ІІІ Тұлғаны таны.
-
Құсмұрын, кадет корпусы, Манас, Достоевский Ш. Уалиханов
-
316 дивизия, жазушы, әскери академия, халық қаһарманы Б. Момышұлы
-
Астана, Нұр отан, Дариға, Үшқоңыр Н. Назарбаев
-
Түркістан, сұлтан, Сабалақ, Уәли Абылай хан
-
Нарбала, кек алу, қалмақтар, батыр Қабанбай батыр
-
Медресе ,Семей, Ақылбай, Зере А. Құнанбаев
-
Империя, Есугейұлы, хан, Қарақорым Шыңғыс хан
-
Археолог, қола дәуірі, экспедиция,1946 жыл Әлкей Хаканұлы Марғұлан
-
Билеуші,сақ, шабуыл, көсем Томирис
-
Ақын, көтеріліс, Атырау, ұйымдастырушы М.Өтеміс ұлы
ІҮ Кесенелерді ата:
Қазақстан жерінде қайталанбас бітімді тарихи ескерткіштер өте көп. Соның ішінде
тарихи тағдырымен, сəулеттік-көркемдік бітімімен айрықша көз тартатындардың бірі –
1.Жошы хан күмбезі. Күмбез Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде,
Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Күмбез Алтын Орданың негiзiн салушы, қазақ
хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Ертедегі қазақ аңыздарының
бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа
ұзап кетеді. Осы кезде құландар үйірінің бір ақсақ құланы Жошыға тап береді. Ақсақ
құлан шабуылының тегеурінді болғаны сондай, Жошы хан атынан құлап, қаза табады.
Жошы хан күмбезіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күмбездегі екі қабірдің
біреуіндегі адам сүйегінің оң қолы жоқ екендігі анықталған. Бұл «Жошыны аң аулап
жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» немесе «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ
болған» деген халық аңызына сəйкес келеді. Екінші қабір Жошының үлкен бəйбішесі
Бектумыштікі болса керек.
Күмбез шамамен 1228 жылы бой көтерген. 2. Қарахан кесенесі
Cəулет өнерінің тамаша туындыларының бірі –
Қарахан кесенесі. Ол Тараз қаласындағы ≪Ежелгі
Тараз ескерткіштері≫ қорық-мұражайында
орналасқан. Кесене Қарахан əулетінен шыққан
хан Ша-Махмұд Бұғра Қарахан қабірінің басына
орнатылған.
Аңыз бойынша, Қарахан Айша деген қызға
ғашық болыпты. Бірақ жаугершілік заман екеуінің
қосылуына кедергі болған көрінеді. Ақыры,
екеуі қосылуға серттесіп, қыз Қараханның
ауылына қарай жол тартады. Жолда Айша бибі
суға шомылып шығып, киімін киіп жатқанда сəукеле ішіне кіріп кеткен жылан қызды
шағады. Қарахан есінен танып, əлсірей бастаған Айшаны молдаға апарып, некесін
қидырады. Айша бибі осы жерде батырдың қолында көз жұмады. Сөйтіп, Айша бибінің
қайтыс болған жеріне мазар тұрғызады. Қасынан Қарахан өзіне де мазар салғызады.
Қарахан есімі ел арасында беделді, əулие кісі ретінде танылған. Содан оның мазары
ел ішінде ≪Əулие ата күмбезі≫ аталған жəне шамамен ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ
ғасырдың басына дейін қазіргі Тараз қаласы Əулиеата атанған.
3. Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы
ретінде кеңінен танымал. Ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені жəне əулие кісі
болғаны жайлы халық арасында аңыз бар.
Арыстан баб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен ХІІ ғасырда салынған.
XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай
аңыз тараған.
Мəуереннахр билеушісі Əмір Темір Қожа Ахмет Иасауидің құрметіне кесене
тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қаланып болған түні алып өгіз келіп,
дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Кесене қабырғалары қайта тұрғызылып,
күмбездері қаланғанда əлгі оқиға тағы қайталанады. Осындай оқиғалардан кейін Əмір
Темірдің түсіне ақ киімді қария кіріп: ≪Алдымен Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы
– Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал≫, – дейді де ғайып болады. Ертеңінде
Əмір Темір Арыстан баб əулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді.
Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің құрылысы
ойдағыдай аяқталады. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысы аймағындағы көне Отырар
жерінде Арыстан баб кесенесі бой көтереді.
Кешен ХХ ғасырларда жергілікті халықтың қаражатымен қайта өңделген. Дəліз-
қақпа маңдайшасындағы мəрмəр тақтаға һижра бойынша 1327 жыл деп соңғы құрылыс
жүрген уақыты көрсетілген.
Кесене дəлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелер
мен қабірханаға бөлінген. Арыстан бабтың əулиелігін халық мойындаған. Сондықтан
бүгінгі күнге дейін бейсенбі сайын əулие басына түнеп, ғибадат етушілер кездеседі. Ел
арасында ≪Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле≫ деген ұлағатты сөз бар.
4. Алаша хан күмбезі Ұлытау өңіріндегі көптеген сəулеттік ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биік, тұлғалы туындысы Алаша хан күмбезі. Алаша хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзенінің жағасында биік жотаның үстінде тұр. Күмбездің нақты қай кезде салынғаны белгісіз. Ғалымдар күмбезді Қарахан əулеті заманында (X - XIII ғғ.) салынған сəулет өнерінің ескерткіші деген пікір айтады. Күмбездің биіктігі -- 10 метр. Ол күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Кіреберіс сол жақ бұрышындағы баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп, кесене үстіне шығуға болады. Күмбездің сырты əр түрлі кірпіштерден геометриялық өрнектер жасау арқылы көркемделген. Порталы мен күмбезі жұқа сырлы қаптамалармен қапталған екен. Бірақ олар бүгінгі күнге дейін сақталмаған.
5. Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:
Қазандық;
Үлкен Ақсарай;
Кіші Ақсарай;
Құдықхана;
Кітапхана;
Асхана;
Көрхана;
Мешіт;
|