Список использованной литературы:
1.Конституция Республики Казахстан Алматы: Казахстан, 2007. 26 с.
Уголовный кодекс Республики Казахстан Алматы: «Издательство «Норма-К», 2002. 168 с.
Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан Алматы: «Издательство «Норма-К», 2002. 248 с.
2. Биленчук П.Д., Рощин А.И. Изучение личности несовершеннолетнего обвиняемого на предварительном следствии Учебное пособие Киев: КВШ МВД СССР им. Дзержинского 1991. 235 с.
3. Конвенция о правах ребенка (Нью-Йорк, 20 ноября 1989г.)
4. А.А. Ескендиров Процессуальные и криминалистические аспекты расследования преступлений, совершенных несовершеннолетними Учебное пособие Алматы. 2008. 138 с.
5. Е.Г. Лозовецкая Уголовная ответственность и наказание несовершеннолетних //Заңгер - № 11, 2003. с.30-31
Спанов А.Қ.
Қазақ гуманитарлық заң университеті
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының
аға оқытушысы
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Қоғамдық өмірде бір-бірімен тығыз байланысқан екі категория бар. Олар құқықтық тәртіп пен демократия. Құқықтық тәртіп пен демократия заң ғылымында ежелден зерттелініп келе жатқан екі категория. Бірақ, бұл категориялар қаншалықты көп зертелгенімен, өздерінің өзектілігін жоғалтпаған және әр уақытта олар қоғамға өте қажет болып табылады. Себебі оларсыз қоғамда тәртіпсіздік, заңсыздық, бет бетімен кеткендік орнар еді. Яғни, қоғам дамуының әр кезінде бұлар өте қажеттілігі зор құқықтық құбылыстар болып табылады.
Құқықтық тәртіп пен демократияның өздерінің ерекше белгілері, қасиеттері, әртүрлі құрылымдары, функциялары және қағидалары бар. Бірақ соған қарамастан олар бір-бірімен тығыз, өзара қарым-қатынастықта болады.
Демократия, ежелгі грек тілінен аударғанда халық билігі деген мағынаны білдіреді [1, 161 б.]. Бұл демократияны түсінудің әлемдегі ең кең тараған түрі.
Бұл билік халықты биліктің қайнар көзі деп тануға және теңдік пен бостандыққа негізделеді және мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалық қағидаттарын басшылыққа алуға сүйенеді [2, 75 б.].
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша демократия, билік пен басқару нысаны ретінде қазіргі қоғам өмірінің жағдайына жауап беретін мемлекеттіліктің жалғыз нысаны [3, 504 б.] дейді.
1921 жылы ағылшын Дж. Брайспен «Современные демократии» [4] атты жарияланған демократияның теориялық негіздеріне арналған фундаментальды еңбектердің алғашқысында, оның қоғамда тамырлануының тек қана оң емес, сонымен бірге теріс те жақтарын көрсетті.
Бұдан басқа да, автор осы еңбекте әлемдік өлшемде демократияның болашақтағы перспективалары туралы ой айтады. Д. Брайс демократия әлемге тарала жалпы құндылық болады дей келе, демократия еуропалық мәдениеттің заты болғандықтан, демократиялық тәртіп басқа мәдениеттерге, әсіресе шығыстық мәдениетке терең тамыр жіберуі мүмкін деп ойламаған еді. Ғасырдың басында айтылған осы екі ұсыныстар өзінің мәнділігін әлі күнге дейін жойған жоқ [5, 251 б.].
Заң әдебиеттерінде демократия мемлекет нысаны ретінде, яғни «азаматтар мен олардың бірлестіктерінің басқару шешімдерінің мазмұнына ықпал ету, осы шешімдердегі заңдылықты әлеуметтік мүдделердің іске асуына жетуін ашатын ұйым болып табылады» [6, 177 б.].
Мемлекеттің демократиялық нысаны туралы мемлекеттің конституцияның болуы және тәжірибеде мынадай жалпы адамзаттық құндылықтарды іске асуынан бағаланады: халық билігі; биліктің бөлінуі; саяси, идеологиялық плюрализм; құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет; жынысына, нәсіліне, ұлтына, мүліктік жағдайына, білім деңгейі мен діни сеніміне қарамастан азаматтардың әлеуметтік экономикалық және саяси құқықтары.
Мемлекеттің нысаны ретінде демократияның сипатымен мына концепция тығыз байланысты. Бұл концепцияға сәйкес демократия саяси режимнің бір түрі болып саналады. Яғни, фашистік және авторитарлы саяси режимдерге қарсы қойылатын, мемлекеттік билікті іске асыратын белгілі бір әдісі. «Саяси режим ретінде демократия үшін, орталық және жергілікті өкілді мекемелердің, әртүрлі партиялардың және қоғамдық ұйымдардың сайланбалығы, заңдылығы және қызмет етуінің легалдығы болу қажет» [7, 114-115 бб.].
Екі концепцияның өзара тәуелділігі (демократия мемлекеттің басқару нысаны және саяси режимнің бір түрі ретінде) саяси режимді кең және тар мағынада түсінумен байланысты. Саяси режимді кең мағынада түсіну, тұлғаның саяси бостандығы мен демократиялық құқықтарының кепілдігін болжайды, ресми конституциялық және құқықтық нысандарды саяси шындылыққа сәйкестігі және қоғамның саяси жүйесіне тікелей қатынасы бар екендігін көрсетеді. Саяси режим тар мағынада, мемлекеттік басшылықтың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде түсініледі және мемлекеттің нысанының синонимі ретінде қарастырылады [8, 7 б.].
Демократиялы саяси режим биліктің халық көпшілігіне тиістілігімен сипатталады. Олар құрған және бақыланатын мемлекеттік пен қоғамдық ұйымдармен, қоғам мен мемлекет арқылы шынайы басқару мүмкіндігі.
Заң ғылымында демократияны мемлекеттің құрылымдық нысаны ретінде де ұғыну кездеседі. Сонымен қатар оның негізінде конституциялық құрылымның мынадай қағидалары жатқандығы айтылады: халық билігі, саяси плюрализм, бостандық және азаматтардың теңдігі, адамдардың құқықтарынан ажыратылмайтындығы [9, 72 б.].
Тек қана мемлекеттік ғана емес, кез-келген ұйымның құрылым нысаны жоғарыда көрсетілген пікірге сәйкес демократияның сипатына жақын келеді. Өйткені ол ұйымдардың да мүшелерінің теңділік, басқару органдарының мерзімділік сайлану және онда шешімді көпшілікпен қабылдану қағидасына негізделгелуі яғни, қоғамдық-саяси демократияны білдіреді. Осындай мағынада партиялық, кәсіподақтық, өндірістік және соған ұқсайтын демократиялар айтылады [10, 116 б.].
Осы келтірілген пікірлер мынаған байланысты, яғни әлеуметтік функциялар мен билікті жүзеге асыруда қатысатын мемлекеттен тәуелсіз көптеген санды ассоциациялар, ұйымдар және топтар орын алған қоғамда демократия мүмкін. Осы мезетті Р. Даль де кезінде атап көрсеткен. «Қазіргі кездегі барлық демократиялық қоғамда билік көптеген саяси, кәсіпқой, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және діни ұйымдар арасында маңызды көлемде орталықтандырылмаған. Әрине, тәуелсіз ұйымдардың өмір сүруі демократияның жеткілікті шарты деуге болмайды, бірақ олардың жалпыұлттық масштабта өмір сүруі демократия мен бостандық үшін қажет екені айқын» [11, 41 б.].
Мемлекеттік құрылыстың теориясы мен тәжірибесінде мына концепция орын алды. Яғни осы концепцияға сәйкес, демократия мемлекеттік құрылымның нысаны ретінде әртүрлі жағдайларда әртүрлі әлеуметтік мазмұнға ие болады және барлық саяси ағымдармен өздерінің мақсаттарына жетуге пайдаланылады.
Жекеленген авторлар демократия - тек билікті ұйымдастыру нысаны деген тезисті айта келе, ол әртүрлі мазмұнмен толтырылу мүмкін деп оның саяси құндылығын теріске шығарады [12].
Демократия саяси дүниеге көзқарас ретінде догматизмге, схематизмге, бір өлшемділік пен төзбеушілікке қарсы анықталған ойдың кейпін білдіреді. Бұл жерде біртекті, бір және мәңгілік бекітілген ереже жоқ. Демократиялық дүниеге көзқарас әлеуметтік-философиялық тамыры адамдардың өзгеріп жатқан жағдайларға қолайлану ұмтылысы болып табылады. Сондай-ақ осы мақсатта ескірген әлеуметтік және саяси институттардың, нормалардың, құндылықтарды қайта қарау және жіктеу.
Демократия саяси дүниеге көзқарас ретінде авторитаризмді, тоталитарлы және басқа да репрессиялы қоғамдық тәртіпті теріске шығарады. Саяси дүниеге көзқарас ретінде демократияның негізінде демократия саяси идеал ретінде қарастырылады. Саяси демократияның идеалдары ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: экономикалық және әлеуметтік теңділік, толық бостандықты білдіру, шешімді қабылдауда теңдей қатысу құқығы.
Демократия, бостандық тәрізді жалпы технологиялық рецептермен дамитындай тым феноменальды, индивидуалды, динамикалы болып табылады. Әрбір халық өзінің бостандығын таңдайды және әрбір жағдайда әртүрлі бостандықтың арақатынасы мен шектелуін іздейді.
Өзінің тарихи және саяси мәдени ерекшеліктеріне қарай таза күйінде құндылықтарды, нормаларды және институттарды шығару мүмкін емес. Әрбір халықтың ұлттық санасында осы халықтың сипатын, менталитетін, рухын анықтайтын базистік, табиғи элементтері бар, және олар оның дүниеге көзқарасының ерекшелігін анықтайды. Қоғамды демократизациялау халықтың санасының жағдайына, саяси демократияның негізгі құндылықтарын қабылдау мен іске асыруының дайындығы деңгейіне байланысты болады. Тек, жалпы қабылдаған демократиялық құндылықтар мен нормалар көпшіліктің жүріс-тұрыстық белгілері болғанда, демократия нақты ұлттық орынға орнығады. Ал ол ұзақ тарихи тәжірибе нәтижесінде қол жетіледі [8, 10 б.].
Демократия саяси құндылық ретінде, саясат пен мемлекетті басқаруда халық еркін білдіретін оңтайлы жағдайлар қалыптастыратын, демократияның басқару нысаны ретінде үстемділігіне көз жеткізушілінде болып табылады.
Демократияның саяси құндылығының қатарына мыналар жатқызылады: азшылықтың құқықтарын қорғаудағы көпшіліктің билігі, мемлекеттік негізгі органдардың сайланбалығын жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен саяси бостандықтарының орын алуы, олардың теңділігі, заңның үстемдігі, конституциализм, билікті бөлу.
Демократия саяси құндылық бола, өзін-өзі қорғаудың маңызды құралы болады, адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың қажетті шарты және ең негізгі бостандығы – тұлға сақтайтын, басқа адамдармен бірге заңдар мен ережелерді анықтауда бірге қатысу бостандығы болады [11, 41 б.].
Демократия қозғалыс ретінде либералды құндылықтар үшін абсолютизммен күрес туы ретінде пайда болды [13, 14 б.]. Бұл қозғалыс әртүрлі кезеңде, әртүрлі әлеуметтік күштермен адам құқықтарына табиғи ретінде қарайтын көне көріністерге шынайы берілгендігін сақтайтын ретінде көрсететілді. Оларды сақтау кепілі саяси жүйені демократиялық ұйымдастыруда болып табылады.
Демократия саяси үрдіс ретінде халық билігі қағидасына сәйкес, барлық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін, басқарудың анықталған институттарының, рәсімдерінің және қағидаларының жиынтығын көрсетеді. Демократия саяси құндылық, дүниеге көзқарас ретінде құқықтық мемлекетсіз, меншік, өндіріс және бөлу қатынастарын, индивидтердің өздері және мемлекет арасында өзара қатынасын реттейтін, айқын дайындалған құқықтық нормасыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Сонымен демократия саяси үрдіс ретінде «әлеуметтік шешімге» жетудің жиынтықталған институттарын білдіреді [8, 12 б].
А.И. Ковлер өзінің «Кризис демократии? Демократия на рубеже XXI века» атты еңбегінде қазіргі кездегі демократия күнделікті қоғам талабына жауап беретін басқару техникасы, ескішілдік рәсімі тәрізді болады. Демократиялық теория осы талаптарға өзінің формализмінің арқасында үлгермейді. Мүмкін демократияның кризисін жеңіп шығу, демократиялық рәсімдердің жаңа ережелерін дәйектеуде шығар [14, 32 б.] дейді.
Демократияны бірдей емес әртүрлі түсіну, оның мазмұнын әр алуан түсіндіру себебі, зерттеудің бірдей емес бағыттылығы, оны түсіну мен саралаудың әртүрлігіне байланысты.
Ғылымда демократияны нормативті және жазылмалы-эмпирикалық мағынада түсіндірулері бар. Нормативті жағынан түсіндірудің мәні – демократияның идеалды үлгісін құру, басқа басқару нысанымен салыстырғанда оның артықшылығын көрсету, демократиялық идеалды жүзеге асырудың жодарын саралау болып табылады. Осындай идеалды түрде демократия ешқашан өмірде болған жоқ. Демократия идеал ретінде адамдардың мүмкіндігі туралы, оны іске асыру үшін ұмтылуға көрініс береді.
Ал жазылмалы-эмпирикалық мағынада демократияны қандай күйінде болса солай саралынады табылады.
Сонымен демократия - бұл қоғамның саяси дамуының бағдары ретінде болатын идеал болып табылады.
Демек, ғылымда демократия туралы ортақ немесе жалпы пікір жоқ. Демократияның теоретиктері оның әртүрлі қасиеттеріне сүйенеді: қатысу (Руссо), өкілдік (Милль), биліктердің бөлінуі (Монтескье), теңділік (Маркс), орталықтандырылмағандық (Токвиль), бостандық (Хайек) табылады.
Демократия көрініс табудың көп аспектілеріне ие, осылардың әрқайсысына халық билігі деген терминді қолдануға болады. Олар мынадай болады:
а) мемлекет мәнінің элементі (жақтары), мемлекеттік биліктің сипаты;
ә) мемлекет пен құқықты демократиялық немесе тоталитарлы критийге жатқызу;
б) мемлекеттің саяси нысаны;
в) оның саяси режимі;
г) мемлекет механизмі және оның органдарының құрылуы мен қызметінің қағидасы;
д) партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұйымдасқан құрылуы мен қызмет етуі;
е) мемлекеттің және қоғамның саяси жүйесінің барлығы дамуының маңызды бағыттары.
Демократия дегеніміз – көппікірлік, ашықтық, көппартиялық, еркін сайлау, биліктің бөлінуі, заңның жоғарылығы, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, беделді және тәуелсіз соттардың болуы және т.б. [15, 428 б.].
Құқықтық тәртіп - ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынас мүшелерінің субъективті құқықтарының іске асуы мен заңды міндеттерінің орындалуы мемлекетпен кепілденеді, заңдылықтың іске асуы, құқыққа сай заңды мінез-құлық қамтамасыз етіледі [15, 420 б.].
Өз кезегінде демократия, оның қалыпты дамуы – құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өмір сүруінің қажетті объективті және субъективті шарты, әлеуметтік-саяси негізі. Демократиясыз, шынайы заңдылық, мықты құқықтық тәртіп туралы сөз болуы мүмкін емес. Демократия толық дамыған болса, қазіргі қоғамның ең жоғарғы сатысында көрініс алу, яғни құқықтық мемлекетке жылжу айқын болған сайын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шарты қолайлы болады.
Ал басқа жағынан қарастырғанда, заңдылық пен құқықтық тәртіп халық билігін бекіту мен ары қаратай даму үшін, өркениетті азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құрылуы үшін, күшті демократиялық құқықтық мемлекет үшін қажет [15, 428-429 бб.].
Құқықтық тәртіп демократияның маңызды институттарын бекітеді, заңнама және заңдылық азаматтарға кең демократиялық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді, оларды нақты пайдалану азаматтарды мемлекеттік барлық істерде басқаруда қатысуға қамтамасыз етеді.
Саяси режим ретінде демократия өзінен-өзі нық құқықтық тәртіп пен заңдылықты талап етеді, құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарғы деңгейін тәрбиелейді, елдегі қатаң заңдылық пен жоғарғы саяси-құқықтық саналылық, нық енгізілген құқықтық мәдениеттің өмір сүруі, қоғамның саяси ұйымының демократизациялығы туралы өзінен-өзі жақсы күәландырады.
Демократизация жаңа құқықтар мен бостандықтарды қосымша заңнама тіркеу арқылы, бар заңи рұқсат ету мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру кепілдіктерін нығайту арқылы да, құқықтарды іске асыру механизмінің өзі арқылы және сәйкес заңи міндеттерді орындау арқылы да жүруі мүмкін. Басқаша айтқанда, конституцияда және басқа да нормативті құқықтық актілерде бекітілген азаматтар мен ұйымдардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету.
Демократиялық қоғамда құқықтық тәртіпті тағайындау мыналарды реттеуді қажет етеді:
а) әрбірінің алдында айқын мінез-құлық бағдарламасын қоя, мемлекеттік істерге азаматтарды қатыстыру мен қатысуы;
ә) құрамдас өзіндік буындар мен олардың өзара әрекеттері көзқарасы жағынан демократияның жүйесі, механизмі;
б) демократияның негізгі институттары (азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сайлау жүйесі, заңдылық және т.с.с.);
в) демократияның құрылымдық, рәсімдік және функционалды жақтары (таңдаушылық, бақылау астындағылық, жариялық, талқылаушылық, жауаптылықты жүзеге асыру) [16, 62 б].
Құқықтық тәртіп теориясы ол демократия туралы ілімнің құрамдас бөлігі [17, 54 б.].
Демократия құқықтық тәртіптің өмір сүруінің объективті және субъективті шарты болып табылады деген авторлардың пікірлері даусыз емес [18, 21 б.]. Құқықтық тәртіп демократиясыз да өмір сүруі мүмкін. Құқықтық тәртіп ол құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынасқа қатысушыларының субъективті құқықтары мен заңды міндеттерінің іске асуы кепілденеді деген құқықтық тәртіптің анықтамасынан, заңда азаматтардың құқықтары мен міндеттері кіммен бекітілгенінен қарамастан, осы құқықтар мен міндеттер формальды түрде жүзеге асырылатын тәртіп, құқықтық тәртіп деп аталатын қорытынды шығады.
Демократия қоғамдағы нақты құқықтық тәртіптің деңгейіне әсер етеді. Заңи нормалар мазмұны, кімнің мүддесін мен еркін толық білдіретініне, кімге бұл нормалар бағытталған болса, құқықтық ұйғарымдардың орындалуы соғұрлым тегіс қамтылатын, өз еріктерімен орындалатын және саналы болады, соғұрлым заңдылық пен құқықтық тәртіп нық болады. Құқықтық тәртіп көбінесе тек мемлекеттік қызметтің нәтижесі, тек мемлекеттің белсенділі деген болжам жасайтын қатынастардың тәртібі деген талдау жасалады. Осыған қарамастан, демократия жағдайында кең қауым, азаматтар құқықтық тәртіпті нығайту мен қорғаудың белсенді қызметінен шетте тұрмау керек. Демократияға негізделген қоғамның саяси ұйымы құқықта халықтың еркін білдіретін жағдай ғана жасамай, сонымен бірге азаматтарды мемлекеттік аппарат қызметін бақылауға жібереді, онысымен лауазымды жағдайын теріс пайдаланушылықты азайтады, кең қабат тұрғындарды сот әділдігіне, құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтауға тартады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті демократизациялау азаматтардың заңмен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі мемлекеттің басты міндеттерінің біріне айналады. Демократия жекеленген тұлғалар мен топ азаматтарының қоғамның басқа мүшелеріне зиян келетін қандайда бір артықшылыққа ие болуға жол бермейді. Теңдей құқықтарға теңдей заңи міндеттер сәйкес келеді. Әрине, осы жағдаяттар құқықтық тәртіптің тұрақтылығына аз мән бермейді.
Демократия толықтай дамыған сайын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шарты қолайлы, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетке орнатуға болады.
Құқықтық тәртіп демократиямен тығыз байланысты, демократиялық құқықтық тәртіп демократиялық заңнамасыз және заңдылық режимісіз мүмкін емес. Құқықтық тәртіптің тарихи дамуы заңдылықтың нығаюына байланысты болды. Шынайы құқықтық тәртіп заңдылыққа байланысты, ал соңғысы елде құқықтық тәртіпті орнату мен қамтамасыз етудің шешуші құралының бірі болады. Заңдылықты бұзу өмір сүріп тұрған құқықтық тәртіптің бұзылуына алып келеді, ал құқықтық тәртіпті бұзу сонымен бірге заңдылық талаптарын бұзу болып табылады [19, 15 б.].
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіп пен демократия қоғамның тірегі десек болады. Себебі қоғамда демократия орнаса, құқықтық тәртіп орын алса, онда біз өркениетті елдердің біріне айналып, бүкіл халық өз құқықтарын толық көлемде іске асырар еді. Қоғамдағы құқықтық тәртіптілік демократиялық мемлекеттің ең басты алғышарты. Құқықтық тәртіп бар жерде әрқашанда заңдылық орнайды және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуына, жетілуіне жол ашады. Қазақстандағы құқықтық тәртіпті дамыту және жетілдіру үшін, демократиялық процестерді белсендіру қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Введение в политологию. Авт.- сост. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
2. Ағыбаев А.Н. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы. 2002.
3. Jeannier A., Qu est gue ec modernite? Etudes. Paris, 1990,
4. Bryee J. Modern Demokrasy. Oxford, London, 1917.
5. Артемов В.М. Правопорядок в современном российском обществе: социально-философский анализ. Дисс. докт. филос. наук. Москва. 1999.
6. Конституционное (государственное) право зарубежных старан / Под ред. Б. А.Страшуна. Т.1. М., 1993.
7. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. 5-е изд. М., 1996.
8. Нудненко Л.А. Теория демократии. М.: Юристь, 2001.
9. Энциклопедический юридический словарь. 2-е иед. М., 1998.
10. Основы политической науки / Под ред. В.П.Пугачева. Ч.2. М., 1993.
11. Даль Р. Введение в эконоческую демократию. М., 1991.
12. Schmitt K. Die geistesschichtliche Lage des heutig Parlamentarismus. Munchen-Leipzig. 1926.
13. Денисов. А.И. Основные черты социалистической демократии в СССР. М., 1966.
14. Ковлер. А.И. Кризис демократии? Демократия на рубеже XXI века. М., 1997.
15. М.И.Байтин. (Современное нормативное правопонимание на грани двух веков). М., 2005.
16. Назаров П.С. Правопорядок в условиях формирования правового государства. Дисс. канд. юрид. наук. Саратов, 2005.
17. В.В.Борисов. Правовой порядок развитого социализма. Саратов, 1997.
18. Межвуз. сб. научн. тр. / Под. ред. М.И.Байтина. Саратов. 1998.
19. Л.С. Явич. Социалистический правопорядок. Ленинград.1972.
А.Р.Турабаев
Қазақ гуманитарлық заң университеті
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
кафедрасының аға оқытушысы
МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ РЕФОРМАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ғасыр басында көтерілген мәселе бүгінгі таңда да осы маңыздылығын жойған жоқ. Уфа губерниясынан сайланған қазақ С. Жантөре көп мәселеде қазақ жерінен келген депутаттармен пікірлес, бір көзқарастарда болды. Оларға Қазақстандағы аграрлық мәселеде қазақ емес депутаттар арасынан бұған Ш. Сыртланов, Т. Седельников, В. Недоносков, Н. Бородин т.б. белсенді қолдау көрсетті. Бұлардың соңғы екеуі казактар қауымының өкілдері еді.
Аграрлық жағдайға байланысты қалам тартқан Т. Седельниковтың көзқарасына арнайы тоқталып өтуді жөн көрдік. Т. Седельников өлкедегі аграрлық жағдай жөнінде мейлінше мақсатты да дәйекті пікір білдіруге тырысты. Бұған өзінің жазғанындай, жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселе жағдайларымен жан-жақты және мұқият таныс болуы мүмкіндік берді. Ол осы еңбегінде белгілі аграршы А. Кауфманның көзқарастары мен тұжырымдарын сынға алды. Т. Седельников Қазақстандағы жер иелену мен жер пайдаланудың заңды нормаларын тәртінке келтіруді басты мәселе етіп қойды, бұл ретте ол объективті табиғи-тарихи жағдайлар әсерімен қалыптасқан нормаларға сүйенді. Т. Седельников Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде және өзінің бұл көзқарасын кейін өз кітабында жинақтап баяндады. Қазақ халқының империяның мемлекеттік және әкімшілік органдарындағы мүддесінің толық бүрмалануын атап көрсете отырып, Т. Седельников былай деп жазды: «Бүл жүйенің ең басты кемшілігі, дә^іірек айтсақ, түбегей^і қателігі - қазақ жерінің нағыз иесі мен билігін жургізушісі жекелеген ауылдар, болыстар немесе уездер емес, мемлекеттің сенімі бойынша түтастай алғандағы бүкіл қазақ халқы болып табылатындығы жөніндегі талассыз фактіні толық бүрмалануы, ал бұл жүйенің ең басты әділетсіздігі -шынында да жері өте көп адамдардан үлесін тартып ала отырып, бұл жүйенің жер жетпейтін немесе тиісті үлесі мүлде жоқ адамдардың ауыр да, қиын жағдайын сорақы түрде бұрмалауында» [1, 45 c.]
Қоныс аудару саясатындағы тағы бір жәйт - Ресей империясындағы мүсыдмандырға барынша қысымшылық көрсетілуі болды. Бұл жайында Ш. Сыртланов : «... Түркістан өлкесінде мұсылмандарға жылжымайтын мүлікті сатып алуға тыйым салынған, ал онда қызметші мұсылмандар өте көп -олардың бір де бірі өзіне үй немесе жер сатып ала алмайды» деп көрсетеді.
I Мемлекеттік Дума таратылғаннан кейін, оның кембір мүшелері мәжілістерде қаралған мәселелер бойынша өздерінің пікірін білдіретін мақалалар жинағын шығарды. Ол жинақта басқа да депутаттардың көзқарастарын байқауға болады. Мысалы , Г. Гейден (халық бостандығы партиясынан) ^жерге құқық - бұл қайыршылықты теңестіру» - деп жазса, ал А. А. Кауфман империядағы орыс емес халықтарды жерге орналастыру туралы өз пікірін былайша білдіреді: «Бұратана халақтардың жер аумақтары қаншалықты кең байтақ болса да, бәрінен бұрын солардың өздеріне тиесілі хәм әзірге толық қанағаттанғанша, жерге орналастыру аяқталмайынша олардың бос жерлеріне үлесі аз шаруалардыкөшіруге жол беру мүмкін емес»
Аграрлық мәселелерді талқылауда аграрлық заң жобасын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында өткір пікірталастар болды. Комиссияның ұлттық құрамы туралы мәні жағынан маңызды мәселе келтіргенде Ш. Сыртланов комиссияға басқалармен бірге қазақ халқының өкілдерін сайлауды талап етті. Түбі бір түрк этносының бір тармағы башқүрт халқының адал перзентінің кейіыгі тағдыры бізге беймәлім.
I Мемлекеттік Дума қүрылысы жағынан батыс парламенттеріне тән белгілері мен қағидаларына ие болды. Дума қабырғасында құрылған фракциялар мен топтар үстанған саяси бағдарламалары бойынша ұлт, халық мүдде-мақсаттарын білдірді [2].
I Дума кезеңінде бастамасы қаланған мұсылман фракциясы ұлт зиялыларын біріктіріп, Дума шеңберінде өзекті мәселелерді ұштайды.
II Мемлекеттік Думаға сайлау додасы Қазақстанда 1907 сылдың қаңтар, ақпан айларына келді. Сайлау I Думаға айланү заңдарымен, яғни 1905 жылдың 6 тамыз бен 11 селтоқсандағы заңдар негізінде өтті. Сайлау мересіне жеткен соң, кадеттердің үстемдігі йқындалды. Ақмола облысынан II Думада социал-демократ А.К. Виноградов және алғашқы Дума мүшесі И.П. Лаптев, Семейден Н.Я. Коншин мен Т. Нароконев, Торғай облысынан А.Қ. Бірімжанов және социал-демократтар партиясынан И.О. Голованов, Орал облысынан партиялығы жоқ Ф.А. Еремин, И.И. Космодамианскии және заңгер, конституциялық- демократиялық партия мүшесі Б. Б. Қаратаев, Сырдария облысынан социал-демократ И.А. Колендзян мен партиялығы жоқ Т. Алдабергенов өкілдік етті.
II Думадағы қазақ жеріндегі тілге тиек болған жер, жергілікті басқару, діни бостандық, ағартушылық, «сот төрелігі» мәселелері бойынша ел қалаулылары сынды да өткір пікірлерін ұсына алды.
Құрамдық жағынан патша еркіне сай келмеген II Думаның таратылуына социал-демократтар фракциясына құрастырылған жаласы желеу болды.
III «патшалық» Думаның өмірі 1907 жылдың 1 қарашасынан басталды. Жаңа сайлау заңы бойынша сайлану құқығынан айрылған Қазақстан, Орал казактарынан басқа, Ресейдің саяси, экономикалық өмірінде белді орнын жоғалтпады. Қазақстан Дума қызметіне фракциялар арқылы байланыста болды.
III Дума кейінірек IV Дума шақырылымдары құрамдық сипатымен-ақ саяси көзқарастары патша үкіметі саясатымен бір сарындағы депутаттардың басымдығымен белгіленді [3, 32 c.]
III- IV Дума патша саясатын жүзеге асырушы құрал ретінде іс атқарды. Үкімет Дума демеуімен аграрлық реформаны жүзеге асыруға, қоныстандыру қажеттіліктері үшін миллиондаған субсидияларға қол жеткізді, төніп келе жатқан бірінші дүниежүзілік соғыс қамына қаражат алды.
«1917 жылдың қазанында Уақытша үкімет қарулы көтеріліс салдарынан тағы да мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жаңа жүйесін құру жөнінде мәселені көтерді. Бұл мәселенің шешіміне 1917 жылдың 25- 26 қазанында Петроградта жиналған II Бүкілресей Кеңестер съезі алды. Бүл орган әрекетінің заңдылығы күмән туғызады».
Бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ даласын да айналып өтпей, ыстық лебі шарпып өтті. Бүл кезеңді «колониальные окраины Россииской империи, в том числе Казахстан, были втянуты в эту мировую бойню в качестве поставщиков различного сырья и материалов, а с 1916 года как поставщика рабочей силы (коренного населения) для тыловых работ, компенсируя тем отток из метрополии части рабочих, прмзванных в действующую армию» деп белгілеуге болады [4, 65 c.].
Үкіметтің Негізгі заңның 87 бабын пайдаланып, жүргізген саясатына кейіген солшыл депутаттардың бірі: «Кто у нас законодатель? Кто? Законодательное учреждение или правительство? Ответ ясен сам собой: правительство - вот настоящий законодательный орган. Правительство все вермишельное представляет разрешать вам, ваш портфель полон тысяч мелких, ничтожных, никчемных законопроектов, а все значительное, все важное оно само разрешает в чрезвычайном порядке» деп, оңшыл жаққа пікірін білдіреді.
Дума қабырғасында ел мұқтаждығы мәселелерін көтерген, мұсылман фракциясының мүшесі Ә. Н. Бөкейханов, «Қазақ» газетін ұлтты діни-рухани бірлікке шақырудың ұйытқысына айналдырады.
Осылайша, әлеуметтік, саяси топтардың күрес алаңына «барометріне»2 айналған Дума 1917 жылдың сәуірінде өз кызметін тоқтатады. Сөйтіп ұлттық тарихымыздың сөресінде өз орнын тапқан Мемлекеттік Дума кезеңі ел зиялыларының шыңдалу мектебіне айналып, өкілдік, заң шығарушы органдарымыздың үрдістерін жалғастырушы, өзінің шынайы болмысына жету жолындағы бір буыны ретінде көрінді [5].
Қазақстан конституциялық-демократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпыұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орындалып келгендей қазақ конституциялық-демократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. ол алғашқы саяси ұйым-отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты.
Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Үкімет тарапынан болған қуғын-сүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социал-^демократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді. Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында констуциялық-демократиялық партия белсенді қызмет жасады. Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56-сайлаушыны таңдау керек болды. Оның 47-і орыны Қостанай уезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз уездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай уйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа уйездерде көпшілік сайланушылардың қүрамы қатардағы шаруалардан тұрды [6, 11 c.].
Социял-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30-сәуірде Қостанай уйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді. Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талап-тілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау,өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жер-жерлерде шаруалрадың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 1905- 1906 жылдары мұсылмандарды бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 15-23-қаңтар аралығында 2-ші бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей имперясының мұсылмандарын жалпымемлекеттік мүддеге орай, сондай-ақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекетік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында.
«Конституциялық-демократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған үсынысы қуаттаған қаулы қабылдады». Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың ролінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дүрыс деп тапқан болатын. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орын алды. Оның нақты шешімін таппауы Ресейдегі халықтардың үнемі наразылығын тудырып отырды. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы Ақпан және қазан төңкерістерінің басты себептерінің бірі де аграрлық мәселеге тіреледі.Бұл ретте Мемлекеттік Думаның да Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесімен айналысқанын айта кетуіміз керек. Депутат қазақтар және көзқарасы жағынан жақын жиылған аграршы-депутаттардың Думадағы бұл мәселеге байланысты қызметі тереңірек зерттеуді қажет етеді. Мысалы, 2-ші Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде депутат Б. Қаратай қордаланған мәселені тікесінен қояды. Қазақстан отар ел ретінде XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақтық ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел ретіндегі метрополиядағы ролін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси үстемдігі нәтижесінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір қойылды. 1886-1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелері жөніндегі реформалар бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы жойылып, оның орнына орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды [7].
Реформа барысындағы жер-құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты артықшылыққа ие ететін құқтар беру арқылы қазақтар шеттегі қолдануға жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867-1868 жылдардағы реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттеуге заңды негіз жасады. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереженің» 210- бабында айтылғандай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болады. Жетісу және Сырдария облыстары үшін де осындай құқұқтық нормалар жасалды. Жер дауларын шешу, көші-қон, шабындық орнын анықтау және т. б. мәселелерді кезінде генерал-губернатордың жеке өзі бақылап, билігін айтып отырды. Осы уақытта Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалар арасында құнарлы қазақ жерлері және оны игеру қоныс аудару қажеттігі туралы кеңінен өрістеген үгіт-насихат жұмысы нәтижесінде көптеген шаруа отбасылары, тұтас қауымдар өз бетімен көшіп келіп, Қазақстанды қоныстана бастады. Шаруалардың орталық губерниялардан Қазақстанға жаппай қоныс аударуы өлкеге көшіп келушілердің заңды мәртебесін айқындау себептерінің бірі болды. 1868 жылы Жетісу генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский алғаш рет қазақ халқын жермен қамтамасыз етудің нормативтерін сақтай отырып, көшіп келушілер мәртебесін заңдастыруға тырысты. «Жетісудағы көшіп келген шаруалар туралы «Уақытша ереже» жасалып, ол 1883 жылға дейін қолданылып келді. Қазақстанның барлық аумағы бойынша өз бетімен көшіп келушілердің толассыз тасқыны патша үкіметіне қысқа мерзімде оларға жер бекітіп берудің тәртібін айқындауға мүмкіндік берді. Сөйтіп 1889 жылы «Селолық қонысшылар мен мещандардың бұрын қоныстанған қауымдар адамдарына белгіленген қазыналық жерлерге қосып алу тәртібімен ерікті қоныс аударуы туралы» ереже бекітілді. Ереже бойынша: «қоныс аударуға тілек білдірген адамдарды орналастыру үшін Мемлекеттік мүлік министрлігіне Еуропалық Ресейдегі, Тоболь және Том губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қазыналық жерлерден ауыл шаруашылық жағдайына қарай оның иеленушілеріне нұқсан келтірмейтіндей және бос болуы мүмкін деп танылатын ерекше учаскелер құруға құқық берілді». Сөйтіп, үкімет ресми түрде оларға қазақ халқының жерін басып алуға мүмкіндік берді, Өйткені бұл кезде қазақтардың жерді иеленуге емес, оны пайдалануға ғана құқығы болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Аврех А.Я. «Распад третьеиюньской системы», М., 1985. 260 с.
-
Аврех А.Я. П. А. Столыпин и судьбы реформ в России М., 1991. 285 с.
-
Аврех А.Я. «Столыпин Третья дума» М., 1968. 520 с.
-
Аврех А.Я. «Царизм и третьеиюньская система (1907- 1914 гг.)» М., 1966. 181 с.
-
Аврех А.Я. «Царизм и IV Дума (1912-1914)» М., 1981 г. 293 с.
-
Аврех А. Я. «Царизм накануне свержения (XX в)» М. 1989г. 251 с.
-
Зиманов С.3. «Казахский отдел Народного комиссариата по делам национальностей РСФСР». А., 1975. 221 с.
-
Кожахметов Г.3. «Государственная Дума и вопросы социалыю-политического и правового развития Казахстана». А., 1991.
-
Озғанбай Ө. «Рух күрескері». Астана, 1999. 128 б.
С.Б Хасенов
А.Байтурсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Азаматтық құқық және
іс жүргізу кафедрасының доценті. з.ғ.к
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасында ең маңызды мақсат пен қоса экономиканы көтеру емес, сонымен қатар әлеуметтік реформаларды жүргізу болды. Алынған нәтижелерге сәйкес, ескі саяси және экономикалық жүйеден біржола арылдық. Бүгінгі таңда басқа мемлекетке айналып, басқа саяси және экономикалық жүйелерді жүзеге асырдық [1]. Сонымен қатар, әлеуметтік жүйені де басқаша жолмен құрып, нарық заманына сай халықтық әлеухатын көтеру болып отыр.
Реформа жүргізу барысында әлеуметтік саланың анағұрлым әлсіз екені байқалды.
Теория жүзінде де әлеуметтік жүйені нығайтуға арналған құқықтық әдеби - кітаптардың тапшылығы тәжірибе жүзінде осы саланы қайта құруға ат салыса алмады.
Осы кезде әлемдегі барлық елдер үшін өзекті мәселе – кәрілікті материалдық жағынана қамсыздандыру болып отыр. Біздің елде де бұл өзекті мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаевтың айтуы бойынша «2030 жылы 60 жастағы және одан асқан адамдар дамыған ел халықтарының үштен бірін құрайды» [2]. Яғни, зейнетақы алу жасына жеткен азаматтардың тұрмыс – халі қалай болмақ, қандай жүйемен реформалау тиімді болады? Осы сұрақтарды құқықтық шешу, мемлекеттің экономикасымен қабыстыру оңайға тиіп отырған жоқ.
Халықтың нарық жағдайындағы кірісін белсенді айналымға салу жоғарғы ұйымдасқан күрделі құрылымдарда, біртұтас жобаға біріктірумен жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру кезінде ғана ықтимал болады. Мұндай қаржылық институттарға деген сенім дәрежесі көбіне мемлекеттік құрылымдардың қатысуы, құқықтық қамсыздандыру, заң шығарушы органдардың қолдауы, салықтық жеңілдіктер берілуі және атқарушы үкімет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бүгінгі таңда қалыптаса бастау кезеңінде тұр, бірақ құқықтық негіздердің жетіспеушілігінен, іс жүзіндегі мәселелердің көптігінен, халықтың мұндай реформаны толық түсінбеуінен және адамдардың сенімсіздігінен толық іске аспауда. Сондықтан осы жағдайларды реттейтін заңдарды реформалау мәселелері көптен – көп туындайды, және оларды әрі қарай жетілдірудің жолдарын көрсету. ТМД елдерінің арасында Қазақстанда Зейнетақы жүйесін реформалау мақсатында мемлекет зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыру төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына өзгертіп, жинақтаушы зейнетақы қорларының жүйесі құрылды.
1997 жылы 20 маусымда қабылданған «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы мемлекетте жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуына жол ашты.
Басынан бастап осы реформаның маңызы мен іске орындалуы мұнда болды, бюджеттің жүйелігін жеңілдетіп және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін әділеттік жүйеге арттыру.
Зейнетақы саласын реформалау біздің елімізде тарихи маңыздылығы ретінде бірнеше жыл бұрын Үкіметпен қабылданған шешім. Оның негізгі мақсаты зейнетақы салымшылардың жарналарын – сақтау және көбейту. Сақтау мақсатын жұзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3 сатылы қорғау механизмі құрылды:
-
Мемлекеттік институт көмегімен Еңбек пен әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорлар әрекеттерін реттеу комитеті жинақтаушы зейнетақы жүйені қатаң қадағалауды орнату;
-
Жаңа жинақтаушы жүйесіндегі 3 негізгі қатысушы топтар – яғни жинақтаушы зейнетақы қорлар, зейнетақы активтерін басқару ұйымы және кастодиан банктердің қызметін және өзара бақылау жүргізу жүйесін заңнамамен белгілеу;
Кастодиан банк (латын тілінен аударғанда сақтау деген мағынаны білдіреді) – бұл банк клиенттердің сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөніндегі қызмет көрсететін банк.
-
Заңнамамен пруденциалды нормаларды және зейнетақы активтерді инвестициялауға қатаң түрде қаржы инструменттердің тізімін анықтау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қорлар – ең негізгі буын. Қазіргі кезде олардың саны 14. Демек, барлық қорлар бәсеке жағдайында қызмет етеді.
1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы реформасының және жинақтаушы зейнетақы қорларының басталу кезеңі есептелінеді. Аз уақыттың болуына қарамастан, зейнетақы қызмет ету нарығына жеке инвесторларды тарту; заңнамасы және нормативтік базасы және сонымен бірге нарық инфрақұрылымы қалыптасты. Бірақ ҚР «Зейнетақы қамсыздандыру туралы» заңдарына енгізілген өзгерістер және реформалау саясатының жағымды әсері болса да, көптеген мәселелер қазіргі уақытқа дейін өз шешімін таппай келеді.
Жинақтаушы Зейнетақы жарналар мәні – салымшылардың жарнасын сақтау және көбейту, яғни нақты іс-жүргізуге инвестициялау. Қызмет ету механизмі осымен қорытындылады.
-
жұмыс беруші әр ай сайын зейнетақы жарнасының міндетті нысанында еңбекақыдан, сонымен бірге сыйлықтың барлық түрлерінен, қосымша ақылар және үстемелердің жиынтығынан 10 % - ін салымшының жеке шотына аударылады. Осы қайнар көзден жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының зейннетақы жинақтаушы қалыптастырылады. Салымшылар не олардың жұмыс берушілер міндетті нысанасымен бірге қосымша ретінде еркін нысанда жарналарды, шексіз мөлшерде, олар бір рет немесе бірнеше рет, ұдайы не үдемелі, қолма-қол ақша немесе аударылған түрінде қоса алады
-
Зейнетқы жинақтары салымшының еркімен таңдаған мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады, зейнетақы шарт негізінде жеке зейнетақы шоты және жеке номері - Әлеуметтік жеке коды. (СИК).
Салымшының жинақталған жарнағы банк өкілі (кастодиан) зейнетақы басқару активтер компаниясысы арқылы қорларға берілген қаражат бағалы қағазға, банк депозиттеріне аудырылады.
Ең басты қарайтын мән-жай, бұл қазіргі және болашақ зейнеткерлердің мүдделерін қорғау. Бұндай проблеманы жүйелі түрде шешу керек.
Біріншіден, тараптардың: зейнетақы қоры, жұмыс берушілер, сақтандырылған тұлғалардың өзара іс-әрекеті мүдделері мен амалдарының үйлесуімен қол жеткізілетін еңбекақы туралы мәліметтердің шынайылығы. Бұл жағдайда еңбекақы туралы мәліметтерді асырып та, төмендетіп те көрсету мүмкін болмайды, өйткені асырып көрсету зейнетақы қорының нақты аударылған сақтандыру жарналарына жүзеге асыратын бақылауымен анықталады, ал азайтып көрсету қызметкердің өзіне тиімсіз, ол өз еңбекақысынан сақтандыру жарналарының тиісті көлемде аударылуына мүдделі, өйткені бұл оның еңбек зейнетақысының мөлшеріне әсер етеді.
Екіншіден, сақтандыру өтілі туралы мәліметтердің шынайылығы, ол сақтандыру өтілінен жарна төленбеген кезеңді алып тастайтын заңнамалық норманың енгізілуімен кепілдендіріледі.
Үшіншіден, мәліметтердің уақыттылығы. Ұсынылатын мәліметтердің уақыттылығын қамтамасыз ету үшін оларды ұсыну регламентін ойластыру қажет.
Дербестендірілген есепті енгізу Зейнетақы қорына ақшалай қаражаттың түсуі үшін базаны күшейту және кеңейту мақсатын көздейді, өйткені нақты табысты жасыру және салық төлеуден жалтару экономикалық жағынан тиімсіз болады. Бұл өз кезегінде біртіндеп сақтандыру жарналарының тарифін төмендетуге, түсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен, дербестендірілген есеп келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: сақтандыру жарналарының түсімін ұлғайту, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіреді (зейнетақыны қорға аударымдар жасағандар ғана алады). Оның үстіне есептің мұндай жүйесі республикадағы жұмыспен қамтылған тұрғындар мен зейнеткерлер санының өзгеруін дәл болжауға және соның нәтижесінде зейнетақы төлеуге қажетті шығындарды дәл болжауға мүмкіндік тудырады.
Алайда дербестендірілген есепті енгізумен байланысты көптеген мәселелер ашық күйінде қалып отыр, мысалы зейнетақы тағайындағанда еңбек кітапшасында көрсетілген өтіл қалай ескеріледі және т.б. Бұл есепке сәйкес әрбір қызметкер өзінің жеке сақтандыру нөмірін алатындықтан, ол өмір бойына сақталатындықтан адамға байланысты жан-жақты құжаттар жинағы пайда болады: қайда, кім болып жұмыс істеді, табысы қандай болды және басқа. Сол себепті дербестендірілген есепті енгізумен қорда бар адам туралы құқықтық және этикалық сипаттағы мәліметтерді өзге құрылымдар – ІІМ, салық инспекциясы, Интерпол және басқалардың пайдалану мүмкіндігімен байланысты мәселелер туындайды.
Дербестендірілген есеп жүйесін енгізу құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық сипаттағы міндеттердің тұтас кешенін шешуді, тәжірибені, білімді және бір маңыздысы осындағы орасан зор жүйені құру үшін материалдық күшті қажет етеді.
Сайып келгенде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасын жүзеге асыруда ескеру қажет маңызды үрдіс Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесімен бірігуі болып табылады, бұл қазақстандық зейнетақы заңнамасының айтарлықтай оңтайлы зейнетақы жүйесі бар басқа елдердің зейнетақы заңнамасымен жақындасуын талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Концепции реформирования пенсионного обеспечения в Республике Казахстан, утвержден постановлением Правительства Республики Казахстанот 12 мая 1997 года. Сборник актов Президента и Правительства РК. 1997г. №18
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». «Егемен Қазақстан» 7 ақпан 2008 № 36.
Содержание
Приветственное слово Ректора Евразийского национального университета
им. Л.Н.Гумилева, доктора юридических наук, профессора Б.Ж.Әбдірайым
Приветственное слово председателя Верховного Суда Республики Казахстан, кандидата юридических наук, М.Т.Алимбекова
Пленарное заседание
Борчашвили И.Ш. Отдельные вопросы совершенствования института судебного представительства в гражданском процессе
Изтелеуова А.Т. Соттағы өкілділіктің өзекті мәселелері
Мамырбаев Р.Н. Равноправие сторон судебного процесса и развитие института представительства - важный фактор обеспечения экономической безопасности
Омарбекова М.Ж. Сторона защиты в состязательном уголовном процессе
Сарпеков Р.К. Законодательное развитие института представительства
Тугел А.К. Вопросы представительства: пути их разрешения
Совершенствование института представительства:
вопросы правотворчества и правоприменения
Аленов М.А. Институт представительства: вопросы юридического оформления отношений поручения
Алматова Б.Ш. О представительстве сторон в суде
Асылбекова А.А. Азаматтық сот өндірісінде өкілдің басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау барысында ұлттық тіл қағидасының маңыздылығы
Байменова К.Г. Институт представительства в гражданском судопроизводстве как способ обеспечения защиты прав граждан
Баймолдина С.М. Механизм правового регулирования института представительства в Республике Казахстан
Бейбітов М.С. Соттағы өкілдің өкілеттіктері және оларды рәсімдеу
Кайсиди Л.В. Представительство в гражданском праве
Қожаниязов А.Т. Өкілдік
Куанова И.З. Представительство в гражданском судопроизводстве: вопросы теории и практики
Макулбеков Б.Д. Совершенствование института представительства: вопросы правотворчества иправоприменения
Маликова А.Ш. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізудегі өкілдер институтын жетілдіру
Ниязгулов Д.Т. Право на представительство собственных интересов Нургалиева Е.Н. Правомочия представителей наемных работников в сфере социально-трудовых отношений
Рыспекова Г.О. Общегражданское представительство и судебное представительство
Сарсенов А.М. Пределы конкретизации гражданского законодательства в нормативных постановлениях Верховного Суда Республики Казахстан
Саукенова С.О. Некоторые проблемы представительства по доверенности
Сәтбаев Б.Б. Судебное представительство
Сатенова С.Г. Совершенствование института представительства: вопросы правотворчества и правоприменения
таштанова А.Ж. Совершенствование института представительства: вопросы правотворчества и правоприменения
Терещенко Л.А. Совершенствование института представительства в суде
Тлембаева Ж. У. О межотраслевом характере института представительства в системе права
Достарыңызбен бөлісу: |