элективті курс
гимназиялық компоненттің арнайы курстары
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
9-10 сынып оқушыларына арналған
(барлығы 68 сағат, аптасына -2 сағат)
Бажи Ақару Аханқызы, Тулегонова Жанар Касиетовна
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның математика пәнінің мұғалімдері
Пікір жазған: Искакова М.Т., Абай атындағы ҚазҰПУ МФжИИ, Математика, физика және информатика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Түсініктеме хат
Оқу бағдарламасының жаңа форматқа көшуіне байланысты, жаңа форматтағы тестілеудің басты ерекшеліктерінің бірі барлық мектеп оқушыларына міндетті болған математика пәнінің орнына математикалық сауаттылық атты пәнінің енгізілуі болып табылады. Математикалық сауаттылық курсы - оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда маңызды рөл атқара отырып, математиканы өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру және оқушыларға математиканың қолданылуын жете түсінуге мүмкіндік береді.
Математика пәні таңдау пәндерінің қатарына қосылып, оқушылардың мамандығымен байланысты бейіндік пәнге көшуінің басты себебі математиканың міндетті пән ретінде кей мамандықтармен байланысының болмауы және пән тапсырмаларының басым бөлігінің мектеп бітіруші түлектерге қиындығы болды. Осы орайда, математикалық сауаттылық пәнінде берілетін тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты болуы және оқушылардың логикалық ойлау қабілетіне берілуі жоғарыда аталған мәселенің ең тиімді шешімі болды.
Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стартегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болуы үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек" деп баяндады. Қазіргі таңда, жаппай сауаттылық қана емес, Елбасымыз "функционалды сауаттылықты арттыруды" негізгі тапсырма етіп жүктеді. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) шеңберіндегі тестілеу барысында функционалды сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану- ғылыми сауаттылық. Осы кезекте, аталмыш бағдарламаға сәйкес, енгізілген өзгерістер оқушының өзін-өзі дамытуына, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |