Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «Қ. Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет4/7
Дата16.01.2024
өлшемі439.46 Kb.
#489165
1   2   3   4   5   6   7
бт папка

Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ - ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.
Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03-10.05.
Тестілеу — 20.06 - 01.07.
Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ форматы: 5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

 

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

Бағалау формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

Оқу сауаттылығы

20
(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

10

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл
2 немесе одан көп қате – 0 балл

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

10

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл
2 немесе одан көп қате – 0 балл 




Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы: 50
Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады
Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған


ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің 
ЖОБАСЫ
ҰБТ мен Кешенді тестілеудің жаңа форматы бойынша мектеп түлектері 5 пәннен тест тапсырады. Олардың 3-еуі барлық жоғары білім мамандықтарына түсу үшін міндетті пәндер болып табылады, ал қалған 2 пән әрбір нақты мамандықтарға сәйкес болады (бейіндік пәндер). 
ҰБТ немесе Кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайындық барысында байқау-сынақтарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады.
Таныстыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің жобасын ұсынамыз. Сіз жоғары білім мамандықтарының ішінен кез-келген мамандықты таңдап, соған сәйкес тестілеуден өтуге арналған бейіндік пәндерді таба аласыз.
ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет