Бақылау сұрақтары:
1 Жоспарлы-картографиялық материалдар және оларды алу көздері.
2 Жер кадастрының қазіргі заманғы ақпараттар алу әдістері.
3 Статистикалық бақалаудың негізгі түрлері және әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1993 жыл, 23 қаңтар.
2 Қазақстан Республикасының Жер кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 256 б.
3 Дегтярев Н.В. Земельный кадастр – М., «Колос», 2009, 464 с.
6 Практикалық сабақтың тақырыбы: МЖК құрамдас бөліктері, кадастрлық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Практикалық сабақты өткiзу формасы: семинар
Қысқаша теориялық мәліметтер
Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Сондықтан республикамызда 1994 жылдан бастап белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай: ақпаратты-есептеуіш жүйесі құрылды. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастрын жүргізуді түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындар, қызметтер, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ - ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастырушы - технологиялық жүйе. Жер кадастрының компьютерге түсуі еліміз бойынша Астанада бірінші рет қолға алынып, жүзеге асқан шара болатын. 2002 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттіктің қолдауы мен 2 жүйе бойынша жоба жасалынды. Олар МЖКААЖ және жер балансы. Бұл бағдарламалар Қазақстанның солтүстік батысында Ақтөбе облысының екі ауданында құрылған. Бұнда жер кадастрының тематикалық сандық карталарын құру үшін мынадай мәліметтер жиналған: 1) жер кадастрлық; 2) топографиялық; 3) топырақтық; 4) геоботаникалық. Сонымен қатар жер учаскелерінің атрибутивті мәліметтері жинақталған, жер учаскесінің интенсификациялық мәлімет меншік иесі және олар арасындағықұқықтық қатынастар. Бұдан басқа сонымен мәліметтерді облыстық және республикалық жіберу механизмін дайындап шығару қажет болатын. Бұл кезде штабта 8 маман болса жылдың соңында 35 маманға көбейген. БМЖР мәлімет базасында мынадай талаптар қойылған мәліметтерді сақтау мәлімет толық қамтамасыз ету, мәлімет алу үшін ешқандай шектеулердің болмауы. Ақпараттарды қорғау және т.б. мәліметтер базасы 102 кестеден, 4 процедурадан, 24 сипатама бойынша құрылған. Мәліметтер базасы жер кадастрының төмендегідей объектілері бойынша мәлімет сақталады: 1) Жер учаскелері (интенсификациялық, аудандық, экономикалық, құқықтық сипатталады); 2) Кадастрлық кварталдар ( аудандық және құқықтық сипаттамасы); 3) Аудандық сипаттамалар; 4) Облыстық сипаттамалар. Мәліметтер базасында сақталған жермен өзара қатысты субъектілер бойынша мәліметтер бірнеше категорияға бөлінеді: 1) Заңды немесе жеке тұлғалар; 2) Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тұлғалар. Азаматтық, ұйымдастырушылық және құқықтық формалары, мекен жайы, куәландыратын құжаттар, жалпы қабылданған кодтар, жетекшілер жайындағы ақпараттар. Төмендегідей объектілерді графикалық түрде көрсету үшін қажетті мәліметтер: ғимараттар мен құрылыстар, топографиялық, сызықтық, полигондық және нүктелік жер учаскелері бойынша есептік кварталдардың аудандық елдімекендердің пункттерінің шекаралары. Алқаптар (сызықтық, полигондық, көлемдік), топырақтардың әртүрлілігі (ботаника, азықтық алқаптар). Бұл жобаның (жер балансының) соңғы модулінде жер кадастры бойынша әр жылдық есеп беру көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты аудандық, облыстық жер комитетінің және ҚР жер ресурстарын басқару агентствосының жұмыстарын автоматтандыру. Бұл модуль құрылған жалпы жер мемлекеттік статистикалық есеп берудің бекітілген формаларын беруді көрсетеді. Соның ішінде жерлердің санаттар бойынша бөлінуі, меншік иесінің жер учаскесіне жеке меншік иелері және жерпайдаланушылар туралы есеп. Жерлерді лимандық суару туралы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің алқаптарының көлемдерінің өзгеруі бойынша анықтамасы. ҚР азамат және заңды тұлғаларға ауылшаруашылық емес және т.б. мақсаттарда тұрақты пайдалануға берілген жерлердің есебі: а/ш мақсатындағы жерлердің егістікті пайдалануы жайындағы анықтамасы, а/ш мақсатындағы жер учаскесінің шабындық және жайылымды түбегейлі жақсарту жайлы анықтама, әкімшілік аудан, облыстық және республикалық әкімшілік шекараларынан тыс пайдаланылып жатқан, ауданның,облыстың,республиканың жер пайдалану экспликациясы.
Жалпы жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру 2003 жылы Астана қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің және «Астана қала ҒӨОжер» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырылуымен осы қала бойынша жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің құрылымы барлық қалаларда ашылған. Қазіргі таңда еліміздегі жер кадастрын жүргізу ісі маңызды мәселенің бірі болып отыр. Себебі қабылданған жер кодексі бойынша кадастрды жүргізу тәртібі еліміздің жер қорының жағдайы туралы бай мағлұмат берумен қатар оны нарық қатынасына бейімдеу де үлкен роль атқарады. Ендігі уақытта және қазірдің өзінде жер төлемдерінің кадастрлық құны айқындалып, осы рчетте кадастрды жүргізу ісін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге көшудің маңызы өлшеусіз. Оған: -жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары; -басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі; -жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымшылдығы; -басқарылатын жүйеде болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып есепке алу; -жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.
МЖКААЖ қызметі төмендегідей тұтынушылардың сұраныстарын қамтуы тиіс: -жер пайдаланушы субъекттерге; -басқару органдарға; -ұйымдарға; -кәсіпорындарға; -сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. Республикамызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік-аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен МЖКААЖ тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндетін жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады. МЖКААЖ республикалық орталығы республикамыздың барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлеріндегі жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйесін құрудағы үйлестіруші әдістемелік, технологиялық орган болып келеді. МЖКААЖ республикалық орталықтың негізгі міндеттері: -республика жер ресурстарын басқару процесстер туралы барынша толық ақпараттануы; -елдің жер ресурстарын пайдалану және жай-күйінің мәліметтері банкісін түрде ұстау және жүйелеу; -заң, атқарушы органдарды, ведомостволарды, ұйымдарды жер кадастрлік ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру; -жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау; -ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу-жергілікті классификаторды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге арналған бір рәсімді құжаттарды ойлап табу; -МЖКААЖ қызметкерлерін оқыту және мамандық арттыру; -барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және МЖКААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Қазіргі кезде Мем.ҒӨО жер орталық өндірісінде жер кадастрының МЖКААЖ республикалық орталығы жетілген құрылғыларымен толығынша жетерліктей жабдықталған. Жер кадастрлық құжатты жүргізу және жердің қоры жән үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлық мәліметтерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде орындалады. Бұл ақпаратты деңгейлік тұрғыда өңдеуге мүмкіндік береді. Өңдеудің әр деңгейіне кіретін, шығатын құжаттар өзара жіктеледі. Республика және облыстар үшін мұндай құжат болып алқаптар және жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестірілуі туралы есептер, ал аудандар үшін- пайдаланатын жер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы жер пайдаланушылардың есебі.
Достарыңызбен бөлісу: |