Жоспар: 1.Ауыл көрінісі. 2. Бозбалалардың көзіне түсуі. 3.Жамалдың ұзатылуы
Балуан Шолақ
... Балуан түскен ауылдың адамдары осы ауылға келген қонақтардан Көбекең деген ақсақалға ерекше құрмет көрсетті.Қасына ере келген адамдар осы Көбекеңнен: - Егер рұқсат етсеңіз, мәжілісімізді көріктендіруге Кененді алдырсақ қайтеді? – деп өтінді. –Алдырсаңдар, алдырыңдар! – деді Көбекбай. Бар, тап та, шақырып кел! – деп жұмсаған жігіт кеткеннен кейін, бұл ауылға жиналған қалың жұрттың аузында Кенекеңнің кім екендігі сөз болды.... –Үлгіні кімнен алды екен бұл? -Балуан Шолақтан!.. Не дейсің? Жолығып па екен Балуан Шолаққа?! Арқадан Жетісуға келе жатқан Балуан Шолақ Сати – Боти елін аралап жүріп, Долаңқара тауына келгенде, қой жайылып жүрген тас арасынан әдемі ән естіледі.Айтушыны Балуан Шолақ таптырып алса, он бестер шамасындағы қойшы бала екен дейді... Қасқарауда ол Ноғайбай дейтін байдың үйіне түссе керек.Әнін мақтаған Қасқарауға Балуан: «Менен де зор әнші өздеріңнің араларыңда жүр, бірақ ән айтып жүрген жоқ, қой бағып жүр» деп Кененді өлердей мақтап: «Нанбасаңдар, көріңдер» деп әдейі ат жібертіп алдырса керек.Балуанның айтқаны расқа шыққан соң, қалың Қасқарау Кененді басына көтеріп әкетсе керек.....
(С.Мұқанов)
Жоспар:
Ауылға келген қонақтар
Қонақтың әңгімесі
Балуан Шолақтың әні
Абай сөзі
Ауылымыз Абай ауылымен қысы – жазы қатар отырады. Олардың өрісте қойы, ауылда адамдары ағайын – туыстай араласып кеткен.
Мұхтар ес білгелі Абайдың есті балаларынан үлкен тәрбие,үлгі -өнеге алды.
Атам Әуез – оқыған, хат танитын адам.Ол бізге Абай өлеңін,қарасөзін үйрететін.
Балаларым, - деді атам бізге, - Абайдың қара сөзімен танысасыңдар.Мұны да кешқұрым жатқа айтып беріп отырасыңдар.
Жарайды.
Ал, Мұхтар, сен жазып ал,- деп, атам сөйлеп кетті.
«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар. Әуелі – көкірегі байлаулы, берік болмақ керек.Екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек.
Үшінші – сол нәрсені ішінен қайталап, ойланып,көңілге бекіту керек.
Төртінші – кеселді ойлардан қашық болу керек».
(А. Әуезов)
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: өріс,есті,көкірегі байлаулы,ынта,кеселді ойлар.
Жоспар:
1. Біздің ауыл.
2. Үлгі – өнеге.
3. Атам Әуез.
4. Абайдың қарасөзі.
|