Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылы, Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Серікқали ЭльмираСерікқалиқызы , ІІ санат.
Мастер класс сабақтың тақырыбы Қабілеттілік
Жалпы мақсаты Мұғалімдердің бойындағы қабілеттілік қасиеттерді түсініктеме беру
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері Эмоциялық зият дәрежесі артады
3 деңгейлік туралы слайд
Тапсырмалар Тренинг. Қамажай. Топты суреттермен бөлу. Әр топтың топтық жұмысқа дайындығын білу
Әр топқа топбасшы тағайындату.
5 «Қабілеттілік» (таныстырылым)
Қабілеттілік адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады.
Б е й і м д і л і к- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жаткан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет,музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
Бейімділік пен қабілет ересек адамдардан да қосақтаса көрініп отырады. Адамда күшті, әсерлі,тиянақты бейімділіктің болуы одан зор қабілеттің бар екенін жақсы аңғартады. Бұл екеуінің бір-бірімен қабыспай жататын кездері болады. Біреу тек өзін көрсету үшін ғана іс-әрекетке бағыт алатын болса, мысалы, тек жұрттың көзіне түсу үшін театрдың оқуына түсетіндер де болады. Мұны оның бейімділігіне қарай туып отырған қабілеттің көрінісі деуге болмайды.
Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар
«Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайбы. Қабілетті адамдардың бірі- зеректілігімен, екіншілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше көзге түседі. Бұл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде тұттықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудың арқасында Қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған
6. Практикалық жұмыс«Қабілеттілік постерде бейнелеу.(7 мин)
Топ басшылары уақыт белгілеуші тағайындап, тапсырма бөлісу керек. Әр топтан бір бағалаушыны тағайындау.
Постер қорғаушылар – топ басшылары.
1-топ. Қабілетті оқушы
2-топ. Мінсіз оқушы
3-топ. Дарындылық
7. Бағалау.
Бағалаушылар – критериалды бағалайды.Сағат тілінің жүрісіне қарай келесі топты .Шыққан ұпайларын постердің үстіне жазып қояды.
Мультфильм
Кері байланыс: «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» Қорытынды.
+7023437239
Достарыңызбен бөлісу: |