​Мал дәрігерлік клиникада жалпы және жеке сақтандыру жұмыстары жүргізіледі



Дата04.02.2022
өлшемі14.92 Kb.
#455109
Документ (4)


​Ішкі аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған аурулардың бірі, ішкі аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіліп жүрген айқын ауру малдан басқа, белок, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бүзылган көптеген малда кездеседі. Бұл, малға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетуін талап етеді.

​Мал дәрігерлік клиникада жалпы және жеке сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы сақтандыру жұмыстары: дені сау, дене бітімі мықты, жоғары өнімді мал тобын жасақтауға бағытталған жоспарлы іс-шаралар жүйесі болып табылады.

​Жеке сақтандыру жүмыстары жекелеген ішкі аурулардың тууына жол бермеуге бағытталған, мысалы: қантышқақ, алаөкпе, мешел, остеодистрофия, гиповитаминоздар жэне т.б.

Бір түрлі қорекпен азықтандырған, бір түқымды мал тобына сыртқы факторлар қолайсыз эсер еткенде организм метаболизмі бүзылады. Бүл жагдайда топтық емдеу жүргізуге тура келеді жэне ол жеке сақтандырудың бір түрі болып табылады.

Мысалы: жекелеген ішкі аурулардан сақтандыру кейбіршаруашылықтарда диеталық қүрама азықтар, минералды жем-шөп беру арқылы жүзеге асырылады. Бүзауларды қантышқақтан сақтандыру, сиыр буаздыгының үшінші кезеңінде, бүзылган зат алмасу процесін (ацидоз, кетоз) қалпына келтіру жолымен жүзеге асырылады.

​Шаруашылықта топтық емдеумен қатар жеке емдеу де жүргізіледі, әсіресе жогары өнім беретін жэне аса қымбат малды емдеу бірінші орында түруга тиіс.

​Ішкі аурулардан сақтандыруда мерзім және өсу ырғағының маңызы зор. Мерзім ырғағы: малдың барлық физиологиялық процесі мерзімге байланысты болады, қыстағы сыртқы ортаның қолайсыз факторлары: ультракүлгін сәуленің аздығы, жарықтың кемшілігі, азықтың биологиялық нашарлығы. Осыдан келіп зат алмасу процесі төмендейді, ал жазда, қолайлы жағдайларда бір қатар факторлардың эсерінен бұрыңғы қалпына келеді.

Ветеринариялық ғылымдар мен практиканың негізгі мақсаты-малды аурулардан сактандыру және олардан келетін шығынды азайту болып табылады. Аурудың алдын алу, дерттенген мадды емдегенге кдрағанда жеңілдеу екені жалпыға белгілі. Сол себепті, ішкі аурулардан малды сақгандыруға аса көңіл бөлініп отыр. Бүгінде, егеменді ел болып ірге көтергелі республикада "Ве-теринариялық заң" дүниеге келді. Осы заңца кез келген шаруашылықтарда малды жүқпалы және жүқпалы емес саурулардан сактандыру ережелері мен нүсқаулары және үсыныстар берілген.

Сақгандыру шараларының негізгі мақсаты сол малға қалыпты күтім және бағым жасау және оларды сыртқы қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен сақтау. Сақтандыру шаралары ветеринариялық қызмет көрсетілетін барлық   бөлімдерінде жүргізі-леді.

Дәлірек жоспарлау және белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін сақгандыруды шартты түрде екі топка бөледі, жалпы және дербес сақгандыру деп.

Жалпы сақтандыру дегеніміз мал организмінің резистенттілігін көтертетін, ауру тудыратын факторларды жоя алатын сауыктыру әрекеттері жэне баска да алдын-алу шараларының жиынтығы.

Дербес сақтандыру - бүл, белгілі бір шаруашылыкта немесе технологиялық процестің бір мезгілінде тиісті сақтандыру шараларын жүргізуге бағытталған.

Диспансеризация. Малды ішкі аурулардан жалпы сактан-дырудың негізі диспансеризация болып табылады.



Диспансеризация дегеніміз-жогары өнімді, дене бітімі мыкты жэне зат алмасу процесі жогары сапалы мал өсіруге арналған сақгандыру жэне емдеу жүмыстарының жоспарланған жүйесі. Онда үйір-үйір дені сау малға клиникалық-биохимиялық зерттеулер жүргізіледі жэне зат алмасу процестері бүзылғанда емдеу және сактандыру жүмыстарын үйымдастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет