Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан- 2050 стратегиясы



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
#125495
1   2   3   4   5   6   7   8

Рахымжан Елешев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі
Бәсеке болмай, даму болмайды

Ол үшін білім-ғылым мен өндіріс арасында байланыс керек
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда жоғары оку орындары тек білім беру кызметімен ғана шектеліп қалмауы керек, олар қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құрып, дамытуы тиіс деді. Ғалымдар бұл пікірді бір ауыздан қолдайды. Осы мәселеге байланысты біздің әлі де қолбайлаулар мен қайшылықтардан арыла алмай отырғанымызды айтқым келеді. Бұл барлық жоғары оку орын­дары мен ғылымның проблемасы болып тұр деп ойлаймын.

Бүгінде Білім және ғылым министрлігі ғылыми зерттеулерді де, қолданбалы зерттеулерді де қаржыландырады. Осы арада бір карама-қайшылықтар алдымыздан шығады. Біз кадрды Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін дайындаймыз. Оның құрамында 24 ғылыми-зерттеу институ­ты мен 12 тәжірибе стансасы бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы мекемелерін қаржыландыратын — Білім министрлігі. Білім министрлігі биыл осы аграрлық ғылыми-зерттеу институттары мен стансаларға 3,2 млрд теңгені осы салаға бөлді. Бұл денгей үш жылдан бері сол деңгейде, өскен емес. Бұл дегеніңіз, аг­рарлық ғылымды дамытуға тым аз. Яғни ауыл шаруашылығына кадр дайындайтын ғылыми мекемелерді білімге катысты министрлік қаржыландырған сон, ол түгелдей сол салаға тәуелді болады деген сөз. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын ғылыми-зерттеу институттары аз қаржыландырылады. Қаржы фундаменталді ғылымға басымырақ бөлінеді. Селекция, генетика, биологиялық ғылым үлесіне қаржы жеткілікті тимей келеді.

Аграрлық салаға қатысты ғылыми-зерттеу институттарын Білім министрлігінің қарамағына біржола беріп, олар бұл салаға қажетті қаржымен қамтамасыз етуі тиіс. Аяқталған зерттеулерді біз сол министрлікке беруіміз керек. Онда арнаулы инновациялық орталыктар кұрылуы тиіс. Жаңа «Ғылым туралы» занға байланысты консорциумдар құруымыз керек. Ол салалық мекемелердің арасында үйлестіру жүмыстарын жүргізіп отырады

Бүгін аграрлық ғылыми-зерттеу институттары өз бетінше, аграрлық университеттер өз бетінше тірлік етіп жатыр. Қазір еліміздегі үш аграрлық университет ғылымының потенциалын 202 ғылым докторы, 673 ғылым кандидаты құрайды. Ал 24 ғылыми-зерттеу институттары мен 12 тәжірибелік стансада 74 ғылым докторы, 495 ғылым кандидаты еңбек етеді. Яғни аграрлық ғылым потенциалын толық пайдаланудың жолдары қарастырылмауда деген сөз. Ал қазір нағыз осы аграрлык саланың ғылымын дамытудың заманы дер едім. Біз үш консорциум қүруды ұсынып отырмыз. Солтүстіктегі ғылыми-зерттеу институттарын Астанадағы аграрлык университетке, оңтүстіктегілерді Алматыдағы, батыстағыларды батыстағы аграрлық университет қарамағына беру керек. Баскару мәселесінде де қайшылықтар жетіп артылады. Шетелдерде университеттерде дәріс беретін ғалымдар түске дейін сабағын беріп, түстен кейін зерттеу институтындағы жұмысына кетеді. Студенттер де университетте оқи жүріп, алған білімдерін тәжірибелік стансыларда немесе ғылы­ми-зерттеу институттарында тәжірибемен жалғастырады.

28

Ғылымға бейімі бар, алғыр студенттерді байқаған ғылыми-зерттеу институттары оларды ғылымға тартады. Бұл дегеніміз маман-кадрлардан ғылыми ізбасар дайындауға жол ашады деген сөз. Ал біздегі қазіргі ауыл шаруашылығы саласы ғылымындағы ғалымдардың орташа жасы 53 пен 62 аралығында.



Ғалымдарсыз біз инновацияны дамытуды жолға қоя алмайтынымыз белгілі. Инновацияны шетелден сатып ала беруге ертеңгі күні шамамыз келмей қалады. Өздеріңіз білесіздер, теориялық мәселелерді шешу үшін инновациялық құрал-жабдықтар жетіспейді. Теориялык мәселелерді шешпей, қолданбалы мәселелер шешілмейтіні тағы белгілі. Әрине, мемлекет қаржы бөліп жатыр, мәселе сол қаржыны тиімді жүмсай білуде. Тиімді жұмсалса, мысалы, өсімдік саласындағы ғылыми зерттеулердін нәтижесі жоғары бола алар еді. Бірақ ол тиімді әрі рационалды пайдаланылып отырған жоқ. Екінші жағынан, облыстық ӘКК-лер ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен әлсіз жұмыс істеуде. ЖОО-лармен де байланы­сы әлсіз. ӘКК-тер өз бағытын түбірлі қайта қарауы тиіс. Оның басты міндеті жаңа инновациялық жобаларды ендіру болатын. Мұны олар ұмытып кеткен сыңғайлы. Мен бұл жерде ғылыми жобаларды айтып отырмын. Ал үкіметтік деңгейдегі жобаларды емес. Әртүрлі кешендер, зауыттар құру — басқа әңгіме. Бірыңғай жүйе кұруымыз керек. Салалық министрліктер жобаларды ендірумен айналысуы керек. Ғылыми-зерттеу институттарының проблемаларымен тікелей Білім министрлігі айналыссын. Қаржыландырушы мекеме болған соң осының бәрінің басында Білім министрлігі тұруы шарт деп ойлаймын.

Аграрлық сектор мен білім және ғылым саласы бойынша Елбасының қойып отырған мақсаттарын жүзеге асыру қолымыздан келетініне толық сенімдемін.

//Класс Тайм.-2013.-30 қаңтар.-6б.

29

Қазақстандағы жоғары білім


Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының

Заңы № 67-V ҚРЗ

Мемлекеттік білім беру

жинақтау жүйесі туралы
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;

2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;

3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы

төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;

4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;

5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызметі;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

7) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;

8) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емесі;

9) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

10) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;

30

11) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;



12) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;

13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;

14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мем­лекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;

15) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім(бұдан әрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;

16) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.

2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) жариялылық;

3) білім беру жинақтау салымының нысаналы мақсаты;

4) азаматтар мен қатысушы банктердің Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі;

5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік көтермелеу болып табылады.

4-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

1) жыл сайын білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;

31

2) білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекітеді;



3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері

1. Осы Заңның 11-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға қолданылады.

2. Салымшы, қатысушы банк, енгізуші, оператор, білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар болып табылады.

6-бап. Оператордың функциялары

Оператор:

1) қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;

2) білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;

3) қатысушы банктен, білім беру ұйымынан және салымшыдан салым шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратады;

4) жасасылған салым шартын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;

5) қатысушы банктен салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау және салымшының жинақталған қаражатын шетелдік білім беру ұйымына аудару туралы растайтын құжаттарды алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;

6) бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің орындауы туралы мәліметтерді жылына екі рет жариялайды;

7) білім беру жинақтау салымына есепке жатқызылуға тиіс мемлекет сыйлықақысы сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады;

8) қатысушы банктің білім беру жинақтау салымдарына мемлекет сыйлықақылары сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

9) осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді;

10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтаманы-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке немесе білім беру ұйымына береді;

11) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақысы сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;

32

12) салымшының, қатысушы банктің, білім беру ұйымының осы Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзуы анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгілен­ген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қолданады;



13) қатысушы банк осы Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ салымшылардың ақшасын салым­шыныңтаңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етеді;

14) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

фактісі анықталған жағдайда, салымшымен салым шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті хабардар етеді.

2-тарау. САЛЫМ ШАРТЫ

7-бап. Салым шарты

1. Салым шарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалады.

Қатысушы банк пен кәмелетке толмаған салымшы арасындағы салым шарты Қазақстан Республикасының азаматтық және банк заңнамасында көзделген тәртіппен жасалады.

2. Салым шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады.

3. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін салым шарты:

1) егер тараптардың бірде-бірі шарттың қолданылуын тоқтатуға ниет білдірмесе, оның қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады;

2) тараптардың келісімімен өзге мерзімге ұзартылады;

3) ақша қалдығы аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалуы мүмкін.

8-бап. Салым шартының талаптары

1. Салым шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) шарттың нысанасы;

2) бастапқы біржолғы жарна мөлшері;

3) шарттың қолданылу мерзімі;

4) қатысушы банк сыйақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

5) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;

6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

7) салымшының операторға банк құпиясын ашуға жазбаша келісімі;

8) тараптардың жауаптылығы;

9) шартты бұзу талаптары;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де ережелер.

2. Білім беру жинақтау салымы теңгемен ашылады.

3. Білім беру жинақтау салымын ашу үшін бастапқы ең төменгі біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.

4. Қатысушы банк салым шартын жасасқан кезде білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды салудың ұсынылатын кезеңділігін және олардың мөлшерін есептейді.

5. Салымшының шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардан жарналар салынуы мүмкін.

9-бап. Салым шартын тіркеу

1. Салым шарттары осы Заңның 12-бабына сәйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын білім беру жинақтау салымдарын есепке алу үшін білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.

2. Оператор қатысушы банк ұсынған салым

шарттарын тіркеуді білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне мәлімет-терді енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырады.

3. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, қатысушы банк ұсынған салым шарттары тіркелуге жатады. Салымшының операторда тіркелген салым шарты болған кезде, салым шарты тіркелуге жатпайды.

10-бап. Қатысушы банк сыйақысы

1. Қатысушы банк ай сайын капиталдандыра отырып,салымшыға салым шартында айқындалған мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді.

2. Қатысушы банк сыйақысы салым шарты қолданылатын мерзім бойына есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету

1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім беру жинақтау салымының ақшасын бір қа­тысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.

2. Салымшыға білім беру гранты берілген жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі:

1) білім беру жинақтау салымына қаражат жинақтауды жалғастыруға;

2) білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына аударуға;

3) білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

4) білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есепке жазылған мемлекет сыйлықа­қысымен қоса алуға құқылы.

3. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде білім беру қызметтеріне ақы салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша бөліктермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (барлық оқу мерзімі үшін) төленеді.

4. Салымшы қаза болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе ол денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:

1) салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе оның

34

мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу);



2) ол мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне немесе оның мұрагерлеріне салым шартын бұзу талаптары бойынша төленеді.

5. Барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төленгеннен кейін білім беру жинақтау салымында қаражат қалған кезде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдай­ларда оның заңды өкілі осы соманы есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы.

6. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымына аударуға құқылы.

7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына түскен жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банк сыйақысы ескеріле отырып, салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуге құқылы. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады.



3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ,

ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ

12-бап. Мемлекет сыйлықақысы

1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.

2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады.

3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

4. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;

2) салым шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

3) салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

5. Мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері

1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есепке жазылады.

2. Мемлекет сыйлықақысы мынадай басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық жеті пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде:

1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелетке толған балаларға, бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін;

2) мүгедектерге;

3) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға олар кәмелетке толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн;

4) жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балаларға есепке жазылады.

3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан есеп­­ке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.

Осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан расталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның 1-күніндегі жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы тоқсан сайын растайды.

Жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы тиісті жылда салымшының басым санатқа жатқызылуы расталатын айларға есепке жазылады.

4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет сыйлықақысын инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.

14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару

1. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:

1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;

2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен;

3) жинақтау мерзімі осы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталған;


36

4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.

2. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды қатысушы банк оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмесі бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірмені қатысушы банк алған күннен бастап банктік үш күн ішінде:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысының сомасы толық көлемде;

2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне жұмсалмаған сома бөлігінде жүзеге асырады.

3. Салымшы білім беру ұйымынан шығарылған кезде, білім беру қызметтеріне жұмсалмаған соманы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына аударуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет