«Манап» ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 9 айында атқарылған негізгі жұмыстары жайлы мәліметі
Ауылдық округі әкімі аппаратында 2013 жылдың 9 айында 13шешім, 58 өкім қабылданса, тиісті жоғарғы орындардан 337 құжат кіріске алынып, 336 құжат тиісті мекемелерге жолданған.
Жыл бойына ауыл әкімі атына жеке азаматтардан 13 арыз шағым келіп тіркеліп, тиісінше шешімін тауып отырған. Заңды тұлғадан 1 өтініш түсіп, ол да оң шешімін тапқан. Ауыл әкімінің жеке қабылдауда 1 азамат болып, түсіндірме жұмыстары берілген.
«Мектепке жол» акциясы барысында ауыл тұрғындары мен жастардың, кәсіпкерлердің ұйымдастырумен қаражат жиналып, ата-анасынан айырылған тұл жетім балалар мен бала жастан мүгедек балаларға бір жолғы көмек көрсетілді. Сонымен қатар « Ас-Сенім» ЖШС –гі 122500(жүз жиырма екі мың бес жүз)тенге көлемінде қаржы бөліп,Манап ауылы №160 орта мектептің 10 оқушысы мен Талап бекетіндегі №254 негізгі мектептің 25 оқушысы,барлығы 35 оқушыға заттай көмек көрсетті.
Көркейту көгалдандыру, абаттандыру мақсатында аудан бюджетінен бөлінген 602000 теңге қаражатқа көркейту көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жасалған жобалау - сметалық құжатына сай, ауыл ішілік көрнекі үгіт - насихат құралдары, 4 дана бильборд жаңартылды, 50,0 шаршы метр банерге жаздырылып, аркалар сырланып, жол жиегіндегі 50 түп саялы ағаш түптері әктеліп, 30 бағана краскіленді. Сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген 37 439 000 теңгеге Манап ауылдық округіне қарасты Манап ауылының Ж. Көпешов және П.Керімқұлұлы көшелеріне асфальт төселді.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 9 ай ішінде 21 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылды.
Ауылдағы төрт түлік малдар ірі қара 520 бас, жылқы 149 бас,түйе 170 бас, 4545 бас уақ малдар бірдейлендіріліп егу, емдеу жұмыстары жүргізілді.
Манап ауылдық округіне қарасты Манап ауылындағы 4 көшенің, Талап бекетінде 3 көшенің күл- қоқыстары шығарылып тазалау жұмыстары жүргізілді.
Манап ауылдық округіне аудандық бюджеттен 2013 жылы 22 887 000 теңге бөлініп, толық игерілді.
Манап ауылдық округі әкімі Е.Альменов
Достарыңызбен бөлісу: |