Жұмабекова Рысты Айтмаганбетовна, кл-18 қазақ тілі оқытушысы ТҰла бойы тұНҒан өнер



Дата08.06.2016
өлшемі65.22 Kb.
#123012
Жұмабекова Рысты Айтмаганбетовна, КЛ-18 қазақ тілі оқытушысы

ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР

БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ

(1834-1897)



Біржан сал Қожағұлұлы – әнші, сазгер, талантты айтыскер – Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Орта дәулетті шаруа отбасынан шыққан. Бозбала кезінен ел арасында әншілігімен көзге түсіп, жасы жиырмаға таянған кезде ән шығара бастады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болды. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етті. Өзінен бұрынғы айтулы әнші-ақын, сал-серілердің жанына еріп жүріп, тәлім алды. Кейін өзі де айналасына халықтың небір дүлдүл ақын-әнші, өнерпаздарын топтастырды. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді сияқты Арқаның атақты әншілері - Біржан салдың мектебінен өнеге алып, өріс жайған, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне үлес қосқан өнерпаздар. Бізге Біржан салдың 60-қа жуық әндері жеткен. «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», «Жанбота», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Көкек», «Жонып алды», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Көлбай-Жанбай», тағы басқа да құнды әндері бар. Біржан салдың әндері сөзінің де ұлттық бояуымен, бейнелеу құралдарының ерекше көркемдігімен бірегей тұтастық танытады. Сарамен айтысы оны дарынды, суырып салма ақын ретінде дүйім елге атын шығарды.

Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылған. Оның шығармашылық өмірі мен өнеріне А.Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» атты кітабында үлкен бір тарау арнады. М.Төлебаев «Біржан - Сара» операсын жазды.



2009 жылы қазақ киносының қоржыны аты аңызға айналған халық әншісі мен композиторы Біржан Қожағұлұлының өмірі туралы баяндалатын қоюшы режиссерлер Д. Жолжақсынов пен Р. Әлпиев түсірген «Біржан сал» фильмімен толыққан. Қазақ киносына шөлдеп жүрген көрермен қауымның көңіліне жақында ғана жол тартқан бұл туынды Біржан салға арналған тағзым болды.

«Біржанның мұрасы кейінгі қазақ музыкалық мәдениетіне әсер еткені соншалық – ең алғашқы опера «Қыз Жібекке», одан кейінгі «Ер Тарғынға» Біржан музыкасы кеңінен пайдаланылды. Біржан сарқылмайтын бұлақ ретінде 21-ші ғасырға келіп жетті. Оның әрбір әнін ұлттың ұлы мұрасы етіп ұлықтауымыз керек. Біржан 21-ші ғасырда да қазақтардың жаңа буынының жан жүрегін жадырататын рухани азығы, серігі, ұлттық музыка мәдениетінің ең биік шыңы ретінде қала береді» .

Мұхтар Құл-Мұхаммед

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі



Шығармалардың тақырыптары

Шығармалар атауы

1

Патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заң жосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігін әшкерелеу, сол сияқты озбыршыл қауымға акынның ашу-ызасы

«Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Ақбай», «Адасқақ» «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды»

2

Жастық шақтың от-жалыны, салдық, серілік салты, сұлулык атаулыға қызығу туралы көрініс беру.


«Біржан сал» әні, «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Мәті-Дәулен»

3

Жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, кіршіксіз махаббат пен сұлу қызға, әйел сұлулығына деген ішкі жан толкынысы

«Ләйлім-Шырак», «Көлбай-Жанбай» «Айтбай», «Ғашығым», «Шідер», «Бурылтай»

4

Қоғамдық-әлеуметтік өмір көрінісі

«Біржан-Сара» айтысы

5

Әлеуметтік теңсіздік

«Жанбота»

6

Адамгершілік, қонақжайлылыққа, қазақи салт-дәстүрді құрметтеуге ризашылық

«Жайма-шуақ»

8

Өнерді, өнер адамын бағалау

«Балқожаға айтқаны»

Сабақтың күнделікті жоспары

Сынып: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын өнер жұлдыздары жайлы толық теориялық мәлімет беру.

Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар арқылы білім мен біліктілікті арттыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ақындар шығармаларының идеясы негізінде өнерге баулу.



Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу, түсіндіру,әңгімелеу, мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу, оқушының мәнерлеп оқуы, тапсырма орындау

Жаңа технология элементтері: СТО

Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар, слайд, интерактивті тақта

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең..»

ӘНШІ-САЗГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.

“Сал-серілер” революцияға дейінгі Қазақстан жағдайында әндік және ақындық өнердің көрнекті өкілдері болған. Олар өздерінше мәнермен киінген. Сал-серілер өнердің үш түрін қатар самғатқан. Әрі суырыпсалма ақын, әрі әнші, әрі сазгер сал-серілерді халық жақсы көрген, оларға айрықша құрмет көрсеткен. Олар қазақ халқының сүйіктісі, еркелері болған. Олар үнемі халық назарында болып, өнер үшін қызмет көрсеткен. Халық жадында сал-серілерден Біржан сал мен Ақан сері ерекше орын алады.

2. БІРЖАН САЛДЫҢ ӨМІРІНЕН ДЕРЕК. Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырып салма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржанның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды.

3. БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.



1834

Қазіргі Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі бас болған Көкшетаудағы сексен көлдің бірі – Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.

25 жас

Ән шығара бастаған

1865

Ұлы Абаймен кездеседі

1871

Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.

1897

Дүниеден өтеді.

3. Біржан салдың шығармашылығы туралы теориялық білім беру.

4. «Біржан – Сара» айтысының көтерген әлеуметтік мәселесі, тақырыбы және әдебиеттегі маңызы туралы мәлімет беру.

5. 2009 жылы «Біржан сал» фильмі шыққандығы жайлы хабардар ету (слайд).

ІҮ. Бекіту жұмыстары (жаттығулар, жұмыс түрлері, кластер, диаграмма құру).

Топтық жұмыс.

І топ. «Ләйлім шырақ» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып, талдайды.

ІІ топ. «Жанбота» өлеңі. Өлеңнің шығу тарихын оқулықтан оқып, талдайды.

ІІІ топ. «Көкек» өлеңі. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.

Ү. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).

Топтастыру.













VІ. Үйге тапсырма беру. «Біржан сал» өлеңін жаттау

ҮІІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет