткен сайын артып, көпшілік қызметтік мансап пен материалдық жетістікті ойлайтынын атап өтті. "Бізде ер жеткен адамдардың бәрі бизнесті ғана ойлайды. Бізге ақша көп келе бастады. Қазақстанда қазір басты құндылық материалдық жетістіктер, қызметтік мансап пен билік болып отыр. Ал бұрын махаббат еді, ол кейін отбасына ұласатын", - дейді Стеблянко.
Ажырасу мәселесі - Сарапшының сөзінше, мұнымен отбасы құндылығын мемлекеттік деңгейде арттыру арқылы күресу қажет. "Жан-жаққа көз салайық, бізде отбасы құндылықтарын насихаттайтын бағдарламалар бар ма? Жоқ. Бүгінде мемлекет бұған назар салып отырған жоқ. Өкінішті, әрине", - дейді психолог.
Ажырасу мәселесі - Ажырасуға субъектив себептердің бірі ретінде сарапшы әке мен бала проблемасын атады. "Ата-аналар балаларын ойлау керек. Бізде қазір балаға қамқорлық материалдық деңгейде ғана көрінеді - қандай смартфон алу керек, қай мектепте немесе ЖОО-да білім алу керек деген сияқты, ал махаббат пен тәрбие кейінге ығысқаны өкінішті", - дейді ол.
Неке бұзылу себептері - Некенің бұзылуы-отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет. Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әр түрлі. Әлеуметтанушы ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш түрлі себептерді көрсетеді. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:
- - тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б.);
- - тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемділікке салыну);
- - ішкі жағдайлар ( жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
Қорытынды - Әр халықтың діні мен тілі, салт-дәстүрі бөлек болғанымен, ұрпақ өрбіту, тәрбиелеп өсіру және ата-ананың перзенттері алдында жауапкершілігі бірдей. Балалар – біздің ертеңіміз. Олардың қандай азамат болып шығатыны біздің бүгінгі берген тәрбиемізге тікелей байланысты. Ұлттық комиссияның жүргізіп отырған саясаты да отбасы тағдырына, елдің болашағына немқұрайлы қарамау керек деген ұстанымды басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |