Мамандықтарының жіктеуіші енгізілген күні 2009. 09. 01. 1 Қолданылу саласы



бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#8847
  1   2   3   4   5   6   7

ҚР МЖ 08-2009

1.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ

МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕУІШІ


Енгізілген күні 2009.09.01.
1 Қолданылу саласы
Осы жіктеуіш Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының «Бакалавр-магистр-доктор PhD/профилінде» үш дәреже бойынша мамандарды даярлау құрылымын белгілейді (бұдан әрі - Жіктеуіш) және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұсынатын, білім беретін ұйымдарында кәсіптік даярлықты анықтайтын мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттарды жасауда пайдаланылады.

Осы Жіктеуішті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарында ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Жіктеуіш 10-топ бойынша ”Әскери техника және технология” мамандықтарына қолданылмайды.


  1. Нормативтік сілтемелер

Осы Жіктеуішті қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

ҚР СТ 5.0-2005 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 5.1-2007 Қазақстан Республикасының Мемелекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техника-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі.

ҚР СТ 5.2-2005 Қазақстан Республикасының Мемелекеттік техникалық реттеу жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу туралы ереже.



Ресми басылым

3 Терминдер мен анықтамалар
Осы жіктеуіште 1 ҚР СТ 5.0-2005, ҚР СТ 5.1-2007 құжатындағы терминдер сондай-ақ мынадай терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады:

3.1 Мамандық: Адамның тиісті құжаттармен расталатын мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған кәсіби қызметінің белгілі бір түрі үшін қажетті білім, шеберлігі мен дағдылар кешені.

3.2 Білім беру бағдарламалары: Бір мамандық аясында адамның қызметінің нақты саласында қолдануға бағытталған білім, шеберлігі мен дағдыларының айқындалған кешені.

3.3 Кәсіптік білім: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары мен нақты мамандық бойынша бағдарламаларға сәйкес маманның кәсіптік білім, іскерлік пен дағдыларды игеру процесі.

3.4 Нормативтік оқу мерзімі: Маманның белгіленген уақыт аралығында нақты білім бағдарламасы бойынша білім алуы және алған біліміне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат берілуі.
4 Жалпы ережелер
4.1 Жіктеуіш мамандықтар бойынша регламенттелген білім және ғылым ұйымдарының жалпы профилі бойынша реттелген бакалавриат, магистратура және докторантура, мамандықтарының кодтарын белгілейді.

4.2 Жіктеуіш техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратқа код тағайындау мен бірыңғай жіктеу жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

4.3 Жіктеуіш мақсаттары:

- қызметтің барлық түрлері мен көрсететін жіктеу бойынша қоғамға және әрбір азаматқа арналған ашық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесін құру;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу үшін нормативтік негіз жасау;

- ғылымның, техника мен мәдениеттің жетістіктеріне халықтың және мемлекеттік экономиканың қажеттілігіне сәйкес білім берудің сапасын арттыруға және дамытуға ықпалын тигізу;

- мемлекетаралық білім кеңістігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

- мамандықтар әр алуандығының ұтымды жағдайында бірыңғай білім беру технологияларын әзірлеу және енгізуге ықпалын тигізу;

- республикада барлық экономика салаларының мамандарға жоғары және жоқары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға қажеттіліктерін және оларды даярлау үшін негізделген мемлекеттік білім тапсырысын қалыптастыруды есептеу үшін жағдай жасау;

- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты жоғары кәсіптік білім саласында статистикалық есеппен талдауды қамтамасыз ету.

4.4 Жіктеуіштің объектілеріне меншіктік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру және ғылыми ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды оқытатын және дайындайтын мамандықтар жатады.

4.5 Автоматтандырылған басқару жүйелерінде жіктеуіш мынадай міндеттерді шешу үшін пайдаланылады:

- білім деңгейлері бойынша мамандықтардың өзара байланысты оңтайлы тізбесін белгілеу;

- мамандықтарды бірыңғайлау;

- кәсіби білімді мамандарды даярлау жүйесін еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа сәйкес қамтамасыз ету.


  1. Жіктеуіш құрылымы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары Жіктеуіште топтар бойынша және сегіз цифрлық кодпен көрсетілген.

Бірінші және екінші код белгілері цифрлық және әріптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейін көрсетеді.

Үшінші және төртінші код белгілері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының топтарын білдіреді, білім беру саласын көрсетеді.

Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші код белгілері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтарды және олардың білім беру бағдарламаларын анықтайды.

Кодтау құрылымы 1-суретте бейнеленген.





X

X

X

X

X

X


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет