Материали


Найновите научни постижения - 2023



Pdf көрінісі
бет49/150
Дата27.03.2023
өлшемі2.16 Mb.
#471154
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150
2023-03-21-A4-tom-9

Найновите научни постижения - 2023  Volume 9 
64 
фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында салт-саналық 
дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіне тән 
дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді. 
Тұрмыс-салт әндері бесік жыры, балалар мен жастар әндері, еңбек, 
шаруашылық, кәсіп әндері, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік, 
аңшылық-саяткерлік әндері. 
Қазақтың отбасылық әдет-ғұрып, тұрмыс салт әндері ұлттық өнердің 
бастау көзі. Музыкалық фольклор жүйесіндегі бұл байырғы жанрларда ғасырлар 
бойы қалыптасқан ырым ұғымдар сақталған. Қазақ халқының өмірнен үлкен 
орын алған ғұрыптық әндер жанрлық тақырыптар жағынан төмендегі салаларға 
бөлінеді: арбау-байлау әндері – «Бәдік», «Күләпсін», «Жарапазан»; үйлену 
тойларында айтысатын – «Жар-Жар» («Аужар», «Бике-ау», «Үкі-ау»), «Сыңсу»
(«Қыз сыңсуы», «Көрісу», «Қоштасу», «Сарын»), «Тойбастар», «Беташар»; 
нәрестенің дүниеге келуімен байланыстырылып айтылатын - «Бесік жыры» 
(«Әлди бөпем», «Бала жұбату»); қайғы-қасрет, мұң-шер әндері – «Естірту», 
«Жоқтау» («Жылау», «Зарлау», «Дауыс айту», т.б.). 
Ұлттық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған 
ұлт тарихы, ұлттық материалдық және рухани мәдениет, халық фольклоры, 
дәстүрлер мен салт-жырлар, ұлттық психологияның элементтері, саясат пен 
қоғам идеологиясы әсер етеді. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбиені қалыптастыратын 
мәселелердің өрісі жайлы айтылып жүр. Мұның арасынан тек мектеп 
оқушылары ғана емес, жоғары білімді мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге 
дайындаудың теориясы мен практикасының қолға алынуы құптарлык нәрсе.[2] 
Дегенмен, осы кешенді құбылыстардың арасынан ұлттық тәрбие процесінде 
ұлттық психология үлесінің қомақты екендігі дау тудырмаса керек. Мұның өзі 
— қазіргі егеменді тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық 
жағдайында ерекшеленіп отыр. Оған нарықтық қатынастар дәуірінің өмір 
салтының психологиялык, дәстүрлік өзіндік қасиеттері қосылады. Соған орай 
көптеген тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға. ұлттық тәрбиге үйлесімді 
жүзеге асуы қажет. 
Тарихи мәдениет, оның өрістері ұлттық рухтың көзі болғандықтан тәрбие 
процесіне әсері жүйелі әрбір әлеуметтік топтың жас ерекшеліктеріне қарай 
жүргізілгені дұрыс. Сондықтан бала бақшалардағы, мектептің әрбір 
сыныптарындағы ұлттық тәрбиенің барысы ерекшеленіп тұруы қажет. Мұндағы 
ескерілетін жағдай — еліміздің көп ұлттылығында. Әсіресе, мектептердегі қазақ 
және орыс сыныптарына арналған міндетті оқу құралдарының ұлттық тәрбиеге 
байланысы мен мазмұны негізгі жатса пайдалы болар еді. Осы мәселенің ара жігін 
дәл анықтап тәрбиенің құралына айналдыра білу де әдіснамалық міндеттердің 
бірінен саналады. Басты бағдар — барлық ұлт балаларының елімізге деген ортақ 
сүйіспеншілік сезімін, мүдделерін қалыптастыру. Тек оқу процесі емес, мәдени-
көпшілік шаралары да оқушыларға ұлттык тәрбие беруде түрлі тәсілдердің 
шебер әрі ұтымды пайдаланылуын іздестіруді талап етеді.[3] 
Халық педагогикасы материалдарын сабақта және сабақтан тыс 
шығармашылық іс-әрекеттерде, тәрбие жұмысы жүйесінде пайдаланудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет