Мазмұны бұқарбай батыр ауылдық әкімінің аппараты кмм құрылымы Бұқарбай батыр ауылының әкімдігнің «Әлеуметтік сала бөлімінің»



бет1/5
Дата27.04.2023
өлшемі3.39 Mb.
#472923
  1   2   3   4   5
Адилбек Санжар (копия)





МАЗМҰНЫ



  1. Бұқарбай батыр ауылдық әкімінің аппараты КММ құрылымы

  2. Бұқарбай батыр ауылының әкімдігнің «Әлеуметтік сала бөлімінің» негізгі қызметтері

  3. Тәжірибе қорытындысы және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар




  1. Бұқарбай батыр ауылының әкімінің аппараты КММ құрылымы


Бұқарбай батыр ауылы — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Бұқарбай батыр ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Жалағаш кентінің оңтүстігінде 13 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Өсімдіктерден кекірежантақ, өлең, қызылмияжыңғылшеңгелдер басым. 1999 жылы тұрғындар саны 2150 адам (1089 ер адам және 1061 әйел адам) болса, 2009 жылы 1983 адамды (998 ер адам және 985 әйел адам) құрады.[1] 1930 жылдан Калинин ұжымшары болып келген. 1993 жылдан "Бұқарбай" ауылы деп аталады. Бұқарбай ауылдық округ құрамына кіретін “Асықата”, “Тұланбай”, “Қарой”, “Арықбалықты” елді мекендерінде күріш егумен айналысатын 4 шаруа қожалықтары және бір акционерлік қоғам ұйымдастырылған. Орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана, мешіт, диірмен бар. Ауыл тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады
Міндеттері: “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.
Функциясы:1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;
7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет