Маниакальды күйлер
Маниакальды күй дамуының алдында күш ағыны, жоғары сөзшеңдік, әрекеттілік, белсенділік артуымен сипатталатын гипоманиакальды аффект көрініс береді. Мұндай күйдегі науқастар ерекше ішкі шабытты сезінеді, олар көңілді, жиі күледі, күшті тәбеттерімен ерекшеленеді, аз ұйықтайды, тәулігіне 5 – 6 сағат ұйықтаса да өзін сергек, қуатты сезінеді.
Науқастарда маниакальды күй белгілер триадасымен сипатталады: көтеріңкі көңіл – күй, ойлау үрдісінің жылдамдаған ағымымен, қимыл – қозғалыстық белсенділіктің артуы. Науқастар әр нәрсеге кірісіп кетеді, түрлі жоспарлар құрады. Айқын байқалатын маниакальды күйлерде аса алаңдағыштық әсерінен олардың әрекеттерінің мақсаттылығы жоғалады, қимылдық қозу күшейе түседі. Бұл жағдайда науқастар өздерін жоғары бағалайды. Өздерінің керемет қабілеттілігі, дарындылығын жариялайды. Кейбір жағдайларда ұлылық сандырақтық идеялары дамуы мүмкін (шығармашылдық, реформаторлық). Дегенмен маниакальды күйдегі науқастардың сандырақтық идеялары олардың аффективті күйлермен тығыз байланысты.
Науқас А.М.Г., 59 жаста. Анасы тарапынан туыстарында жиі деприссивті эпизодтар бақыланған: әжесі депрессия жағдайында өз - өзіне қол жұмсап, қайтыс болған, науқастың анасында көңіл – күйдің ттербелістері байқалған. Туған ағасында да субдепрессия ұстамасы болған, бірақ ауруханада емделмеген. Әкесінің сүйікті қызы болған, ал анасы оған суық қараған, бұл науқасты қатты қынжылтатын. Ол үнемі анасының ашуын шақырып, ызаландыруға тырысқан. Өте ерке, қырсық, мазасыз болған: болмашы себептерден бірде ашуға булығып, бірде қуанған. Сабағын өте жақсы оқыған. Ерекше өлеңдер, прозалар жазған, тілге деген қабілетті жақсы болған, декломирлеуді ұнатқан, көпшілік алдында өзін еркін ұстаған. Науқас 14 жасқа толғанда анасы әкесімен ажырасқан. Қыз бұл жағдайды қатты уайымдап, анасымен қатынасы одан ары нашарлай түскен. Туыстарымен қарым – қатынасы ешқашан жақын болмаған, достары көп болып, олармен жақын қатынасқан. Достық байланыстары ұзақ және тұрақты болған. Филология факультетін бітірген. Біршама уақыт мектепте қызмет еткен, неміс және француз тілдерінен сабақ берген, сонан соң испан, итальян, португал тілдерінен әдеби аудармашы болып жұмыс жасаған. Өз жұмысымен аса әуестікпен айналысқан. Жеке өмірі қалыптаспаған, әйтсе де мүмкіншіліктер болғанымен, ол өз дертімен ешкімді байланыстырғысы келмеген. Бір өзі тұрады, тұрмысы орнықпаған. Әдебиетпен, көрмелермен белсенді айналысады, қонақта жиі болады. Етеккір алдында, әсіресе жас кезінде көңіл – күйінде төмендеу жағына қарай тербелістер байқаған, ол жағдай бір аптадан бір айға дейін созылатын болған.
Алғашқы ауруханаға түсуі 45 жасында. Әлжуаз күйге түсіп, жұмысқа қабілеті төмендеген. Осы сәтте анасы қайтыс болған, анасының жаназасына келмеген, қатыспаған. Бір күн бойы төсектен тұрмай жатып алған. Ауруханаға түскен, 4 ай емделген. Ауруханадан көтеріңкі көңіл – күймен шығып, бұл жағдайды бақыт ретінде қабылдаған. Белсенділік, іскерлік танытқан, көптеген көйлектер сатып алып, ауқымды ақша жаратқан, аударма жұмыстары бойынша үлкен іс атқарған. Одан әрі науқаста жыл сайын маниакальды күйлер пайда болып тұрған, ол кезде іскерлік танытқан, үлкен шығармашылық шабытпен көптеген жоғары сапалы аудармалар жасайды; осы кезеңдерде ретсіз ақша жұмсайды, сылқымданып, танысулары жиілеген, туыстарымен керіскен. Ұстамалары әдетте жаз айында, екі айға дейінгі мерзімді қамтыған. Туыстарының инициативасымен күштеп ауруханаға жатқызылған.
Психикалық күйі: әнгімеге белсенді қатысады, сөздері монолог сипатында, өз инициативасы бойынша сөйлейді, дәрігердің сөзін бөле береді. Сөзі жылдамдаған, қатты дауыспен сөйлейді, мәнерлі, жиі жүріс-тұрысы жасанды түрде балаларға тән сипатта. Көңіл – күйі көтеріңкі, тітіркенгіштікке тез ауысады, «анасы мен әкесінің» алдында кінәлімін дейді. Жоғары алаңдағыштық байқалады: ассоциация бойынша бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауытқып отырады. Өзін күйіне сыни көзқараспен қарайды, оны «күлкілі» жағдай деп атап, оған жедел түрде көмек көрсетуді сұранады, ем және зерттеу үрдісіне белсенді кірісіп кетті. Бөлімшеде науқастармен тез танысып, араласып кетті, өлеңдерін ләззат ала оқиды, кейде өлеңдерінің сипаты құлаққа оғаш, кейде тітіркенгіш, ызалы күйге түседі. Ем нәтижесінде сабырлана түсіп, өзінің әрекеттерін реттей алатын жағдайға жетті.
Диагностика
Корректуралық сынама. Типографиялық бланкіде басылған аз ғана мәтінді науқасқа беріп, 10, 5 не 3 мин ішінде белгілі ретпен К және Р әріптерін сызып тастауын сұраймыз.
Науқастың қорытындысын мәтінге арналған арнайы жауаппен салыстырып, аурудың нақтылығы мен әрекет жылдамдылығын есептейміз.
Маниакальды жағдайдағы науқас жұмысты өте тез жасайды, бірақ көп қате жібереді, ал депрессиямен ауырған науқас өте баяу жасайды.
Психикасы сау жас адам 10 мин ішінде 10-15-ке дейін, мидың қан тамырлық және органикалық патологиясы бар науқас 40-60 қате жібереді.
Жұмыс қабілеті төмендегенде, минуттарға шаққанда қателер бірқалыпты болады, ал шаршаған кезде қателердің саны зерттеудің соңында көбейеді.
Крепелин бойынша санау. Науқасқа типографиялық бланк береді, ол одан ұзын қатар жасап орналасқан сандарды көреді. Белгілі бір уақытта зерттелуші сандарды жіктеп, нәтижелерін жазып отыруы керек.
Науқастың ісі бойынша оның жылдамдығын және жұмысының нақтылығын, жұмыс қабілетінің ауытқуын, қажу сатысын анықтайды.
Сюжетті суреттерді түсіндіру. Науқастан суретте не салынғандығын сұрайды. Зерттеу үшін әр түрлі сюжетті суреттерді пайдаланады.
Зерттеу кезінде науқастың ой жинақылығы, негізгіні бөле білетіндігі, эмоциялық қызығушылық дәрежесі анықталады. Шизофренияда суретті сандырақ оймен жеткізу жиі бақыланады
Олигофрения кезінде суреттің сюжетін түсіну өте қиынға соғады, аурулар мимиканы нашар түсінеді, жалпы қимылды, адамдар арасындағы қатынастарды, суреттегілерді бағалай алмайды. Эпилепсиямен ауырған науқастар бөлшектерді, заттарды дұрыс бағалау үшін ұзақ жолмен түсіндіреді;. Ақыл кемдігімен сырқат науқастардың суретті түсінуі өте қиын. Қиялдау қабілетін зерттеу үшін прожективті Роршах әдісі қолданылады. Науқасқа сия дағы бар қағазды көрсетіп, онда не салынғандығын сұрайды. Зерттелушінің жеке басының ерекшеліктерін мінездейтін ақ-қара және түсті суретті Роршах кестесінің стандартты жинағы бар. Оқиғаның реттілігі. Айтылатын оқиғаны науқас ретімен суреттеуі керек. Бұл мақсатта сюжетті суреттер сериялары (3-6) балалар үшін, Бидструп карикатуралары сериясы («Үйде және жұмыста», «Жыл өтті», «Кім жұмыс жасады және кім шаршады», «Көру алданышы» т.б.) қолданылады. Жіктеу. Адамдардың, жануарлардың және басқа заттардың бейнесі салынған 70 суретті науқасқа беріп, түрі бойынша жеке-жеке жіктеуді сұрайды. Психикалық сау адам киімді, жеміс-жидекті, аңдарды, үй жануарларын т.б бөлек жіктей алады. Келесі кезеңде топтарды азайтамыз. Қалыпты жағдайда 3 топ бар: тірі жандар, өсімдіктер, өлі жандар. Абстрактылау үрдісіне талап жоғарылағанда, Экспериментальды-психологиялық зерттеу әсіресе екінші кезеңде ақыл кемдігінен зардап шегетін науқастардың жіктеу қабілеті күрт төмендейді. Эпилепсиямен ауыратын науқастардың детализацияға бейімділігіне байланысты, олар көп мөлшерде ұсақ топтар құрады. Орман құстары мен ұй құстары, кеселер мен басқа ыдыстар және т.с.с. ажыратады. Шизофрения кезінде науқас ойы қилы жоспарлы болып келеді, олар топтарды бөлгенде әр түрлі принципке негіздейді; мысалы, ол ыдыс-аяқты, адамдарды, транспортты бөледі, артынан көк және қара түсті заттарды, темір мен ағаш заттарды жіктейді. Артық затты анықтау. 4 зат салынған суретті науқасқа көрсетеді. Қалған үшеуіне сәйкес келмейтін бір суретті алып тастауға өтініш жасалады, содан кейін қалған үш зат қандай топқа жататыны сұралады. Алаңдату мен абстракция қасиеттері зерттеледі. Маңызды белгілер. Ірі шрифтімен басылған сөзге сәйкес ұсақ шрифтімен басылған 5 сөз ішінен 2 сөзді таңдауды сұрайды. Бұл 2 сөз заттың қасиетін көрсетуі керек. Түсінікті анықтау. Бірнеше сөздерді айтып, оларды түсіндіріп беруді сұрайды. Түсінікті салыстыру. Науқасқа бірнеше жұп сөздерді айтып түсіндіреді: жаңбыр және қар, жалған немесе қате т.б. Бұл сөздерді не байланыстыратынын және не ажырататынын айту керек. Мақал-мәтелдер мен метафоралардың мағынасын ашу. Науқас өзіне берілген мақал-мәтелдердің және метафоралардың мағынасын айтып, осы мағынаға сәйкес қағазда жазылған фразаларды таңдауы керек. Ассоциацияларды зерттеу үшін алпыс сөз (кез келген, ойға түскен), бос ассоциациялар (зерттелуші сынақ жасаушының айтқандарына жауап ретінде кез-келген сөзді айтады), қарама-қайшылықтар (сөздер қатары беріледі, осы сөздерге қарсы мағыналы сөздерді таңдау керек) әдісі қолданылады. Бұл мақсатта пиктограмма да қолданылады: науқас ұсынылған сөздер мен мысалдарды есіне сақтау үшін кез келген суреттемелер жасауы керек, бір сағаттан кейін жасалған суреттерге байланысты еске сақтауға берген мәліметтерді сұрайды. Үшінші топқа науқастың іс-әрекетке эмоционалды көзқарасы және оның зерттеу нәтижесіне әсерін нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін әдістер жатады. Бұл топқа мысалы, «Линк кубы» әдісі жатады. Сынақтан өтушінің құруы қажет куб 27 ағаш 3^3 см көлемді кубиктерден тұрады. Кубиктердің әрбір бетін бояу үшін үш түс қолданылады: қызыл, жасыл, сары. Линк кубын құлатып, зерттелушіге қайта құрауға беріп, оның әр беті бір түсте болуын сұрайды. Жасау үрдісінде шизофрениямен ауыратын науқастардың эмоциялық топастығы, психопатиямен ауыратын науқастардың дертті күйзелістерге еніп кететіндігі, аса шыдамсыздық, қозғыштығы айқындалады. Әрбір науқасқа оның біліміне, жасына, аурудың психикалық жағдайына байланысты жеке зерттеу әдістемесін таңдау қажет. Жалпы психиатрияда қолданылатын психологиялық әдістердің жоғырыда аталған түрлерінен басқа арнайы мәселелерді шешуге арналған, терең дайындықты қажет ететін тестілер қолданылады. Осылайша, патофизиологиялық әдістер көмегімен мидың жергілікті патологиясын, қантамырлық аурулар кезіндегі сөйлеу, праксис және қабылдау бұзылысын зерттейді. Адамның ақыл-ойлық жасын анықтайтын (Бине әдісі) және жалпы интеллект деңгейін анықтайтын (Векслер әдісі) және басқа да қабілеттердің даму дәрежесін анықтайтын әдістер бар. Мұндай ақпарат әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының барысы мен жағдайын қадағалау үшін аса қажет. Соңғы уақытта шекаралық психиатрияда адамның тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, оның әлеуметтік ортаға бейімделуін зерттеу және психологиялық қорғанудың механизмін зерттеу кеңінен таралған. Бұндай әдістерге тұлғаны жан-жақты зерттеу (ТЖЗ), Роршах әдісі және басқалар жатады. Тұлғаны жанжақты зерттеудің Роршах әдісінен айырмашалығы — тұлғаны бағалауда математикалық талдау жүргізіп, табылған ауытқуларды бұрыннан белгілі стандарттармен салыстырамыз. Тұлғаны жан-жақты зерттеу әдісімен тұлғаның көзден жасырын акцентуациясын, психикалық дерт нәтижесіндегі патологиялық өзгерістерін және аномалиясын анықтауға, адамның психикалық бейімделуін зерттеуге болады. Бұл әдіс біздің елімізде көп жылдар бойы кеңінен қолданылуда, ол миннесоттық анкеталық тұлғалық тестінің орысша нұсқасы болып табылады.
Науқас К., 43 жаста, дәрігер. Әкесі – офицер, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Әкесі мінезі жағынан ерікті, сенімді, ұстамды болған, қызына жылы көзбен қараған. Анасы уайымшыл, күмәншіл, әрқашан қызының денсаулығына аса мән берген, 3 жыл бұрын өмірден қайтқан. Науқас мерзімінде жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген. Туыт асқынусыз өткен. Дамуы қалыпты. Қозғалғыш, тез тіл табысқыш болып өскен. 7 жасында мектепке барған. Әрқашан басқа оқушыларға басшылық етіп, үлгі болғысы келген, осыған байланысты құрбыларымен жиі келіспеушіліктер болған. Жоғары сыныпта үлгерімі нашарлаған, жүріс-тұрысы нашарлаған. Математика және химия пәнінің мұғалімдерімен қайшылықта болған. Ол оларды өзіне себепсіз ұсақ – түйекке бола түрткілеп, әдейі намысына тию үшін жасайды деп есептейді. Өз ойын дұрыс санап, сабақ үстінде мұғалімдермен сөзге келіп, қақтығысқан. Осы кезеңде биология пәнімен терең айналыса бастаған. Бос уақытын кітапханада өткізген, әртүрлі арнайы әдебиеттер оқып, зоопарктың зооүйірмесіне қатысқан. Оқытылатын пәндердің жартысының керегі жоқ, тек биолог болам деп есептеген. Жолдастарымен қатынаста тік, бірбеткей болған. Мектеп бітірген соң Ломоносов атындағы МГУ-дің биофак-не түскісі келген. Медицина институтына түскен.
Топтағы курстастарымен бірден қайшылықтар басталған, олардан тәртіпті талап еткен. «Жалқаулар мен сабақ жіберушілер» тарапына жиналыста сыни сөздер айтқан. Топтағы студенттер деканатқа хат жазып, оны басқа топқа ауыстыруын өтінгенде ол орталық газеттердің бірінің редакциясына институт қабырғасындағы орын алған ығыстыру шаралары жөнінде мақала жазған. Бұл қайшылық арнайы комиссия құрылып, көп уақыт қарастырылды.
Институтты бітірген соң аудандық ауруханаға жіберілді. Өз мамандығын, міндеттерін жақсы меңгерді, бірақ кіші және орта медицина қызметкерлеріне жоғары талап қоятын. 6 медбике оның талабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, артынан олар жұмыстан өз еріктерімен шығу жөнінде өтініш жазады.
Есептер
1967 жылы күйеуге шығады. 1968 жылы қызы туылғаннан кейін күйеуімен қатынасы нашарлаған, оны өзімшіл деп есептеген. Ажырасуға құжаттарын өткізіп, артынан күйеуінің басқа әйелмен кездескенін естігенде күйеуінің жұмыс орнына келіп қызметтестерінің көзінше айқай-шу шығарған. Сотқа шағымданған. Осы кездерде ұйқысы, тәбеті бұзылған, бас ауыруы мазалаған. Күйеуі басқа қалаға кетіп, ажырасқан соң жағдайы қалыпқа келе бастады. Соңғы жылдары ауру анасымен, қызымен бірге тұрып, емханада жұмыс жасаған. Осыдан жарты жыл бұрын бөлімше меңгерушісімен қайшылықтар болған. Әкімшілікке арыз жазып, бөлімше меңгерушісінің тәртібін және ауруханалық қағаздарды дұрыс толтырмайтынын айтқан. Тексерген кезде бұл жағдай теріске шыққан. Кейін емхана әкімшілігіне жоғарғы инстанцияларға шағымымен барған, бас дәрігердің «алаяқты қолдап отырғандығын» айтып, кіналаған. Қайта тексерген кезде бұл шағымдары теріске шықты.
Соңғы айларда «бөлімшеде орын алған нашар атмосфера» туралы әртүрлі жауапты адамдарға 20 шақты хат жазып үлгерген. Тексеруші азаматтардың өзіне деген суық, формальды қатынастарын кінәлайды. Оның қарсыластары тексерушілермен байланыста деп есептейді. Обьективті және компетентті комиссияны талап етеді. Жұмыста әртүрлі ізіне түсушілер бар екендігін айтады: «кезекшілік әдейі ыңғайсыз уақытқа қойылады, мед. құжаттарын бүлдіреді, науқастардың амабулаторлы карталары ұрланады».
Бір күні бөлімше меңгерушісімен кезекті керістен кейін рұқсатсыз кіріп келген науқастың бетінен салып қалған. Психиатриялық ауруханаға тексерілуге жіберілген.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі - астеникалық, дене массасы төмен. Тері жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелердің патологиясы жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануларының белгісі білінбейді. Терең және беткей сезімталдық бұзылмаған. Краниограмма және көз түбі өзгеріссіз.
Психологиялық жағдайы: бағдары дұрыс. Санасы анық. Өзін сақ ұстайды. Орындықтың шетіне тік қалыпта жайғасқан. Қолдары айқасқан, еріндерін бүрістіріп, маңдай астынан қарайды. Сұрақтарға қысқа, құлықсыз жауап береді. Бара-бара бет ажары жанданып, болған жағдайларын ашумен, тітіркеніп, көп сөзбен әңгімелейді. Өз күйзелістеріне беріліп кеткен.
Осы болған жағдайларды былай түсіндіреді: соңғы кезде бөлімше меңгерушісімен керістен кейінгі жағдайлар әсерінен қозғыш болып кеткендігін, осындай жағдайда кабинетте бөтен біреудің стол маңында жүргенін көріп, оны құжаттарын ұрлауға келген адам деп ойлағандығын айтады. Өткен ісіне өкінеді.
Көңіл-күйі төмендеген. Ұқысыздыққа, бас ауруына шағым айтады. Қабылдау бұзылыстары байқалмайды. Ауруханадан шығаруын өтінеді. Өзін ауру деп есептемейді.
Науқас К., 28 жаста, физик. Әкесі тарапынан әжесі психикалық аурумен зардап шегіп, психиатриялық ауруханада қайтыс болған. Әкесі тұйық, көп сөйлемейтін адам, қазір жанұясынан бөлек тұрады. Шешесі ақ көңіл, жарқын адам, мамандығы музыкант.
Науқас мерзімінде жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген. Жүктілік кезінде ешқандай ауытқу болмаған. Бала кезінде тұйық, жайбасар болған. Тәрбиешілер оның ұқыпсыздығын, немқұрайлығын атап айтқан. Ауру киім ауыстыратын бөлмеде жартылай шешініп, отырып қалатын болған, әрқашан асқа кешігіп келетін және ебедейсіз болған. Бір орында отырып ойнайтын, тыныш ойындарды ұнататын. Мектепке дейінгі уақытта оқуды және есеп шығаруды білген. Мектепке 7 жасынан барған, жақсы оқыған. Дене тәрбиесі пәнін ұнатпаған, себебі икемсіз болған. Науқастың жүрісі икемсіз болған, сыныптастары оны мазақ еткен. 11 жасында физика пәніне аса әуестенген. Бос уақытының барлығын кітапханада, үйірмелерде өткізген. Бірнеше рет ересектерге физика пәнінен білімін көрсетіп, таңдандырған. Оқуында болған кез - келген жағымсыз жағдайларға уайымдайтын болған. Бір күні сирек кездесетін сөздік кітабын жоғалтып алғаны үшін бірнеше сағат бойы жылаған және ұзақ уақыт бойы көңіл-күйі түсіп жүрген. Осы кезде әке-шешесінің айырылысқанына мүлдем уайымдамаған. Бұл жөнінде естіген сәтте науқас біраз ұнжырғасы түсіп, аз уақыт өткен соң қолын бір сермеп, кезектегі олимпиадаға дайындала бастаған. 7 сыныпта физика-математикалық мектепке ауысқан. Жақсы оқыған. Сыныптастарымен қарым-қатынасы нашар болған, себебі, оны «мақтаншақ және мансапқұмар» деп санаған. Өзінің секірмелі жүрісінен ұялатын болған, әсіресе қыз балалардың көздерінде күшейіп кететін болған. Мектепті алтын белгіге бітіріп, институтқа түскен. Бірнеше уақыт бойы жатаханада тұрған, бірақ көп ұзамай үйіне қайтып келген. Жатақханадағы шуға үйрене алмаған, ешкіммен тіл табыса алмаған, ақшаны дұрыс жұмсай білмеген және т.б. себептер болған. Институтта екі курстастарымен достасқан, олармен жақсы араласақан, бірақ студенттік жиындарға қатысудан мүлдем бас тартқан. Институт бітірген соң аспирантураға қабылданып, кандидаттық диссертация қорғаған. ҒЗИ-на келіп жұмысқа орналасқан, қазір де сол жерде қызметте. Әріптестерімен қатынасы ұстамды, қызметке ғана байланысты. Осыдан екі жыл бұрын бір қызбен танысып, ұзақ уақыт көңіл білдіріп жүрген, бірақ үйленуге ұсыныс жасай алмаған. Үйлену ғылыми жұмысқа кедергі жасайды деп есептеген. Соңғы кездері екі ғылыми эксперименттің үзілуіне байланысты ұйқысы бұзылған, басы ауырып, көңіл- күйі төмендеген. Анасына демалып, емделгісі келетінін айтып, анасының ақылымен психиатрға көрінген.
Достарыңызбен бөлісу: |