Орындаған : «№1 Марқакөл орта мектебінің КММ» 5- «А»сынып оқушысы Саматова Каусар
Марқакөл ата мекенім
Марқакөлім - менің кіндік қаным тамып, ата- бабамның қоныс тепкен, өсіп өніп келе жатқан жерім. Сондықтан Марқакөлім мен үшін ең кымбатты, ең қасиетті жер.Менің туып өскен жерім сондай әдемі, саф ауа, мөлдіреген көлі, биік таулар мен хош иісті гүлдері қандай керемет десеңші!
Ал егерде көлдің пайда болу тарихына келетін болсақ, ертеде Марқакөлдің орнында ар жақ, бер жағына көз жетпейтін үлкен жазық болған деседі. Сол уақытта найманның бір байының Марқа атты асқан сұлу қызы моңғолдың Ұраңқай руынан шыққан Балжын деген жігітті ұнатады.
Балжынның атақты бәйге кер аты болыпты. Марқаның ағаларының көзі осы кер атқа түсіп жүреді екен.
Кер атты алудың жолын іздеген қыздың ағалары Балжынның алдына марқа қозының еті піскенше, үлкен жазықты айналып шығуы керек деген шарт қояды. Егер аталған мерзімде шауып шықса, Марқаға үйленеді, орындай алмаса, кер аттан айырылады.
Сонымен, бағлан сойылып, қазанға салынады. Балжын атқа қонады. Бағланның еті пісер-піспесте кер ат мәреге жақындапты. Су деңгейінің жылдам көтерілгені сондай, мәреге таяп қалған Балжын атымен қоса суға кеткен екен дейді. Кер аттың ізінен атқылаған су мен ақ Марқаның көз жасы қосылып, көл пайда болыпты.
Күні бүгінге дейін моңғол қазақтарында «Балжынгер» деген күй бар. Ал, көл осы оқиғадан кейін «Марқакөл» атанған екен.
Марқакөлдің табиғатына келетін болсақ, фаунасы өте бай, көптеген қызыл кітапқа еңген емдік шөптері мен сүт қоректілері бар. Сондықтан да 1976 жылы «Марқакөл» атты, Республика бойынша алтыншы қорық ашылған.
Қазіргі таңда бұл өлкенің табиғатын тамашалау үшін жеріміздің түкпір – түкпірінен туристер кеп саяхаттайды.
Марқакөлді екінші Швейцария деп те атап жатады.
Мен өз тұған өлкемді мақтан етемін!
№
|
Аты-жөні
|
Жетекшісі
|
Мектебі, сыныбы
|
Мекен-жайы, телефоны
|
1
|
Саматова Кәусар Ерланқызы
|
Арыстанбеков Берік Жамболатұлы
|
«Марқакөл орта мектебі»КММ 5-сынып оқушысы
|
Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылы, Қабанбай 36-10 үй, телефон нөмері:8 705 417 57 68
|
Марқакөлдің табиғатынан керемет көріністер
Достарыңызбен бөлісу: |