Хирургиялық операциялар



бет1/6
Дата30.04.2024
өлшемі19.96 Kb.
#500172
  1   2   3   4   5   6
Хирургиялық операциялар


Хирургиялық операциялар
Тіндер мен ағзаларға емдеу және диагностикалық мақсатта жасалынатын механикалық әсер ету операция деп аталынады. Жарақаттануына байланысты операциялар жабық және ашық болып екіге бөлінеді. Жабық – қансыз әдіс, яғни тіндер мен шырышты қабаттарды зақымдамайды, оған мысалы: буынның шығуы жатады. Ашық – қанды, яғни тіндер мен шырышты қабаттарды жарақаттаумен жүреді.
Хирургиялық операциялар орындалу мезгіліне байланысты: шұғыл (экстренная) дереу: ол науқас ауруханаға түскеннен кейінгі алғашқы сағаттарында жасалады. Жедел (срочная) операция – алғашқы бір тәулік ішінде жасалатын. Жоспарлы (палновая) – жоспарлы түрде жасалатын, ұақыты шектелмеген операция. Ол қатерсіз ісіктерде немесе жарықтар болған кезде жасалады.
Емдік мөлшеріне, мақсатына байланысты: радикальды ( толық емделу) және паллиативті (операцияға байланысты толық емделуге бермейтін ауыр жағдайды жақсартуға арналған операция. Мысалы: гастростония). Жасалу кезеңіне, мезетіне байланысты: а)бір сәттік операция. Оған апендоэктомия жатады.б)көп сәттік. Оған сигманың рагы мысалы жатады.в)Симультанттық операция-бір уақытта әртүрлі операциялар жасалынуы мүмкін (асқазан резекциясы және, холецистэктомия, немесе дивертикульдің (Меккел) резекциясы).
Жасалу мақсатына қарай: байқау операциясы. Кейбір жағдайларда операция көлемі, оның түрі оперция үстінде ғана анықталады, осындай операцияны «байқау» операциясы деп атайды. Диагностикалық операция. Кей жағдайларда диагноз қою тек оперция арқылы ғана шешіледі, міне осы мақсатпен жасалатын операцияны дианостикалық емдеу деп аталады. Операция түріне қарай: қалыпты дегеніміз операция белгілі, қалыптасқан әдіспен жасалуы. Қалыптан тыс- атипиялық: егер қалыпты заңдылықпен жасалмаса.
Хирургияның дамуына, ғылыми жетістіктеріне байланысты: 1)Микрохирургиялық операциялар арнайы ұлғайтқыш шынылы аспаптар арқылы, микроскоптар қолдану арқылы жасалынады. Қолданылатын құрал саймандар, тігіс жіптері де арнайы болады. Бұл операциялар тамыр операцияларында, нейрохирургияда, травматологияда да кең қолданыла бастады. (саусақ, қол, аяқ травмалық ампутация кездерінде.)
2)эндоскопиялық операциялар әртүрлі оптикалық аспаптар көмегімен жасалынады. Қазіргі кезде эндобейне тәсілді хирургияда кең тарай бастады. Олар әртүрлі әдістермен жүргізілүде, ондайларға лапароскопиялық, торакоскопиялық, артроскопиялық операциялар жатады. Бұл операция түріне гастродуоденоскоп, ронхоскоп, колонскоп, цистоскоп, ретроскоп аспаптар арқылы жүргізілетін операциялар жатады.(полиптер алынады, күйдіру,қан тоқтату, тас алу, холецистоэктомия).
3)эндоваскулярлық операциялар рентгендік сәулемен бақыланып жасалынады. Тамыр ішіндегі бляшкаларды алу, эмболизация арқылы тамырды бекітіп, қан тоқтату, тамырдың жіңішкерген бөлігін кеңейту, немесе, қатерлеу, т.с.с жабық операциялар жасалынады.
Қайталанған операциялар(реаоперация): амалсыздан жасалған және жоспарлы жасалған болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет