Математикалық сауаттылық тапсырмалары 9 сынып
1.Су толтырылған флягтың массасы 29 кг. Ондағы судың жартысын құйып алған соң, флягтың қалған сумен массасы 16 кг болды. Бос флягтың массасы неше килограмм?
А)3 кг В) 4 кг С) 2 кг Д) 5 кг Е) 13 кг
2. Екі қаладан бір-біріне қарай екі пойыз жолға шықты. Кездескенше бірінші пойыз 78 км, ал екінші пойыз біріншіден 3 есе артық жол жүрді. Екі қаланың ара қашықтығы қанша?
A)78 км B)234 км C) 312 км D)390 км E) 200 км
3.Төмендегі екі фигурадан құрастырылмайтын суретті тап.
4. «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында 90 оқушы математикалық олимпиадаға дайындалады. А және Б тобында – 66 оқушы, Б және С тобында – 54 оқушы бар болса, Б тобында қанша оқушы бар?
24 В)30 С) 20 Д) 66 Е) 54
5.Ерлан балық аулауға барды. Ол өзенге дейін жаяу барады да, келерінде велосипедпен келеді. Барлық жолға 40 минут кетеді. Келесі күні ол өзенге барғанда да, келгенде де велосипедпен жүріп, жолға 20 минут қана кетіреді. Егер ол өзенге дейін жаяу барып, жаяу келсе, жолға неше минут кетуі мүмкін ?
A) 10 B) 30 C)20 D) 60 E) 54
6.Математикадан өткен аудандық олимпиадада 6 оқушы бірдей балл жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардың ішінен 2 оқушыны жіберудің неше нұсқасы бар?
А) 15 B )12 C)24 D) 16 E) 32
7.Мектеп бітірген 80 оқушы ҰБТ тапсырған. Диаграмма бойынша қанша оқушы 80 ұпайдан жоғары жинады?
А)8 В) 14 С)20 Д) 28 Е)30
8.Доптың келесі қасиеті бар: егер доп белгілі биіктіктен жерге құласа, онда ол сол құлаған биіктіктің жартысындай биіктікке қайта секіреді. Доп белгілі биіктіктен құлап, 3 рет секірді. Соңғысында 1м биіктікке секірді. Доп қандай биіктіктен құлады?
А) 9 В) 10 С) 5 Д) 6 Е) 8
9.Интернет жүйесіне қосумен айналысатын компания үш түрлі тарифтік жоспар ұсынады.
Тарифтік
жоспар
|
Абоненттік төлем
|
Трафик үшін төлем
|
Жоспар
«0»
|
Жоқ
|
10,5 теңге 1 Мб үшін
|
Жоспар
«500»
|
5200 теңге 500 Мб үшін
бір айдағы трафик
|
10 теңге 1 Мб үшін, егер
500 Мб-тан асатын болса
|
Жоспар
«800»
|
7200 теңге 800 Мб үшін
бір айдағы трафик
|
7,5 теңге 1 Мб үшін, егер
800 Мб-тан асатын болса
|
Тұтынушы өзінің трафигі айына 600 Мб деп болжап, ең арзан тарифтік жоспарды таңдайды. Егер шынында да 600 Мб болса, тұтынушының бір айда төлейтін төлемақысын табыңыз.
7500 теңге В) 6200 теңге С) 5200 теңге Д) 6300 теңге Е) 7200 теңге
10.Өлшемі 7x7x7 куб боялып және өлшемі 1x1x1 болатын кішкентай кубиктарға бөлінді. Қанша кішкентай кубиктардың екі жағы да боялған?
А) 64
В) 100
С) 126
D) 60
Е) 120
11.Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды?
А)86 В) 54 С)66 Д) 68 Е)55
12. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан дұрыс келеді?
А) В) С) Д) Е)
13.
Төмендегі жауаптардың қайсысы сұрақ белгісінің орнына келеді?
Математикалық сауаттылық тапсырмалары 9 сынып
Жауаптар: 1.А 2.С 3.Е 4.В 5.D 6.A 7.D 8.E 9.B 10.D 11.С 12. 13.
Достарыңызбен бөлісу: |