МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ, ШЕТПЕ-1
"НҰН ЖҰБАЕВ" АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ
ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
САРБАС АЙНҰР МӘЛІКҚЫЗЫ
«Қызықты физика» атты сыныптан тыс шара
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Дамытушылық: оқушылардың жұмбақтарды шеше білуге , қызықты логикалық есептерді шығара білуге , ойлау қабілетін дамытуға баулу .
Тәрбиелік: Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке , ұқыптылыққа, адамгершілікке , өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Мінеки сыныпта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Сайысымызды бастайық.
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Қызықты физика» атты ойын сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кешімізді 7,8-ші сыныптардың арасында сайыс түрінде өткізгелі отырмыз. Бұл сайыста оқушылар екі топқа бөлінеді: «Күш» және «Энергия» тобы.
Әділқазылар мүшесі сайланады.
Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейін. Жалпы ойынымыз 8 турдан тұрады:
Сайыс жоспары
І. «Сырлы сауалдар» (Логикалық сұрақтар).
ІІ. Адасқан әріптер:
ІІІ. «КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
IV. «Жұмбақтар әлемінде»
V. «Эксперименттік тапсырма».
VI. «Физикалық диктант...»
VII. «Кім жылдам»?
VIII. Жекпе -жек (Топ басшылары сайысы)
І. «Сырлы сауалдар» (Логикалық сұрақтар).
(Бұл сайыста сұрақтар 2 топқа да беріледі. Қай топ көбірек ұпай жинаса, сол топ басқа сайыстарда бірінші болып жауап беру мүмкіндігіне ие болады).
-
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың тура ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?(сегізінші)
-
Қандай зат сұйық күйден қатты күйге өткенде басқа атауға ие болады? (су)
-
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келеді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына келіп: екеу ара табақ тартсақ, онда бір табақ жетпей қалады. Үшеу ара табақ тартсақ, онда бір табақ артық қалады, енді не істесек екен? – деген екен. Сонда қонақ қанша, табақ қанша? (12 қонақ, 5 табақ)
-
Отбасында 7қыз және әр қыздың бір-бірден бауыры бар? Отбасында барлығы неше бала? (8)
-
3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? (3 сағат)
-
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 көжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?( 1 кг)
-
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті? (Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады)
-
Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады? (Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштардың діңі емес бұтақтары өседі.)
ІІ. Адасқан әріптер: (физикаға байланысты сөздер шығуы керек)
Дамдықлыж - Жылдамдық
Апертурамет - температура
Рономияса - астрономия
Олж - жол
Мақсалдықсыз - салмақсыздық
ІІІ. «КІМ ТАПҚЫР!» ( Ой жинақтау).
Ғалымдар – 10 балл:
-
Бұл ғалымды «сэр» деп атаған
-
Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
-
Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
-
Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
(Исаак Ньютон)
Ғалымдар – 20 балл:
Мына суреттегі ғалым кім?
Итальян ғалымы, инерция заңын ашқан.
(Галилео Галилей)
Ғалымдар – 30 балл:
Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?
(М.В. Ломоносов)
Формулалар – 10
Бұл қандай шаманың формуласы? (жылдамдық)
Формулалар – 20
бұл қандай теңдеу? (қозғалыс теңдеуі)
Формулалар – 30
бұл қандай формула? g дегеніміз не? (дененің салмағы, еркін түсу үдеуі)
Аспаптар 10 :
Денелердің массасын өлшейтін аспап (таразы)
Аспаптар 20 :
Молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін құрал? (микроскоп)
Аспаптар 30 :
Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
Өлшем бірліктер – 10:
м/с қандай шаманың өлшем бірлігі. (жылдамдық)
Өлшем бірліктер – 20:
м/c2 қандай шаманың өлшем бірлігі? (Үдеу)
Өлшем бірліктер – 30:
Ньютон қандай шаманың өлшем бірлігі. (күш)
IV. «Жұмбақтар әлемінде»
(Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді. Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі. Жұмбақтардың екеуі көмекке келетін жұмбақтар).
1-жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
5- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш)
6- жұмбақ. (Көмекке келетін жұмбақ)
«Жанды нәрсе туралы»: Адам
а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді (5 ұпай)
б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт (3 ұпай)
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді (2 ұпай)
г) жердегі ең ақылды кім? (1 ұпай)
7- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
8 – жұмбақ.
«Жансыз нәрсе туралы»: Су
а) Адам организмінде бар зат (5 ұпай)
б) Заттың үш күйінің біреуі (3 ұпай)
в) Үш күйде де бола алады (2 ұпай)
г) Жерде онсыз өмір жоқ (1 ұпай)
V. «Эксперименттік тапсырма».
1 стакан судың тең жартысын қалай алуға болады.
VI. «Физикалық диктант...»
1. Табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым ...... деп аталады. (Физика)
2. Пішіні мен көлемін сақтау ..... ...... тән қасиет. (қатты денеге)
3. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның ............. соғұрлым жоғары болады. (температурасы)
4. Қазақтар "аңырақай" деп .... планетасын атаған. (Марс)
5. Басқа денелер әрекет тигізбегенде дененің тыныштық күйін сақтау құбылысы ....... деп аталады. (инерция)
6. Күн орналасқан жүйе ....... деп аталады (гелиоцентрлік жүйе)
VII. «Кім жылдам»? (Бұл кезеңде 2 топқа сөздер беріледі, сол сөздерден анықтама шығуы керек).
Диффузия - бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының араларындағы бос орындарына таралып өтуі
Қозғалыс траекториясы - дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
VIII. Жекпе -жек (Топ басшылары сайысқа түседі)
Бұл кезеңде әр топ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ сөзінен сөздер құрастыруы керек. Неғұлым көп сөз құраса, соғұрлым көп ұпай жинайды. Әр сөзге 1 ұпайдан бағаланады.
Кел, күлейік!
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
Жауабы: МЫСЫҚ
Қорытынды:
Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Әділ қазылар үшін
|
Энергия
|
Күш
|
1-тур. «Сырлы сауалдар» (Логикалық сұрақтар). (1 ұпай)
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
2- тур. Адасқан әріптер: (1 ұпай)
|
1.
2.
3.
4.
|
1.
2.
3.
4.
|
3- тур. «КІМ ТАПҚЫР!»
( Ой жинақтау).
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
4- тур. «Жұмбақтар әлемінде»
(1 ұпай)
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
5- тур. «Эксперименттік тапсырма»
(1 ұпай)
|
|
|
6- тур. «Физикалық диктант...»
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
7- тур. «Кім жылдам»? (1 ұпай)
|
|
|
8- тур. Жекпе -жек
|
|
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |