«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет31/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Дәріс Макроэк

2. Ақша-несие саясаты құралдары.
Елдегі ақша-несие саясатын жүргізудің құралдары төмендегідей:
- несиелеу лимиті, пайыздық ставканы тікелей реттеу
- міндетті резервтеу нормасын өзгерту
- есептік ставканы өзгерту
- ашық нарықтағы операциялар
Міндетті резервтер дегеніміз – коммерциялық банктердің Орталық Банкте пайызсыз салым ретінде сақтауға тиісті депозитінің бөлігі.
Міндетті резервтер нормасы – коммерциялық Банктің депозитінің көлемінен алынатын соманың пайыздық көрінісі. Коммерциялық банктер артық резервтерді де сақтайды. Ол – міндетті резервтерден артық, белгілі бір жағдайға қажетті қаражаттар. Бұл банктерді ақшаны айналысқа жіберуден түсетін табыстан айырады. Сол себепті пайыздық ставка өскен сайын артық резервтер деңгейі төмендейді.
Есептік ставка – Орталық Банктің коммерциялық банктерге несие беруі кезіндегі белгілеген ставкасы.
Ашық нарықтағы операциялар – бұл бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кең қолданылады. Бұл құрал бойынша Орталық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады (көбіне қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды алады).
LM қисығының пайыздық ставка мен ұлттық табыс деңгейі арасындағы байланысты көрсететіндігі белгілі. Оның бойындағы кез-келген нүкте ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңдестігін білдіреді. Ақша нарығындағы мұндай теңдестік ұлттық табыс өскен кезде пайыздық ставка да көтерілген жағдайда орын алады .
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ақша несие саясатының мәні неде?

  2. Монетарлық саясаттың құралдары қандай?

  3. Пайыз және пайыздық қойылым деген не?

  4. Монетарлық саясаттың қандай түрлері бар?.

  5. Рестрикциялық саясат

  6. Экспансиялық саясат

  7. Монетарлық саясаттың экономикаға тигізетін әсері қандай?.

Тесттер:
1. Міндетті резервтер нормасы:
А) біріншіден ақша массасын шектеу құрал ретінде енгізіледі
Ә) салынымдардың қайтарудан сақтайтын құрал ретінде енгізіледі
Б) халыққа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті ақша массасының орташа шамасын құрайды
В) қазіргі күні қолданылмайды
Г) монетарлық саясаттың құралы болып табылмайды
2. Жалпы ақша массасы әрдайым өседі егер коммерциялық банктер
А) орталық банкте өз салынымдарын көбейтсе
Ә) халыққа беретін несие көлемдерін көбейтсе
Б) халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
В) орталық банктен өз салынымдарының бөлігін алса
Г) салынымдар бойынша ақша төлеп ағымдағы шоттар бойынша міндеттімелерін қысқартса
3.Резервтеу нормасы тәуелді:
А) Ақша мультипликаторына
Ә) Коммерциялық банктердің артық резервтеріне
Б) Қор жинағына
В) Мемлекеттік сатып алу шығындарына
Г) Тұтыну шығындары мультипликаторына
4. Ақша-несие саясатының негізгі түрі:
А) Ынталандырушы ақша-несие саясаты
Ә) Дефляциялық ақша-несие саясаты
Б) Мемлекет шығындарын азайту
В) Салық салу деңгейін арттыру
Г) Ревальвациялық ақша-несие саясаты
5. Экспансиялық ақша-несие саясаты:
А) Сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін төмендету
Ә) Салық салу денгейін төмендету
Б) Екінші денгейлік банктердің несиелік операциялар көлемін шектеу
В) Мемлекет шығындарын азайту
Г) Инфляцияны азайту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет