Магистратура



Дата08.06.2016
өлшемі51.81 Kb.
#122342
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы
МАГИСТРАТУРА
6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті ( қазақ әдебиеті траекториясы), 6М020500-Филология: Қазақ филологиясы (қазақ әдебиеттануы траекториясы) мамандықтары бойынша қабылдау емтиханына арналған
БАҒДАРЛАМА
Бағдарлама қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Хаттама №11, 3 шілде, 2012 жыл.


Кафедра меңгерушісі

ҚР ҰҒА академигі ___________________ С.А.Қасқабасов

2012 жылғы қабылдау

БАҒДАРЛАМА
Әдебиет пәні әдебиеттанудың ғылыми салаларын қамтып, зерттеу нысаналарын айқындайды. Әдебиет пәнінің негізі - ұлттық мұраларды таныту, мәдени-эстетикалық функция болып табылады.

Фольклордың эстетикалық болмысы, қызметі, жанрлар жүйесі. Фольклортанудың негізгі теориялық-әдіснамалық проблемалары. Фольклордың синкреттілігі. Қаһармандар жүйесі мен типтендіру. Фольклоға тән суреттеу тәсілдері.

Ежелгі дәуір әдебиеті. Ежелгі және Орта ғасыр әдеби мұраларына тән ортақ сипаттар. Шығыстық бағдар. Ежелгі дәуір әдеби ескерткіштерінің сюжеті, құрылымы. Түркі халықтарына тән ортақ таным. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемді-эстетикалық мәні.

XY-XVIII ғасырлардағы әдебиет тарихы. Қазақ хандығы дәуірі әдебиетіндегі ақын-жыраулар шығармашылығы. Жыраулар поэзиясы. Толғау жанрының құрылымдық сипаты. Дидактикалық сарын.

XIX ғасыр әдебиетіне тән ерекшелік. ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке ықпалы. Ресей қарамағына кірген кезеңдегі әдебиет. Поэзия жанрының өркендеуі. Зар заман поэзиясының идеясы. Тақырып, идея, проблематика. Ақындық дәстүр, зар заман әдебиетінің сипаты. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттегі жаңа бағыттар. Сыншылдық әдебиет. Абай шығармашылығы. Абай мұрасының зерттелу кезеңдері. Абайтануға байланысты зерттеулер.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы. Кезең әдебиетінде көрініс берген жетекші әдіс-ағымдар. Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Әдебиеттегі ағартушылық, азаттық идеясы (М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Б.Майлин, С.Сейфуллин). «Алаш» партиясы (1917 жыл, шілде) мен Алашорда үкіметінің (1917 жыл, желтоқсан) құрылуы. Баспасөздің («Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Ақжол», «Шолпан») дамуы. Әдебиет пен мәдениеттің дамуына партиялық қадағалаудың күшеюі. Поэзияны дамуы. Көркем прозаның өрістеуі.

Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақстанның ғылымы мен мәдениетінің өркендеуі. Көркем әдебиетке қатысты партиялық қаулы-қарарлар. Эпикалық жанрдың өркендеуі. Театр мен драматургияның дамуы. Әдеби сын. ҚазАПП-тың қателері. Әдеби зерттеулер мен алғашқы оқулықтар. С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқанов «XX ғасырдың қазақ әдебиеті» (1932), М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев «XIX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» (1933) т.б. еңбектердегі әдебиеттің тарихын, ғылыми сипатын жүйелеудегі маңызы.

Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Әдебиетте Отан қорғау идеясының өрістеуі. Ел қорғау, жауынгер бейнесі, майдан мен тыл келбетін танытқан лирикалық шығармалар, үгіт, қаһармандық жырлары.

Соғыстан кейінгі дәуір әдебиеті (1946-1956). Жалпы сипаты. Әдебиет пен өнер, ғылым саласындағы ілгерілеулер. Ірі эпикалық шығармалардың («Абай», «Ботакөз», «Сырдария», «Қазақ солдаты», «Қарағанды», «Оянған өлке», «Өмір мектебі») тууы. Қазақ поэмасындағы идеялық-көркемдік ізденістер.

Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті (1956-1967). Қоғамдық-саяси саладағы өзгерістердің әдебиетке ықпалы. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылық белсенділігінің артуы. Заман шындығын суреттеген прозалық туындылар. Тарихи романдардың жарық көруі. Әдеби процесс пен сын. Қаламгерлер шығармашылығының дербес зерттеле бастауы. Әдебиет тәжірибесін теориялық тұрғыда қорыту.

1968-1990 жылдардағы әдебиеттің дамуы. Социализм қайшылықтары мен қайта құру. Тарихи романның («Қаһар», «Алтын орда», «Аласапыран», «Үркер», «Елең-алаң») өрістеуі. Әдеби-көркем сын мен әдебиеттану. Әдеби сыншылдық ой-пікірлердің өрістеуі.



Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы. Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет. Поэзия жанрының дамуы. Прозадағы көркемдік ізденістер. Роман және эссе жанрының дамуы «Соңғы парыз», «Өмірзая», «Дарабоз», «Менің Әуезовім», «Мен», «Таңғажайып дүние»). Қазақ поэзиясында ұлттық сипаттың тереңдеуі. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетте жаңа бағыт, үрдістердің орнығуы. Жаңашыл әдебиеттану. Әдеби-теориялық ізденістер.

Әдебиеттің теориялық мәселелері. Әдеи әдіс-тәсілдер. Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар. Әдебиеттану ғылымындағы мектептер. Классицизм әдебиеті. Романтизм әдебиеті. Реалистік әдебиет. Модернистік әдебиет. Көкем әдебиеттегі мазмұн мен пішін. Тақырып пен идея. Әдеби шығарма және автор. Автор мен нарратор. Шығармадағы характер мен конфликт. Характер және тип. Мінездеу және оның түрлері. Көркемдегіш-бейнелеуіш құралдар. Теоретик ғалымдар және олардың пікір-тұжырымдары. Аристотель: «Поэтика». Гегель: «Эстетика». Н.Буало. Баумгартен, Белинский, Чернышевский еңбектері. Қазақ әдебиеттанушылары, олардың еңбектері. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері.

Салыстырмалы әдебиеттану (компаративистика). Салыстырмалы әдебиеттанудың даму бағыттары, басты филологиялық мектептер. Салыстырмалы-типологиялық байланыстың тарихи негізі. Әдіс, жанр, стиль. Образ теориясы, архетип, персонаж, типтік бейне. Көркем мәтін. Көркемдік әдіс синкретизмі. Көркем мәтін құрылымы, хронотоп, ұлттық таным және әлемдік қабылдау. Әдебиеттанудағы мифологиялық бағыт, неомифологизм, мифопоэтика.
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008

2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008

3. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2009.

4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.

5. Винокур Г. Филологические исследования. М., 2005

6. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1998

7. Эпштейн М. Постмодерн в русской литературе. М., 2005

8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987

9. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009

10. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

11.Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

12.Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

13.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1984

14. Қасқабасов С. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы, 2005.

15. Сатпаева Ш. Қазахская литература и Восток. А., 2009.

16. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. А., 2002

17. Нұрғали Р.Сөз өнерінің эстетикасы. Астана, 2003

18. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2005.

19. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 2010.

20. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996

21. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001

22. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. А., 1997

23. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995

24. Тюпа В. Введение в литературоведческий анализ. М., 2001

25. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

26. Жетписбаева Б. Образные мифы Магжана Жумабаева. А., 2008

27. Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм. А., 2011

28. Қабдолов З.Сөз өнері. Алматы, 2005.

29. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва, 1975.

30. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. Москва, 1979

31. Жирмунский В.М. Избранные труды. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград, 1977.

32. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989.

33. Юнг К. Архетип и символ. Москва, 1991.

34. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжета а и жанра. Москва, 1997.



35. Теория литературы. В двух томах. Москва, 2004.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет