Таңдау курсы Сынып – сағаты – Жылдық – 68 Бағдарламаны құрастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аблязова Г. К



бет1/4
Дата20.04.2023
өлшемі21.55 Kb.
#472471
  1   2   3   4
abaitanu 608.16.04


26 Жамбыл атындағы
мектеп – гимназиясы
АБАЙТАНУ
(таңдау курсы)


Сынып – 6
Сағаты – 2
Жылдық – 68
Бағдарламаны құрастырған қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Аблязова Г. К.


2014 – 2015 оқу жылы
Келісілген Бекітемін
Директордың ғылыми – әдістемелік Мектеп директоры:
істер жөніндегі орынбасары: ............... Қ.Ү.Налиханова
..................... Б.Ж.Қалтаева 01.09.2014 жыл.

Түсінік хат

6 – сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы сонау ықылым замандардан бері ұлтымыздың үміт – арманы мен рухын бейнелеп, адамгершілік пен ізгілікті, өрлік пен ерлікті арқау еткен асыл мұраларымыздан мағлұмат беріп, ақиық ақын – жазушылар туындыларының қыр – сыры кеңінен баяндалады. I бөлімде қазақ әдебиеті оқулығы әлемдегі бай әдебиеттердің үлкен бір саласы – ауыз әдебиеті жөнінен сыр толғайды. Онда батырлар жыры, тұрмыс – салт жырлары, ғашықтық туралы жырлар, аңыз – әңгімелер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, айтыс ақындарының өнерлері, т.б. сөз болады.


Олай болса, құрылған бұл қосымша бағдарлама жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем, ана тілінің сөздік қорын сарқа пайдаланған, соның ну орманына еркін шүйгіген, меруерт жырларды туындатқан ақын Абайдың шығармаларының тарихи мәнін оқушы қауымға ұғындыру мақсатында жасалды.
6 – сынып қазақ әдебиеті оқулығына енген тақырыптар оқушы қауымға ақын шығармаларының эстетикалық табиғатын танытуды басты мақсат етіп отыр.


Абайтану курсының маңыздылығы:

Мемлекеттік стандартты оқыту бағдарламасының тақырыптарындағы


білімдібасшылыққа ала отырып, таңдалған курс тақырыбын оқытудың маңызы өте зор.
Оқушылар айбаты мен айдыны асқан, ақылына ұшқырлығы, адамдығына хакімдігі, көшелілігіне көсемдігі, білімдарлығына майталман ділмарлығы әдемі ұштасқан ақын Абай жайында жан – жақты білім алып қана қоймай, толқынды топтың еркін өзіне қаратып, жәмиғатты ұршықтай иіріп, сүттей ұйыта білу қабілетін меңгерудің маңыздылығын ұғынады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет