Тақырыбы №1 «жалпы сақтандыру және емдеу негіздері» Аурулардан жалим және дара сақтандырудың теориялық жэне ұйымдастырушылық негіздері



Дата04.02.2022
өлшемі34.5 Kb.
#455110

Тақырыбы № 1 «ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ НЕГІЗДЕРІ»

Аурулардан жалим және дара сақтандырудың теориялық жэне ұйымдастырушылық негіздері

Ішкі аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған аурулардың бірі, ішкі аурулардың ерекшеліктері мынада: дәрігерлік көмек көрсетіліп жүрген айқын ауру малдан басқа, белок, көмірсу, витамин, минералды заттар алмасу процестері бүзылган көптеген малда кездеседі. Бұл, малға анық ауру белгілері болмаса да дәрігерлік көмек көрсетуін талап етеді.

Мал өсіру бағытындағы шаруашылықтарда ішкі аурулардан сақтандырудың жалпы мемлекеттік жоспары болуы қажет.

Мал дәрігерлік клиникада жалпы және жеке сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы сақтандыру жұмыстары: дені сау, дене бітімі мықты, жоғары өнімді мал тобын жасақтауға бағытталған жоспарлы іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Жеке сақтандыру жүмыстары жекелеген ішкі аурулардың тууына жол бермеуге бағытталған, мысалы: қантышқақ, алаөкпе, мешел, остеодистрофия, гиповитаминоздар жэне т.б.

Бір түрлі қорекпен азықтандырған, бір түқымды мал тобына сыртқы факторлар қолайсыз эсер еткенде организм метаболизмі бүзылады. Бүл жагдайда топтық емдеу жүргізуге тура келеді жэне ол жеке сақтандырудың бір түрі болып табылады.

Мысалы: жекелеген ішкі аурулардан сақтандыру кейбір шаруашылықтарда диеталық қүрама азықтар, минералды жем-шөп беру арқылы жүзеге асырылады. Бүзауларды қантышқақтан сақтандыру, сиыр буаздыгының үшінші кезеңінде, бүзылган зат алмасу процесін (ацидоз, кетоз) қалпына келтіру жолымен жүзеге асырылады.

Шаруашылықта топтық емдеумен қатар жеке емдеу де жүргізіледі, әсіресе жогары өнім беретін жэне аса қымбат малды емдеу бірінші орында түруга тиіс.

Жалпы сақтандырудың теориялық маңызы, организммен сыртқы ортаның бірігуінің жалпы биологиялық маңызы болып табылады.

Сыртқы орта деп шаруашылықтың жер, климат ерекшелігін, азық базасының жагдайын, саны мен сапасын, азықты дайындау және сақтау эдістерін, малды багып-күтуін, сонымен қатар оларды шаруашылықта дүрыс пайдалануын түсіну керек. Сырткы ортаның осы факторларын басқаруда адамның аткаратын ролі өте зор.

Ішкі аурулардан сақтандыруда мерзім және өсу ырғағының маңызы зор. Мерзім ырғағы: малдың барлық физиологиялық процесі мерзімге байланысты болады, қыстағы сыртқы ортаның қолайсыз факторлары: ультракүлгін сәуленің аздығы, жарықтың кемшілігі, азықтың биологиялық нашарлығы. Осыдан келіп зат алмасу процесі төмендейді, ал жазда, қолайлы жағдайларда бір қатар факторлардың эсерінен бұрыңғы қалпына келеді.

Көптеген шаруашылықтарда клиникалық дені сау малдың аралық зат алмасу процесінің едәуір ығысуы мына түрде көрсетіледі:

а) белок қүрамының төмендеуі жэне қанда глобулиннің

азаюы;

б) қанда қант құрамының азаюы;



в) сүйектің деминерализациясынан, организмде фосфор -

кальций қүрамының төмендеуі (бірінші орында құймышақ, мүйіз

өсінділері, қабырға);

г) қан қүрамындағы сілтінің, гемоглобиннің, эритроциттер

мен лейқоциттердің, каротин мен А витаминінің төмендеуі;

д) жаңа сауылған сүтте сүт қышқылдыгының жоғарылауы

және тығыздьтғыньтң төмендеуі;

е) сауын сиырларында субклиникалық кетозының белгілері

бар екенін көрсететін гиперкетонемияның, кетонурияның жэне

кетонолактияның пайда болуы;

ж) сүт, ет, жүн және жүмыртқа өнімділігінің төмендеуі, қыста

белоктың, көмірсудың жэне минералды заттар мен витаминдер

алмасуының төмендеуінен болатынын көрсетеді.

Көбіне, қара топырақсыз жэне қара топырақты аймақ жагдайындағы өнімдік малдың физиологиялық процесінің маусымдық ырғағын зерттеген кезде, біркелкі талдау ұйымдастырғанның өзінде табын бойынша шілде-тамыз айлары мен салыстырғанда желтоқсан-қаңтар айларында бір сиырда сүт өнімділігі 50-250 кг төмендейді.

Өсу ырғағы, жас организмнің постэмбриональды кезеңге жетуінің және соған сэйкес физиологиялық процесс ыргагының ішкі аурулардан жоспарлы сақтандыруда маңызы зор. Сақтандыру жэне емдеу шараларын жүргізу үшін іштегі үрықтың даму заңдылығын, соның ішінде, эмбрионның өсу қарқындылығын, салмағының өсуін, буаздықтың соңгы кезеңінде түқым сүйегінде фосфор-кальций түздарының жиналу қарқынының күшеюін білу қажет. Буаз кезеңінде ана организміне азықтың жетіспеушілігі, зоогигиенаның бұзылуы, алмасу процесін бүзып қана қоймай, ұрпақтың дамуына керісінше эсер етеді. Түсіктің, өлі туғандардың, салмағы өте төмен төлдің көбеюі эмбриогенез кезеңінде зат алмасу процесінің едэуір бүзылгандыгын көрсетеді.

Организмнің постэмбриональды жетілуінің бастапқы саты кезеңінде оның гумаральдық иммунитетінің болмай тек қана клеткалық иммунитетінің болуы қорганыштық реакциялардың әлсіздігін көрсетеді. Жаңа туған төлдің бүл жагдайы гамма-глобулиндік фракциялардың болмауымен, сонымен бірге эозинопениямен байқалады. Қанда гемоглобин, эритроцит мөлшері көбейіп, нейтрофил ядролары солга жылжыган лейкоциттер саны да артады.

Ересек малмен салыстырғанда жылу берілуі 2 есе өсіп, бұл дене қызуының кенет ауытқуынан (1,5°С шамасында) көрінеді.

Жас организмнің уыз қабылдагандагы жауап реакциясы үлкен маңыз атқарады: сапалы уыз гуморальды иммунитеттің жылдам құрылып, организмнің қарсы түру қабілетін арттырады, ал құрамында кетон денелері бар, томен қышқылды жэне иммунитет деңгейі томен уыздың берілуі диспепсия мен қарсылық қабілетінің (резистентность) төмендеуіне экеліп согады.

Сүт кезеңінің бірінші аптасында жаңа туган төлдің клиникалық-биохимиялық көрсеткіштері едэуір өзгереді, ол 8-10 күннен кейін сыртқы ортаның жагдайларында төмендейді. Бұл кезеңінде торайлар, балапандар сыртқы орта қызуының (16-18°С) бірқалыпты болуын қалайды.

Сүтті кезеңінен кейін белок, көмірсу, витаминдер, минералды заттар алмасулары жогарылайды, қарсылық денелер саны өседі. Гемоглобин, эритроцит, лейкоциттің қүрамы төмендеп, эозинофилдің саны жогарылайды. Организмде заттың толық қышқылданбауы ацидозга экеп соқтырады. Ацидозды-организмде қышқылданбаған заттардың түзілуі және жиналуы, қан құрамындағы сілтінің төмендеуі деп түсінуге болады. Ацидоздың 2 формасы болады метаболикалық және респираторлық (тканьде және өкпеде көмір қышқылының кідіруі).

Кетонды денелер гликогенді синтездеуге қатысады. Дені сау организм кетонды денелерді несеппен бірге едәуір көп бөледі. Зат алмасуы бүзылганда қанда кетонды денелер саны өсе бастайды. Қанда кетонды денелердің өсуін гиперкетонемия, несептегі кетонды денелердің өсуін кетонурия, ал сүттегі кетон денелерінің өсуін кетонолактия деп атайды. Кетонды денелері бар сүт пайдалануга жарамайды.

Гемодинамика бүзылады, күретамыр қысымы төмендейді, көктамыр қысымы өседі, капиллярдагы қан айналысы өзгеріп, желінсау ауруына әкеледі.

Қүрамында белогы басым азыцпен азыцтандырудан зат алмасуыиың бұзылуы. Организмде заттар бір қалыпта алмасуы үшін 100-110 г. қорытылатын бірліктегі азық протеині қажет. Соган байланысты иммуно-биологиялық сапасы жогары, дені сау үрпақ туады. Егер белокты көп мөлшерде берсе, асқазанның қорытуы бірден өзгереді: мес карындагы қоректік қышқылдылық жогарылайды, инфузориялар өледі немесе элсірейді. Егер белок толық ыдырамаса көптеген токсальбуминдер, гистаминдер, пептондар түзіледі. Олар қанга сіңіп, ацидозбен қатар созылмалы интоксикация тудырады.

Еліміздің кейбір аймақтарында сауын сиырларына жэне қолдан шагылыстыру станцияларында жогары концентратты, бір түрлі азық түрі қолданылады. Концентратты азықтар қанга сіңіп, ацидозды күшейтеді, амин қышкылы бүзылады. Бауырда гликоген мөлшері бір уақытта төмендейді, май дегенерациясы пайда болады. Қан күрамында билирубин жогарылайды.

Көмірсулары мен белоктың тапшылыгыиан алмасудың бұзылуы. Организм белок пен көмірсуды үзақ уақыт қабылдамаса зат алмасуының өзгеруіне әкеп соктырады. Сондықтан, бауырдың гликоген түзейтій қызметі бұзылып, гиперкетонемия пайда болады. Қанның гемоглобин, белок, эритроцит қүрамы төмендейді. Несеп қүрамында кетонды денелер, уробилин жэне белоктар кездеседі.

Қышқыл топырацта өсетін өсімдіктермен азыцтандыр-ганнан зат алмасуының бұзылуы. Топырақ, мал жэне өсімдік-мал ағзалары мен өсімдіктегі жэне топырақтағы микрофлораның өмір эрекеті сияқты эр түрлі формада өтетін биологиялық зат алмасу арқылы бірігеді. Қышқылдың жоғарылауынан топырақтың құнар-лығы, фотосинтездің деңгейі төмендейді. Орташа жэне жогары қышқылды топырақта өсетін өсімдіктер нашар өседі, қоректік қасиеті де өте төмен болады. Малға осы топырақта өскен өсімдіктерді үзақ уақыт берсе организмді элсіретіп, зат алмасуын ацидозға қарай өзгертеді.

Шөп қышқылдығының мал қаны мен сүті құрамына тигізетін эсері зерттеу арқылы анықталады. Мысалы: ауыл шаруашылық жайылымының 85,1 % қышқыл топырақта (жоғары, орташа, элсіз қышқылды) болғанда сиыр ацидозы жоғары, ал 45 % аймақтық малында орташа дэрежеде болады.

Қүрамында май қышқылы бар сүрлемді бергеннен ачмасудың бұзылуы. Жоғары сапалы сүрлемде 80 %-ға жуық сүт, 20 %-ды сірке қышқылы болады. Ал, май қышқылы мүлдем жоқ деуге болады. Сүрлемде көптеген қажетті қоректік заттар бар. Рационда май қышқылының көбеюі немесе ашуы қарында кетоздың субклиникалық формасын тудырады. Мұндай сүрлемде өмірге қажетті қоректік заттары болады, оның асқазан-ішек жолдарының жиырылгыштық қызметі мен секрециясын күшейтетін жақсы диеталық қасиеті болады.

Біз мынаны байқадық: (жалпы қышқыл мөлшеріне қарай) 12-66,3 % май қышқыл қүрамды сүрлеммен сауын сиырларын 2-6 ай, тэулігіне 20-25 кг-дан азықтандырғанда (тамырлы жеміссіз) кетонурия, тіпті кетоналактия нышанды ауыр ацидотикалық күй тудырады. Осы кезде көбінесе сүттің қышқылдығы артады. Рационда май қышқылының молаюы немесе мес қарында май қышқылды ашу процесінің күшеюі кетоздың субклиникалық түрін, ал одан эрі клиникалық айқын кетозға экеліп соқтырады. Сиырға тэулігіне қосымша 100 г май қышқылын бергенде 3-4 күндері гипер-кетонемия, кетонурия жэне кетонолактия нышаны пайда болатынын С.И.Смирнов гылыми тэжірибе арқылы дэлелдегён.

Сиырдың, құрамында май қышқылы көп немесе басқа да азықтардан үшынуы іштегі жатқан үрпақтың үшынуына экеп соқтырады. Бүзау өмірінің бірінші күндері қантышқақпен ауырады. Сірке қышқылының көптігінен соңғы қүйрық омыртқаларының жэне басқа да сүйектердің деминерализациясын тудырады.

Буаз сиырдың май қышқылымен, сондай-ақ сапасыз азық, басқа заттармен созылмалы улануы буаздың ана құрсағында алмасудың қыш-қылданбаған өнімдерімен, кетондық денелермен улануына соқтырып, соның нэтижесінде жас төл өмірінің алғашқы кезеңінің өзінен-ақ асқазан қызметінің бұзылуы ауруына, диспепсияға ұшырайды. Сірке қышқылын мол беру (тәулігіне 100 г жэне одан да көп) соңғы қүйрық омыртқалар мен басқа да қосалқы тіректік маңызы бар сүйектердің қатты минералсыздануын туғызады.

Егер рационда көмірсудың, протеиннің, майдың, витаминнің, минералды элементтердің қатынастары жақсы болса, қарындағы азық жақсы қорытылады, ал май қышқылдары қанға сіңіп, физиологиялық функциясына жақсы эсер етеді.

Азық қорытудың күрделі процестері күйіс қайыратын малдардың мес қарнында инфузориялар, саңырау құлақтар жэне эр түрлі микрофлоралардың жартылай қатынасуымен өтеді. Сиырды, сүрлемді-тамыр, түйнекті типті азықпен азықтандырған кезде мес қарыннан алынған 1 мл сүйықта 850 мыңнан 5 млн-ға дейін инфузориялар кездеседі. Олар клетчатканы ыдыратып, оны өзінің қоректенуіне пайдаланады. Тамақ массаларын осылай қорыту процесі кезінде Ві2 витамині жэне кейбір амин қышқылдарының синтезі жүреді. Клетчатканың гидролизі кезінде ұшқыш май қышқылдары (сірке, пропион, май) құрылады да, олар қанға тез сіңіріліп мөлшері көбейеді. Сірке қышқылы май қүралуы үшін жэне бір жағынан жем-шөптің энергетикалық ингредиенті есебінде пай дал аны лады. Пропион жэне сірке қышқылдары бауырда гликоген жиналуының, ал май қышқылы-кетон денелерінің қүралуының негізі болып табылады.

Бірақ, тәжірибе кезінде, рацион қүрамында жеңіл қорытылатын көмірсулардың (моноз типті) жэне протеиннің, соның ішінде алмастырылмайтын амин қышқылдарының жетіспейтін жагдайлары кездеседі, бұл мес қарындық азық қорытудың бұзылуы мен ацидозга экеледі.

Гигиенаның бүзылуынан туынданатын ацидоз жагдайы. Зат алмасуының бүл формасы мерзімге байланысты. Қыста, малды қорада ұстау кезінде, қуаншылық уақыттарда кездеседі. Ацидоз-қыста малға толық құнды рацион беріп, еркіне жібермей, байлауда түрғызса да кездеседі. Желдеткіштің нашарлығынан, жарық жэне ультракүлгін сәуленің жетіспеушілігінен де болады. Малда ацидозбен қатар кетоз да дамиды.

Бұл жағдайда, малда ацидоздан басқа субклиникалық, ал кей жағдайда айқын білінетін клиникалық кетоз өрбиді. Егер азықтандырудан қандай да қателік кетсе, онда малды (қыстақта) бір орында азықтандыруға қойғаннан 1-2 ай өтпей-ақ субклиникалық кетоз байқалады.

Ветеринариялық ғылымдар мен практиканың негізгі мақсаты-малды аурулардан сактандыру және олардан келетін шығынды азайту болып табылады. Аурудың алдын алу, дерттенген мадды емдегенге кдрағанда жеңілдеу екені жалпыға белгілі. Сол себепті, ішкі аурулардан малды сақгандыруға аса көңіл бөлініп отыр. Бүгінде, егеменді ел болып ірге көтергелі республикада "Ве-теринариялық заң" дүниеге келді. Осы заңца кез келген шаруашылықтарда малды жүқпалы және жүқпалы емес аурулардан сактандыру ережелері мен нүсқаулары және үсыныстар берілген.

Ішкі аурулардан жүйелі түрде сақтандыру шаралары ветеринария ғылымы мен практикасының жетістіктеріне негізделіп қүрылған, оған И.П.Павлов, И.М.Сеченов, В.И.Вернадский, Кожанов К.Н., Молдағулов М.А. жэне басқада отандас ғалымдардың организм мен сыртқы қоршаған ортаның бірлігі атты материалдарының ілімі негіз бола алады. Сактандыру және емдік шаралар тиімді болу үшін мал тіршілік еткен қоршаған ортаның ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана оң нәтиже бере алады (топырақ, ауа райы жағдайлары, азық қоры, рацион қүрамы, азықтардың сапасы, малды күтіп-бағу технологиясы, мадды пайдалану ж.т.б.).

Сақгандыру шараларының негізгі мақсаты сол малға қалыпты күтім және бағым жасау және оларды сыртқы қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен сақтау. Сол себепті, ветеринариялық қызмет мал қоралар қүрылысын жүргізуге араласады, мал қоралар мен кешендердің микроклиматының қалыптылығын бакылайды, әр түрлі жастағы малды күтіп-бағу технологиясын үсынуға қатысады, малға клиникалық-лабора-ториялық зерттеулер жүргізеді, организмнің жалпы резистенттілігін көтеретін және дертке кдрсы күш қуатын арттыратын биологиялық белсенді заттар береді, азыктардың сапасы мен олардың азықтандыруға жарамдылығын анықгайды.

Сақтандыру шаралары ветеринариялық қызмет көрсетілетін барлық бөлімдерінде (шаруашылықтарда, ауданда, облыста, республикада, көліктерде, ветеринариялық мекемелерде) жүргізі-леді.

Дәлірек жоспарлау және белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін сақгандыруды шартты түрде екі топка бөледі, жалпы және дербес сақгандыру деп.

Жалпы сақтандыру дегеніміз мал организмінің резистенттілігін көтертетін, ауру тудыратын факторларды жоя алатын сауыктыру әрекеттері жэне баска да алдын-алу шараларының жиынтығы. Бүларға жататындар: азықгандырудың ғылыми негізделген ере-желерін, малды технологияға байланысты күтіп-бағудың ветери-нариялық-санитариялық ережелерін сактау, аналық басты және конституциясы жоғары асыл түқымды еркек малды топтастыру, төлдердің ауруларын азайтатын және оларды шығынға ушыратпай сакталуының жалпы шаралары, мерзімді ветеринариялық тексе-рулер, диспансеризация ж.т.б.

Дербес сакщандыру - бүл, белгілі бір шаруашылыкта немесе технологиялық процестің бір мезгілінде тиісті сақгандыру шараларын жүргізуге бағытталған. Мысалға, мал организмін белок пен минерадды заттар алмасуына тексеру, премикстерді қолдану, витаминдер беру, ультракүлгін сәулесімен сәулелендіру, үлпалық препараттарды, ацидофилді-бульон культурасын, асқазан сөлін, төлдердің анемиясына қарсы темір препараттарын қолдану, азық-тардан болған карын жарақаттарын диагностикалау және алдын алу үшін темір іздегіш индикаторлар мен магнит зонттарын пайдалану, азыктардың улылығын тексеру ж.т.б.

Малдардың ішкі ауруларын алдын алудың негізіне дис¬пансеризация жатады.

Диспансеризация. Малды ішкі аурулардан жалпы сактан-дырудың негізі диспансеризация болып табылады.

Диспансеризация дегеніміз-жогары өнімді, дене бітімі мыкты жэне зат алмасу процесі жогары сапалы мал өсіруге арналған сақгандыру жэне емдеу жүмыстарының жоспарланған жүйесі. Онда үйір-үйір дені сау малға клиникалық-биохимиялық зерттеулер жүргізіледі жэне зат алмасу процестері бүзылғанда емдеу және сактандыру жүмыстарын үйымдастырады.

Диспансеризация өткізу үшін клиникалық диагностиканы, биохимияны, патологияны, азықгандыру мал гигиенасы және азық агротехникасы жағынан жетілген мамандар қажет. Ауданның мал дәрігерлік станциясының бас мал дәрігері диспансеризацияны үйымдастырып, өткізуге бағыт береді. Клиникалық зерттеуді, анализ түрін, бағып-күту жүмыстарын шаруашылықтың мал дәрі-гері мен мал мамандары қадағалайды.

Осы жүйені жүзеге асыру үшін елімізде материалдық-техникалық база жасакталған. Мал ауруларымен күресетін аудандық ветеринария л ық станциялар, өлкелік, облыстық, ауданаралық және аудандық мал дәрігерлік лабораторияларының биохимиялық бөлімдері бар. Сонымен қатар мал дәрігерлерін түрлі бағытта мамандандыру үшін жэне терапевт, биохимик-токсиколог кадрлары қүрылып, барлық мал дәрігері мамандарының мамандығын жетілдіру жүмыстары жүргізіледі.

Диспансеризацияны үйымдастырып, бағыт сілтейтін, мал ауруларына қарсы күрес ұйымдастыратын аудандық станцияның аға терапевт мал дәрігері болады. Табын синдроматикасына, азық-тандыру мөлшері мен түріне талдау жасап, күтіміне аудан орталығындағы мал дәрігерлік бөлімінің мал дәрігері мамандары тікелей клиникалық зерттеу жүргізеді.

Диспансеризация өткізу барысындагы емдеу жэне сактандыру шаралары. Диспансеризация диагностикалық, емдік жэне сак¬тандыру бағыттарында әрекет ететін үш кезеңнен түрады.

Диагностика кезеңінде мынандай мәселелер карастырылады:

- малды шаруашылыкта қолдану тәсілі, өнімділігі, жасы;

- азыктандыру анализі: түрі, сапасы және азыктандыру уақыты;

- бағып-күту, мал қорасының түрі, моцион үзактығы мен сипаты, желдеткіштін, еденнің күйі, жарық түсу мөлшері;

- зат алмасуына анализ: жалпы белок, сілті қоры, каротин, кальций фосфор алмасу жағдайларына;

Үйір табынының синдроматикасын білу:

а) табын бойынша малдың соңғы жылдағы сүт өнімділігін

білу;


ә) азықтың төлемі;

б) мал салмағының ауытқуы;

в) тышқақгың пайда болуы;

г) шаруашылықга соңғы 3 жылдағы бедеуліктің динамикасы;

ғ) зат алмасу процесіне байланысты аурулар: туудан жартылай жансыздануы, шу түсуінің кешігуі, эндометрит, жатырдың шығып кетуі, жемір, остеодистрофия, кетоз, гиповитаминоз т.б.;

д) табынның үдайы өндірісі мен малды соңғы үш жыл

арасында уақытынан бүрын жарамсыздыққа шығару;

ж) бүқаның сапасы, эякулят алудың нормасы, ұрықтың сапа-сыздығы;

Диспансеризация кезінде барлық сиырларды, бүкдларды және қашарларды клиникалық зерттеуден өткізеді. Әрбір малды жеке тексереді, анализге көңіл бөледі, жағдайын, азыққа тәбетін баға¬лайды. Сілекей қабыкдіасының, лимфа жүйесінің, терісінің, жүн қабатының, тұяғының, желінінің, жыныс ағзаларының жағдайын қарайды. Қажет болса дененің қызуын өлшейді, жүрек соғуын аныктайды, сонымен қатар жүректің, демалудың, азық қорыты-лудың несеп, жүйке, эндокриндік жүйелерінің жүмыстарын анык¬тайды.

Ірі шаруашылықтарда, малдардагы зат алмасуы жағдайларын түрақты түрде қадағалап түру үшін эр секциядан (жастарына қарап 15 бастан) бақылау (эталондық) топтарын құрады да, оларды жүйелі түрде әртүрлі бағытта (клиникалық, биохимиялық т.б.) тексеріп түрады.

Бірак, эталон топтар тек мал организміндегі алмасу процесі мөлшерін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Сондықган да барлық мал басын жылына бір немесе екі реттен тексеруден өткізеді. Әр мадды қарап, мал туралы мәліметпен танысып, жалпы күйі бағаланып, тәбетіне, шырышты қабық күйіне, лимфа түйіндеріне, терісіне, түкті жамылғысына, сүйектеріне (қүйыршыкта, соңғы қабырғада демине-рализация белгісі жоқпа?), түякқа, желініне және жыныс ағзаларына көңіл аударылады. Кджет болған жағдайда кейбіреуінің дене қызуын өлшеп, тамыр соғу жиілігін, тынысы мен руминациясын аныктайды (2 мин. ішінде), сондай-ақ демине¬рализация дәрежесін дәл бағалау үшін жүрек-кантамыр, тыныстану, азық қорыту, жүйке және эндокрин жүйелері әрекетін аныктайды.

Лабораториялық зерттеуді клиникалық зерттеумен бірге жүргізеді. Оның мақсаты белоктың, көмірсудың, минерал және витаминдер алмасуының сапасын мүлтіксіз білу. Қан қүрамындағы белок, сілті қорын, каротинді, кальцийді, фосфорды аныктайды, егер, кджет болса көмірсуды, кетонды денелерді, қандағы гемоглобинді жэне лейкоцит мөлшерін аныктайды.



Несепте белоктың қүрамын, кетон денешіктерін және уробилинді аныктайды, ал мүмкіндік болмаса, флаконмен лабораторияға жібереді.

Ішінара сүт пен несеп сынағы алынады. Сүтті қышқыддыққа және бірінші сауылымнан кейін кетондық денешіктерге зерттейді. Несептің тығыздығын, РН (индикатор қағазбен) белок пен кетондық дене қүрамы мен уробилин мөлшері анықталады. Сүт пен несеп фермада зерттелінеді, ал мүмкіндік болмаған жағдайда шишаға қүйып лабораторияға жібереді, кдн мал дәрігерлік лабораторияда зерттеледі. Малды клиникалық тексеру мен материалды лабораториялық анализге жіберу аралығы 2 күннен артпауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет