Интернеттегі Ұлттық Банктің Web-сайтына
орналастыру үшін өндірістік сектордың және қаржы секторының кейбір сегменттерінің дамуы бойынша талдау ақпараты
(2006 жылғы шілде)
МАКРОЭКОНОМИКА (Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша)
Өндіріс ( 2006 жылғы шілде)
Экономиканың нақты секторы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,9%-ға өсіп, 3515,4 млрд. теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,9%-ға өскен, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлу көлемі 5,3%-ға, өңдеуде 7,1%-ға өскен.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсуі негізінен қорғасын-мырыш (27%-ға), агломерленген темір (26,9%-ға), марганец (3%-ға) және мыс (2,1%-ға) рудаларын; тас көмір (11,6%-ға); темір рудаларының шекемтасытарын (7,3%-ға); өңделмеген мұнай (6,3%-ға) өндірудің ұлғаюынан болды. Сонымен қатар, құрамында алтыны бар (21,2%-ға), агломерленбеген темір (16,7%-ға), мыс-мырыш (11,4%-ға) және хром (3,6%-ға); газ конденсаты (7,7%-ға); табиғи газ (7,3%-ға); лигнит (4,4%-ға) рудаларын өндіру қысқарған.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсуіне 2006 жылғы қаңтар-шілдеде көлік құралдары мен жабдықтардың - 49,7%-ға, резіңке және пласмасса бұйымдарының – 25,8%-ға, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінің – 20,8%-ға, машина жасаудың – 18,4%-ға, электр жабдығының, электронды және оптикалық жабдықтың – 17,1%-ға, басқа да металл емес минералды өнімдердің – 17,0%-ға, тамақ өнімдерінің өндірісі, сусындардың – 8,0%-ға, металлургиялық өнеркәсіп өнімдерінің – 6,2%-ға, кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдардың өндірісі – 4,3%-ға, темекі бұйымдарының өндірісі – 1,8%-ға, тері, теріден бұйымдар және аяқ киім өндірісі – 0,9%-ға өсуі ықпал етті. Сонымен қатар, химия өнеркәсібін өндіру көлемі 15,2%-ға, машина мен жабдық – 7,1%-ға, ағаш және ағаш бұйымдарының өндірісі – 3,9%-ға, тоқыма және тігін өнеркәсібі – 2,1%-ға, өнеркәсіптің басқа да салалары– 1,5%-ға қысқарғаны байқалған.
2005 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда электр энергиясын, газды және суды өндіруде және бөлуде өндіріс көлемі электр энергиясын және газ түріндегі отын өндірісі көлемінің тиісінше 7,4%-ға және 5,5%-ға өсуі, бумен және ыстық сумен 4,6%-ға жабдықтау есебінен 5,3%-ға өскен.
2006 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 238,7 млрд. теңгені құрады және 2005 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,4%-ға өскен.
2006 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсетулер, қосымша бағалауға дейінгіні қоса алғанда, 410,2 млрд. теңге болды, бұл 2005 жылғы осы кезеңдегі деңгейден 1,3 есеге көп. Тұрғын үй құрылысына 154,1 млрд. теңге инвестиция жіберілген, бұл 2005 жылғы қаңтар-шілдеден 1,4 есе көп.
Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2005 жылғы осы кезеңге қарағанда 20,3%-ға көбейіп, 1275,6 млрд. теңге болды. Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға жалпы инвестиция көлемінің 33,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,7%), көлік пен байланыс (14,9%), өңдеу өнеркәсібі (9,7%) басым салалар болып табылады.
2006 жылғы қаңтар-шілдеде көлікпен жүк тасымалдау көлемі республикада 2005 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,7%-ға өсіп, 1055,9 млн. тонна жүк деңгейіне жетті.
Байланыс кәсіпорындарының көрсеткен қызметтерінің көлемі 2006 жылғы қаңтар-шілдеде 150,5 млрд. теңге болды, оның ішінде халыққа қызмет көрсету – 53,9 млрд. теңге, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тиісінше салыстырмалы бағамен 23,3%-ға және 32,2%-ға көп.
Инфляция және бағалар (2006 жылғы шілде). Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші-кәсіпорындардың өндірістік сипаттағы қызметті қоса алғанда бағасы 2006 жылғы шілдеде 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда – 2,8%-ға төмендеген, 2005 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,5%-ға өсті. Өндірілген өнімдердің бағасы 3,1%-ға төмендеген, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер – 0,8%-ға өскен. Түпкілікті мақсат бойынша жіктелген өнім тобынан аралық тұтыну өнімдерінің бағасы 3,4%-ға, өндіріс құралдары 0,4%-ға, тұтыну тауарлары – 0,3%-ға төмендеген.
МОНЕТАРЛЫҚ ШОЛУ
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (2006 жылғы шілде) 2006 жылғы шілдеде Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағада 6,3%-ға (немесе 821,0 млн. долл.) өсті. Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу жағдайында да Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу және Үкіметтің шоттарына валютаның түсуі таза валюталық қорлардың 750,6 млн. долларға ұлғаюына (СКВ) алып келді. Алтынның әлемдік нарықтағы бағасының 6,1%-ға өсуі нәтижесінде алтындағы активтері 70,4 млн. долларға өскен.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 10 205,4 млн. доллар) 24 110,1 млн. доллар болды. Алдыңғы айда 5,1% өскен.
2006 жылғы шілдеде Ұлттық Банктің таза сыртқы және ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 9,8%-ға кеңейіп, 1 162,9 млрд. теңгеге дейін жетуіне себеп болды
Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін ескермегенде ақша базасы 26,2%-ға 1 060,0 млрд. теңгеге дейін кеңейген.
2006 жылғы шілдеде ақша массасы 4,0%-ға өсіп, 2 813,3 млрд. теңгеге жетті. Ақша массасы өсуіне таза сыртқы активтердің 16,2%-ға және банк жүйесінің ішкі активтерінің 4,0%-ға көбеюі әсер етті.
Айналыстағы қолма-қол ақша шілдеде 4,0%-ға көбейіп, 572,1 млрд. теңгеге жетті, банк жүйесіндегі депозиттер 4,0%-ға көбейіп 2 241,1 млрд. теңгеге жетті. Қорытындысында ақша массасы құрамы өзгерген жоқ: айналыстағы қолма-қол ақшаның үлесі 20,3%-ды, тиісінше депозиттер – 79,7%-ды құрады.
Ақша базасының өсу қарқыны ақша массасының ұлғаю қарқынымен салыстырғанда алға жылжуы ақша мультипликаторының 2,55-тен 2,41-ге дейін төмендеуіне ықпал етті.
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ
Депозит нарығы (2006 жылғы шілде). Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда 2006 жылғы шілдеде 4%-ға ұлғайып, 2241,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Заңды тұлғалардың депозиттері 4,7%-ға ұлғайып 1480,2 млрд. теңгеге дейін жетті, жеке тұлғалардың депозиттері 2,8%-ға ұлғайып, 760,9 млрд. теңгеге дейін жетті.
2006 жылғы шілдеде ұлттық валютадағы депозиттер 5,2%-ға ұлғайып 1497 млрд. теңгеге жеткен, шетел валютасындағы депозиттер 1,8%-ға ұлғайып 744,1 млрд. теңгеге дейін жеткен. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 66,1%-дан 66,8%-ға дейін өсті.
Банктердегі халық салымдары (резидент еместерді қоса алғанда) бір айда 2,7%-ға өсіп, 769,4 млрд. теңгеге жеткен. 2006 жылғы шілдеде халық салымдары құрылымында теңгелік депозиттер 4,5%-ға өсіп, 521,5 млрд. теңгеге дейін жетті, ал шетел валютасындағы депозиттер 0,9%-ға қысқарып 247,9 млрд. теңгеге дейін жетті. Нәтижесінде теңгелік депозиттердің үлес салмасы 66,6% -дан 67,8%-ға дейін ұлғайған.
Банктердің депозиттері бойынша ставкалардың динамикасы мынадй өзгерістермен сипатталды. 2006 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 4,1% (2006 жылғы маусымда – 3,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9% (9,4%) болды.
Кредит нарығы (2006 жылғы шілде). Банктердің экономикада кредиттері бойынша негізгі борышының жалпы көлемі 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда 2006 жылғы шілдеде 6,2%-ға өсті және 3310 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 6,6%-ға өсті және 1714,8 млрд. теңге болды, ал шетел валютасындағы кредиттер 5,8%-ға өсіп, 1595,0 млрд. теңге болды. Нәтижесінде теңгелік кредиттердің үлес салмағы 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда 51,6%-дан 51,8%-ға дейін өсті.
Ұзақ мерзімді кредиттер 7,2%-ға өсіп, 2402,7 млрд. теңге болды, ал қысқа мерзімді кредиттер 3,6%-ға өсіп, 907,1 млрд. теңге болды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 71,9%-дан 72,6%-ға дейін өсті.
Шілдеде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 5,2%-ға өскен және 2293,3 млрд. теңгені құрады, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 8,7%-ға өскен және 1016,6 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 30%-дан 30,7%-ға дейін өскен.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген кредиттері шілдеде маусыммен салыстырғанда 5,9% -ға өсіп, 599,7 млрд. теңгені құрады
Салаларға бөліп қарағанда, сауда (24,3%), өнеркәсіп (13,2%), құрылыс (13,4%) және ауыл шаруашылығы (5%) сияқты экономика салаларына белсенді түрде кредит беріледі.
2006 жылғы шілдеде 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда жеке тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 19,8%-дан 20,7%-ға дейін өсті, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша - 13,4%-дан 13,1%-ға дейін өскен.
Банкаралық ақша нарығы. 2006 жылғы шілдеде банкаралық ақша нарығында ұлттық валютада, сондай-ақ шетел валютасында өтімді құралдарды орналастыру бойынша банктердің белсенділігінің төмендеуі байқалған.
Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттердің көлемі 2006 жылғы маусыммен салыстырғанда 46%-ға төмендеген және 672,0 млрд. теңге болды. Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы маусыммен салыстырғанда 3,77%-дан 3,98%-ға өскен.
Ағымдағы жылдың шілдесінде валюталық қарызға алу банкаралық нарығында доллардағы депозиттер 12,6 млрд. АҚШ доллары орналастырылған, бұл өткен айдағымен салыстырғанда операциялардың 28%-ға төмендегенін көрсетеді. 2006 жылғы шілдеде орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы маусымда 5,08%-дан 4,70%-ға дейін төмендеген.
Банкаралық қарызға алудың басқа түрлері бойынша операциялар аз ғана көлемде жасалды.
ЗСД СТБ-ның бастығы Т. Қалиасқарова
Достарыңызбен бөлісу: |