Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы жөнінде мағлұмат беру. Дамытушылық



Дата20.07.2016
өлшемі71.5 Kb.
#211613
Сабақтың тақырыбы: Импульс. Импульстің сақталу заңы.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға импульс. Импульстің сақталу заңы жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық:Дене импульсі,күш импульсі,импульстің сақталу заңы негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту.Формулалармен таныстыру, есептер шығарудағы машығын тереңдету.

Тәрбиелік:Теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, нақтылыққа, жүйелілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ, семинар сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, мысалды, практикалық, ізденіс жұмысы.

I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу

2. Түгендеу

3.Сабаққа дайындығын

тексеру


II Мақсат қою: Импульс. Импульстің түрлері. Импульстің сақталу заңымен таныстыру. Космос саласы мен ғарышкерлер тарихына шолу жасау.

III Жаңа сабақты меңгерту:

Біз бұл тарауда екі сақталу заңын: импульстің және энергияның сақталу заңдарын қарастырамыз. Бұл заңдар механиканың барлық заңдарының ішінде ең маңызды орынды иемденеді, өйткені олар тек механиканың ғана емес, бүкіл физиканың ең жалпы әрі әмбебап заңдары.

Ньютон заңдарының көмегімен денелердің қозғалысы мен өзара әрекеттесуіне қатысты мәселелерді шешуге болады. Көптеген практикалық сипаттағы мәселелерді шешу үшін белгілі бір жағдайларда сақталатын физикалық шамалар қолданылады.Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын осындай физиклық шамаларға дене импульсі және күш импульсі жатады.



Дене импульсі- дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама:

Дене импульсі- векторлық шама , себебі жылдамдық векторлық шама болғандықтан оның дене массасына көбейтіндісі де векторлық шама болады. Импульс жылдамдықтың бағытымен бағытталады,SI жүйесіндегі бірлігісекундына килограмм метр(кг*м/с).

Уақыттың ∆t аралығы ішінде F күшінің әрекеті салдарынан дене импульсі өзгереді:

Мұндағы ∆ ― дене импульсінің өзгерісі.шамасын күш импульсі деп атайды.

Күш импульсі де векторлық шама б.т. Күш импульсі векторының бағыты әрект етуші күш бағытымен сәйкес келеді. Күш импульсінің SI-дегі бірлігі-ньютон *секунд(Н*c)

Бұл ұғымдарды пайдалана отырып, Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан юлайша тұжырымдауға болады:дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Импульс денелердің өзара әрекеттесуі кезінде сақталатын біренсаран физикалық шамалардың қатарына жатады.

Бір дене екінші денені қозғалысқа келтірсе, онда ол екінші денеге қанша қозғалыс берсе, сонша қозғалысын жоғалтады.

Екі немесе оданда көп дене бір-бірімен өзара әрекеттескенде, сан алуан өзгерістер болуы мүмкін.Мысалы, зеңбіректен салют снарятарын атқанда, оның сынықтары жан-жаққа ұшады да, бұрынғыдан еш нәрсе қалмайтындай көрінеді. Сынықтардың түсі, пішіні,орны және жылдамдықтары өзгереді. Алайда осы құбылыстарда кейбір шамалар(импульс)сақталады да және олар басқа өзгеретін шамаларға шектеулер қояды. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде сақталатын шамаларды табуға бізге Ньютонның заңдары көмектеседі.(42-сурет бойынша түсінік)

Жылдамдықтары ν 12 ал массалары m 1,m 2 болатын 2 шар өзара әрекеттессін делік. Өзара әрекеттесу күштері Ньютонның үшінші заңымен байланысады.

немесе
Мұндағы және - шарлардың бастапқы жылдамдықтары / және шарлардың өзара әрекеттескеннен кейінгі жылдамдықтары ∆t-өзара әрекеттесу уақыт аралығы.Өрнекті түрлендіріп алатынымыз,

m 1ν1+m 2ν2=m 1ν ́1 +m 2ν ́2

немесе


P 1+P 2=P 1́+P 2́

Алынған теңдік бойынша: өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескеннен кейінгі жүйе импульсіне тең.

Бұл- импульстің сақталу заңы және ол былайша оқылады:тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады(сақталады)

Импульстің сақталу заңы біз қарастырып отырған денелер жүйесіне сырттан ешқандай күштер әрекет етпесе ғана орындалады.



IV Бекіту:
1. Есептей білеміз бе?

1. Массасы 3 кг доңғалақ горизонталь бетпен сырғанаусыз 5 м жылдамдықпен домалап келеді. Доңғалақтың импульсін табыңыз.

2. Рельсті бойлай 6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адам рельсте тыныш тұрған 30 кг арбашаға секіріп мінді. Арбашаның рельспенен қандай жылдамдықпен қозғала бастайтынын табыңыз.

3. Зарядымен қоса есептегенде массасы 300 г болатын кішкене зымыран вертикаль жоғары қарай 140 м биіктікке көтерілді. Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыраннан бөлініп шығатын газ жылдамдыған есептеңдер. Зарядтың массасы 50 г.



2. Тестік тексеру.

  1. Механикада қарастырылатын қай векторлық шаманың сақталу қасиеті бар?

а) күш в) импульс с) жылдамдық

д) үдеу


2. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

→ → → → →

А) а = F/m в) F·t с) p = m·V е) mV2/2
3. Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Дененің импульсі неге тең?

А) 3кг∙м/с в) 9 кг∙м/с с) 6 кг∙м/с д) 18 кг∙м/с

4. Механикалық жүйе тұйық болса қай тұжырым дұрыс?

А) Жүйедегі барлық денелердің импульсі өзгеріссіз болады

В) Жүйедегі барлық денелердің импульсі азаяды

С) Жүйе импульстерінің қосындысы нөлге тең

Д) Жүйе импульстерінің қосындысы тұрақты болады
5. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?

А) Әсерлесетін денелер соқтығысқан жағдайда

В) Жарық жылдамдығы мен салыстырғанда аз жылдамдықпен қозғағанда

С) Тұйық жүйелерде

Д) Тұйықталмаған жүйелерде

6. Күш импульсінің өрнегін көрсетіңіз

А) F ∙Δt в) F∙V с) F∙S д) F/m



7. Қандай физикалық шамалар “ Н∙с” өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі в) күш моменті с) дене импульсі д) күш


8. Жұмысын аяқтаған сатысы ғарыш кемесінен ажырағанда кеме қандай импульс алады?

→ → → →


А) p В) -p C) 2p д) -2p

9. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?

А) 5 Н В) 1 Н С) 3 Н Д) 4 Н

10. Ньютонның екінші заңының импульстік түріне қай өрнек сәйкес келеді?

→ → → → →

А) F∙Δt = Δp В) a = F/m С) F = -kx Д) kx2/2




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

B

C

C

С

С

А

А

В

А

А



3. Нені білдік? (эстафета)
1” импульс” сөзінің мағынасы _____________________

2.Дене импульсінің формуласы __________________________

3. Өлшем бірлігі: ________________________

4.Импульстің бағыты ___________________ бағытымен бағытталады.

5.Күш импульсі формуласы _______________________

6.Күш импульсінің өлшем бірлігі _________

7.Күш импульсі векторының бағыты __________ ______ бағытымен сәйкес келеді.

8. Тұйық жүйе дегеніміз не __________________ _____________________________________________________________________________________________

9. Импульстің сақталу заңының тұжырымдамасы __________________________________________________________________________________

10. Формуласы: ______________________


VҮйге тапсырма §19, §20,

17 жаттығу № 3,4

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет