Шуренов Бағлан Ерболұлы
№ 3 көп бейімді қазақ мектеп гимназиясының 4 «А» сынып оқушысы
Сүйікті ісі: қоршаған ортаны қорғау, әдеби кітаптар оқу.
Шығарманы жазу себебі: Мен өз отанымды сүйгендіктен, жүректегі Отанға деген сезімді жалынды құштарлықпен айтып, өркенін кеңінен жайған жас тәуелсіз, дербес мемлекет – Қазақстан атты алып ел жайында толғанғым келеді.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным- Қазақстан. Қазақстан- байтақ ел. Осы сөзді
естігенде көз алдыма жазық дала, кілемдей өрнектелген көк шалғын,
айдын көлде қиқулаған аққу-қаз, отар-отар қой, құлын-тайы ойнақтаған
үйір-үйір жылқы, қоңыраулатқан бозторғай үні елестейді.
Қазақстанның табиғаты да әр алуан. Онда азынай соққан аңызақ жел
қоңыр салқын орманға барып тосқауыл тауып жатса, құм сусыған
жазық дала көгілдір көлмен шектеседі. Басын қар мен мұз басқан асқар
таулар, қойнауы пайдалы қазбаларға бай өлке. Бұл - «мың құбылған түрі
бар, сан иірім сыры бар» қазақ жері.
Қазақстан - ежелгі ел , бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол
таяуда ғана , яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді,
тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде,
кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған,
төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір
адам өз Отанын жанындай сүйіп, онын көк байрағын көкке көтеруді
мақтаныш тұтады!
«Отан - оттан да ыстық» дегендей, адам баласының жүрегінде, ең
бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орналасса, ал екінші, Отан-
Анаға деген жалынды сезім орын алады. Отанға деген махаббатты өшіру-
лүпілдеп соғып тұрған жүректі жұлып алумен тең. Қазақстан - тек жай
ғана мемлекет емес. « Мың өліп, мың тірілген ел». Ержүрек батыр
бабаларымыздың арқасында бүгінгі жарқын болашаққа жетіп отырмыз.
Отаны үшін, халқы үшін қабырғасы қайысып, елі үшін еңіреген ер
азаматтар қай заманда да болған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды
батырларымыз елдің тыныштығы, бірлігі үшін, халқымыздың тәуелсіздігі
үшін қаншама қиын заманды бастан кешірді.
Сан ғасырлар көкірегінен мұң кетпеген, иығынан қасырет-қайғы
түспеген қазақ еліне тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Қазақ халқы
өзінің тәуелсіздікке ұмтылған күресін бір сәтте тоқтатпаған.
Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып
жапырағы жайнай бастады, Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл
арманы- асқақ әнге айналады, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,
керегеміз кеңейеді. «Тіл-ұлт байлығы» - дегендей, өзіміздің ең қымбат
қазынамыз - ана тіліміздің де маңдайындағы жұлдызы жарқырады. Мұның
барлығы ата-бабаларымыздың ат үстіндегі атқарып, алты малтаны ас
етіп, мың өліп, мың тірілген, қылышын қаншама ғасыр қанға малып жеткен
мұраты-Тәуелсіздік арқасында.
Қазақстан - қазіргі таңда бүкіл әлемге әйгілі мемлекет. Өз туы, әнұраны,елтаңбасы бар.Осындай жетістіктерге жетуіміздің,Қазақстан Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында.
Мен сабақты жақсы оқып, ата – анамның, ұстаздарымның сенімін ақтап, Қазақстанның одан әоі көркейуіне өз үлесімді қосқым келеді. Сүйікті Отаным, жасай бер мәңгі, жайнай бер, гүлдене бер!
Әрқашан күн сөнбесін,
Әрқашан бұлт төнбесін,
Әрқашан Қазақстаным
Жасай берсін- деп, аяқтағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |