3 Құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар - Табиғи тас материалдар құрылыста төмендегі мақсаттар үшін кеңінен қолданылады:
- өндеусіз пайдаланылатын тас материалдар (құм, жұмыр тас)
- өңдеу арқылы алынатын материалдар (қиыршық тас, тақталар, өңдеулік материалдар)
- тау жыныстары сонымен қатар минералдық тұтқыр заттар алу үшін қолданылады (гипс, әк, цемент)
- жасанды тас материалдар алу үшін - кірпіш, шыны, бетон, құрылыс ерітінділері.
3 Құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар - Тас материалдарды тығыздығы бойынша құрғақ күйінде ауыр (1800 кг/м3 артық) және жеңіл (1800 кг/м3 кем) деп бөледі.
- Тас материалдар үшін келесі маркалар белгіленген (МПа): 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50, 75, 100, 125, 150, 200, 300, 400, 500, 600, 800, 1000.
- 0,4 - 20 маркалары жеңіл тастарға тән;
- Суға төзімділік Кр=0,6-0,8;
- Аязға төзімділік бойынша маркалар (Мрз): 10; 15; 35; 100; 150; 200; 300; 500-ге дейін белгіленген.
3 Құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттық материалдар - Қабырғалық материалдар ретінде қолданылатын табиғи тастардың қасиеттері: беріктік шегі 0,14-тен 40 Мпа-ға дейін; су сіңірімділігі 30% көп емес (массасы бойынша).
- Құрылыста кең қолданылатын табиғи қабырғалық тастардың келесі маркалары бар:
- ұлутас - 4; 7; 10; 15; 25; 25; 50;
- жанартаулық туфтар, майда кеуекті әктастар - 3,5; 5,0; 7,5; 100; 150; 200.
- Жеңіл тасты жыныстардың орташа тығыздығы бір-бірінен ерекшеленеді (0,9-1,8 г/см3). Жеңіл жыныстардан алынған қабырғалық тастардың жұмсару коэффициенті 0,6 аз болмауы керек.
Бақылау сұрақтары - 1. Тау жыныстары деп қандай массаларды айтады?
- 2. Тау жыныстарының жіктелуі қалай жүргізіледі?
- 3. Магмалық тау жыныстары қалай түзілген?
- 4. Қандай материалдар магмалық тау жыныстарына жатады?
- 5. Шөгінді тау жыныстар қалай түзілген?
- 6. Қандай шегінді тау жыныстарын білесің?
- 7. Органогенді шөгінділер қалай пайда болған?
- 8. Метаморфтық тау жыныстары қалай түзілген?
- 9. Мономинералды және полиминералды тау жыныстарының айырмашылығы неде?
- 10. Тау жыныстарының құрамындағы негізгі минералдарды атаңыз?
- 11. Тау жыныстарынан қандай құрылыс материалдары алынады?
- 12. Табиғи қабырғалық тас материалдардың қасиеттері мен өлшемдері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |